Абай Құнанбаев

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2013 в 17:01, реферат

Описание работы

Құнанбаймен алсықан туысқанмен 17 кісіні Сібір айдатады. Сонымен бір тартыстың бастықтары бұлардан жеңіледі. Бірақ сол жеңудің өзі де атадан ұрпаққа кететін үзілмес жаулықтың себепшісі болады. Әкесі бастаған істі аяқтаймын деген Абай өзінің ұзын өміріне жетерлік пәле, тартыс талоас бәлесін тілеп алады.
Ұлық пен ағайын ішіндегі күш салмақпен жеңіп алған Абайға тартысушы жаауларының өштігі кемімейді. Күшейе береді.Бұның өзі қолданған әдісті қолданып үстінен ұлық атаулыға арыздар беріледі. Неше алуан жала жабылады. Бұл бір ғана жыл емес әрбір жыл болып отырады. Мысалы, 28 жасында келгенде бір қыс ішінде 12 түрлі зор қылмысты іспен тексерілетін болған кезі де бар. Ол істердің түрлері кісі өлтіру, ауыл шабу, қос талау, жер өртеу тағы – тағы сондайлар. Әрине, Абай бұның бәрін өз қолымен істемеуі мүмкін.

Файлы: 1 файл

Абай Құнанбаев.docx

— 26.88 Кб (Скачать файл)

