Назарбаев Нұрсұлтан Әбіш-ұлы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2013 в 21:00, реферат

Описание работы

Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев - Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген.

Файлы: 1 файл

Назарбаев туралы.doc

— 539.00 Кб (Скачать файл)

Павлодар қаласының  № 2 орта жалпы білім беру мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Елін сүйген

Елі сүйген Елбасы

 

Назарбаев Нұрсұлтан Әбіш-ұлы

 

 

 

 

Орындаған:  6 «Б» сынып  оқушысы

Қәрімқұл Темірлан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Павлодар, 2012 ж

Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев

Өмірбаяны

 

Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев - Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген.

Қызмет жолы

1960 жылы Днепродзержинск техникалық  училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

  • 1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
  • 1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
  • 1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
  • 1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.
  • 1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
  • 1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
  • 1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,
  • 1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
  • 1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.
  • 1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.
  • 1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.
  • 1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
  • 2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

Отбасылық жағдайы

Жұбайы — Сара Алпысқызы — Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.

Президенттің үш қызы бар:

  • Дариға — саясат ғылымдарының докторы, ЖАҚ "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
  • Динара — Н.Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Forbes журналының мәліметі бойынша 2011 ж. наурыз айына қарасты 1.3 миллиард АҚШ долларын құрайтын әл-ауқатымен Қазақстанның ең бай әйелі боп саналады. Тимур Құлыбаевтың жұбайы.
  • Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.

Н. А. Назарбаевтың жеті немересі және екі шөбересі бар.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев отбасы мүшелерімен бірге. 1992 жыл

Басқа лауазымдары мен мансаптары

  • Экономика ғылымдарының докторы (1993)
  • ҚР ҰҒА-ның (1995) және басқа да ғылыми мекемелер мен шетел оқу орындарының академигі
  • Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы
  • Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы
  • Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы
  • Нұр Отан Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы
  • Дүние жүзі қазақтары ассоциациясының төрағасы
  • Орталық Азия мемлекеттері Достық қорының құрметті төрағасы
  • ЕҚЫҰ-нің бас төрағасы
  • Бірнеше жыл Халықаралық Аралды құтқару қорын басқарды

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым  академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі – ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденімен, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың жоғары наградаларымен марапатталған.

Әлемдік сарапшылардың мойындауынша, Қазақстандағы  Назарбаев пен оның пікірлестері жүргізіп келе жатқан өзгерістер ХХ ғ. соңында пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер тарихындағы ең табыстылардың бірі болып есептеледі.[3]

Реформалары

 

Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан  Республикасының (16.12.1991) – дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асты, ол 1995 жылдың тамызында еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған бүкілхалықтық референдуммен аяқталды. Қазақстанда демократиялық институттарды құру Назарбаевтың аса зор еңбегі болып табылады. Сөз бен баспасөз бостандығы, сайлау және сайлану құқығы, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы, дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары нақ соның тұсында ғана конституциялық нормаларға айналды. Назарбаев басшылығымен кеңестік өкімшіл-жоспарлы әкімшілік жүйе бұзылғаннан және бірегей халық шаруашылық кешені күйрегеннен кейін алапат дағдарысқа тап болған қазақстандық экономиканы өзгертуге бағытталған аса ауқымды шаралар әзірленіп, іске асырылды. Экономикалық саясатты және демократиялық өзгерістерді ойдағыдай жүзеге асыруға мемлекеттік құрылымның президенттік республика ретіндегі халық таңдаған үлгісі көп септігін тигізді. Түбегейлі экономикалық ырықтандыру мен саяси реформалар белгіленген өзгертулерді пәрменді жүргізуге асыруға көмектесті.

