Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2013 в 10:51, доклад
Ата-бабамыз ежелден үш нәрсені бойтұрмадай қасиет тұтып, қадірлеп өткен. Ол – ел, жер және тіл. Ана тілі - әр халықтың төл белгісі. Адам білімді, тәлім - тәрбиені тіл арқылы алады, мәдениетті, өнерді, салт -дәстүрімізді, ғылымды тіл арқылы үйренеді. Оның құдіреті, қасиеті туралы ақын толғаулары өте көп. Мысалы, Аян Нысаналин ағамыз:
Ана тілі деп атаудың себебі –
Анасындай қастерлесін дегені.
Өз анасын сыйлайтұғын әр адам
Өз тілін де құрмет тұтып келеді, – дейді.
Ағылшын тілінің мұғалімі Вания Жанбота
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Ата-бабамыз
ежелден үш нәрсені
Ана тілі деп атаудың себебі –
Анасындай қастерлесін дегені.
Өз анасын сыйлайтұғын әр адам
Өз тілін де құрмет тұтып келеді, – дейді.
Әр тілдің
өз ерекшелігі бар. Шетел
Қазақ тілі
мен ағылшын тіліндегі негізгі
айырмашылықтарды жүйелеп
· Қазақ тілінде ағылшын тіліндегідей артикльдер мен предлогтар қолданылмайды.
· Септік категориясы екі тілде де бар, бірақ ағылшын тілінде екі септік (жалпы және ілік) родительский болса, қазақ тілінде жеті септік бар.
· Сөздердің мағыналары да бір-бірінен алшақ «сағат» сөзі ағылшын (сөзінде) тілінде екі түрлі сөзбен беріледі. Бір сөз «қол сағат» болып берілсе, ағылшын тілінде «қол» сөзі бөлек екі сөзбен аударылады.
· Қос тілдік кейбір грамматикалық категорияларының мағынасы және қолданысы жағынан бөлектелініп (ажыратылып) тұрады.
Қазақ тілінің
жалқы мағынасы (көп жағдайда) кең
көлемде көп мағынаны
Көптік мағына
атау формада сан есім арқылы
беріледі. Қазақ тілінің осы бір
ерекшелігі қазақ балаларының
ағылшын тілін үйренуде
Сілтеу есімдіктері
қиындық туғызады, өйткені қазақ
тілінде сілтеу есімдіктері (
Осы тұрғыда
қолданылатын зат есімнің
Зат есімге
байланысты тағы бір айта
Қос тіл
арасындағы тағы бір мән
Мұғалім
– оқытушы алдындағы ағылшын
тілін үйретудегі басты міндет-
Белгілі
Американдық ғалым-методист
Мәселен,
орыс тіліндегі «вести» (
Бұл
жағдайда сөзбе-сөз аударма
Орыс
тілінде предлогтар болса да,
30% ағылшын тіліндегі предлогті
сөз тіркестері орыстардың
Тілді
жақсы меңгеру үшін тек қана
сөзді және оның формасы мен
жүйесі және нормасын білу
жеткіліксіз, сонымен қатар,
Ағылшын
тіліндегі құттықтау етістігі
орыс тіліндегі «поздравить»
және қазақ тіліндегі (
Ілтипаттың, ізеттілік көрсету де, кешірім сұрау да ұяттық ерекшелік сезіліп тұрады. Ағылшын тілінде ілтипаттылықтың түрі әр түрлі ситуацияға байланысты алуан түрлі болып келеді.
Тіл
арқылы, тілдік элементтердің
Әдебиеттер:
1. Казахско-русский словарь. – Алматы: Донпресс, 2001
2. Русско-казахский словарь І-ІІ том. Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы, 1981
3. Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучение иноязычному говорению». – М.: «Просвещение» 1991 – 22 с.
Ағылшын тілін оқытуда тиімді әдістерді қолдану
Шетел тілін, оның ішінде ағылшын тілін
оқып-үйрену бүгінгі күні үлкен қажеттілік
туғызып отырғаны -бәрімізге мәлім. Әрбір
оқушы - ертеңгі жас маман, қазіргі заман
талабына сай ағылшын тілін меңгеруді
алдына мақсат етіп отыратыны да бізге
белгілі. Сол ағылшын тілін оқып - үйрену
әліпбиден бастап мектеп қабырғасында
оқытылып, іргетасы осында қаланатынын
ескерсек, ағылшын тілін оқытудың әдістерін
бүгінгі күн талабына сай етіп, оқушыны
ынталандырып, қызықтыра білудің өзі үлкен
ізденіспен шеберлікті қажет ететіні
сөзсіз. Осыған байланысты шетел тілін
үйретуде түрлі ұтымды әдістерді қолданып,
сабақ барысындағы іс- әрекеттерді тиімді
ұйымдастыра отырып, оқушының ынтасын
арттыру - алдымызға қойылған негізгі
мақсат екенін ұмытпаған жағдайда еңбегіміз
жемісті болары сөзсіз.
