Абылай хан және қазақ-қытай қарым-қатынасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 21:58, реферат

Описание работы

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихындағы айтулы тұлғаларды оймен шолып шығудың өзі қазіргі ұрпақтың көкірегіне мақтаныш сезімін ұялатады. Ел тарихында аты алтын әріппен жазылған сондай киелі есімдердің бірі ғана емес, бірегей Абылай екенін санасы оянған әрбір қазақ баласы білетіндей болды. Сонау XVIII ғасырда басынан бағы ұшып, мемлекет ретінде, тіпті этнос ретінде жер бетінде сақталып қалу-қалмауы тарих таразасына түскен, ұрпақ үшін, ел үшін, құтты мекен үшін қан төгіп, жан беріскен кезеңде қазақтың бағына суырылып шығып, қол бастаған Абылай сұлтанның зор азаматтық тұлғасы бізге әрқашан қымбат.

Содержание работы

Абылай хан – ұлы мемлекет қайраткері.
Өмірбаяны
Абылай ханның қазақ-қытай қарым-қатынасындағы орны
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Абылай хан.docx

— 48.86 Кб (Скачать файл)

[268] айырбас сауда жасады. Осындай кең көлемде өрістеген сауда-саттық істерінің нәтижесінде қазақтардың экономикалық тұрмысы жақсарды, сондай-ақ қазақ қоғамында саудагерлік кәсіп қалыптасты.

Абылай ханның Цин патшалығымен саяси-экономикалық байланысты дамытуы  қазақ даласын отарлауға қадам басқан Ресей үкіметін қатты алаңдатты. Орынбор және Сібір губерниясына: «Қазақтың барлық беделді адамдарына жағына түсіңдер, оларға мол тарту-таралғы, сыйлық беріңдер. Сондай-ақ шекара маңындағы шарт қойғандарға қора-жай алып беріңдер» [11,29б]-деген нұсқау түсірді. Орта жүз жеріне барған «Ораков пен Гуляевтер әдептілік, сыпайылықпен Абылай сұлтанды Орынборға, тіпті болмаса, Троицкіде келуге шақырады. Абылай сұлтан бірнеше рет келемін деп келмейді» [4,31б]. Абылай хан орыс үкіметінің отарлау ниетін білгендіктен, олардан өзін аулақ ұстауға тырысты, сондықтан олармен де қалыпты дипломатиялық қатынас сақтау саясатын ұстанды.

Қазақ билеушісі Абылай көрші Қытаймен сауданың маңыздылығы түсіне отырып,сөйтіп, Пекинмен коммерциялық өзара байланысты күшейтуге күш салды.Ілелік Цзянь-Йзунмен Сайрамкөл маңындағы бір кездесуінде ол Тарбағатайда (Чугучакта), Іле (Құлжада айырбас базарын құру туралы сауда шартын жасасты[10, 2б]. Бұған дәйекті дәлелдерді Шоқаның еңбегінен таба аламыз: «Между тем сам Абылай имел свидание с Ильским цзян-цзунем около озера Сайрам-Куль и заключил с ним торговый договор, по которому открыты были в Тарбагатае и Или меновые базары»[10, 168 б].

Абылай Ресей мен Қытай  шекарараларындағы қалалардың қазақтарға сауда үшін ашық болуына, жәрмеңкелер ұйымдастыруға көп үлес қосты. Абылай хан дәуірінде қазақтардың Қытаймен сауда-саттықтары айтарлықтай деңгейде болғандығын Чианлұң жылнамасы сарай жазбаларының көптеген архив бумаларынан көруге болады. Солардың бірінде 1757 жылдың желтоқсан айының 15-күні жазылған мәлімдемесінде былай делінген:»Біздің бұрынғы келіскен пікірімізше болса, қазақтармен Үрімжіде айырбас сауда жасауды біз бұрын Абылаймен ақылдасып бекіткенбіз... Келер жылы жәрмеңкеде жылқы саудасы ғана жасалады. Егер қазақтар түйе,сиыр, қой секілді түліктерді айдап әкеліп жатса, оны да алайық. Қонысымызға олар да қажет». Осы сияқты сауда істері 1758 жылдың қаңтар айының 26-күні жазылған Чианлұң жылнамасында да айтылады: «Абылайдың Ну Санға жолдаған хатын да алдық. Онда базаршыларымыздың астық, ат көлікпен қамдасаңыздар әрі ежелгі қонысымызға барсақ деген тілек айтылыпты. Қазақтар өз мүдделері үшін еркімен сауда жасауға келіп отыр. Әділ болайық, саны мен сапасына қарай бұйымдарға баға бекітейік. Сауданың мұнан өзге үрдісі жоқ[10,85б]-делінген құжатта[10,28-29б].

XVIII ғасырда қазақ елінің  Қытаймен сауда-саттықтары ұзақ уақыт орын алғандығын 1780 жылғы тамыз айының 30-күні жазылған құжаттан да көруге болады. Онда: «Биыл қазақтар сатқан мал былтырғыдан бір еседен астам көп болды. Қазіргі қоймамызда 8 мың топтай торғын аз қалыпты. Шұғыл қажет болғанның өзінде жедел 20 мың топ әзірлеуімізге тура келіп тұр-деп ашық айтылған[10,29б].

Қорытындылай айтқанда, Абылай ханның Қытай елімен шарт жасауының  саяси астары, қазақ мемлекетінің дамуын сақтау және нығайтуға бағытталған болды. Абылай хан да, қасындағы кеңесшілер мен батырлары да бұл империяның қазақ даласына қандай мақсатпен көз тігіп отырғандығын ұмытпады. Бұл саяси көшбасшының бойында кездесетін интуиция, көрегенділік қасиеті деп білеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер 

1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1

2. Левшин А. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей.- Алматы: Санат, 1996

 

3. Мұқаметқанұлы Н. Абылайханның атқарған қоғамдық қызметі. // Алаш. 2009, №3.

 

4. Абуев К. Хан Абылай и его время.-Астана: Елорда,2006.-304б.

 

269

 

5. Қасымбаев Ж.. Тәуелсіздік демі немесе тарихтан тағылым // Егемен Қазақстан. 2001, 12 желтоқсан.

 

6. Мұқаметқанұлы Н. Тарихи зерттеулер. - Алматы: Жалын, 1994. -144 б.

7. Басин В.Я. Россия и Казахские ханства в XVI-XVIII вв. Алматы: Наука,

 

1971-274б. 

8. Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері. III том.: Цин патшалығы дәуірінің мұрағат құжаттары. -Алматы: Дайк-Пресс, 2006.-244 б.

 

9. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений. Алматы: Главная редакция Казахской советской энциклопедии, 1985.-416 б.

 

10.Тайшыбай З. Абылай ханның өмірі мен қызметтері жайлы құжаттар мен материалдар. – Петропавл : Астана. 2005.- 477 б.

11. Жәнібеков Ө. Уақыт Керуені. -Алматы: Жазушы, 1992. -192 б.


Информация о работе Абылай хан және қазақ-қытай қарым-қатынасы