Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 00:06, диссертация
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жұмыстың кіріспе бөлімінде зерттеудің өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, нысаны, зерттеу барысында қолданылған әдістер, зерттеудің теориялық және практикалық құндылығы айқындалады. Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар анықталып, зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялану барысы баяндалады.
Ағылшын тілін оқытуда коммуникативтік мақсатқа жетуде ауызша сөйлеудің маңызы зор. Сөйлеуге үйрету үшін оқыту әдісі ситуативті әдіс болуы керек себебі: ситуативтілік сөйлеу әрекетінің табиғи қасиеті болып табылады.
Сөйлеуге үйрету үшін қажетті ситуацияларды мынадай жолдармен беруге болады:
а) «көз алдыңа елестетіп көр», «қиялдап көр» деген сияқты т.б. тапсырмалар арқылы ситуациялар құру;
ә) белгілі бір ситуацияны жасайтын сурет немесе ситуацияны дамытатын, күшейтетін суреттер тізбегіне қарап, соның көмегімен сөйлеу;
б) күнделікті өмірдегі болып жатқан жағдайға ұқсас нәрселерді сипаттау.
Оқытудың ситуативтілігі оқушылар
мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасқа
негізделген жағдайда ғана сабақ
үстінде қатынас ситуациясы пайда
болады. Е.Пассов ұзақ жылдар бойы жүргізген
ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесінде
коммуникативтік оқытуда «ситуация» мен
«ситуативтілікті» анықтап алу қажет
екеніне көз жеткізген. «Ситуация»-дегеніміз,
қарым-қатынас жасаушылардың, сөйлесушілердің
санасында қалыптасқан өзара қарым-қатынасының
жүйесі; ал «ситуативтілік-қарым-
Қарым-қатынас процесі оқытудың мақсатына, жағдайына, мүмкіндігіне қарай үнемі өзгерісте болады. Сондықтан, сөйлеуші сол өзгерістерге байланысты қарым-қатынастағы өзгерістерді де ескеріп отыруы керек. Оқушыларды қарым-қатынастың әр түріне дайындау үшін материалдарды да жиі түрлендіріп отыруды қажет етеді. Осы ұстанымға байланысты тілдік дағдылар да өзгертіліп отырылуы керек. Бұл оқушылардың айтқысы келген ойын басқаша жеткізуге, сөйлеу біліктілігін жетілдіруге, тез сөйлеуге көмектеседі.
Сонда ғана, оқушылар жаңа материалды іс жүзінде қолдануға тезірек машықтанады. Материал жаңа болуы керек, сонымен бірге қайталау кезінде сол қалпында емес, басқа контекстерде өзгертіліп берілуі керек, сол кезде ғана оқушылардың білік дағдылары бірте-бірте дамиды.
Екінші тараудың екінші тарамшасында ағылшын тілінде тілдік тіректер арқылы ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру жолдары қарастырылады.
Ағылшын тілін оқытуда коммуникативті мақсатқа жетуде ауызекі сөйлеудің рөлі өте зор. Себебі, ауызша сөйлеу арқылы адамдар бір-бірін түсінеді, өз ойларын айтады, дәлелдейді, естіген, айтылған хабарға өз көңіл-күй қатынасын білдіреді. Сөйлеудің екі түрі бар. Олар: монологтық, диалогтық. Диалог - екі немесе бірнеше адамның сұрақ-жауап ретінде сөйлесіп, тіл қатысуы. Диалогтық сөйлеу алдын ала жоспарланбайды, сөйлесу кезінде пайда болады. Оқушылар жалпы, арнаулы сұрақтарды қоя алуы, әр түрлі сұрақтарға жауап бере алуы, өтініш, бір нәрсемен келісетінін немесе келіспейтінін білдіре алуы керек. Оқушылардың сөйлеу қарқынын өсіру керек және әр оқушы сөйлегенде кемдегенде екі реплика айтуы керек. Диалогтық сөйлеуді дамытуда дискуссия-сабақ, экскурсия-сабақ, ойын-сабақ, талқылау сабақтарының рөлі зор. Монологты сөйлеуді дамыту сабақтары-шет тіліне оқытудағы негізгі сабақтардың бірі. Монологтық сөйлеу алдынала әзірленуді талап етеді.[13. 39]
