Қазақстан
Республикасының Білім және Ғылым
Министрлігі
Л.Н.Гумилев
атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Халықаралық
Қатынастар Факультеті
Аймақтану
кафедрасы
Баяндама
Тақырыбы:
Ауған қақтығысы (1979-1989ж.)
тексерген: Ж.Ә. Карынбаев
орындаған: З.М. Ыбыраева
Астана 2012
Қақтығыстың
басталу себептері
1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында
төңкеріс болып, оның арты аяқталмас
соғысқа айналды. Сәуір төңкерісі
қарсаңында 1977 ж Ауғаныстанда саяси
партиялардың қызметіне тыйым салынды.
Монархиялық тәртіптің террорлық қысымына,
сосын Мұхаммед Даудтың “республикалық”
үкіметінің тыйым салуына қарамастан
Ауғанстан Халықтық Демократиялық Партиясы
(АХДП) жасырын түрде өз күресін жалғастырды.
Бірақ М.Даудтың тәртібіне айтарлықтай
өзгеріс әкеле алмады. 1977 жылы мемлекеттік
аппараттан көптеген адамдар қуылды.
Елде мұндай жағдайдың
өріс алуы халықтың жаппай
наразылығын туындата бастады. 70-ші
жылдардың екінші жартысында
Ауғанстанда шаруалар мен помещиктік-ұсақ
буржуазия арасында қайшылықтар
үдеп, халық жағдайы бірден шиеленіске
тап болды. М.Даудтың аграрлық
реформасы еш нәтиже шығара
алмады.
Елдегі әлеуметтік-таптық
қайшылықтар мен саяси күрестердің
шиеленісуі офицерлердің көп
бөлігін қамтыған армияда да
оппозициялық көңіл-күйді байқатты.
М.Дауд 1973 жылы 17 шілдеде офицер-коммунистерді
(А.Қадырды, А.Ватанджарды және
С.Гулябзойды) шебер пайдалана отырып
“Парчамның” жетекші қайраткерлерінің
көмегімен іс жүзінде қан шашылмаған
төңкеріс жасап, король Захир
Шахты биліктен шеттетті, монархияны
таратып, өзін республиканың президенті
деп жариялады.
Қызметке
кіріскеннен кейін ол АХДП-ның
көшбасшыларымен санасатынына сендіргенмен,
олардың ұсынған жолдарына бой
ұсынбады, және өзінің маңайындағы
кеңесшілерін парчамистерден түгел
тазартты.
1977-1978 жылдары Кабул, Кандагар,
Герат және тағы басқа ірі
қалаларда жаппай манифестациялар
болып өтті және оған адамдар
мыңдап қатысты. Елдегі прогресшіл
күштерге қарсы репрессиялық
шараларды жүзеге асыра бастаған
М.Дауд АХДП басшыларын қудалай
бастады.
АХДП басшылары Н.М.Тараки мен
Б.Кармаль тұтқындалды. 26 сәуір күні
елдегі бүкіл әскери бөлімдерде коммунистерді
басып-жаншудың құрметіне мереке өткізілді.
Осыны пайдаланған халықшылдар тиісті
дайындық жұмыстарын қолға алып, шаралар
өткізуге әзірлік жұмыстарын жүргізді.
27 сәуірде таңертеңгі сағат 6-да
Кабулдағы хайуанаттар паркінің
маңайында Саид Мұхаммед Гулябзойдың
(ішкі әскерлер мен әуе шабуылының
қорғанысына жауапты), Асадулла Пйяманың
(4-танк бригадасына жауапты), Алиш
Паймаанның (зениттік-ракеталық бригадаға
жауапты), Мұхаммед Досттың (32-ші
“командос” полкіне жауапты)
қатысуымен әскери төңкеріске
басшылық жөніндегі үйлестіру
тобының мәжілісі болып өтті.
Осы мәжілісте таңертеңгі сағат
8-ге таман барлығы да өз
әскери бөлімдерінде толық даярлықпен
іске кірісіп, ішкі әскердің, әуе
қорғанысы әскерлерінің және
жаяу әскердің әрекетін үйлестіруге
шешім қабылданды.
