1940 -1950 жылдардағы зиялы қауымдарды қудалау
Тәуелсіздік жолындағы күрескерлер
тарихының тамыры тереңде. Қазақ
ұлт-азаттық қозғалысының тарихы Ресей
отаршылдығынан бастау алатыны белгілі.
Оның хронологиялық шегі – үш ғасырды
(ХҮШ-ХХ ғғ.) қамтиды. Бұл кезеңде
патшалық билік те, кеңестік билік
те «ұлы державалық» ұстанымда болды.
Әріге бармай-ақ, ХХ ғасырдың басында
азаттық күрестің жаңа формаларын ұсынған
Алаш қайраткерлерінен бастап жетпіс
жылдық кеңестік жүйеге бірінші болып
соққы берген желтоқсандықтардың күрескерлік
қызметін шартты түрде былайша кезеңдеуге
болады:
1-кезең. Алаштық кезеңдегі
күрескерлер (1917-1937 )
2-кезең. Соғыс қарсаңындағы күрескерлер
(1940-1950 )
3-кезең.Тоқырау жылдарындағы күрескерлер
(1960 -1970)
4-кезең.«Қайта құру» кезеңіндегі күрескерлер
(1985-1990 ).
2 кезең Соғыс қарсаңы
және соғыстан кейінгі күрескерлер (1940
– 1950 жж.).
1940 жылдардың аяғы мен
1950 жылдардың басында сталиндік
қуғын-сүргіннің үшінші толқыны
өзінің жалғасын тапты. 1946 жылдың
тамыз айында «Звезда» және
«Ленинград» журналдарының ұжымы,
драма театрлардың репертуарлары,
«Болшая жизнь» кинофильм туралы
БК(б)П қаулылары осыған жол
ашты. Саяси-идеалогиялық қысым әдебиеттен
бастап музыка, жаратылыстану, қоғамдық
ғылымдарды түгел қамтып, 1953 жылы
«дәрігерлер ісімен» аяқталды. Бұл
науқандар Қазақстанда да жаңғырып,
ескі феодалдық қоғамды дәріптеуге, буржуазияшыл
ұлытшылдарға қарсы күреске әкелді. Осы
бағытта ҚК (б) П орталық комитетінің 1947
жылғы 21 қаңтардағы «Қазақ КСР Ғылым Академиясы
Тіл және әдебиет институты жұмысындағы
өрескел саяси қателіктер туралы» қаулысының
жағымсыз рөлі ерекше болды.
1940-1941 жж. Батыс Қазақстанда
Ғарифолла есімді азамат ұлттық
мәселелерді көтерді. Кеңестік мәдениеттегі
идеологияның кері ықпалы байқалды. Қоғамдық
ғылымдар ерекше күрделі жағдайларда
(сталиндік кезең, партиялық қатаң қадағалау)
дамыды. Қоғамдық ғылымның одан әрі дамуына
интеллигенцияны, жаңаша ойлап, жаңа жолдар
іздейтін зиялы қауым өкілдерін қудалаудың
жаңа кезеңі басталды.
Қазақстан Компартиясы ОК
үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі
Ілияс Омаровты «Е.Бекмахановтың
көзқарастарын жақтағаны» мен «түсініксіз
ұстанымда» болғаны үшін айыптады.
1951 жылы 31 маусымда «бірқатар жат
ұғымдарды баяндайтын Қазақ әдебиеті
оқулықтарының барлық басылымдарын
алып тастауға» бұйрық берілді. Надандық
жеңісі салтанат құрды. 1943 жылы шыққан
«Қазақ КСР тарихы» күрделі еңбектің
авторларының бірі, дарынды тарихшы
Е.Бекмаханов, 1946 жылы КСРО ҒА-да докторлық
диссертациясын қорғап, «ХІХ ғасырдың
20-40 жылдарындағы Қазақстан» атты монографиясы
үшін айыпталып, 25 жылға сотталғаны
белгілі.
Көрнекті қоғамтанушы
ғалымдар – А.Жұбанов, Қ.Жұмағалиев,
Б.Сүлейменов, Е.Ысмайыловтарға саяси
айыптар тағылды. Қазақ КСР Ғылым
академиясының президенті, академик
Қ.Сәтбаев пен заңғар жазушы М.Әуезов
қудаланды. Мәскеуге кетуге мәжбүр болды.
