Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 22:49, контрольная работа
Тілдің шығуы туралы мәселе тіл білімінің ең күрделі және өте-мөте принципті мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл тілдің қоғамдық құбылыс болып табылатынына тікелей байланысты. Тіл адам өмірінің барлық саласында, олардың күллі іс-әрекетінде қолданылады . Ол – адамдардың өте ертеден бері қолданып келген және күнделікті өмірінде қолданып жүрген ең маңызды қатынас құралы Тілсіз қоғамдасып өмір сүру де, бірлесіп еңбек ету де, өндірісті ұйымдастыру да, даму да мүмкін емес. Сондықтан да адамдар тілдің қалай пайда болып, дамығанын үлкен құштарлықпен білгісі келеді. Адам баласының тілінің пайда болуы туралы әр түрлі теориялар бар. Тілдің шығуы туралы дыбысқа еліктеу теориясы ежелгі грек философтарынан бастау алып, ХVІІІ – ХІХ ғасырларда кең өріс алды.
1. Тілдердің шығуы.
2. Тіл туралы ғылымның қалыптасу тарихы.
3. Ежелгі дәуір тіл білімі
4. Орта ғасыр тіл білімі.
5. ХІХ ғасыр тіл білімі.
6. ХХ ғасыр тіл білімі.
7. Қазақстан тіл білімі