27 сәуір күні сағат 9-да Министрлер
кабинеті өздерінің мәжілісін
бастаған еді. Оған М. Дауд
төрағалық етті.
Белгіленген жоспар бойынша сағат
12-де ауғандық Әскери Әуе Күштері
(ӘӘК) эскадрильясы әскери қалашықтар,
оның ішінде президент сарайының
үстінен ұшуды бастады. Бұл әрекет сарайға
шабуылды бастау үшін танкішілерге берілген
белгі еді. Сарай оқ астына алынды.
“Халық” жағындағылар
дереу қару-жарақ және басқару
пункттерін басып алуға кірісті.
Қарсылық көрсетушілер ескертусіз
атылды, қалғандары қамауға алынды.
. Сағат кешкі 17.30-да С.Д.Тарун
тұтқында отырған АХДП басшыларын
қамаудан босатты.
Сағат 17.00 және 17:30 аралығында
көтерілісшілер радиостанцияны басып
алды. Радиодан революцияның жеңгендігі
туралы хабарланды. Радиодан хабар тарасымен
ауған ӘӘК-нің ұшақтары көтерілісшілерге
әлі де қарсылық көрсетіп жатқан М.Дауд
пен оның жақындары және оған адал қызмет
ететін күзет орналасқан президент сарайын
соққының астына алды. “Командос” тобы
М.Даудтың сарайына басып кірді және олардан
қарсылық көрсетуін тоқтатуды талап етті.
Атыс кезінде М.Дауд және оның барлық отбасы
мүшелері оққа ұшты.
28 сәуір күні таң ата
танкішілердің, ұшқыштардың және
“командостың” бірлескен күш
жігерімен президент сарайын
қорғаушы гвардияның қарсылығы
басылып, билік АХДП жағына
көшті.
Қарапайым халық сәуір
төңкерісінің жеңісін қуанып
қарсы алды. Өйткені, ауған халқы
өз өмірлерінде оң өзгеріс
күтіп, ол өзгерістерге осындай
төңкерістің нәтижесінде қол
жеткіземіз деп үміттенді.
Ауғанстанның Қарулы күштері
елдегі жағдайға толық бақылау
орнатты. Жағдайдың тұрақтануы,
ел басқару аппаратын азаматтық жүйемен
алмастыруға мүмкіндік берді. 1978 жылдың
29 сәуірі күні кешкі сағат 9-да Әскери-революциялық
кеңестің қарулы күштері өз билігін АДР-дың
Революциялық кеңесіне өткізді.
Ең жоғарғы мемлекеттік өкімет
органы деп есептелген Революциялық кеңес,
30 сәуір күні елді Ауғанстан Демократиялық
Республикасы деп жариялады.
Сәуірдегі әскери төңкерістен
кейін АХДП басшыларының арасында,
алғашқы жылдарда сақталған бақталастықтар
қайта пайда болды. Бұл жағдай
сонау 1967 жылы көктемде АХДП-ның
екі топқа: Н.М.Тараки және Х.Амин
басшылығындағы “Халық” және Б.Кармаль
басшылығындағы “Парчам” топтарының
жікке айырылуын қайта еске түсірді. Төңкерістен
жеті ай өткеннен кейін, 27 қарашада “парчам”
тобының тоғыз адамы партиядан шығарылып,
халық жауы деп жарияланды.
Күннен-күнге адамдардың
көпшілігі жаңа өкіметке деген
сенімін жоғалтты. Осыдан барып,
ел ішінде бүлікшілер легі
көбейді. Бірдестен кейбір сыртқы
елдер тарапынан Ауғанстанның
ішкі ісіне араласушылық етек
алды.
Осындай ахуалдың аясында
1978 жылдың көктемінен – 1979 жылдың
күзіне дейінгі уақытта ауғандық
басшылар арасында қарама-қайшылықтар
күшейді. Н.М.Тараки мен Х.Амин
арасында билік үшін күрес
басталды.