Одан кейінгі жылдары қазақ әдебиетінде
І.Есенберлин, Б.Момышұлының шығармалары
елдің ұлттық сана сезімін оятты.
Кеңес өкіметі мен КОКПОК1954-1956
жылдары шамадан тыс орталықтандыруды
жоюмен одақтас республиқалардың құқыгын
кеңейтуге бағытталған шаралардың
тутас кешенін жургізгенімен, қабылданған
актілер жарияланған егемендікті
іс жузінде жоққа тән етті. Экономика
мен саясат саласындағы ортақ
бағытты белгілеу, мамандарды тағайындау
мен алмастыру т. б. көптеген мәселелерді
шешу аз ғана топтың қолында қалып
қойды. Қоғамның құрылымы бұрынғыша
«жоғарыдан-төмендегілерге» қағидасы
бойынша әрекет етіп, адамдар жоғарыдан
қабылданған шешімдерді ғана орындады.
Көп ұзамай саяси басқаша ойлау
да қатал басыпжаныштала бастады. Қоғамдағы
келеңсіздіктерді ашық көрсеткен адамдар
қуғынға түсті. Алайда басқаша ойлаудың
алдын алуды бұрынғы әдістермен
жүзеге асыру мүмкін емес еді. Сондықтан
саяси айыптаулар неғұрлым «бүркемеленген»
сипатта жүргізілді. Мысалы, Шығыс
Қазақстан облысы бір мектебінің
мұғалімі М.Елікбаев Н.С.Хрущевке ашық
хат жазады. Хатта Қазақстанның тәуелсіздігі
жоқ екенін, қазақ мектептері, қазақ тіліндегі
оқу кұралдары мен баспасөздің тым аз
екені туралы айтылған. Осыдаң кейін М.Елікбаев
МҚК тарапынан құғынға ұшырап, азап тартады.
1957 жылы М.Елікбаев партия қатырынан шығарылып,
жындыханаға тығылды.
50-жылдардың ортасындағы
біршама прогресшіл бастамалардың
ешқайсысының күткен нәтижелерге
жеткізбеген себебі жәнінде заңды
сұрақ туындайды. Негізгі себептердің
бірі-саясатта ғылыми негізделген
болжамның жоқтығы. Н. С. Хрущев
бастаған көптеген басшылардың
саяси мөдениеті өте төменгі
деңгейде болды, бұған биліктің
өзін өсірген жүйемен тығыз
байланысының өсері де тиді. Олқылықтарды
жою мен өмір сүріп отырған
тәртіптерді сақтауға сталиндік
режимнің шектен шыққан құбылыстарын
ғана жойып, кеңес адамдарының
күш-қуатын жақын қалған коммунизм
шептерін бағындыруға жұмсау
женіндегі қиял да ықпал етті.
Бұған Н. С. Хрущевтің социализмнің
толық жеңісіне жетуін жариялап,
«коммунистік коғам құрылысын
кең келемде бастауды» ұсынған
КОКП XXI съезінің (1959) шешімдері дәлел
болады. Теориялық проблемаларға
ерескел, жалған, тұрпайы көзқарас
XXII съезде қабылданған КОКП-нің
Үшінші бағдарламасынан да байқалады.
Болъшевизм басшыларының утопиялық
көзқарастары жөнінде өз уақытында
Мустафа Шоқай, Смагул Сәдуақасов
т. б. айтқан еді. Өкінішке
карай Қазақстан Мәскеу шенеуніктері
қабылдаған шешімдерден шыға
алмады. Басталған саяси реформалар
әкімшілдік жуйенің экономикалық
базасын өзгерте алмады. 50-жылдардың
басында дүние жүзі елдері
бір-бірімен өте тығыз байланыста
болды. Дүниежүзілік қауымдастық
КСРО-мен, яғни оның құрамындағы
Қазақстанмен де интеграциялык
байланысқа түсті. Бүл кезде
кеңес мемлекетінің сыртқы саясат
саласындағы қызметі жаңа серпін
алды. Халықаралық шиеленістін бәсеңдеуі
КСРО-ның хальқтар арасындағы
достық қарым-қатынастарды нығайту
ісінде біраз бастамалар кетеруіне
жағдай жасады. Қазақстанның индустриялық
дамуы, тың және тыңайған жерлерді
игеру республиканың әлеуметгік-таптық
құрылымында терең езгерістер
болуымен қатар жүрді. Республикада
құрамы жағынан күрделі болған
жүмысшылардық, шаруалардық, зиялылардық
үлкен әлеуметтік топтары қалыптасты.