Шетел тілін оқытудың ұтымды әдістерін
қолдану нақ бір ғана технологияны бастан-
аяқ қолдану деп түсінген дұрыс емес. Әр
технологияны немесе сол технологияның
қандай - да бір элементтерін сабақ барысында
қандай- да бір этапында тиімді қолдану,жандандыру
нәтижеге жеткізеді деп ойлаймын.
Технологиялардың кез –келген түрін алып
қарасақ, мазмұны, міндеттері мен талаптары
бір – біріне өте ұқсас, яғни көздеген
мақсаттары бір.
Ол:
1)Оқушының білім - білік дағдысын қалыптастыру
2)Оқушының ақыл -ойын дамыту
3)Жеке тұлғаның өзін -өзі басқаруын қалыптастыру
4)жеке тұлғаның практикалық әрекет ортасын
қалыптастыру,
5)оқушының дүниетанымын кеңейту болса,
Мазмұны:
- Оқу мақсаттарын қою
- Оны шешудің жолын бірлесе іздеу
- Әртүрлі ойын элементтерін орынды қолдана
білу.
Ойын баланың тез ойлау, есте сақтау қабілеттерін
дамытады.
Ойын түрлері әсіресе орта буында өте
тиімді, әрі нәтижелі деуге болады. Бұл
жерде әрине, оқушылардың жас ерекшелік-
терімен психологиялық өзгешіліктерін
ескеру өте маңызды. Бесінші сыныпқа қолданған
қызықты ойын түрлерін оныншы сыныпта
қолдану орынсыз болып көрінуі мүмкін
.-Дидактикалық материалды орынды қолдану
( дидактикалық материал дұрыс іріктелген
болса, шамадан тыс көп болмаған жағдайда
бала өткен материалды түсіну, бекі-
ту барысында осыған сүйене отырып, тез
қабылдайды әрі есте сақтайды);
-Жеке баламен жұмыс.
Осы арада «Деңгейлік оқытудың» элементтерін
қолдану өте тиімді. Бұл технологияның
маңыздылығы сынып оқушылары жаппай жұмыс
істейді, бос отырған оқушы болмайды, әркім
өз деңгейін біліп, оны дамытуға талпынады,
қиындықтарды жеңе білуге дағдыланады,
өз бетінше ізденіс дағдысы қалыптасады.
Мұғалім өз жұмысына талдау жасайды, оны
жетілдіру жолын іздейді, баяу қабылдайтын
балаларға көмектесе отырып, деңгейі жоғары
оқушыларға көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік
алады. Білімді бағалау нақтыланып, жүйеленеді.Деңгейлік
тапсырмаларды орындай отырып, бала өз
білімін нақты бағалай алады. Оқушы өзінің
жетістіктері мен кемшіліктерін көріп,
өз еңбегіне талдау жасай алады. Дарынды
оқушы өз қабілеті мен икемділігін шыңдай
түседі. Әлсіз оқушы бойындағы сенімсіздіктен
арылады, оқуға ниет білдіреді.
Ең бастысы: оқушы жетістіктеріне қуанып,
оқып –үйренуге құштарлығы артады. Бұл
әдістің негізі оқушының тақырыпты толық
меңгеруіне бағытталады.
Мысалы, 6 сыныпта «Сын есімнің шырайлары»
тақырыбын түсіндіру, оны қолдануға үйрету
барысында деңгейлік тапсырмалар арқылы
меңгеру деңгейін анықтап, «жеңілден қиынға
қарай» принципі бойынша оқушының тақырыпты
толық меңгеруіне мүмкіндік жасалады.
Сын есімнің шырайларының жасалуы өте
күрделі, оны қабылдау да, қолдану да оқушыларға
әжептәуір қиындықтар туғызады. Оның үстіне
оқушылар бұл тақырыпты ана тілдерінде
өтпей тұрып, ағылшын тілінде меңгереді.
Сондықтан бұл тақырыпты түсіндіру бірнеше
этаптан, түрлі тәсілдер мен тірек сигналдарын
қолдану арқылы өтеді.