Кеңес
әскерінің кіргізілуі
Ауғанстандағы
және оның айналасындағы шиеліністі
жағдайлардың өршуіне байланысты ауғандық
жетекшілер тарапынан АДР-ға өз әскерлерімен
көмек беру жөнінде Кеңес Одағына
өтініштер түсе бастады. Мұндай өтініштер
Кабулдағы кеңестік өкілдер: КСРО-ның
Ауғанстандағы төтенше және өкілетті
елшісі А.М Пузанов, Мемлекеттік Қауіпсіздік
Комитетінің өкілі генерал-лейтенант
Л.Н.Горелов арқылы берілді. Ауғандық үкімет
басшылары өз елінің ішіндегі жағдайды
Кеңес Одағын тікелей қатыстыра отырып
шешуге тырысты.
1979 жылдың 15 наурызында Гератта 20
мың адамнан тұратын тұрғындардың
үкіметке қарсы бүлігі бұрқ
ете түсті. Оған командирлерінің
ынтасымен әскери гарнизон бөлімшелері
де белсене қатысты. Мыңға жуық
адам қаза болды.
Жағдай әлі түсініксіз
болса да, КСРО Қорғаныс министрі
Д.Ф.Устиновтың бұйрығымен Ауғанстан
шекарасына жақын аудандарда
кейбір шараларды жүргізу басталды.
Ол КСРО Қарулы Күштерінің
Бас штабына керек болған жағдайда
бір әуе-десант дивизиясын уақытша
әуеден түсіру үшін дайындауға,
Түркістан әскери округінің танкшілер
мен атқыштар полкының әскери
дайындығын күшейтуге және Орта
Азия әскери округінің кейбір
дивизияларын Термез ауданына
қарай жылжытуға бұйрық берді.
Үш күннің ішінде (17-19 наурыз) Л.И.Брежневтің
ұсынысымен Гераттағы бүлікшілердің
әрекетіне қарсы, сонымен бірге
Гераттағы қарулы қақтығыстарды
басып-жаншуға көмек беру үшін кеңес
әскерлерін енгізу өтініші КОКП ОК
Саяси Бюросының мәжілісінде
талқыланды.
Н.М.Таракидің бастауымен ауғандық
жетекшілер бірінші рет кеңестік
әскерлерді жіберу туралы өтініштерін
білдірді. Оны Н.Тараки 1979 жылдың 18 наурызында
А.Н.Косыгинмен телефон арқылы
болған әңгімесінде айтты.
1979 жылғы мамырдың басында Орта
Азия республикаларының түпкілікті
ұлтынан жасақталған арнайы батальон
құру жөнінде шешім қабылданды.
2 мамырда КСРО Қарулы Күштері
Бас Штабы барлау басқармасының
бастығы армия генералы П.И.Ивашутин
осы басқарманың аға офицері
В.В.Колесникті өзіне шақырып,
мұсылман ұлты өкілдерінен құралатын
батальонды жасақтауға және дайындауға
басшылық етуді табыстады
1979 жылы 8 желтоқсанда КОКП
Бас хатшысы Л.И.Брежнев кабинетінде
мәжіліс болып, оған КОКП ОК
Саяси Бюросының шағын тобы: Ю.Андропов,
А.Громыко, М.Суслов және Д.Устинов
қатысты. Олар Ауғанстан төңірегіндегі
қалыптасқан жағдайларды талдай
келіп, екі вариантпен жұмыс
істеуді шешті; Мемлекеттік Қауіпсіздік
Комитетінің (МҚК) арнайы қызметкерлерінің
қатысуымен жаңадан үкімет басына
келген Ауғанстан басшысы Х.Аминнің
көзін жойып, оның орнына Бабрак
Кармальды қою; бұл мақсатты
орындау үшін Ауғанстан территориясына
әскердің кейбір құрамаларын
жіберу мәселесі қаралды.
24 желтоқсан күні
бірінші жазбаша құжат пайда
болды. Оған КСРО Қорғаныс министрі
Д.Ф.Устинов пен Бас штаб бастығы
Н.В.Огарковтың қолы қойылды. Құжатта
қабылданып жатқан шешімнің қысқаша
түсініктемесі берілді. Онда: “Орталық
Шығыстағы әскери-саяси жағдайға
байланысты Ауғанстан үкіметінің
соңғы өтініші дұрыс деп танылды.
