Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2013 в 01:47, реферат

Описание работы

Жалпы тарихта ерекше орын қалдырған қоғам қайраткері елдің рухани көзін ашқан Тұрар Рысқұлов туралы сөз айтылса еске бірден осыншама ұзаққа созылған ұлт-азаттық көтерілістер оралады.Тұрар Рысқұлов Қазақстан мен Орта Азия халықтарының 20-30 жылдардағы тарихында ерекше зор роль атқарған саяси қайраткер.Туған халқын азатттық жолындағы күреске бастаған қазақ зиялыларының көш басында тұрған аса ірі саяси жетекшілердің бірі және бірегейі-Тұрар Рысқұлов болатын. «Рысқұловшылдық» деп аталатын құбылыстың негізінде жатқан ерекшелік-кеңес өкіметінің соңынан ілескен қазақ халқының ұлттық күштерінің өз тағдырына өзі шешу бағытындағы күрес болатын.Рысқұлов Тұрар (1894-1938) – қазақ халқының көрнекті перзенті, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері.

Содержание работы

I. Кіріспе
II. Негізгі ой
1)Тұрар Рысқұловтың өмірі жайлы
2)Қайраткердің атқарған қызметтері
3)Еңсесі биік-ел есінде
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Баука Т.Рыскулов реферат.docx

— 44.10 Кб (Скачать файл)

Әйтсе де,Т.Рысқұловтың Сталинге жазған хаты үшеу.Біріншісі-1932 жылдың қыркүйегінде, екіншісі-1933 жылдың қаңтарында жазылған.Үшінші хат 1933 жылдың наурызында .Рысқұловтың қатты шамырқанысы бұл кеуінен гөрі үшінші хатта айқын көзге ұрады.Көз көріп, құлақ естімеген қиянатты баяндайтын хаттың түйінді бір тұсы мынадай: 
«1931 жылдың аяғында басталған қазақтардың бір ауданнан екінші ауданңға көшіп-қонуы және Қазақстаннан шыға қашуы көктемнің ұлғаюына,(Қолданылған шараларға орай) олардың кейбір бөліктерінің 1932 жылдың жазында қайта оралуына байланысты енді қайтадан күшейіп отыр.Аштытық негізінде етек алған өлім мен жұқпалы індеттердің көптеген қазақ ауылдарында және босқындардың арасында кең жайылып бара жатқан , соншама, орталық органдардың шұғыл түрде араласу қажет болып отыр.Қазақ жұртының белгілі бір бөлігін қамтыған Қазақстанның басына түскендей ауыр хал қазір ешбір өлкеде, ешбір республикада жоқ. 
....Бұл мәселе мәні зор болғандықтан Сізден осы хатпен таныстыруыңызды және осы іске араласып аштан қырылып жатқан көптеген адамдардың өмірін сақтап қалуыңызды сұраймын.

1. Қазақтардың көшуінің көлемі және оның жай-жағдайы туралы мәліметтер. 
Жергілікті жерлерден алынған мәліметтердің шамасына қарағанда Қазақстан өлкесінен сырқа көшіп кеткен қазақтардың саны мынандай: орта Волгаға -40000,Қырғызстанға-20000 дам кеткен.Босқындар Қалмықия, Тәжікстан,Солтүстік өлке сықылды қиырда жатқан жерлерге де жеткен.Байлар басқарып біраз жұртты Батыс Қытайға алып кетті.Қазақтардың орталық аудандарға қарай бұлай ығысуы Қазақстанда тұңғыш рет.Бұл ( жаз шыға малын алдына салып алып, жақын маңға көшіріп-қонатын әтеттегі көшу емес, аштыққа қамалған адамдардың нәр татуы жолында бет алды лағып кетуі.Кейбір аудандардағы босқындардың шамасы сондатұратын елдің 40-50 % жетіп отыр...». 
Тұрар хатының осы тұсында Рысқұлов-саясаткер-Сталин және оның айналасын басқыншылықты туындатып отырған өз бақылауларының нәтижесіне бет бұрғызады.Қазақ жұртына қаралы күн туғызған,барысында оның ұлттық ерекшелігі ескерілмеген коллективтендіру саясатын Қазақстанның жағдайында мүлде өзгерту қажет. 
1937-38 жылдары террор барша елді жайлады. Қазақстанда 100 мыңнан астам саяси адам қуғын – сүргінге ұшырап, оның 25 мыңнан астамы атылды. 
1937 жылы қазақ халқының ардақты ұлы Тұрар Рысқұлов та қуғын – сүргін құрбаны болды. Зерттеушілер Н. Жағыпаровпен В. Осиповтардың көрсеткендеріндей, Тұрар 1937 жылдың 21 мамырында Кисловодскіде демалып жатқан жерінен тұтқындалып Мәскеуге аттандырылды.  
Мәскеудегі Лубянка түрмесіне қамалғаны оны НКВ капитаны Глебевпен лейтенант Нейман деген жендеттер бірнеше ай бойы тергеп РКФСР дегі қылмыстық кодексінің 57 бабының 7,8,9,11 тармақтары бойынша қылмысты деп тапты. Халықтың бір туар ұлы болған аса ірі мемлекет және саяси қайраткер білікті зерттеуші, әрі публицист Т.Рысқұлов «Халық жауы» деген айыппен 1938 жылдың 10 ақпанында  атылды.

