Әр елдердегі білім мен тәрбиелеу жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 12:58, сочинение

Описание работы

Кішкентай баланың бастапқы мінезі туған сәтінен бастап ата – аналарының және өмір сүретін ортасының әсерімен қалыптасатыны ешкім үшін де сыр емес. Егер де мысалы, британдық сәби Ресейге бардық делік, оны шамамен бес – алты жылдан кейін орыстан ажырату мүмкін болмай да қалуы мүмкін. Оның шығу тегін ештеңе де білдірмес. Барлық қарым-қатынастардың (церковьке, айналадағыларға, өзіңе деген және жалпы өмірге) жүйесі сол жастық шақта қалыптасады. Баланы бес жасқа дейін тәрбиелеуге, ал содан кейін тек тәрбиесін дұрыстауға болады деген сөз бекерге айтылмаған.

Файлы: 1 файл

туракты даму.docx

— 21.53 Кб (Скачать файл)

     әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 СӨЖ

       Тақырыбы: Әр елдердегі білім мен тәрбиелеу жүйесі

 

 

 

 

                                     

 

                                     Орындаған: Қыдырбаева Арайлым

 

                                                              экология 101

 

                                    Тексерген: Көшкімбаев Қаршыға С.

 

 

 

 

 

2013 жыл

Әлемдік білім жүйесінің  көрінісі.

 

              Әртүрлі елдер – әртүрлі адамдар.  Өмірге деген әртүрлі көзқарастар,  мақсат пен талпынушылық. Әртүрлі  армандар, бақыт пен күрсінулер. Әртүрлі проблемалар, әдет –  ғұрыптар.

            Осы айырмашылықтардың барлығы  «балалық шақтан»басталады, себебі  әр елдердегі білім мен тәрбиелеу  әдістері де әр түрлі.

 

             Кішкентай баланың бастапқы мінезі  туған сәтінен бастап ата –  аналарының және өмір сүретін  ортасының әсерімен қалыптасатыны  ешкім үшін де сыр емес. Егер  де мысалы, британдық сәби Ресейге  бардық делік, оны шамамен бес  – алты жылдан кейін орыстан  ажырату мүмкін болмай да қалуы  мүмкін. Оның шығу тегін ештеңе  де білдірмес. Барлық қарым-қатынастардың  (церковьке, айналадағыларға, өзіңе  деген және жалпы өмірге) жүйесі  сол жастық шақта қалыптасады.  Баланы бес жасқа дейін тәрбиелеуге,  ал содан кейін тек тәрбиесін  дұрыстауға болады деген сөз  бекерге айтылмаған.

              Әр халықтың өсіп келе жатқан  ұрпақтарының тәрбиесінің негізін   қалайтын өз тарихы болады. Артынан  тәрбие мен білімнің тапсырмаларын  мектеп пен ата-аналар қатар  атқарады. Білімнің бірдей әлемдік  жүйесінің жоқ болуына байланысты, әр елдің оқу орындары сол  бір тапсырманы шешеді. Ол –  баланы әр түрлі амалдар мен  тәсілдерді қолдану арқылы білімнің  багажымен жабдықтау. Біреулердің  міндеті ақпаратты өз бетінше  іздеу, оны өңдеп және шешім  шығару болса, екіншілері осы  программамен қалыптасқан білімнің  қаншалықты қабылданғанын тексереді.  Тәрбиелеуші және білім беруші  орта адамның қандай болу керек  екенін, неге талпыну керек екенін  және нені қалайтынын анықтайды. 

 

Германия

 

            Немістерге тәрбиелеудің реттілік, жүйелілік стилі тиесілі. Балаларды  туғанынан бастап белгілі бір  «жоспарды» сақтауға үйретеді. Мейлі  ол күннің тәртібі, дәрігерге  визит немесе қонақтарды қабылдау  болсын. Сәбилерді өз бетінше  қиыншылықтармен күресуге көмектеседі, қалағанға жетуге, ең қалаулыға қадам – қадаммен жетуге үйретеді, көмектеседі. Әр жағдайды шешудің ақылды шешімдері бар екенін түсіндіреді. Конфликтке бармай, дұрыс шешу жолын іздеу керек екенін тусіндіреді.Сабақтарда, сабақтан тыс шараларда да мұғалімдер балалардың өздерін қалай ұстайтындарын бақылайды. Оның күшті жақтарын, әлсіз «зоналарын» белгілейді және келесі жұмыстар осыған бағытталады. Бастауыш класстарды аяқтағаннан бастап балалар қандай орта мектепте оқитынын және қандай дисциплиналарды оқитынын таңдайды. Неміс мұғалімдері баланы біліммен «толтыруға» тырыспайды, керісінше мектеп парталарынан бастап тар салада кәсіпқой болуға дайындайды.