Ағылшын тілін оқытуда тілдік тіректер арқылы оқушылардың білім, білік дағдыларын дамыту басты мақсат болып табылады. Егер оқушыларды ағылшын тілінде тілдік тіректер арқылы монолог түрінде сөйлеуге үйретсе, онда олардың сөйлеу қабілеттері, танымдық қызығушылықтары, мәтін мен жұмыс жасау кезінде шығармашылық дағдылары қалыптасып қана қоймай,олар ағылшын тілінде еркін сөйлеуге машықтанады. Оқушыларды монолог түрінде сөйлеуге үйретуде тілдік тіректердің маңызы зор. Ағылшын тілдерін оқыту әдістемелерінде «тірек» ұғымы әртүрлі түсіндіріледі. Көптеген ғылыми жұмыстарда ол, стимул, әрекет жасауға түрткі ретінде қарастырылады. Мағлұмат түрткі бола алады, ал мұғалімнің міндеті оқушылардың тыңдаған, оқыған, көрген мәліметтерін дұрыс басқара отырып, оларды монолог түрінде сөйлету. Көп жағдайда тілдік тіректер сөз әрекетін ұйымдастырушы болып,олардың белгілі бір бағытта дамуына,оқушылардың сөйлегенде қате жасамауына дәнекер бола алады. Сөйлеудің монолог түрін қолдану үшін, сөйлеушіге белгілі бір мазмұн керек, ол сол мазмұнның негізінде сөйлемдер құра білуі тиіс, монолог сөздің ұйымдасқан түрі, сондықтан мұнда жекелеген сөйлемдер мен айтылымдар ғана емес, бүкіл хабар жоспарланып, бағдарлануы керек. Тілдік тіректер оқушылардың монолог түрінде сөйлеуіне көмегі зор.
Қазіргі кезде ағылшын
тілін оқытуда оқушылардың
Тілдік тіректерді негізге алып, монолог түрінде оқытуда оқушылардың танымдық қызығушылығының деңгейін анықтау, оқушылардың тыңдаған, оқыған, көрген мәліметтерін дұрыс қабылдауын қадағалай отырып, оларды монолог түрінде сөйлеуге үйрету, танымдық қызығушылықтары мен шығармашылықтарын дамытуда әдістің тиімділігін дәлелдеу [14. 31].
Ауызекі сөйлеуді қалыптастыру үшін оқушы әр сабақта жаңа білім алып қоюмен ғана шектелмей, өз бетінше ізденіп, талдап, пікір таластыру деңгейіне жетіп, даму біліктілігін жетілдіріп отыруы қажет. Сонда ғана, оқушы ауызекі сөйлеу мақсатына жете алады.
Екінші тараудың үшінші тарамшасында тәжірбие жұмыстарының нәтижелері сипатталады.
Қазіргі кезеңде бұрынғы дәстүрлі болған қалыпты сабақ беру әдісін жаңа мазмұнда ұйымдастыру және жаңа технологияны пайдалана отырып түрлендіру-уақыт талабы Өйткені бүгінгі қоғамдағы өзгерістермен бірге білім беру жүйесінде де, сабақтың жүргізілу барысына да, жаңа талап, жаңа міндет әкелді. Бұл талап оқушының ағылшын тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру болып отыр. Тіл үйрету үдерісіндегі ең белсенді заманауи әдістемелік тәсілдердің бірі-ақпататты, инновациялық коммуникативті оқыту технологиясы. Осы технологияны тиімді қолдана білген ұстаз өз шәкірттеріне білім, тәрбие беруде табысқа жетеді, сол арқылы олардың бойында ойын өзгеге өз бетінше жеткізу қабілеті мен дағдысын қалыптастыруға, екеуара қарым – қатынас негізіндегі сөйлеу дағдысын қалыптастыруға ықпал ете алады. Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде білім беру-оқушыны ауызша (тыңдау, түсіну, сөйлеу) және коммуникацияға (оқу, жазу) тарту яғни, оқылып жатқан тілде қарым-қатынас қалыптастыру деген сөз. Коммуникативті оқыту технлогиясы ағылшын тілін оқытудағы оқу-тәрбие үдерісінің барлық мақсат міндеттерін қамтиды. Эксперимент жүргізудің мақсаты: шетел тілідерін үйретуде коммуникативті оқыту технологиясы негізінде оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту жолдарының тиімділігін анықтау, оларды сабақ барысында қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсету.
