Аңырахай шайқасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 12:41, реферат

Описание работы

Аңырақай шайқасы - 1729 жылдың мамыр-маусымы, кейбір деректерде 1730 жылы біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі. Болат ханның бастауымен үш жүз хандары (Жолбарыс, Сәмеке, Әбілқайыр), билер (Төле, Қазыбек, Ақсуат), сұлтандар, батырлар қатысқан Ордабасы жиынында (1726) бүкіл қазақ қолының бірігуі (бас қолбасшылыққа Әбілқайыр хан сайланған) жауға қарсы бірыңғай стратегиялық шабуылға шығуға мүмкіндік туғызады.

Файлы: 1 файл

реферат аңрахай шайқасы.doc

— 151.50 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аңырақай  шайқасы - 1729 жылдың мамыр-маусымы, кейбір деректерде 1730 жылы біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі. Болат ханның бастауымен үш жүз хандары (Жолбарыс, Сәмеке, Әбілқайыр), билер (Төле, Қазыбек, Ақсуат), сұлтандар, батырлар қатысқан Ордабасы жиынында (1726) бүкіл қазақ қолының бірігуі (бас қолбасшылыққа Әбілқайыр хан сайланған) жауға қарсы бірыңғай стратегиялық шабуылға шығуға мүмкіндік туғызады. Саяси және әскери бірлікке қол жеткізген үш жүз жасақтары 1728 жылдан бастап, Балқаш пен Шу бойына қарай жылжып, ұрысқа әзірлене бастады. Бұл кезде қалмақ қонтайшысы Севан Рабдан өліп, оның ұлы Қалдан Серен (Цэрен) билікке келген (1727). 1723 жылдан бастап еліміздің Шығысы мен Жетісуды, Оңтүстігін, Сырдарияның орта ағысына дейінгі өңірді басып алған жоңғарлар енді қазақ жерін тұтастай иелену ниетінде еді. Қазақтардың әрекетін сезген олар да Шу мен Балқаштың оңтүстігінде үлкен шеп құрды. Үш жүз жасақтары шешуші шайқас алдында  Хан тауында, Сұңқар тауында (кейін бұл жер Әбілқайыр тауы аталады) жиналды. Бұл таулардың бауырында “Үлкен Орда қонған” деген жер атаулары күні бүгінге дейін сақталған. Шайқас солтүстік Балқаш, оңтүстік Отар даласы, батысы Шу, шығысы Күртіге дейінгі аралықтағы беделді жерлерде өткендігін бұл өңірде жиі кездесетін қазақ, қалмақ қорымдары дәлелдейді. Бұл қорымдар КСРО Бас штабының 1942 жылғы құпия карталарында көрсетілген. Аңырақай аталатын да – осы өңір. Шамамен көктемде басталып, жаз айларына ұласқан (40-45 күн) майданда біртіндеп басым түсе бастаған қазақтар Ит ішпестің Алакөлі (Балқаштың шығысындағы Алакөл емес) маңында ірі жеңіске жеткен. Балқаштан оңтүстікке қарай 120км жердегі бұл көл қазір Сорқұдық деп аталады. Үш жүз жасақтарының қимылын үйлестіру міндетін бас қолбасшы Әбілқайыр жүзеге асырды. Аңырақай шайқасы алғашқыда позициялық, күштерді барлау соғысы болды. Екі жақ та  өңірдің таулы, жыралы бедерлерін өз мақсаттарына ұтымды пайдаланып, жауын аз шығынмен көп қыруға тырысып бақты. Қалмақ жағының қару-жарағы басым еді. Мылтықпен бірге өздерінде құйылған, Ресейден сатып алынған әр түрлі қашықтыққа атқылайтын зеңбіректері де болды. Қазақтар бұл кезде зеңбірекке қарсы ұрыс тәсілдерін меңгергендігін байқатты. Көптеген қазақ батырлары соғыс өнерін жетік білетіндігін көрсетті. “Ай қорланды”, “Құйрық жеу”, “Ашамай”, т.б. қазақтың байырғы ұрыс-тәсілдерін кеңінен қолданды. Ұлы жүз қолын Жолбарыс хан мен Төле би, бұл қолдың құрамындағы дулат тайпасының әр руының қолын: сиқым Қара батыр (Төле бидің күйеу баласы), жаныс Өтеген, ботбай Сәмен, шымыр Қойгелді, ошақтыларды Саңырық, ыстыны Төлек, шапыраштыны Қазыбек бек, албандарды Хангелді батырлар бастады. Орта жүз қолын қанжығалы Бөгенбай, шақшақ Жәнібек, керей Жәнібек, қыпшақ Тілеулі, қаракерей Қабанбай, абақ керей Жауғашар (Шақантай), кіші жүз қолын тама Есет, шекті Тайлақ, т.б. батырлар басқарып, үлкен ерлік көрсетті. Қазақ садақшыларының жеке жасағын ошақты Саурық батыр басқарды. Кейбір деректерде болашақ ұлы хан шамамен 17-20 жасар Әбілмансұрдың (Абылайдың) жауға “Абылайлап” шапқаны осы шайқас деп көрсетіледі, сіргелі Елшібек батырдың өз тобымен жау зеңбіректерін жарып жібергендігі айтылады.