Кеңес әскерлерінің кейбір бөлімдерін
енгізу, оларды елдің оңтүстігіне
орналастыру, Ауғанстан Демократиялық
Республикасына, достық ниеттегі
Ауғанстан халқына интернационалдық
көмек көрсету мақсатында, сонымен
қатар, кейбір мемлекеттер тарапынан
антиауғандық акцияларды жоя
отырып, оларға қайырымды жағдай
жасау үшін шешім қабылданды”,
– деп айтылды.
1979 жылғы 25 желтоқсанда
Мәскеу уақыты бойынша сағат
15.00-де КСРО Қорғаныс министрінің
берген бұйрығымен Ауғанстанға кеңес
әскерлерін енгізу басталды. Командирлер:
“Бұл қысқа мерзімдік акция, тапсырманы
орындаймыз да кетеміз”, деді. Ал бірақ
“акция” тоғыз жылдан астам уақытқа созылды.
Соғыс
барысы
1979 жылы 26 желтоқсанында Ауғаныстан
территориясына түсірілген дивизияның
міндеттері анықталып, соғыс операцияларына
дайындалу жұмыстары басталды. Соғыс
қимылдарын жүргізудің негізгі
ошақтары болып, АДР жетекшісі
Х.Амин орналасқан Тәжі-бек сарайы,
Бас штаб орналасқан ғимарат,
Кабулдағы радио және телевидение
үйі, қала ортасында орналасқан
әскер корпусының штабы, Пули
Чахридағы түрме, Баграмда орналасқан
зенитшілерді және авиациялық
гарнизонды басып алу саналды.
Кеңес әскерлерінің ең
алғашқы қимылы Х.Аминнің көзін
жоятын жауынгерлік операциядан
басталды.
Ал Тәжі-бек сарайын алу операциясы
кешкі жеті жарымда «Дауыл-333»
белгісі бойынша басталды. Сарайды басып
алу операциясына МҚК-нің полковнигі Г.И.Бояринов
жетекшілік етті.
Сарайды басып алу соғысы 30-40 минутқа
созылды.
Осы уақыт ішінде МҚК-нің арнайы
тобы Х.Амин орналасқан бөлмеге
де басып кірді. Атыс барысы
кезінде осы топ офицердің
қолынан Х.Амин қаза тапты.
Асыға күткен кеңес әскерлері
Х.Аминнің өзінің көзін жойды.
АДР үкіметі басшысының мәйіті
кілемге оралды. Негізгі тапсырма
орындалды.
«Дауыл-333» жоспары бойынша соғыс қимылдары
сәтті жүргендіктен, келесі бұйрықтар
орындауға көшті.
Пули-Чахридегі түрме парашютті-десантшылар
батальоны және өзі жүретін артилериялық
дивизион күшімен басып алынды. Х.Аминге
берілген екі танкшілер бригадасының
қарсы тұруы тапсырманы орындауды
қиындатып жіберді. Түрмені алуды
бастамас бұрын оларды алдымен қоршауғы
алу керек еді. Десантшылар бұл
тапсырманы да айтарлықтай орындады.
Танк экипаждарын машиналар тұрған
орынға жете алмайтындай етіп, казармада
қоршауға алды. Бұл қоршаудан шығуға
ентіккендерді пулемет оқтары күтіп
тұрды. Шабуыл пушкаларында атқылауынан
кейін басталды. Десантшылар түрме
территориясына база-жара кіріп, жарты
сағат ішінде барлық күзетшілерді қарусыздандырды.
Саяси тұтқындарды табу мен азат
ету МҚК-і офицерлерінің және
олардың ауғандық көмекшілерінің ісі
болды.
Кабулдағы басқа обьектілерді
басып алу шығынсыз және аса
қиындықсыз жүзеге асты. Түнгі
сағат 24-те негізінен операция
жұмысы бітті. Сөйтіп, жарияланбаған
соғыстың алғашқы сөткелері аяқталды.
Ауғаныстандағы партизан
соғысы кең көлемде өріс алды,
сондықтан да моджахедтерді «исламды
тазарту үшін күрес, кәпірлермен
күрес» деген мақсат біріктірді.