Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 07:48, реферат
Абай қазақ тілінің сөздік құрамына өзгеріс енгізді. Өзіне дейінгі ақын-жыраулар тілінде көп қолданылмайтын тұрмыс-салттық лексиканы, қарапайым сөздерді, терминдік мәнге ие болған ескі, жаңа атауларды өлең тіліне қосып, оларды поэзия тілінің құралына айналдырды. Абай шығармашылығы тақырыбының бірі және бастысы - адам, оның моральдық бет-бейнесі, сыртқы портреті, ішкі дүниесі, іс-әрекеті. Және бұл тақырыптарды Абай бұрынғыдай жалпы түрде, есиет-ақыл айту түрінде емес, нақтылы түрде, әр қимыл-әрекетті, әрмінез- қылықты дәл көрсету сипатында жырлайды.