1-деңгейлік тапсырма бойынша: ережелерді
жатқа білу, сын есімнің шырайларын мәтіннен
тани білу, оларды теріп алып, топқа бөлу
2-деңгейлік тапсырмада оқушылар берілген
тапсырмалар бойынша сын есімдерді қажетті
формасына қоя білу, топқа бөлу, талдау,
алған білімдерін жүйеге келтіру
3-ші деңгейлік тапсырма бойынша алған
білімдерін өздері жеке ситуацияда қолдана
алу мүмкіндіктері қарастырылады.
- Жұптық жұмыс.
Жұптық жұмыстың да шетел тілін үйретудегі
алатын орны ерекше. Балалар белгілі бір
тақырып бойынша диалог құра отырып, ауызекі
сөйлеу дағдыларын дамытады.
-Топпен жұмыс.
Топпен жұмыс оқушылардың бойында жауаптылық,
еңбексүйгіштік қасиеттерін дамыта отырып,
оқушыларды өзара көмекке, бірлесе ізденуге
дағдыландырады.
Оқытудың ұтымды әдістері оқушылардың
шетел тілін оқуға қызығушылығын, сауаттылығын
арттыруға, ауызекі сөйлеу дағдысын дамытуға,
сөздік қорын байытып қана қоймай, баланың
бойындағы мақсаткерлік, дербестік, адамгершілік,
белсенділік тағы басқа да жақсы қасиеттерді
дамытатыны сөзсіз.
ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІ
ТӘСІЛДІ ҚОЛДАНУ
Қазақстан Республикалық білім беруді
дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламада жоғары білім беруді дамыту
үшін білім беру қызметіне жаңаша қарауды,
білім беру жүйесінде ғылым мен тәжірибе
жинақталған бай педагогикалық, психологиялық,
әдістемелік мұраны зерттеп, талдауды
және ғылым мен техникалық жетістіктерін
кеңінен енгізуді талап етеді.
Қазіргі кезде ғалымдар оқыту процесінде
дидактикалық мақсатты шешуде оқытудың
белсенді формаларына бет бұруда оқытушының
студенттермен педагогикалық қатынасты
ұйымдастыра алу қабілеті бүгінгі таңдағы
шетел тілін оқыту процесінің тиімділігін
арттырады, сондай-ақ ол студенттің жеке
тұлға ретінде ерекшелігін ашуға және
оның шетел тілі мәдениет аралық қарым-
қатынас құралы ретінде меңгеруіне бағытталады.
Аталған мәселені шешу үшін педагогтар
мен әдіскерлер оқыту процесінде оқытудың
белсенді формаларын қолдану керектігіне
тоқталды.
Осыған орай оқушылардың белсенді өзіндік
жұмысын қамтамасыз ету үшін студенттердің
бір мәселені бірігіп шешуде өз бетінше
белсенді, танымдық шығармашылық әрекетін
қамтамасыз ететін интерактивті тәсілге
баса назар аударуда.
“Интерактивтік” деген сөз энциклопедия
мен ғылыми әдебиеттерде көрсетілгендей
интеракция деген ұғымнан келіп шығады,
ол екі жақты біріккен әрекет болып табылады.
Ол оқыту процесінде студенттерді бірігіп
белгілі бір мәселені шешуге, белгілі
бір әрекетке өз жауапкершілігін сезініп,
белсенді болуға және осы кезде өз қиялын,
ой-өрісін, шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік
береді.
Сонымен бірге бұл әдіс студенттерді жұп
болып, бірігіп жұмыс жасауға, жұмыс жасай
отырып, өзгелерге көмек көрсетуге үйретеді.
Сонымен қатар бұл ұғым тәсіл ретінде
төмендегідей талаптарға сай келеді.
- Ақпаратты терең игереді, өйткені оны
ой елегіне өткізеді.
- Оқушы өзін-өзі еркін және ыңғайлы сезінетін
өрісті қалыптастырады, тілді оқып үйрену
ниетін арттырады.
- Оқушының жеке тұлғасына тікелей әсер
етіп, танымдық, шығармашылық қабілетін
оятады.
- Топ студенттерімен жасалатын жұмысты
түрлі формада (жұптық, топтық, ұжымдық)
өткізуді қамтамасыз етеді.
- Ойлауды белсендіреді.
- Ынтымақтастықпен әрекет етуге үйретеді.
- Тыңдау дағдысын қалыптастырып, өзгені
тыңдай алады.
Әрине мұндай тәсілді қолдануда кездесетін
қиындықтар да жоқ емес. Себебі әр студенттің
ойлау қабілеті, жылдамдығы, білім деңгейі,
ақпаратты меңгеруі бірдей жағдайда емес.
Осыдан келіп оқушылардың алдында шынайы
және психологиялық қиындықтар туындайды.
Шынайы қиындық:
- берілген тапсырма дұрыс ұйымдастырылмаған
жағдайда.