Сонымен Аңырақай шайқасының тарихтағы алатын орны мен атқарған маңызын 1723-1728 жылдардағы қазақ-жоңғар қатынастарының сипатынан көреміз. 1723 жылы көктемдегі жоңғарлардың тосыннан жасаған соққысы қазақтар үшін аса ауыр болған. ХVІІ ғасырдағы қазақ-жоңғар қатынастары шеңберіндегі жорықтар, негізінен, тонаушылық, олжа түсіру сипатында болса, 1723 жылғы жорық басқыншылық сипатта, яғни қазақ халқының этникалық территориясын жаулап алу сипатында  өрбиді. Аңырақай шайқасының маңыздылығы да осында. Қазақтардан тегеурінді қарсылық кездестірмеген жоңғар әскерлері 1723-1725 жылдары Ұлы жүзді, Орта жүздің бірталай бөлігін жаулап алды. Осы бір 3-4 жыл ішіндегі оқиғалардың өте ауыр болғандығы сондай – халықтың тарихи санасында бұл “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” деген атпен, “Елім-ай” деген әрбір сөзінен мұң мен зар шығып тұрған өлең арқылы есте қалады.

Сөйтіп аталған шайқастан соң қазақ-жоңғар қатынасында жаңа кезең басталады да, ол кезең басқа белгілермен, өзгеше ерекшеліктермен сипатталды. Осылайша, Аңырақай шайқасы – 1723-1729 жылдардағы қазақ-жоңғар қатынасының бір кезеңінде түбегейлі бетбұрыс әкелген және туған жерді жау қолынан азат етуге жол ашқан Ұлы жеңіс болды. Аңырақай шайқасының қазақ тарихындағы алатын орны мен маңызы осында болса керек.

Аңырақайдағы жеңіс – қазақ халқының бірлігінің жеңісі. Ғасырлар бойы тарихи дамумен бірге халықтың қаны мен жанында қалыптасып, сонымен бірге жасаған ұлттық сана-сезім өзінің күйзеліске түсуіне, дағдарысқа ұшырауына, бөлшектенуіне жол бермеді. Көзге көрінбейтін, тек қана сезіну арқылы біле алатын бұл күш – халық бірлігінің сақталуына мүмкіндік туғызады.

Ендеше Аңырақай шайқасы – қазақ тарихында, оның ішінде ХVІІ ғасырдағы қазақ-жоңғар қатынасы тарихында түбегейлі бетбұрыс әкелген, елді азат етуге жол ашқан Ұлы Жеңіс болды. Сонымен бірге бұл оқиға – ұлттық тұтастықты сақтап қалған, ұлттық сана-сезімді бір саты жоғары көтерген, қазақ әскери өнері жетістігінің, қазақ ынтымағының көрінісі болған, қасаң тарихи тұжырымдамаларға негіз қалайтын, қазақ халқына тәрбие құралы болған және бола беретін шайқас деп санаймыз.