Ағылшын тілін үйрету барысында коммуникативті оқыту технологиясын төмендегідей мақсатта қолданып отырдым: оқушылардың шет тілінде сөйлеу қабілетін дамыту; тілді мәдениет аралық қарым-қатынас жасаудың басты құралы ретінде қолдана отырып, оқушыларды өздері үйреніп жатқан тілдің мәдениетімен таныстырды; түрлі мәтіндердегі немесе әңгімедегі басты, маңызды мағлұматты ұғынуға итермелеу; диалогты, пікірталасты, іскерлік әңгімелерді жүргізе алу қабілетін дамыту; жиі қолданатын сөз тіркестерін, жаңа сөздерді есте сақтау; грамматиканы ережеге сай пайдалануға үйрету; сөйлеу әрекетінде дыбыстарды дұрыс айтуға машықтандыру.
Жүргізілетін эксперимент міндетіне мыналарды атап айтамыз:
1) оқушылардың білім деңгейін анықтау;
2) шетел тілі сабақтарында коммуникативті оқыту технологияларын қолдануда оқушылардың ынтасын, қызығушылығын бақылау;
3) сабақтарға коммуникативті оқыту технологиясын енгізгеннен кейінгі оқушылардың білім деңгейін анықтау.
Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту тиімділігін дәлелдеу мақсатында, №137 қазақ орта мектебінде 6 сынып оқушыларына ағылшын тілі пәнінен аталған технологияны пайдалана отырып, эксперимент жүргізген болатынбыз. Эксперимент төрт айға жуық болды. Біздің бақылауымызда 18 оқушы болды. Олардың ағылшын тіл пәнінен оқу үлгерімдері әртүрлі болатын, олардың ішінде ағылшын тілін жетік меңгергендер 25%, орташа меңгергендер 35%, төмен меңгергендер 40%.
Бұл мектепте бекітілген бағдарлама бойынша Т.Аяпова, З.Әбілдаева, Ж.Тұтбаева жазған «English» оқулығы пайдаланылады. [15.27] Сабақ аптасына 3 рет болады, олардың екеуі негізгі ағылшын тіл сабағы, ал біреуі қосымша сабақ. Қосымша сабақтарда жоғарыда аталған оқулықтан бөлек «Cambridge» баспасынан шыққан «Interchange Intro Third Edition» оқулығын қолдандық [16.47]. Бұл оқулықты қосымша сабақта қолданғандағы мақсатымыз оқушылардың жан-жақты мәлімет алып, сөйлеуге уәж тудыру, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету, пәнге деген қызығушылығын ояту.
Жалпы сыныпқа эксперимент жүргізгендегі алдымызға қойған міндеттеріміздің бірі берілген тапсырмаларды түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың грамматикалық, фонетикалық, лексикалық білім деңгейлерін көтеру, себебі өкінішке орай көп жағдайда оқушыларымыз актив сөздік қоры мол бола тұра, грамматикалық ережелерді біліп тұрса да, сөздерді бір-бірімен байланыстырып сөйлей алмай жатады. Сол себепті, аталған әдіс-тәсілдерді, заманауи инновациялық коммуникативтік әдісті негізге ала отырып, оқушылардың өз ойын еркін жеткізіп, сөйлеуге үйрету.
Коммуникативті бағытты іске асыру мақсатында өз сабағымызда сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегияларын қолдандық. Сын тұрғысынан ойлау, өз алдына мәселе қойып, әркез соған өз бетімен шешім іздеу, баламалар ұсыну, өз көзқарасын қорғай білу болып табылады. Сын тұрғысынан ойлау – ол алдымен оқытудың оқушыға бағытталған орталықталықтандырылған түрі, ол оқушының дамуына, соның ішінде сыни көзқарасы бар жеке тұлғаның дамуына, зерттеуші оқушының дамуына, оның өзіндік «Менін» жүзеге асыруға, оқушының шығармашылық мүмкіндігін ашуға, яғни, бір сөзбен айтқанда, коммуникативті қатынасқа үйрететін бағдарлама. Өз сабағымда сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдаланғанда, мен оқушылардың білімді өз бетінше ізденіп, зерттеп, бірлесе отырып жаңа идеялар мен тұжырымдарды әр түрлі жолдармен ұсынатындарын, жаңа білімді белсенді түрде талдап, жинақтап, оларды күнделікті өмірдегі жағдайяттармен байланыстыратындарын, бір-біріне деген сенімділіктері мен түсінушіліктерінің дамитытын байқадық.