Көтеген ұлт өкілдері жер аударылды.
1941 жылы Кеңес-Герман соғысы кезінде
халықтарды жер аударудан Кеңес
өкіметі, тоталитарлық жүйе ерекше
«тәжірибе» жинақтады. Кеңес Үкіметі
Президиуымының 1941 жылы 28 тамыз қаулысында
Еділ бойында тұрып жатқан
немістерді қоныс аударуға ұйғарды.
Осы қаулыдан кейін Ленинград
аймағынан 96000 мың адам немістер
мен финдерді жер аудару көзделіп,
олардың 15000 адамын Қазақстанға
жіберуге ұйғарылған.
1941 жылдың 6 қыркүйегінен
басталған күштеп көшіруге бес
күннің ішінде Мәскеу қаласынан
және Мәскеу облыстарынан 8617 немісті
және Ростов облыстарынан 21400 немісті
Қазақстанның Қарағанды (8000 адам),
Қызылорда (8000 адам), Оңтүстік Қазақстан
облыстарына (10017 адам) жер аударды.
1941–1945 жылдары КСРО-да 1,4
млн-дай неміс ұлтының азаматтары
тұрған. Кейін соғыс басталғаннан
кейін бұл этнос жан-жаққа күштеп
таратылды және неміс автономиясы
жойылды. 1941–1942 жылдары Қазақстанға
немістердің 1 209 430 адамы қоныс
аударылды.
Н.С.Хрущевтік билік тұсында
Тың өлкесіне кірген қазақ жерлері
үшін кеңестік жүйемен айқасқан Жұмабек
Тәшеновтің ерлігі дербес әңгіме.
30, 40, 50 жылдары (ХХ ғ.) жаппай
саяси қуғын-сүргіннің нәтижесінде
облыстың 3 мыңнан аса адамы түрлі
жазаға ұшырады. Облыстың 58 басшы
қызметкерінен 36 адам ату жазасына
кесілді. Олардың ішінде партия
комитетінің бірінші хатшысы
Ә.Досов, облатком төрағасы В.Случак,
облатком жауапты хатшысы Б.
Ержанов, облыстық газеттердің
редакторлары П. Грехнев пен
Р. Жаманқұлов және т.б. болды.
Қазақстанда 1940 жылдары нық қадам
басқан диссиденттік қозғалыс 1960
жылдары жалғасын тапты.
Жалпы қорытындылай келе,
Қазақ халқына тәуелсіздік жеңіл жолмен
келген жоқ. XX - ғасырда тәуелсіздікке
ие болуға қазаққа екі рет мүмкіндік туды.
Осы екі мүмкіндікті де қазақ қайраткерлері
пайдаланып үлгеруге қажетті әрекеттер
жасады. Алғашқы мүмкіндікті Ә.Бөкейханов
бастаған алаш қайраткерлері билікті
қолдан шығармау үшін Алашорда үкіметін
құрды. Ал екінші мүмкіндік – КСРО-ның
құлағанын пайдаланып, қазіргі тәуелсіз
Қазақстан Республикасын құруымыз. Алғашқы
мүмкіндікті күйретіп жіберген коммунистер
екенін ұмытпайық. М.Фрунзе бастаған қалың
әскерді жіберген большевиктер көсемі
В.Ленин қазақтың осы ғасырдағы алғашқы
тәуелсіз мемлекетінің дербес өмір сүруіне
мүмкіндік бермеді. Орталықтан басқару
жүйесі күшті болды. Кеңестік әкімшіл-әміршіл
жүйеге қарсы тұрған, осы кезеңдегі ел
қамын ойлаған зиялылар талай тар жол,
тайғақ кешулерді, қуғын-сүргін, ауыр азапты
бастарынан өткізді.