Елін сүйген, елі сүйген – Елбасшы
Міне, биыл Республикамыз тәуелсіздігін
жариялағанына 22 жыл болды. Және осы
соңғы 22 жыл бойы, мемлекетімізді бүкіл
әлем егемен және дербес ел деп танып отыр.
Әрине, осы күнгі тәуелсіздігіміз бізге
оғайлықпен келген жоқ. Жетпіс жыл бойы
КСРО-ның отары болған еліміз, талай қиыншылдықтардан,
талай ауыртпашылықтардан өткені бәрімізге
мәлім. Мемлекетіміздің Тәуелсіздік туын
көкке көтеру, осы жетпіс жыл бойы Кеңес
Үкіметіне бағынышты болып келген ата-бабаларымыздың
ең асқақ армандарының бірі еді. Осы себепті,
осыншама қысым көрген қазақ халқы үшін,
16 желтоқсан ұлы мереке күніне айналды.
Егемендік
жолында, өз халқына сеніп,
халқының жанашыры болған Елбасымыздың
орыны ерекше. «Елін сүйген – ер
атанар», деген сөз дәл біздің Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев ағаға айтылған сөз секілді.
Елбасымыз бәрімізге белгілі Алматы облысы,
Қаскелен ауданындағы Шамалған ауылында
дүниеге келген болатын. Ол сона бала кезінен
бастап өзінің өткір ойымен, ерекше талпынысымен
көзге түсе батайды. Өзі оқыған Абай атындағы
орта мектепті үздік бітіріп, комсомолдық
жолдама бойынша Теміртаудағы металлургиялық
зауытқа жіберіледі. Н. Назарбаев бірқатар
қазақ жастарымен Днепродзержинск қаласының
Днепр металлургиялық зауыты жанындағы
№ 8 техникалық училищесін бітіріп, Қарағанды
металлургиялық комбинатында жұмыс істей
бастайды. 1962 жылдың қарашасында Н.Ә.Назарбаев
Кеңес Одағының Коммунистік партиясына
қабылданған болатын, ал 1962–1991 жылдар
аралығында КОКП мүшесі болып сайланады.Бірнеше
жылдан соң КОКП Орталық Ревизиялық комиссиясының
мүшесі болып тағаиындалады. 1984 жылдың
наурызы мен 1989 жылдың маусым айларының
аралығында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің
төрағасы ретінде жұмыс істей бастайды.
1989 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің бірінші хатшысы және КСРО-ның
халық депутаты ретінде халыққа танылады.
1990 жылдың 24 сәуірінде Қазақ КСР Жоғарғы
Кеңесінің бірінші сессиясының 12-ші шақырылымында
Н. Назарбаев Қазақ КСР-нің Президенті
болып сайланады. 1991 жылы 28 тамызда Н. Назарбаев
Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші
хатшысы міндетінен босап, ОК қызметінің
тоқтатылуы туралы пікірін білдірді. Міне
дәл осы күннен бастап, қазақ халқы тәуелсіздік
туын көкке желбірету күні алыс емес екендігін
анық түсінеді. 1991 жылдың 1 желтоқсанында
Қазақстан тарихында алғашқы рет жалпыхалықтық
Президент сайлауы өткізіліп, Н. Ә. Назарбаев
сайлаушылардың 98,78 пайыздық дауысын жинап,
Қазақстан Республикасының Президенті
болып сайланды. Осы күннен бастап, елбасымыз
Қазақстан республикасының президенті
ретінде жұмысқа кірісті. Мемлекет басшысының
алғашқы маңызды заң актілерінің бірі
– 1991 жылдың 10 желтоқсанда қол қойылған
«Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының
аталуын өзгерту туралы» заң. Бұл заң бойынша
Қазақ КСР-і бұдан былай Қазақстан Республикасы
деп аталатын болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тәуелсіздігі туралы» конституциялық
заңға қол қойылды.
Осындай
оқиғалардан кейін, елбасымыз қазақ туын
биікке көтерді. Н.Ә.Назарбаев алғашқы
күндерден бастап, халқының қамын ойлап,
мемлекетімізді әлемге таныту үшін көп
тер төккені рас. Қазақ халқының өзіне
тән елтаңбасы, туы, әнұраны болсын деп
тілек білдірген Елбасымыз 1992 жылы егемендігімізді,
тәуелсіздігімізді дәлелдейтін Қазақстан
Республикасының ұлттық рәміздерін қабылдайды.
Осы жылдың тағы бір есте қаларлық оқиғасы,
ол мемлекетіміз БҰҰ ұйымына мүше болып
кіргенін айта аламыз. Елбасымыз осы жылы
БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында
сөз сөйлеген болатын.
Қазіргі
кезде мемлекетіміз өркендеп, дамып
келе жатыр. Соңғы кездері елімізде
әлемдік деңгейдегі шаралар өткенін
және әлі де өтетінін мақтанышпен
айтуға болады. Мысалы, республикамыз
2011 жылы ЕҚЫҰ саммитін жоғары деңгейде
өткізіп, Елорда қонақтарын бірталай таңғалдырған
болантынбыз. Және дәл осы жылы елімізде
Қысқы Азияда ойындары өткен болатын.
Алдағы уақытта елімізде EXPO – 2017 көрмесі
өтетін болады. Міне, осындай ауқымды шаралардың
басы-қасында жүрген Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың еңбегі ерен екендігі сөзсіз.
Сондықтан да 2012 жылдан бастап 1 желтоқсан
Қазақстан Тұңғыш Президенті күні мерекесі
кеңінен аталып өтпек. Айта кетерлігі,
таңдау бұл күнге тегіннен-тегін түсіп
отырған жоқ. Есте болса, 1991 жылдың 1 желтоқсан
күні тәуелсіз Қазақ елінде алғашқы президенттік
сайлау өтіп, онда Нұрсұлтан Назарбаев
халықтың зор сенімімен, яғни сайлаушылардың
98,78 пайыз дауысымен жеңіске жеткен еді.
Осындай референдум елімізде төрт рет
өткізілген болатын, және халықтың 90 %
астамы, елбасы Н.Назарбаевты таңдап келеді.
Иә, осылайша, билікке келген кезден-ақ
көрегендік танытқан Елбасының бүгінде
жүргізіп отырған қазақстандық даму жолы
мен моделі әлем қайраткерлері тарапынан
зор қызығушылық туғызып отыр. Оның жетекшілігімен
еліміз ешкімге ұқсамайтын экономикалық
даму жолын бастады. Даму қарқыны жағынан
ХХІ ғасырдағы көшбастаушы мемлекеттердің
қатарына қосылды. Қазақстан әлемде өзінің
саяси орнын айқындап алды. Бейбіт саясат
пен ұлтаралық келісімді қамтамасыз етті.
Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды. Жаһандық
ядролық сынақсыз аймақ құру жөнінде ұсыныс
берді. Әлем халқы Қазақстан басшысының
ұлы бастамасына қолдау көрсетті. Ұлттың
қамын ойлайтын, дамудың келешегін болжайтын
дана саясат ұсынған Нұрсұлтан Назарбаев
жас мемлекетті экономикасы орнықты 51
елдің қатарына қосты.
Осындай Елбасшымызбен біздің
мемлекет әлі де талай биіктерден
көрінері сөзсіз. Н.Ә.Назарбаев бүкіл
Қазақстан жастары үшін ұлы
қайталанбас тұлға. Н.Ә.Назарбаев
ағамызды «Елін сүйген, елі сүйген
– Елбасшы» деп еш күмәнсіз айта аламыз.