Ал топтық жұмыстар арқылы оқушылар бойында жауапкершілік, сыйластық, достық қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндіктің мол екендігін білдік. Өйткені, әр сабақтың соңында практикалық нәтижесі, яғни, қай оқушының материалды қалай меңгергені көрінеді.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы оқушылардың аналитикалық позитивті сыни және шығармашылықты ойлауын дамытуға, сыныпта демократиялық ақуалды тудыруға, мұғалім тек ақпарат беру көзі болуды тоқтатып, оқушыларға сұрақ қоя білуге бағытталған пікірлесуге, қатысуға мүмкіндік тудырушы тәсіл.
Оқушы жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтанда, сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Бұл мектепте бекітілген бағдарлама бойынша Т.Аяпова, З.Әбілдаева жазған 6-шы сынып оқушыларына арналған “English” оқулығы бойынша оқушыларға мынадай тапсырма берілді. Тапсырма 3-ші тараудың 1-ші параграфынан алынды. Тақырыбы “Food and drink” .
Read the word at the top of each box. Circle the word that go with it.
Fruits
banana carrot
apple
lemon
Яғни, б
Яғни, бұл тапсырмада оқушылар тақырыпқа сай келмейтін сөзді көрсетуі керек болатын. Берілген тапсырманы оқушылар өз деңгейінде орындап шықты және де соңынан осы сөздерді пайдалана отырып мұғалімнің сауалына жауап беру арқылы сөйлеу дағдыларын дамытты. Мәселен тапсырма төмендегідей болды:
Teacher: What do you like? What don’t you like?
Pupil: I like tea, but I don’t like coffee.
Осы тапсырмалар орындау
барысында оқушылардың
Осы әдістерді пайдаланғаннан кейін, оқушылардың білім деңгейі фонетикалық деңгейі, лексикалық деңгейі, грамматикалық деңгейі біршама есе өсті деп айтуымызға болады. Себебі, дәстүрлі сабақтан гөрі оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында коммуникативті оқыту технологиясы негізінде түрлі әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану барысында оқушылардың белсенділігі біршама өсіп, оқу үлгерімдері алға жылжыды деп айтуымызға болады.
Төмендегі кестеден оқушылардың экспериментке дейінгі алған білім нәтижелерін көруімізге болады,
1-кесте Оқушылардың дәстүрлі сабақ негізінде алған білімдерінің көрсеткіші.
Жоғарыда дәстүрлі сабақ негізінде оқушылардың алған білім деңгейі көрсетілген. Ендігі кезекте коммуникативті оқыту технологиясы негізінде әдіс-тәсілдерді пайдаланып, өткізген сабақтың нәтижесін төмендегідей кестеден көруімізге болады.
2-кестеде 2011 жылдың
желтоқсан айынан бастап 2012 жылдың
сәуір айы аралығында
2-кесте Эксперимент нәтижелерінің көрсеткіші.
Жоғарыда көрсетілген
сызбалардан көріп
Эксперимент жүргізгендегі байқағанымыз, бақыланып отырған сыныптағы оқушылардан гөрі эксперимент жүргізілген сыныптағы оқушылардың оқу үлгерімдері біршама жоғарылады, атап айтсақ олардың грамматикалық, фонетикалық, лексикалық деңгейлері, сөйлеу, ойлау, тыңдау қабілеттері дамыды.
Осы жасалған эксперимент барысында байқағанымыз, оқушылардың басым бөлігі әрбір сабақта қолданылып отыратын әдіс –тәсілдердін әрдайым жаңарып отырғаны және олардың өз ойларын еркін айтуға мүмкіндік беретін әдістердің қолданылғанын қалайтынын білдік.
Коммуникативті оқыту технологиясы оқыту процесінде маңызды рөлге ие. Әртүрлі әдіс тәслдерді оқушыларға тың мәлімет, қызықты тапсырмалар беріп отыру мұғалімнің ұйымдастыру қабілетіне тиесілі. Қазіргі заман талабы ағылшын тілін білу болса оқушыларға қалайда жақсы меңгертем деген ұстаз оқытудың түрлі тәсілдерін қолданады. Қандайда бір әдіс болмасын, оның өзіне тән артықшылықтары мен кемшіліктері болады. Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде ақпаратты инновация технологияларды қолдану барысында көптеген артықшылықтарға көз жеткіздік.
ҚОРЫТЫНДЫ
Тіл-өмірдегі жаратылыстардың ішіндегі ең күрделі құбылыс. Оны тек лингвистер ғана емес, барлық ғылымның мамандары айрықша атап көрсетеді.
Қазіргі халықаралық байланысы күшті барлық елдерде тілдік қатынас мәселесіне ерекше назар аударылуда. Әр ұлт тілінің өзінің айтылу, жазылу,