Абай Құнанбаев

Абай 1845 жылы бұрынғы Семей  облысының, Семей уезі, Шыңғыс болысында  туған. Шыққан руы – Тобықты. Ата  – тегі сол тобықты ішінде билік  құрып, ықпалын жүргізіп, үстемдік етіп келген тұқым. Үлкен әкесі Өскембай тобықтының атақты биі болып өткен. Өз әкесі Құнанбай көп заман тобықты  болысына старшын боп кеп, бір  уақыт Қарқаралы округіне аға  сұлтан да болады. 
Ол, уақытта Сібір өлкесіндегі қазақ аймақтарының 1822 жылдың «Сібір қазақтары турасындағы устав» деген законы бойынша биленетін. Бұдан бұрын патша үкіметі бекіткен хандық-хандыққа бөлініп жүретін қазақ өлкесі мына заңнан соң, округ – округке бөлінетін болған. 
Сондай округтердің бірі жоғарыда айтылған Қарқаралы округі. Округті округ округтік приказ билейді. Бұл бес адам. Соның бастығын аға сұлтан деген. Орынбасары кіші сұлтан. Қалғандары мүше. Құнанбайдан бұрын Қарқара округіне аға сұлтан болушылар Бөкей нәсілі төрелер екен. Құнанбай тұсында кезектесіп аға сұлтан болып жүргенде Жамантай, Құсбек дегендер болады. Аға сұлтандардың төреден сайлануы ол кездегі патша өкіметінің саясатына шарт есепті болады. Бұрын хандық құрған қазақ ұлығы төрелер арқылы билей тұру керек. Оларға аналарды әкімшіліктен шұғыл жұлып тастаса ел бүлініп өлке басы ноқтадан шығып кететіндей көрінген. Сол себепті аға сұлтандық  сияқты дәрежемен әуелі осындай топтарды алдандыра тұрмақ болады. Алдандырады да.  
Міне, осындай жайда Құнанбайдың аға сұлтан болуы дағдыдан тысқары іс болған. Ол аға сұлтандықты алғанда Құсбек, Жамантайдың бақталас партиясы арқылы арадан килігіп, бейнетсіз алып кеткен. Бірақ қалайда болса алғаш рет төре еместің аға сұлтан болушысы осы. Бұл оқиғаның өз тұсындағы қазақ ру басшылары «қарадан хан болған, жабыдан тұлпар туған» деп көтеріп Құнанбай басына көп абырой даңқ бітірген. 
Сондаймен округ көлемінде «жүлде алған», «хан баласына қарамай озған» Құнанбай өзінің тобықты руының ішінде теңі жоқ жалғыз әмірші қаліне ие болды. Дәреже, атақпен қатар мол байлық оралды. Оңды – солды көрші рулардан, әлсіз жақтарынан жер молайды, қоныс баптап алады. Жалпы тобықты қонысын бір молайтты, соның ішінде өз атасы өз ауылының қоныс қыстауларын тобықты жерінің тап ортасынан сара тіліп алып, кейінгі ұрпағының байлық сақтауына да ірге қалайды. 
Заманындағы ел билеген әміршілерге үлгі қылып, діндарлықты ұстайды. Қарқаралы қаласынан мешіт салып, Меккеге тәкия салады. Қолындамолдалар, дін басылар ұстайды. 
Осындайдың бәрінен атақ даңқын зорайтып, әміршілік, үстемдік салмағын нығатып алып, тобықты руларын бір шыбықпен айдайды. Әмірші жалғыз өз емес, бұның інісі ағайыны болса бәрі де тобықты көпшілігінің басына қамшы үйіруде, тізе көрсетуден айықпайды. 
Бірнеше үлкен руларды мекен етіп отырға қоныс қыстауларынан аударып екінші жерге әкеп сап, оның орнына тысқа сондай мол руларды тойдырып қондыру сияқты көп – көп аударыс, төңкерістер жасайды. 
Сол сияқты көп мінез, көп қылықтардың салдары тобықты ішінен құнанбайға қарсы күшті ереуіл, үлкен қимыл туғызады. Жаулық ел ішінің көлемінен асып, ұлыққа шығу, араздасу, бас кетіру сияқты қалдерге жетеді. 
Сенер туысқаны әлді болмай жалғыздық көруге айналған құнанбай өз балаларын іске салады. Соның ішінде алдымен көмегіне алып сүйеніш алғаны Абай болады. 
Қысқасы кейін ақын болатын Абай өз әкесінен үлкен күші, үлкен үстемдік билеушілікті мұраға алумен қатар сол әкесінен бері келе жатқан тобықты ішінен үлкен «араздық, жаулық, жұлқысуын да» мұра қылып алады. Абайдың балалық, жастық шағында алдыңғы заманнан жуан атадан қалған сыбаға міндет осылайша болған. 