           Кез келген істі соңына дейін  жеткізуді және оны жарты жолда  тастамауды: тәрбиеде де, білім жүйесінде  де «алдымен бір және тек  содан кейін ғана басқа» принципі  қызмет етеді.

           Ата-аналар мен мұғалімдер балаға  шынайы өмірге қажетті білімді  ғана беруге тырысады және  ол арқылы практикалық тәжірибені  байыта түседі.

         Балалық шақтан қалыптасқан тек  өзіне ғана сенім арту әдеті  мектепте де активті түрде  тұрақталады. Баланы ешкімге тәуелді  болмауға, өзіне жеткілікті жағдайды  жасауды үйретеді. Нәтижесінде, көбінесе  жабық адамдар болып қалыптасады,  олар өздерінің ең жанды уайымдарын  тіпті жақын адамдарымен бөліспейді.

 

                                          Швейцария

 

          Швейцария Еуропаның ешбір басқа  елдеріне ұқсамайды. Швейцарияға  көптілдік тән (төрт тіл –  француз, неміс, итальяндық, ретороман)  және этникалық және мәдени  алуантүрлілігі. Бұл елдің қалыптасуына  көршілес мемлекеттер – Германия, Франция, Италия өз әсерлерін  тигізді.Сондықтан да тәрбиелеу,  білім әдістері мен тәсілдері  «көршілестермен» үйлеседі.

         Соған қарамастан Швейцария - әдет – ғұрып пен басқа барлық  құндылықтардың отаны. Сондықтан  да осы жерде нағыз әлем  азаматын – өз отанының сыйлы  ұлын тәрбиелейді. Мектептерді  швейцариялықтар елдің кішкентай  улгісі ретінде жасауға тырысады: мейлі әр тілде сөйлесек те, бір – бірімізді түсінеміз,  өзіміздің жетістіктерімізбен және оқу орнымызбен мақтанамыз. Өз еліне деген патриотизмді, отан сүйгіштікті осылайша тәрбиеленеді.

          Сондай ақ Швейцария, кішкентай  балалрдың білім мен тәрбиесінің  күшті «институты»мен әйгілі.

 

Ұлыбритания

              

             Британдық білім беру «классикалық»  білім түсінігімен қабылданады.  «Классика» нені білдіреді? Біріншіден, баланы ең алғашқы күндерінен  бастап дербес, яғни өз бетінше  өмір сүруге уйретеді: ол кез  келген іспен айналыса алады,  жаңалықтар аша алады, ойыншықтан  бөлек заттармен ойнай алады.  Бірақ айналасындағыларға бөгет  болмай тұрғанға дейін. Ағылшындық  аналар тым шектен асқан қамқорлықпен  ерекшеленбейді. «Өзіңді қолға ал»  деген сөзді кішкентай британдықтар  жиі естиді.

             Мектепте балалар қатарластарымен  араласуға, өзін қорғауға үйренеді. Ал олар оқитын мектептегі  жағдай (әсіресе бұл мектеп-пансиондар) спартандыққа жуық. Өз кезінде  бұл жағдай ресейлік ата –  аналарды балаларын Англияға  жіберу барысында қатты таңғалдырды.  Ал олардың елестетуі бойынша  балалары супержайлы жағдайларда  өмір сүруі тиіс еді. Мектептің  дисциплинасы өте қатал болатын.  Осылайша біздің елдестеріміз  алғаш рет тәрбиелеудің танымал  stiff upper lip әдісімен танысты - «қатыгез  жоғарғы ерін» - өзін өзін бақылау,  нағыз сыншыл кездері сабырлықты  және ақылды сақтау  қабылеті», - деп IQ Consultancy компаниясының директоры  Анна Вознесенская айтып жатыр.  «Қаншалықты осы әдістер қатыгез  көрінгенімен ол өзін ақтады: олар Британия өз флотттарын  құрып бастағанда және жаулап  алушылық қимылдарын енгізе бастаған  кезде, және мықты және тәуелсіз  тұлға ретінде керек бола бастаған  сәттерде қалыптасты, - деп жалғастырды  Анна. – Ағылшындық мектеп қатты  және тәуелсіз мінездің дамуына,  сондай ақ мақсатқа жету және  өз қызығушылықтарын талап ету   шеберіктеріне барлық жағдай  жасайды». Мектептің тағы бір  тапсырмасы – дербестікті дамыту  және пікірлесудегі тәуелсіздік.  Британияда балалар тіпті бастауыш  класстардан бастап парламентариилердің  сөз сөйлеуін, жақында қабылданайын  деп жатқан заң проекттарын  талқылайды.