  • 1992 жылдың басында Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады.
  • Соның нәтижесінде 1997 жылдың басына қарай елде макроэкономикалық тұрақтылық орын алды, инфляция тоқтатылды, өнеркәсіп жанданып, қаржы-бюджет, салық жүйесі құрылды, жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау жүзеге асты.
  • Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады. 2006 жылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы белгіленген.
  • Назарбаевтың экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті. Республикада ауылды дамытуға, кедейлікпен күресуге, тұрғын үй құрылысын дамытуға және т.с.с. бағытталған ірі-ірі әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру басталды. Назарбаев индустриалды-инновациялық даму стратегиясын әзірледі, инвестициялық және инновациялық қорлар құрылды. Дүниежүзілік сарапшыларарасында «қазақстандық үлгі» термині пайда болды. Қысқа мерзім ішінде халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды. Оның көптеген бастамалары кең халықаралық жаңғырық тапты әрі мойындалды. Мәселен, Семей ядролық полигонын жабу, ядролық держава мәртебесінен бас тарту, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі дәйекті қызмет, т.б. Назарбаев ТМД, ОАО, Кеден одағы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Еуразия одағы сияқты халықаралық құрылымдарды дүниеге әкелудің бастамашысы. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында құруды ұсынған Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) іс жүзінде жұмыс істей бастады. Назарбаев мәдениеттердің, діндердің, өркениеттердің жүйелі сұхбаттасуын жолға қоюға көп көңіл бөледі. 2003, 2006 жылдары Астанада әлемдік діндер көшбасшыларының съездері табысты өтті.

Жастық шағы

 

Теміртауға оралғаннан кейін Нұрсұлтан  Назарбаев өмірбаянының «жалынды»  кезеңі басталды. 1960 жылы 3 шілдеде сол кезде Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы және бірден бір домна пеші іске қосылды. Бұл Қазақстан Магниткасы – Қарағанды металлургия зауытының өмірге келген күні болып саналады. Қазақстанның алғашқы шойынын қорытуға тәжірибелі шеберлермен бірге жас металлург Назарбаев та қатысты.  

Ол «Қарметте» басқа да тектес мамандықтарды  игеріп, құю машинасының шойыншысы, домна пешінің горновойы, домна  цехының дипетчері, газшысы болып  жұмыс істеді. Жұмыс өте ауыр еді, кейбіреулер алапат ыстық пен  қиындықта шыдамай, есінен танып, мұрындарынан қан саулап жататын. Көптеген жастар осыған төзе алмай, кетіп қалды. Бірақ Назарбаев олардың қатарынан емес еді. Ол бәріне шыдауға ант берді және шыдай біліп, жұмысты дөңгелентіп әкетті. Онымен бірге қиындықтарға төтеп берген жолдастары Төлеген Юсупов пен Болат Кәрімов те жоғары білікті металлургтерге айналды.

Жиырма жастағы Нұрсұлтан өзінің қомақты жалақысының жартысын жас  балаларының мұқтаждығына жұмсасын деп, әкесіне жолдап отырды.

Алдыңғы қатарлы жұмысшы қазақ, комсомол мүшесі ретінде Назарбаев  БЛКЖО съездері мен жастар фестивальдеріне жиі жіберіліп тұрды. Ол танымал бола бастады, өндіріс үздігі Назарбаевтың суреті орталық баспасөзде де басылды. Жас металлург жұмыстастары арасында үлкен құрмет пен беделге ие болды. Сондықтан ол партияға өткеннен кейін цех парторгы болып сайланды.

Осы жылдарда оның өмірінде тағы бір  маңызды оқиға болды. Нұрсұлтан  Әбішұлы кейіннен былай деп жазды: «Ал сол жылдардың өмір бойы есте қалатын ең бір елеулі оқиғасы  – болашақ келіншегім Сарамен  алғашқы кездесуім. Ал бұл кездесу... бір апаттан кейін домна пешінің жанында болған еді. Әдетте апат болып, металл жерге төгіліп жатқанда түгел ауысым бар қалдықты жинап, теміржол қозғалысын қалпына келтіргенше ешкім ешқайда кетпейді. Бұл бір бұлжымас тәртіп еді. Күні бойы боласың ба, тәулік бойы боласың ба, өзің бүлдіргенді өзің ретке келтіруің тиіс. Осындай қолайсыз бір сәт еді – тәулік бойы дерлік табанымыздан тік тұрған кезіміз, тұла бойымыз қазанның түп күйесіндей қап-қара, тек көзіміз жылтырап, аппақ тісіміз ақсияды. Сол күні қосалқы электр станциясында кезекші болып, біздің пешіміздің түбінде не болып жатқанын көруге келген қызға кез бола кеттім. Көп ұзамай тойымыз болды. Өзім екпінділер мен белсенділер қатарында жүргендіктен коллективіміз оны комсомол-жастар үйлену тойы етіп өткізіп берді».