Абай әкесінің алты баласының ішінде ертеден дәме қалғаны болады. Сол себепті оны әкесі жас күнінде Семейге апарып Ахмет Риза деген иманның медресесіне оқуға береді. Бірнеше жыл сонда мұсылманша оқудан алғаны: араб, парсы ақындарымен шағатай үлгісіндегі түркі әдебиетімен танысқан. Бұның үстіне өз уақытына дін жайында жетіп, молдалығы бар бала болып, қалады. Медреседегі кезде көбірек бой салып оқығаны ақындар болу керек. Бірен – саран сол уақытынан сақталып қалған «әліп би өлеңі», «жүзі раушан» деген сияқты бірен – саран өлеңі араб, қарсы ақындарын оқып танысу ғана емес солар үлгісіндегі жазып байқамақ талабында көрсетеді. 
Зейінді, талапты шәкірт жасының аздығына қарамай өзінше нәрлі оқу деп таңдағанда, дін схолостикасынан гөрі сол ақындарды сүйісіп кеткен сияқты. 
Бірақ оқуы ұзаққа бармаған, 13 жасынан ары сол шала сүрлеу оқудың да есігі жабылады. Ел тартысында жалғыздық сезе бастаған әкесі бұны оқудан алып өзге жұмысқа қосады. Ол жұмысы – ел сөз, ел билеу жұмысы. Әуелі ат үсті «барып келіп», «пәленге пәлен сәлем айтып келмек» жүріп аяғы азғана жылдың ішінде жап – жас Абайдан мықты, жуан би, руласы, ел тартысының атқа мінері қалыптанып шығады. 
Әкесіне көмекші ғана емес, әр уақытында ол істер жүрген іс, биліктің, бәрін өз қолына меңгеріп алады. Құнанбаймен алсықан туысқанмен 17 кісіні Сібір айдатады. Сонымен бір тартыстың бастықтары бұлардан жеңіледі. Бірақ сол жеңудің өзі де атадан ұрпаққа кететін үзілмес жаулықтың себепшісі болады. Әкесі бастаған істі аяқтаймын деген Абай өзінің ұзын өміріне жетерлік пәле, тартыс талоас бәлесін тілеп алады. 
Ұлық пен ағайын ішіндегі күш салмақпен жеңіп алған Абайға тартысушы жаауларының өштігі кемімейді. Күшейе береді.Бұның өзі қолданған әдісті қолданып үстінен ұлық атаулыға арыздар  беріледі. Неше алуан жала жабылады. Бұл бір ғана жыл емес әрбір жыл болып отырады. Мысалы, 28 жасында келгенде бір қыс ішінде 12 түрлі зор қылмысты іспен тексерілетін болған кезі де бар. Ол істердің түрлері кісі өлтіру, ауыл шабу, қос талау, жер өртеу тағы – тағы сондайлар. Әрине, Абай бұның бәрін өз қолымен істемеуі мүмкін. Көбі сол күнгі шағым қойылып, жалақорлық арқылы беруден өтірік арыз, жалған куәлік, бос жала болуға тиіс. 
Бірақ ол күндегі тартыстың тәсілі сол. Ұлық арқылы мұқату керек болса осындай жалалар жауып, соны жалған куәлік – жан күмән, ант иманмен бекіту керек. Абайдың 17 кісі жауларын айдатқанда өзі қолданған әдісі, айласы да осы болатын. 
Жаңағы 28 жасында 12 арызбен тергелуі сол өмір бойында талай рет болған, кезек жабылатын пәле – жаланың бірі ғана болса, бұл жылдары іс, арыздық саны ғана молырақ болған. Бірақ Абай бұндай тартысқа ысылып, қалыптанып алған еді. Бір қыс бойы қалада жатып, қарсы қимыл істеп қайтаратын да, пұлын да шашып жүріп «әні әкетті»,  «міні әкетті десіп» жаулары жүргенде, бұл ап – аман ағарып шығып пәледен бірақ құтылып кетеді.  
Осындай тартыс, даудың қалың ішіне кіріп, белшесінен абып жүрегн уақытта Абай қара күш, айламен қатар, тіл безеуді, шешендік, жүйрікті де үлкен құрал қылған. Ерте уақыттан ақ жауапқа жүйрік, ескі жораға жетік, алғыр би қалпымен қалпына келіп алады. 
Естімеген шешені ақыны, ескі сөзі некен саяқ болады. Уақытындағы не жүйрік, не білгір ділмар болса соның еш қайсысынан кем түспейді, асып түсіп отыратын болады. Бұнысы бұрыннан аыздан – ауызға көшіп, сақталып келе жатқан қазақ ішіндегі сөз қазынасын молынан ұғынып, біліпалуына себеп болдаы. Көп жерде өзі де өлеңдетіп, тақпақтатып, сырлап, сымбатты сөйлейтін болады. Өлең жас күнінен білінген өнері болса да, дәл жаңағы қызу, тарбойына ылайық өнер деп білмейді. Қайта би басын кішірейтетін, абүйір атағын кемітетін нәрсе деп біледі. Ол кезде ақын тіл безеген, соны кәсіп қылған әлсіздің, құнсыздың ісі сияқты бағаланатын. Абай өзі де солай қараған. Сол себепті ерте уақытының өлеңі, әлде қалай суырып салу ретінде айтылып, сол айтылған жерінде қала беретін болған. 