 

 

Франция

 

           Француздық балаларды тәрбиелеу  – әлеуметтік қарым – қатынас.

Негізгісі – балаларды  бір бірімен дұрыс араласуға, бір біріне қолдау көрсетуге үйрету. Және тағы – адамдар арасында өзін дұрыс ұстау: өзінің шынайы көңіл  – күйін көрсетпеу, егер ашулы  немесе курсінген болсан да, сыпайы болу. Францияда іс – әрекетті «бұл жаман» деп сипаттау түсінігі жоқ, оны  «бұл сыпайы емес немесе дурыс емес»  деген сөздермен ауыстырады. Кішкентай  кезінен бастап қалыптасқан бұл  әдеттер балаларға бейтаныс адамдармен тез тіл табысып кетуге көмектеседі.

         Француз халқының ерекшеліктерінің  біреуі – патриотизм және халықтың  мәдени мұраларына деген қарым  – қатынасы.

         Француздар балаларына барлық  ғылым білімін беруге тырыспайды, сонда да олардың жоғары білімді  болуын қадағалайды. 

 

Канада

 

        Канада  Ресейге ұқсас:сол климат, сол  табиғат. Кішкентай канадалықтарды  айналасындарға сабырлы қарауға  үйретеді, компромис іздеуге, конфликтке  бармауға үйретеді. Әр жағдайды  бейбіт жолмен шешуге болады  деп есептеледі.

        Батыс  канадалықтар шығыстықтарға қарағанда  мейірімді, сәйкесінше балаларын  әңгімелесуде ашық және шынайы  болуға үйретеді. Тапсырмалардың  біреуі – басқалардың пікірімен  санасу. Яғни тек өз пікірмен  жүрмеу.

         Тәрбие мен оқудың принципі  – дисциплинамен қатар еркіндік. Мысалы мектепте мынаны жиі байқауға болады. Балалар бір – бірімен еркін сөйлесуде, ал мұғалім сыртынан осы жағдайды бақылауда. Бірақ таным процесі мұғалімнің қатысуынсыз жүреді деп ойламу керек. Оқытушы қадағалап қана қоймай, осы процесте белсенді қызмет атқарады.

 

 

                                   

 

 

Италия

 

            Италияда балаларға барлық тәртіп  бұзушылықтар рұқсат етіледі.  Барлық еркеліктері. Егер ұл  бала болса тіпті. Ұлдарды итальяндық  отбасыларда қатты еркелетеді. Бастың  үстіне де мініп, қайда шықса  да, немен ойнаса да үлкендер  бәрін кешіреді. Баланың осындай  тәрбиесіне ескерту жасаған адам, керісінше баладна гөрі жамандық  көреді,оның сөзін ешкім қолдамайды.

            Италияда отбасы – әулие түсінік.  Мейрамдар да, тіпті бизнес те  отбасылық іс. Балаларды ата –  аналарын құрметтеуді, олармен  мақтануды үйретеді. Бар келіспеушіліктерде  тек отбасы арасында ғана шешуді  талап етеді.

            Италияндықтар балаларын оқуға  тым ерте жастан бастап береді, уш жастан. Бұлар мектепке дейінгі  оқыту орындары болып табылатын  бала бақшалар.

            Мектептегі класстар өте үлкен.  Баланың істегісі келмейтінін  жасатпайды.

 

Қытай, Жапония

 

            Анна Вознесенскаяның айтуы бойынша:  «классикалық қытайлық білім  оқушыға білімнің улкен көлемін  берген, бірақ барлық сабақтар  есте сақтаушылық қабылетіне  негізделген». Оқушы осылайша жаңа  мәдениетке үйренген. Осы күнге  дейін қытайлық  немесе жапондық  бала қандай да бір жағдайды  дәлелдеу үшін өз аргументтерін  емес, бір тарихшының немесе жазушының  мәліметтеріне жүгінеді.

            Мектептік курстың басты мақсаты  «моральдық тәрбиелеу» - жапондық  азаматтың қалыптасуы.