Бақытты жас отбасы тез жетіліп, өсіп-өніп келе жатты, шаңырақтарында үш қыз – Дариға, Динара және Әлия дүниеге келді.

Жас жұбайлардың өздері де кәсіби тұрғыдан өсе берді. Зауыттың жолдамасы  бойынша Назарбаев өз цехындағы  бірнеше жігітпен бірге Қарағанды политехникалық институтына түсті. Ол онда Теміртауда тұратын талапкерлерден жасақталған ЛП-62-2 (қара және түсті металл құйма өндірісі) тобына бөлінді.

Ол жылдары техникалық жоғары оқу  орындарында оқуды өндірістегі  еңбекпен үйлестірудің сынақ-тәжірибесі өткізілетін. Бұл болашақ мамандықтың практикалық жағын игеруге септігін тигізді, алайда жұмыс істеу және сонымен бір мезгілде институтта оқу өте қиын болды. Осылайша, бұлар бірінші курсты бітіріп шықты, ал келесі екі курс өндірістен ажыраған таза студенттік кезең болды. Нағыз студенттік өмірдің барлық қажетті атрибуттары – сынақтар, сессиялар, зертханалық жұмыстар еді. Бұл Нұрсұлтан Назарбаев үшін тыңғылықты білім алуды одан әрі жалғастырған жылдар болды.

Н.Ә.Назарбаев Қарағанды политехникалық институтында 3 жыл оқып, одан соң Теміртауда Қарағанды металлургия зауыты жанынан қайта құрылған зауыт-втузға ауыстырылды, оны инженер-металлург дипломымен бітіріп шықты.

Оның ізінше зайыбы Сара Алпысқызы  Назарбаева да 1967 жылы «Қармет» жанындағы  зауыт-втузды бітіріп, экономист дипломын алды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың алдынан жаңа мүмкіндіктер ашылды. Оның әрдайым  бірінші болуға деген ұмтылысы, өзгелерді  қызықтыруға және соңына ерте білуге қабілеттілігі байқалып, бағаланды. Ол 1969 жылдан бастап туған қаласындай болып кеткен Теміртауда өзіне ұсынылған партиялық, комсомолдық жұмысқа ауысуға келісім береді.

Басында ол бұл ұсынысқа онша ықылас танытқан жоқ – жалақының едәуір бөлігінен айрылуы мен «жалынды жылдарының» жалғаспай қалатыны қынжылтты. Бірақ қатаң партиялық тәртіп осыған міндеттеді. Оған қоса металлург достары да мұның басшылық жұмысқа барғанын құптады.

Біраз уақыт өткен соң ол бұл  маңызды іске қызу араласып кетті. Қалың  көптің ортасында солардың мүддесі  және арман-тілектерін сезіне отырып тіршілік ету, оларды басқару мен ұйымдастыру Назарбаевтың қанында бар қасиет болып шықты.

Бірге жұмыс істеген жандардың  көбі кейіннен оның адамды және оған қатысты  оқиғаны есте сақтайтын керемет  қабілеті, үнемі бәрін ұғуға, түпкі  мәніне жетуге, сұхбаттасушысын мұқият тыңдауға және түсінуге тырысатыны туралы айтып жүрді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің еске алуынша, онда астамсу сезімі болмаған, басқарушылық лауазымдарға деген айтарлықтай  құлшынысты да сезінбепті. Алайда, жасөспірім кезінен «орташа» күйінде қалуды қаламайтын өзіндік биік намысқойлығы, әрқашан бірінші болуға ұмтылу дағдысы қалыптасқан. Жетекші әрі ұйымдастырушы ретінде ол біртіндеп цех басшысынан министрлерге дейінгі сан алуан адамдармен қарым-қатынас жасау тәжірибесін жинақтады. 

Информация о работе Назарбаев Нұрсұлтан Әбіш-ұлы