Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 18:53, биография
1922 жылы 8 қазанда Семей облысы, Абыралы ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген.Еңбек жолын 1939 жылы совхоз есепшісі болып бастады. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап аяғына дейін Калинин және І-ші Балтық бойы майдандарында шайқасты. 1943 жылы КОКП мүшелігіне өтті. Соғыстан кейінгі жылдары Р.С.Байсеитов Семейдің қаржы органдарында: учаскелік инспектор, аға инспектор, аудандық және қалалық қаржы бөлімдерінің аға бухгалтері, облыстық қаржы басқармасында бөлім бастығы болып істеді. 1951 жылы ол Қазақ КСР Қаржы министрлігінің салық, алым және дайындау басқармасы бастығының орынбасары, содан кейін осы басқарма бастығы, мемлекеттік кірістер басқармасының бастығы болып тағайындалды. 1956 жылы Бүкілодақтық сырттай қаржы институтын бітірді.
Рымбек Смақұлы Байсеитов
1922 жылы 8 қазанда Семей облысы, Абыралы ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген.Еңбек жолын 1939 жылы совхоз есепшісі болып бастады. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап аяғына дейін Калинин және І-ші Балтық бойы майдандарында шайқасты. 1943 жылы КОКП мүшелігіне өтті.
Соғыстан кейінгі жылдары Р.С.Байсеитов Семейдің қаржы органдарында: учаскелік инспектор, аға инспектор, аудандық және қалалық қаржы бөлімдерінің аға бухгалтері, облыстық қаржы басқармасында бөлім бастығы болып істеді. 1951 жылы ол Қазақ КСР Қаржы министрлігінің салық, алым және дайындау басқармасы бастығының орынбасары, содан кейін осы басқарма бастығы, мемлекеттік кірістер басқармасының бастығы болып тағайындалды. 1956 жылы Бүкілодақтық сырттай қаржы институтын бітірді.
1961 жылдан-Қазақ КСР
қаржы министрлігінің бірінші
орынбасары. 1973 жылы республика Министрлер
Кеңесінің баға жөніндегі
Рымбек Смақұлы Байсеитов зор ұйымдастырушылық қабілет, экономика саласындағы терең де жан-жақты білім иесі болатын. Ол қазақ КСР қаржы жүйесінің қалыптасуына, халық шаруашылығының салалары мен мәдениетті, ғылым мен ағарту ісін, республиканың өндіргіш күштерін дамытуды қаржымен қамтамасыз етуге айтулы үлес қосты.
Отан алдындағы еңбегі үшін Р.С.Байсеитов екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, ІІ дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет белгісі» ордендерімен, КСРО медальдарымен наградталған. Ол бірнеше рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан компартиясы съездерінің делегаты болып сайланды, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі болды.
Рымбек Байсеитовтың 3 қызы және 2 ұлы бар. Олар: Роза, Шолпан, Айман, Бахытбек және Мұратбек.Жұбайының есімі-Мағрипа қажы Смағұлқызы.
1922 жылы 8 қазан күні Семей облысы Абралы ауданы Қайнар ауылында дүниеге келген.
1939ж.қыркүйек -1941ж.желтоқсан –Семей облысы Ленин атындағы совхозда есепші.
1941ж.желтоқсан-1945ж.қараша –Ұлы Отан соғысына қатысқан, зеңбірек, взвод командирі, аға сержант.
1946ж.ақпан-1947ж.маусым –Жаңа Семей қаласы қалалық Ұн комбинатында қабылдаушы.
1947ж.шілде -1948ж.қыркүйек
–Семей қаласы Калинин
1948ж.қыркүйек -1951ж.наурыз-Семей облыстық қаржы бөлімінде аға инспектор, салық және алымдар бөлімінің бастығы.
1951ж.наурыз-1952ж.ақпан-
1952ж.желтоқсан-1958ж.мамыр-
1958ж.мамыр-1961ж.қыркүйек- Қазақ КСР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс басқармасының бастығы.
1961ж.қыркүйек-1973ж.ақпан –
1974ж.ақпан-1974ж.тамыз-
1974ж.тамыз-1984ж.желтоқсан-
1943жылдан КОКП мүшесі.
РМҚК «Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі»
Дублер сабақ
Сабақ тақырыбы: Рымбек Байсейтовтың туғанына 91 жыл толуына орай топ сағаты
Дайындаған: Ерболатқызы Гүлайым
Тобы: 2 қысқартылған ПО-2
2013-2014 оқу жылы