            Қытайда және Жапонияда адамдар  бірге болу мүмкіндігіне анда  – санда ие болады. Адамдарды  бір – бірінің сезімін аялау,  топтық қызығушылықтарды өзіңнен  жоғары қоюға шақырады.

            Тағы айтып кететіні, Қытай мен  Жапонияда жоғары класстары мамандық  таңдау пайда болды.

 

Австралия, Жаңа Зеландия

 

            Австралиялықтар мен жаңа зеландиялықтарды  тату халық деп жатады. Австралия  мен Жаңа Зеландияда баланың  жеке тұлға ретінде қалыптасуна баса мән береді. Оның творчествалық талантына және қызығушылықтарына. Осы міндеттерді де мектеп атқарады. Баланы творчество, ғылым, қоғамдық өмірге үйретеді.

           Оқу қатаң түрде белгілі бір  мақсатқа бағытталған. Бұл жерде  пратиктерге қарағанда теоретиктерге  оқу оңайырақ болар мүмкін. Сабақтар  таза ауада жүргізіледі, тек  лекцияларды ғана тығдап қоймай, эксперименттер де жүргізеді.

            Спортпен айналасу да басты  тақырып.Спортпен ата – аналар  балаларымен бірге айналысады.

 

Испания

 

         Испанияны көңілді, шулы ел  деп елестеді көпшілік.  Кішкентай  испандықтардың ең бірінші үйренетіні  – шу. Сөйлесулерінің дыбысы өте  жоғары және эмоциялы. Отбасылар  қалаулары бойынша қыдырады. Ұйықтамайтын  секілді. 

         Испандықтар өте ашық, кездесу  барысында өз қуаныштарын қатты  дауыстап білдіреді. Бейтаныс  адамммен ұзаққа созылған әңгіме  айтуы мүмкін, тіпті есімін сұрамай  да. Негізінде олар комлекс дегенді  білмейді және балаларын соған  да үйретеді. Балалар үшін эмоционалдық  даму өте маңызды, ал испандық  балалао оны көп мөлшерде алады.  Сондық та өскен балалар –  ұжымшыл балалар, достарды және  жұмысты да оңай табады.

«Сен» деп араласады. Ол тәрбиесіздікке жатпайды, керісінше жанымен жас  адамды ренжітуі мүмкін.

           Олардың тұрақты жоспарлары болмайды, балаларын да соған үйретеді.

           Білім жағынан Ресейге ұқсас:мұғалімдер  оқушыларды білімнің белгілі  бір саласымен жабдықтайды. Университетке  дейінгі мектептің соңғы екі  жылдарында мамандық дайындайды.

 

Америка

 

          Штаттарда баланың дүниеге келуі  кунделікті өмірге айтарлықтай  өзгерістер әкелмейді: балаларды  барлық отбасы жұмыстарына араластырады, мейлі ол көрші парк болсын  немесе ұзаққа созылатын саяхат  болсын. Сәбилерге ештеңеге тыйым  салмайды, ойындарын себепсіз бөлмейді. Негізгі ереже: бірдене түсну  үшін бала оны көруі керек.  Күйіп қалса да, бұйырғаны дейді.

          Баланың пікіріне бала өз ойын  түсіндіре бастаған кезден бастап  тыңдай бастайды. Яғни, оның да  ойымен бөліседі. Отбасыда әркім  өзінің жеке ұстанымын айтуға  құқылы.

         Ең ауыр қылмыс (полицияға түсу  қаупі бар) – баланы ұрып  соғу. Не болса да қложұмсаушылықсыз  шешуге болады деп есептеледі.

         Америкалық мектептерде улкендер  мен кішкентайлардың арасы оншалықты  білінбейді. Яғни, үйретушілік, ұстаздық  деген түсінік болмайды. Оқушылар  өз араларында еркін араласады,  және класстағы қарым қатынастың  жүйесін өздері қалыптастырады.

         Америкада балалардың оқу жолына  ертерек түсуін қадағалайды: мектепке  дейінгі білім және мектепке  дайындау өте танымал. Бұл жерде  балалық кезде жіберілгендердің  орнын толтыру мүмкін емес  екенін ұмытпайды.

         Америкалық арман – жеке үй, тұрақты,жақсы жұмыс, жағдайы  жақсыф отбасы, балалар және қауіпсіз  өмір. Әр ата – ана баласын  осы арманды шындыққы айналдыруын  армандайды.

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Әр елдердегі білім мен тәрбиелеу жүйесі