- жүріп жатқан әңгіме студентке қызық
емес болса.
- әңгімені тыңдамағандықтан сөйлей алмаған
жағдайда туындайды.
Ал психологиялық қиындық шынайы қиындыққа
қарағанда жиірек кездеседі. Оқушы мұндай
жағдайда көбінесе үнсіз қалады.
Яғни:
- оқушы өз ойын білдіру үшін көмекші сөздерді,
тілдік құралды таба алмағандықтан үндемейді.
- оқытушы мен топ алдында сөйлеуге қысылғандықтан
үндемейді.
- өз білім дәрежесінің төмен екендігін
көрсеткісі келмегендіктен үндемейді.
Мұндай жағдайда студентті сөйлеу үшін
оған қысым көрсетпей, оған сөйлеу үшін
ыңғайлы, қолайлы мүмкіндік туғызылуы
керек, оқушыны өз әрекетерін тыңдай білуге
үйрету керек.
Мұғалім алдымен оқушыларды сөйлеуге
үйретуде, соның ішінде тілді қарым-қатынас
құралы ретінде меңгеруге ұмтылуын, оқушыларға
өз іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру
үшін оған сай ниетін оятып әрі оқу атмосферасын
орната білуі керек. Ал мұндай атмосфераның
орнауына Н.В.Гавриленконың төмендегі
пікірлерімен толықтай келісуімізге тура
келеді.
Біріншіден, ағылшын тілін оқытуда интерактивтік
тәсілді қолдану кезінде қойылатын талаптың,
жасалатын жұмыстың оқу процесіне сай
болуы керек. Талап тым жоғары болса, оқуға
деген қызығушылық жойылады, ал төмен
болса, жалығуға әкеліп соқтырады.
Екіншіден, жұмыс түрлері, онда қолданылатын
оқу құралдары, жаттығулар оқушылардың
білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне
сай болуы керек.
Үшіншіден, оқушылар жіберген қателерін
мұғалім көмегімен өздері табуы керек.
Оқушылар әр түрлі болады. Олардың бірі
оқытушының айтқанын жылдам ұғып алады,
енді біріне материалды ұғу үшін қосымша
түсіндірмелер мен мысалдар қажет болады.
Мұндай студенттер нақты нені түсінгенін
ұғына алмай сұрақ қоюға жасқанады. Осындай
жағдай оқушыларды топқа немесе жұпқа
біріктіріп, оларға ортақ тапсырма беріп,
ол тапсырманы орындау барысында әрбір
студентке жеке рөлдер мен міндеттер атқаруды
талап етсе, онда әр оқушының өз жұмысына
жауапты болып, жалпы жұмыс нәтижесінде
қол жеткізуге ұмтылатын жағдаят пайда
болады. Сондықтан да білімі төмен оқушылар
үлгерімі жоғары оқушылардан өзіне түсініксіз
болған жерді сұрап, ал үлгерімі жақсы
оқушылар топтың жеңіп шығуын ойлап, барлық
оқушылардың, әсіресе білімі төмен оқушылардың
нәтижелі жұмыс істеуін көздейді. Осылайша
оқушылар қиындықтың алдын алады.
Интерактивті тәсіл, әсіресе сабақты пысықтап,
қорытындылауға бірден-бір көмегін тигізетін
тәсілдердің бірі. Сонымен қатар интерактивті
әдіс арқылы студенттер өз білімін өздері
бағалайды да олар алған білім, білік дағдылары
бойынша бағаланады. Әсіресе өзін - өзі
бақылау, топтық өзара бақылау кезеңдері
сабақты бекітуге біршама септігін тигізеді.
Бұл бақылауды төмендегі бақылау әдіс
белгілері арқылы іске асыруға болды.
Өздік бақылау
1.Менің бүгінгі тақырыпқа өз бетімше дайындығым
: төмен, орта , жоғары.
2. Бүгінгі жаңа тақырыпты игеруім : төмен,
орташа, жоғары.
3. Бүгінгі сабаққа қатысуым : төмен, орташа,
жоғары.
Топтың өзара бағалауы (топтар бір-бірін
бағалайды)
1. Топ ұжымының татулығы, белсенділігі,
өзара әрекет әдебі, топтық араласу әдебі
: төмен, орташа, жоғары
2. Жаңа тақырыпты өмірмен байланыстыра
айтуы : төмен, орташа, жоғары
3. Сөйлеу шешендігі, мәдениеті, төмен,
орташа, жоғары.
Бұл бақылаулар студенттерді өздеріне
және өзгеге сын тұрғысында қарауға үйретеді.