 

1 - Аңырақай шайқасы

1724-ші жылдың күзінде  қазақ жасағы Қаратаудан Сауысқандық  асуы 

арқылы асып түсіп, айдаһардай ысқырып Түркістанда қаннан-қаперсіз

жатқан қалмақтың қолын  тасталқан қылып, ойда жоқта соққы жеген

қалмақтың Шуно-Дабо әскері басқарған Жетісуға қарай қашты. Сол кезде 

Бүхара хандығында орыстың  елшілігінде жүрген италъяндық  Флоро 

Беневени өзінің  1725-ші жылдың 15-ші қаңтарында Мәскеуге жазған

хабарында: «Шуно-Лаузан (Сына батырды осылай атайды) қазақтан

Түркістан қаласын, жанындағы 32 қалашығыменмен бірге соғысып алган еді.

Енді Әбілқайыр өзге қазақпен қосылып Түркістанға қайта келіп, соны осы

күнге дейін бағындырып, қолында ұстап отыр», - дейді.

Түркістанды алғанымен Әбілқайыр мен Бөгенбайдың оны ұстап

отыруға күші аз еді. Бүрынғы  заманда гүлдеп, көркейіп түратын  қалалық өңір

жоңғар шапқыншылығы кезінде әбден  жүдеп кетіпті. Сарттардың көпшілігі 

қаланы тастап, күн  көрісті сырттан іздеп жүр. Өндіріс  қүлазыған, сауда-

саттық жоқ. Қазақ болса  бір шеті Жиделі Байсында, бір шеті Сарыарқада, бір 

шеті Хорезм өлкесі, Әмударияның  бойында жүр. Бұл жағдай Әбілқайыр

ханға да, Бөгенбайға да ауыр әсер етті. Екеуі де өз жастық шақтарын осы 

өңірде өткізіп, азамат болып атқа мініп еді.  1725-ші жылдың көктемінде

Қоңтайшы тағы да Түркістанға  қарсы әскер дайындап, жабдықтап  жатыр 

деген хабарды естіп  хан Әмудария бойына, Сырдың төменгі  атырауына 

жинақталған Кіші жүз  еліне, Бөгенбай Сарыарқаға Орта жүз  еліне қарай ат

басын бүрды. Үлы жүздің көпшілігі ол кезде Жиделі Байсында еді.

Қалмақ қаупі қайта  күшейген осы тұста қазақ арасынан біз екі түрлі

қимыл-әрекет көреміз. Оның біріншісі,  1725-ші жылдың шілде-тамыз 

айларында Кіші жүздің Сүгір, Елікбай, Қажыбай сияқты билерінің  атынан

арал түбіндегі Қарақұмда жазылған хатты ақ патшаға алып жеткізуші

Қойбағар, Көбеқүлының  Санкт-Петерборға елшілігі. Бұл хаттың пайда

болуына зертттеушілер  татар саудагері Максюта Юнусовтың  қатысы бар 

дейді. Ол патша үкіметінің саясатындағы белгілі адам болған-мыс, Бүхара

хандығына бірнеше барып, сол жердегі Ресей елшілеріне (Ф.Беневени) хабар 

жеткізген. Қалай болғанда да бұл саудагер оңай адам болмаса керек.

Қойбағар елшілігінің  көтерген екі басты мәселесін  айтып өту керек, ол

біріншіден ақ патшадан Жоңғарияға қарсы жәрдем алу, жәрдем болған

жағдайда «Аюке ханға  үқсап» Ресей қүрамына кіру (яғни, протекторат 

тәртібімен, жартылай бағыныштылық). Екінші мәселе Уфа мен Қазан 

базарларына сауда жолын  ашу, ол үшін ақ патша қазаққа» жолдың

қауіпсіздігіне кепілдік беруі керек.

Қойбағар хатында Әбілқайырдың аты аталғанымен де, оның ар

жағынан қазақ мүддесі  тікелей жоғарыда баяндалған мәселелерге  қатысты 

екенін аңғаруға болады. Қазақтың көшпелі шаруашылығының үйытқы,

мүдделі қалалық, сауда орталықтары  керек. Түркістан мен Ташкент,

Мәуреннахр де бүдан былай қазақтың көшпелі мал шаруашылығына тең 

дәрежелі әріптес бола алмайды, сатып алу, өндіруге қауқарсыз. Дағдарыс

қалалық өңірдегі елді уысынан шағармайды. Сонымен бірге қазаққа саяси

жағынан да тұрлаулы тіршілік керек екені белгілі. Жоңғария туралы мәселенің көтерілуіне осы себеп. Бұл қарапайым елдің көзқарасы.