Өлеңді Абай бері келіп орта жасқа іліне беріп қана ауысады. Бұған бірнше себептер бар. Ең әуелі ел тартысына жасы 35 – 40-қа келген шамада бар дегенін істеп, әмір биліктің бәрін өз қолына, өз тұқымына меңгеріп барып алады. Тартыс өмір бойы үзілмейді. Бірақ кейінгі тартысушылар Абайдан үстемдікті жұлып әкетемін деушілер емес, соның қол астынан, үстемдігінен құтылып шығам деушілер болды. Өз басына жеке жуандық жүргізем деушілердің талады. Бірақ Абай сыбағасын тартып алам деушілер емес. 
Сонымен орын дәрежесі, үстемдігі өз тұқымына әбден нық орнаған соң Абай, ел сөзін, ел билігін жалғыз өзі ұстамай өз інілеріне де ұстатады. Сыртқы үлкен таразымен, үлкен дау дамайды өзі алып болыстық билікті де сол інілеріне береді. 
Осындай ретте өзіне билеуші серігі есебінде өсіріп алған адам туған інілеріне Ысқақ, Оспан және немере інісі Шәкәрім болдаы. 
Ел сөзін көбінесе соларға беріп 1880 жылдар шамасына келгенде өзі кітап оқып дінін толтыру сияқты істерге беріле бастайды. Бұрын оқыған аз оқуы бар, соның үстіне көп дау шардың кезінде неше алуан ұлық пен шиновникке кездесіп орыс тілін бірталай біліп қалған болатын. Және неғұрлым орыс адамдарына көп кездессе, соғұрлым орыс тіліндегі өнер, білімді танығысы, білгісі келген құмарлық пен талмай арта береді. Сонымен ел ісін тапсыратын сенімді көмекшілері жетілген соң өзі кітап оқуға беріледі. 
Қалада жатсын, елде жүрсін кітапханамен байланыс жасап – ақ ұдайы іздену тленушімен болады. Сөйтіп кітап қарастырып жүргенде Семей кітапханасында Михаэлиспен таныс болады. Бұл семейде Петробордан айдалып келген 80 – жылдың социалистерінің бірі болатын. Бұлар патша үкіміне қарсы алысқан бұқарашыл – халықшыл қауым еді. Саяси басшы санашылар Чернышевскийлер болатын. Михаэлис өзін Чернышевскийдің шәкіртімін деп санаған. 
Абайдың ақылы, талабы өзге қазақтан ерекше болып бөлініп Михаэлис бұған жақындайды. Өзі ғана емес бірге айдалып келген дос серіктері Гросс, Долгонолов сияқтыларды да таныс етеді. Жазғы уақытта әрқайсысы Абайдың ауылына қонаққа кеп бірер айлап тұрып қайтатын да болады. Сол араластардың үстінде бұл адамдардың барлығы да Абайды неге құмар, не өнері бар екенін түсініп, бұның оқып өсуіне жәрдем ете бастайды. Оқитын кітаптарын таңдап беріп ұдайы жетекшісі болады. Абай өзін осы адамдарға қатты қарыздар сманайтын. «Дүниеге көзімді ашушы Михаэлис» дегенімен қатар олармен араласу, олар берген көп кітапты оқу Абайдың ішкі дүниесін де қатты өзгерткен сияқты. «Күн шығысым күн батыс, күн батысым күн шығыс боп өзгеріп кетті» дептағы өзі айтқан екен. 
Абайдың кейінгі сақталып қалған өлеңдерінің басы 1884 – 1885 жылдардан басталады. Бұл сол өзгергеннен соң кіріскендегі сөздері. Жаңа оқып өрлей бастап бет түзей берген кезінің шығармалары. Содан бастап өле - өлгенше кітаптан қол үзбей ғылым өнерін тереңдете өсіре өзі өсумен қатар қоғам ішіндегі тіршілікке, оның бүгінгі қалпына, тарихи бағытына да бағасы, көзқарастары өзгеріп, сыны молаяды. Ортасын сынай отырып өзін де сынайды. Таптық үстемдігімен дәреже мүліктен бойын алып қашып кетпейді. Бірақ жас күнінде «айлаға, ашуға да жақтым шырақ» дегендей боп қыңыр, теріс бірақ бетпен келген болса, мына дәуірде ол күнгі мінез, іс, талаптың барлығын сынап, сөгіп, жиренішпен еске алады. 
Міне, оқу, өсу арқылы ой тұрлысы осындай боп сыртқы орын дәрежесі, әдеті бұрынғыша боп, бір қос қыртыстық қайшылыққа ұшырайды. Жиырма жыл бойына жазылған әдебиет қызметі Абай ішіндегі сол мол қайшылық, екі ұдайылықты баян етеді. Анығында бұл қайшылық Абайдың өз басының ғана қайшылығы емес. Оның қанының қайшылығы. Бұны шығарған қоғамдық таптың сол күнгі, сол 19 ғасыр аяғында шаруашылық, әлеуметтік, саяси тарихи жолындағы қайшылық, екі ұдайылығының салдары еді. Ол жайын шығармаларын тексергенде толығырақ қарастырамыз. 