Онда біреуді үшін тиісті болуы қажеттігі
туады. Бұл бағыттау мен бағалау оқушылардың
бойында мына қасиеттерді қалыптастырады:
еріктілік, еңбексүйгіштік, өз біліміне
сенімділігі, қабілеттілігі, жауапкершілікті
сезінуі, адамдық, жолдастық қасиеттер,
сөз қоры, ғылыми ақпараттарды ақтаруы,
өзінше түйін жасауы, сөйлеу мәдениеті
т.б.
Жалпы шетел тілі сабағында қолданылып
жүрген рөлдік ойындар, іскерлік ойындар,
пікір талас, студенттердің баяндамалары
мен ақпараттық хабарлары, дәріс-диалог,
тренинг, дөңгелек үстелдер, ұжымдық –
таныдық оқу, иммитиация әдістері осы
жоғары белсенділікті дамыту әдісінің
интерактивті әдіс белгілері болып табылады.
Сабақты ұйымдастырудың топтық-үлестірме
түрлерін қолдану арқылы іс-әрекетті талқылау,
қарама-қарсы қайшылықты мәліметтер беру
арқылы пікір таласын тудыру оқушылардың
мәнге деген ықыласын, ынтасын арттырады.
Сабақ барысында қолданылған төмендегі
бір-екі мысалға көңіл аударайық.
Белгілі бір өтілетін тақырыпты пысықтау
мақсатында оқушыларды үш топқа бөліп,
оларға негізгі тақырыпқа байланысты
(“Travelling” тақырыбын алайық) тақырыпшаларды
береміз:
1 топқа : “Travelling by train ”
2 топқа : “Travelling by bus ”
3 топқа : “Travelling by plane ”
Әр бір топ өздеріне берілген тақырыпшалар
бойынша ассоциограмма жасайды. Ассоциограмманың
көмегімен топ оқушылары бірігіп, өздеріне
берілген саяхат түрлері жайлы толық мағлұмат
бере отырып оның тиімді және тиімсіз
жақтарын ашып айта білулері керек. Сонымен
қатар әр топқа қойылатын талап тақырыпқа
байланысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерін
көбірек пайдалану және талқылауға топ
оқушылардың түгелдей қатысуын қадағалау.
Соңында оқытушы топтарға бірін - бірі
бағалауға мүмкіндік беріп, өзінің қойған
бағасымен қорытындылай отырып, әр топтың
ортақ бағасын шығарады.
Осы тәрізді тәсілді грамматикалық жаттығуларды
орындату кезінде де пайдаланған өте тиімді.
Мұндай жағдайда топ оқушылары әр бір
ұпай үшін күреседі. Себебі грамматикалық
тұрғыдан әрбір дұрыс жасалған сөйлем
оларға ұпай әкеліп отырады. Тапсырманы
орындау кезінде студенттер өздерінің
бар білгендерін топ мүшелерімен бөліседі.
Бұл кейбір грамматикалық материалдарды
түсінбей жүрген студенттерге үлкен көмегін
тигізеді.
Ал мәтіндермен жұмыс жасау кезінде оқушылардың
берілген мәтінді кемінде екі рет оқығандары
дұрыс. Бастапқыда олар мәтінге тек көз
жүгіртіп, жалпы идеяны немесе басты проблеманы
түсіне алады, ал одан соң мұқият көңіл
бөліп бастан аяқ оқып шығады. Бұлайша
жасау талқылаудың алдында тұжырымды
логикалық тұрғыдан қайта пысықтауға
көмектеседі.
Сабақ уақытын мейілінше үнемді пайдалану
үшін мәтінді үйден оқып келуді тапсырған
дұрыс.
Тағы бір көңіл аудара кететін жағдай
интерактивті әдіс тәсілдің маңызды көрсеткіштері
деп оның тәрбиелік жағын да айта кеткен
жөн. Топпен жұмыс істеу студенттердің
бірін - бірі тануына, тыңдау мен пікір
алысу мәдениетінің қалыптасуында да
өз әсерін тигізеді.
Қорыта айтқанда, интерактивті тәсілдің
ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылған
тапсырмаларды орындау оқушыларға оқытылып
отырған тілдің практикалық тұрғыдан
қолдану нәтижесін, жемісін көруге мүмкіндік
береді және осы жағдай олардың шетел
тілін оқып үйренуге деген қызығушылығын
арттырады. Сонымен қатар оқушылар әрекетін
белсендіру, оқу материалдарын, оқыту
әдістері мен тәсілдерін жетілдіру сияқты
негізгі педагогикалық мәселелерді іске
асырады...
Информация о работе Шетел тілін оқытудағы ойынның маңызы мен рөлі