Қалмақ басшыларының бұл мәселелерге  козқарасы басқа болды, олар қалай 

болған күнде де Мәуреннахрге баратын  сауда жолдарын, қалаларды уысынан 

шығармауға тырысты. Бұл өлкенің жақсы заманы өтіп кеткені шамасы қалмақ хандарының есебінде болған жоқ.

1725-ші жылы Түркістанды  қайта алған Шуно-Дабо (Сына батыр)  бастаған қалмақ әскері енді қазақты қуып Ұлытауды алуды жоспарлады.

Оған қалмақтың Түркістанды  оңай қайтарып алғаны, осы маңайда қалмаққа елеулі қарсылықтың болмағаны да әсер етті. «Сұмырай келсе су құдыр» дегендей оңтүстіктегі шаһарлы олкенің де берекесі кетіп, қалмақтың қалың әскері қырдың қазағын шауып күнделікті азықтың да қамын ойлаған болуы керек. «Ұрыға мал құтаймас», Түркістанның дәулеті мен берекесі тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кетті. Осындай себептерге байланысты бір жыл бойы дайындық жүргізіп 1729-шы жылы Түркістандағы қалмақтың әскері енді терістікке, Арқа жеріне қарай аттанды.

Түркістаннан Арқаға шыгатын жол көп, соның ішінде ертеденбері қолайлысы Созақ  арқылы, Ақ сүмбіден шығатын Керуен жолы. Осы жерден Қаратау асқан  жолаушы Шудың арнасына түседі де, одан Той өткелмен отіп Бетпақ асады. Осы жерде сауда керуендері мен  елшіліктер үш тарап соқпаққа кездеседі, оның бірі Таңбалы тас арқылы жүретін керуен жолы, бірі Уанас арқылы жүретін жолдың торабы (ол жерде Уанас аталатын көне заманның бітеу салынған тас мұнарасы тұр, ең шығысқа қарай бағытталған жол Арқаның шетіндегі Болат тауын нысанаға алады. Қалмақ әскері осы үш жолдың үшеуіне де түскен жоқ, олар тікелей Ұлытауға алып баратын Білеуті мүйір жолын дұрыс көрді. Бетпақты қақ жарып өтетін Сарысу өзені Телікөл- татыға келіп құяды, кей жылдары асып-тасып Сырдарияға да жетіп қалатын уақыты болады. Осы Телікөл-татыны айналып Шуно-Дабо Шұбартеңізге шықты. Бұл шетсіз-шексіз мұхит сияқты жатқан алып су, жан-жағы шөл. Шөл болғанымен де көктем уақытында шүбартеңіздің маңы қызылды- жасылды бәйшешек гүл, ұшқан құс, жүгірген аң. Бір ғана уақыт қүлпырып түрады да жаз ортасы болмай өзінің сүрғылт күйіне түседі.

Түркістан жаққа көз тігіп, елең қағып отырған қазақтың әскери қосындары  жылдам жиналды да, жауды Шұбартеңізден  асырмай Салтық деген жерде қарсы  алды. Егер жауда осы жерден бір  өткізіп алса, одан әрі Бұланты мен Білеуті, оған тиіп тұрған Ұлытау мен Кішітау сияқты Хан ордасы болған жерлер. Ерте заманда қазақтың шекарасын найзамен салып берген Қасымхан тіккен қазақ ордасы. Шуно-Дабо осы жорыққа дайындықтың кезінде біраз қателіктер жібереді. Оның бір себебі жастығы болса, бір себебі Түркістанды тұтқиыл шауып қазақтың тағы бір әскері алып қоя ма деп қолындағы отыз мың әскердің жартысын қалаға тастап кетті. Ол әскер Түркістан мен Ташкент, сайран, сауран қалаларына бөлініп қала гарнизоны қызметін атқарады. Қалған әскерді өзі бастап Ұлытауға суыт тартып кетті де жолда бір қауіп-қатер болады деп есепке алмады.

