Шет тілін оқыту процесінде мәдениет аспектісін енгізудің кейбір мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 07:33, статья

Описание работы

Қазақстанда шетел тілдерін оқыту басқа да әлеуметтік тұрмыс аясы сияқты түпкілікті қайта құру мен құндылықтарды қайта айқындау, мақсат міндеттерді, әдіс пен материалдарды қайта қарастыру негізінде күрделі де қиын кезеңді бастан кешуде. Белгілі әлеуметтік-тарихи себептермен қазір бұл салада болып жатқан өзгерістер туралы, қоғамдық қызығушылықтың қуатты серпілісі мен шетел тілдері пәніне деген көзқарастың түпкілікті өзгеруі туралы сөз қозғалуда. Туындаған жаңа мезгіл мен жағдайда шетел тілдерін оқытудың әдіс-тәсілдерін тез арада және түпкілікті түрде қайта қарастыру қажеттілігі туындайды.

Файлы: 1 файл

Шет тілін оқыту процесінде мәдениет аспектісін енгізудің кейбір мәселелері.doc

— 31.50 Кб (Скачать файл)

Шет тілін оқыту процесінде мәдениет аспектісін енгізудің кейбір мәселелері

Қазақстанда шетел  тілдерін оқыту басқа да әлеуметтік тұрмыс аясы сияқты түпкілікті қайта  құру мен құндылықтарды қайта  айқындау, мақсат міндеттерді, әдіс пен  материалдарды қайта қарастыру негізінде күрделі де қиын кезеңді бастан кешуде. Белгілі әлеуметтік-тарихи себептермен қазір бұл салада болып жатқан өзгерістер туралы, қоғамдық қызығушылықтың қуатты серпілісі мен шетел тілдері пәніне деген көзқарастың түпкілікті өзгеруі туралы сөз қозғалуда. Туындаған жаңа мезгіл мен жағдайда шетел тілдерін оқытудың әдіс-тәсілдерін тез арада және түпкілікті түрде қайта қарастыру қажеттілігі туындайды. 
Шетел тілінде коммуникацияға түсу процесі-тілді ұстанушылардың өмір салтын, өздерін ұстау үлгілері туралы білімді қажет етеді. Коммуникативті дағдыны жоғары дәрежеде меңгеру дегеніміз-тіл ұстанушымен әртүрлі әлеуметтік жағдайда қатынастың тиімді және сол жағдайға орай дұрыс жолын білу болып табылады. Соған орай тіл үйренуші шет тілдері сабағында ауыз екі қарым-қатынасқа қажетті тілдік «формулалар» игеруге тиіс. Мысалы:амандық-саулық сұрасқаннан кейін әңгімені одан ары қай арнада өрбіту, әңгімені аяқтап, қоштасу жолдарын, мәлімет алу, тамақ барысындағы өзара қарым-қатынас т.б. Сонымен қатар дұрыс дискурс стилін, дене қимылы мен бет іширатын қолдану, жағдайға орай әңгіме тақырыбын тыңдай білу мәдениет аспектісінің жеке тұрғыдан және тілді қолдану тұрғысынан да, тілді оқытудың маңызды аспектісі бола тұра, қарым-қатынас дағдысын дамытуға бағытталған. 
Бұдан аз уақыт бұрын біздің елімізде шет тілдерін оқытудың дәстүрлі жолы мәтінді оқу мен аудару, ал шет тілін пайдаланып күнделікті қарым-қатынасқа түсу, оған ұстаздар мен оқушылардың энтузиазмы жетсе, «Асханада», «Пош- 
тада», «Мектепте» деген тұрмыстық тақырыптарда болды. Белгілі топиктерді оқып, жаттау бар білімді практикалық тұрғыдан пайдаланбай, өмір салтына еш қатыссыз жағдайда жүргізіліп, тілдің хабарлау, информативті қызметін ғана жүзеге асырып отырды. 
Идеологияның, діннің және өнердің маңыздылығына қарамастан тұрмыстық мәдениет жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі болады, өйткені бұл қалыптасу балалық кезеңнен, адам идеология, дін, өнер мәдениетін игеруге қабілетсіз кезінде орын алады. Тұрмыс мәдениеті қарым-қатынасқа қажетті құндылықтарды тудырумен ерекшелендіріледі. Мәдениеттің тарихи естеліктері бізге тұрмыс арқылы жетеді, өйткені ол идеологиялық және діни мәдениеттен анағұрлым орнықты, тұрақты және оларға қарағанда баяу озгереді. Сондықтан тұрмыстық мәдениет өз бойынша жалпыазаматтық, этникалық, «мәңгілік» құндылықтарды сіңіреді. Сондықтан шетел тілін үйренушілер лингвистикалық және экстролингвистикалық күнделікті тұрмысқа қажетті мәліметтермен қамтамасыз етілсе, онда мәдениет аспектісін шетел тілін оқыту процесіне енгізудің біраз мәселесі шешілер еді. Мұндағы экстролингвистикалық мағлұматтар деп отырғанымыз жағдайға үйлесімді паралингвистикалық іс-әрекет, ал лингвистикалық мәліметтер коммуникативті ниетті іске асырудың қарым-қатынас үлгілері болып табылады.Мысалы «Family» тақырыбын өту барысында лингвистикалық мәліметтер ретінде жанұядағы сыйласым, тәуліктің әр мезгіліндегі амандасу, қоштасу, жақсы тілек тілеу, кешірім сұрау, рахмет айту, мақтау сөздерінің үлгілері оқытылса, экстролингвистикалық мағлұмат ретінде бала тәрбиесі, жанұя мүшелерінің қарым-қатынасы, уақытты өткізу, тамақтану, үй құрал-жабдығы, үйлену дәстүрі сияқты мағлұматтар қамтылғаны дұрыс. Сонымен қатар тілін оқитын елдің жанұя жағдайы, бұрынғымен салыстырғанда құндылықтардың өзгеруі сияқты мәліметтер қосымша беріліп отырса жақсы болар еді. 
 
Туған жылы: 1962 
Білімі: Жоғары, АПИИЯ 
Мамандығы: ағылшын тілі пәні мұғалімі 
Еңбек өтілі:23 жыл 
Санаты: 13 санат

Автор: Ә.Ш.ЖҰМАҒҰЛОВА, Қазақ орта мекеп – гимназиясында ағылшын тілі пәні мұғалімі Көксу аудан

Информация о работе Шет тілін оқыту процесінде мәдениет аспектісін енгізудің кейбір мәселелері