Әзірше айтатынымыз Абай әншейінде жас кезінде сол қайшылықты көп сезбей сыртына айқын қылып шығара алмай жүрсе, оқып ашалып алған соң, өнер аркасына түсіп алған соң, өз табының өзге адамдарының барлығынан әде қайда ашық сөйлесетін болады. Сол қайшылықты  ашық айтатын болады. Бұл табының көзі ашық алдыңғы қатар санашылдығы. Сондықтан өз табындағы тарихи өзгерістерді шын мол айлаға түсіріп көрсетеьін болады. 
Жылдан жыл асқан сайын Абай оқи – оқи үдей береді. Оқыған сайын білімге құмарлығы артады. Семей қаласынан 250 шақырым жерде жатқан қыстауынан қалаға әдейі кісі жіберіп кітапханаға оқып бітірген кітаптарын жеткізіп, екінші тың кітаптар алғызып оқитын болған. Көп оқығаны әдебиет. Әсіресе орыстың классик әдебиетін түгел зерттеп тексеріп шыққан. Содан ары жалпы тарих, табиғат ғылыми, философия кітаптарын оқыған. Бұл оқыған кітаптарының ішінде Дарвин, Спенсер, Дреперлер бар. 
Оқуы тегінде жалғыз орысша емес, мұсылман ғұлама шайырларын да тастамаған сияқты. Және оқу, зерттеу жалпы білім ойын тереңдетіп отырғанымен көп жерде бұның санасын, ой жүйесін бұзып, өз қанжығасына бөктеріп әкеп берген. Сол ретте ол 80 – жылдың төңкерілісшілерімен жолдас болып Чернышевский, Добралюбовтарды оқығанмен де төңкерісшілдік пікірлеріне, хатта патша әмірін сынау пікірлеріне де баспаған, бармаған. Табиғат ғылымын оқып, Дарвин затшылдар қисыны сияқты жүйелерге де бермеген. Бұнысы өзінің таптық құрылысымен салт – санасын бермеймін деп әдейі нық ұсамағанын көрсетеді. Сол ретте мұсылман үлгісінде дін иесі болуынан да жазбаған. Оның да себебі әлгі. 
Бірақ, оқу, жазу арқылы өзінің бір бетімен күнде түлеп өсе берген. Ғылым іздеуді жалпы өз басына ғана алмай, басқаларын да оқытқан. Ең көп оқыған офицер болған баласы Әбдірахман 90 – жылдарда құрт ауыруынан өледі. Оның артынан сүйеніші болып жүрген мықты інісі Оспан өледі. 
Осы екі өлім Абайға бас қайғысының ішіндегі үлкен қаза болып тиеді. Екеуінің өліміне арнап шығарған күйініш қаза өлеңі ақынның көңіл лирикасының ішіндегі ең бір күшті сөздері. 
Бас қайғысымен қатар Абай сол жылдары аяз алдында өзінің меншігіндегі дос деген адамдарының қиянатын, алдауын, өтірігін де көреді. Бір сайлауда бұрынғы әдетпен өзінің інісін болыс сайлаймын деп зор сеніммен келгенде, бұрын ешбір сыр бермейтін тынышг жүрген достары бірақ түнде жай беріп жат болып шығып, бұның інісін жардан құлатып, өз кісілерін сайлап кетеді. Абайды алдаған да мазақ ете алдаған сияқтанады, түңіле сөйлеген көп сөзіосындай қолдармен байланысатыны да бар. Оның үстіне бәрі кәліп өлім алдына жақындаған уақытында кәрілікке  тарту салдарымен және бұрынғы қылғандарының көбіне өкіну ретімен және көп биліктен ой білімі қара озып асып кетіп, бұрынғы басқан ізінің көбін енді қанағат етпей мінеумен барып ертеде жаулар, сауырлап қуған ағайынының көбімен татулық іздеп, кешірімге келіспек талабын да істеді. Бұнысы да билеуші таптың, сол таптық мұратын көксеу жағында табиғи бір жол есепті. 
Сондай күйде жүргенде, ежелден тобықты ішінде бұнымен көп сілкісіп келген басшы жауы. Оразбай деген Абайды  бір сайлауда өз кісілеріне сабатып та алады. 
Бұл кез Абайдың өз басы жаңағы айтылған күйлер мен тартысқа шабан тартып салқындап қалған еді. Әкесі үшін кек құрушы іні болатын болады. Ел ішінде тағы көп пәле ылаң басталады. Бірақ оның бәрі енді кейінгі бала шәкірт інілерінің сыбағасына қалады. 
Абай өзі осы сияқты әр алуан соққылармен шөгіп келе жатқанда 1904 жылы көктемде ең жақсы көрген өнерлі ойлы баласы. Мағауия өліп, соның артынан 40 күннен соң өзі де өледі. Мағауияның өлімінен соң ешкіммен сөйлеспейтін боп үндемей отырып алған болса керек. Дерті болса өзінде бір алуан осы сияқты дерт болады. Немесе өмірінен қажыған соң өзін - өзі өлтіру ретінде таңдап алған өлім түрі осы болуы керек. 
1904 жылы 23 июньде өзі де қайтыс болады. Сүйегі өзінің ата қыстауы Жидебай деген жерде қойылған.


Информация о работе Абай Құнанбаев