Жоңғардан қауып күткен қазақтың батырларына елдің Ұлытауды бойында шоғырланып отырғаны ақсы болды. Уақыттың асығыстығына, жердің тарлығына байланысты қазақ әскері екі тудың астына жинақталды. Оның бірін Шақшақ Жәнібек батыр басқарды, олар Ырғыз бен Торғайдың маңына қоныстаған Орта жүз бен кіші жүз жігіттері еді. Үлытау мен кішітау, Арғанаты маңына Орта жүз тайпаларының қолы Бөгенбей маңына жиналды.

Осы екі түмен әскер 1726-шы жылдың мамыр айының басында  Шүбартеңіз жағасында түйісті де бірден соғысқа еніп кетті. Тіпті аттың айыл-тартпасын тартуға жігіттерде мүрсат болмады дейді ескі аңыздар. Осы дүрыс та болды, бейқам келе жатқан қалмақтар алдынан екі айыр

болып, тау суындай  төгіліп, екі түмен әскер шыға келгенде қатарын қүрып үлгерген жоқ.

Салтық даласындағы  соғыс қазақ жауынгерлерін ерекше рухтандырып, өршіл жігіттердің  намыс отын жақты. Аягөз шайқасынан кейін беті қайтыңқырап қалған елдің көңіліне сенім ұялады. Жауды Телікөлден асырып қуып, бірнеше жүз қалмақты тұтқынға алып, олжалы болған қазақ жасағы елдеріне асықты. Бұдан әрі баруға енді дайындық керек. Жау келіп қалды деп Арқада апыл-ғүпыл жиналған әскерге осы жеңіс те аз емес.

Шұбартеңіз соғысы қазаққа ең бастысы өжеттілікті қайтарды. Ертеде

жыраулар айтқан емес пе:

Балпаң-балпаң кім баспас,

Басарға балтыр шыдамас.

Батырмын деп  кім айтпас,

Барарға жүрек шыдамас.

Жалтара шапсаң жау қашпас,

Жауды аяған бет таппас.

Жігіттер, жандардың жаудан аяй көрмеңіз,

Ғазіретіл тура келмей жан  алмас.

 

Шұбартеңізде мерейі үстем қазақ жағы қалмаққа өшіге түсті, өршеленіп тағы ұмтылды. Қалмақ болса қазақты елдігінен айырып, тоздырып жіберудің жалғыз амалы Ұлытауды алу екенін жақсы түсінген еді.

Еуразиялық кең сахара үшін көшпелілердің соңғы екі арыстаны жан аямас айқасқа түсті. Қай жеңгені мәңгілік, елдігін сақтап қалмақ. Ертеде сақтың патшалары қоныс тепкен Ұлытау, ғүндардың көсемдері келіп басына тәуәп еткен Домбауыл дыңы, тоқсан екі баулы қыпшақ жүртының алтын қазығы болған Таңбалы нұра осы қан жоса басына тәуәп еткен Домбауыл дыңы, тоқсан екі баулы қыпшақ жүртының алтын қазығы болған Таңбалы нұра осы қан жоса күрестің куәсі. Кім түркі-монғолдың ортақ көсемі Алаша хан қорымына, көшпелілердің соңғы империясын қолымен қондырған Жошы кесенесіне, Орда базаоға ие болып қалмақ?!

Қазақ пен қалмақтың арасындағы жаугершілік Шұбартеңізбен бітпеді, одан әрі жалғаса береді.т қалмақтың жас нояны Шуно-Дабо жағдайы нашарланған Түркістан және Ташкент өлкесіне сыймады. Оған қалмақ елі түгел мойындайтындай жеңіс керек еді. Сол себепті бір жағы Бұхар хандығына алыстан талап қоса, екінші жағынан қазақтың ту тіккен ордасы - Ұлытауды көздеді. Жоңғардың жас қолбасшыларының жаңында ақылшы кәрі нояндар бар еді, олар Шыңғыс Дешті-Қыпшақты алған оқиғасын ерінбей айтып отыратын. Халха - монғолдың «Құпия» шежіресінен бөлек ойрат- қалмақ арасында Лубсан-Данзан жазған «Алтын шежіре» болды.

Информация о работе Аңырахай шайқасы