Т.Рысқұловтың сан-салалы істерінің негізгі бағыттарын РКФСР Экономикалық Кеңесінің төрағасының орынбасары, Халком Кеңесінің жанындағы Мақта жөніндегі тұрақты кеңестің төрағасы (1926-1930 жж.), Түрксіб құрылысына жәрдемдесу комитетінің төрағасы (1927-1930 жж.), РКФСР Халком Кеңесінің Коммуналдық шаруашылығын Бас Басқармасының бастығы (1930-1931 жж.), РКФСР Экспорттық Кеңесінің төрағасы (1930-1934 жж.), РКФСР Халком Кеңесінің жанындағы қоғамдық тамақтануға жәрдемдесу кеңесінің басшысы (1930-1934 жж.), ретіндегі оның жұмыстары  сипаттайды.

Т.Рысқұлов халқын азаттық жолына бастаған қазақ зиялыларының көш басшысы бола жүріп, күрделі кезеңдерде одан шығудың жолын табуға күш салды.Түркістан Республикасында орыс шовинизміне қарсы күресіп, ұлт мәселесін әділ шешу жолында ымырасыз күрес жүргізді. 
Қорытындылай келгенде 1918 жылдардан бастап 1937 жылға дейін Қазақстан, Орта Азия, жалпы КСРО комитетінде аса жауапты қызметкер атқарған Тұрар Рысқұлов аса көрнекті мемлекет қайраткері,халқымыздың арғы-бергі тарихының өзекті мәселелерін зерттеуші.Ол өз ұлты үшін бар күш-жігерін жұмсап күрескен, өзін сол жолда құрбандыққа шалған үлкен тұлға.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Тұрар Рысқұловтың бүкіл өмірі мен қызметі Қазақстанның саяси, қоғамдық және экономикалық өміріндегі терең өзгерістерді жүзеге асырудың күрделі де күрмеулі жағдайында өтті. Түркістан Халкомкеңесінің төрағасы бола жүріп, ол әлеуметтік-экономикалық мәселелерге, ірі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамытуға, жұмыстылықты қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөліп, сол жолда өзі де жатпай-тұрмай еңбек етті, күш-жігерін аямай жұмсады. Тұрғылықты халықтың жаңа экономикалық саясатты іске асыруға  және тауар-ақша қатынастарын дамытуға белсене қатысуын қалап, соған үндеді. Ал бұл үшін экономиканы қатаң реттеуден бас тартып, өндірісшілерге экономикалық еркіндік беру керек деп пайымдады ол. Сондай-ақ оның өндіріс құрал-жабдықтарын шикізат көздеріне жақындату, ауыл шаруашылығын өнеркәсіп орталықтарына тіркеу мақсатында экономикалық аудандастыру шараларын жүргізу туралы ойлары, түптеп келгенде, ұлт мәселесін жаңа экономикалық саясатпен үйлестіре  шешуді көздеген сындарлы ұсыныс еді. Тарихтың аса күрделі әрі жауапты кезеңінде дәл осындай елім деген ерлердің арқасында республиканың экономикалық әлеуетінің негізі қаланып, көмір өнеркәсібі, түсті металлургия сияқты салалар өркен жая бастады. Тұрар Рысқұлов ірі өнеркәсіпті қалыптастырудың маңызын талай мәрте айта жүріп, елді индустрияландыру кезеңінде алып кәсіпорындардың бой көтеруіне байланысты мәселелерді шешуге тікелей араласты. Оның бастамашылығы мен белсенді түрде қолдау көрсетуінің нәтижесінде Қарағанды көмір бассейнін, Қоңырат мұнай кен орнын игеру басталды, Балқаш мыс қорыту комбинатының, Шымкент қорғасын зауытының, Түркістан-Сібір темір жолының – атақты Түрксібтің құрылысы қолға алынды. 1926 жылғы қарашада КСРО Мемлекеттік жоспарлау комитеті Төралқасының мәжілісінде сөйлеген сөзінде Түрксіб құрылысының экономикалық қисындылығы мен тиімділігін, Қазақстанның, Ресейдің, бүкіл Орталық Азияның  экономикасын дамытуға оның қаншалықты маңызы барын жан-жақты негіздеп берген нақ осы Тұрар Рысқұлов болатын.

Тұрар Рысқұловтың арман-тілегінің орындалғанына бүгінде тарих куә, ол бұл бақытты күнді көре алмаса да, оның туатынына сенген еді. 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 http://www.egemen.kz/about/тұрар-рысқұлов   

  1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 7 том

 


Информация о работе Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызметі