Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 22:18, реферат
Қазақ халқының елдігі жолындағы күрес барысында, 17 ғ. 2 ж. бастап қазақ хандары Ресей мемлекетімен байланыс жасауға көңіл бөле түсті. Орыс мемлекетінің қазақ хандығымен сауда және елшілік байланыстары Қазан (1552 ж.) және Астрахань (1556 ж.) хандықтарының Ресейге қосылып, оның Жайық пен Еділ аралығындағы даланы алып жатқан Ноғай Ордасына саяси үстемдігін орнатқаннан кейін ұлғайды. Еділ бойындағы халықтардың орыс мемлекеті құрамына кіруі, оның шекарасын қазақ жерімен жақындатты. Ресей мен Қазақ хандығының арасындағы саяси байланыстардың дамуы Тәуекел хан елшілігінен басталды.
Кіріспе.
Ресей мен Қазақ хандығының арасындағы саяси байланыстар
Негізгі бөлім.
1.Елшілік мақсаты
2.Ресей экспедициясы
3.Ұлы жүздің Ресейден алыстығы
Қорытынды
Патша өкіметінің отарлау саясаты
Қазақ хандарының Ресейге қосылуы
Кіші жүздің Ресей империясынын құрамына енуі.
Suleyman Demirel University
СӨЖ
Тақырыбы: Қазақ хандарының Ресей боданына кіруі
Тексерген: Мұхтархан Оразбай
Kaskelen 2012
Қазақ халқының елдігі жолындағы күрес
барысында, 17 ғ. 2 ж. бастап қазақ хандары
Ресей мемлекетімен байланыс жасауға
көңіл бөле түсті. Орыс мемлекетінің қазақ
хандығымен сауда және елшілік байланыстары
Қазан (1552 ж.) және Астрахань (1556 ж.) хандықтарының
Ресейге қосылып, оның Жайық пен Еділ аралығындағы
даланы алып жатқан Ноғай Ордасына саяси
үстемдігін орнатқаннан кейін ұлғайды.
Еділ бойындағы халықтардың орыс мемлекеті
құрамына кіруі, оның шекарасын қазақ
жерімен жақындатты. Ресей мен Қазақ хандығының
арасындағы саяси байланыстардың дамуы
Тәуекел хан елшілігінен басталды. 1594
жылдың аяғында Ресеймен достық келісім
жасау үшін Мәскеуге қазақ елшісі Құлмұхаммед
жіберілді. Тәуекел орыс патшасымен "достық
пен ынтымақ" жасауға асықты. Өйткені
Бұхара ханы Абдулламен уақытша бітім
жасап, ноғайлармен арадағы қатынас шиеленісіп
тұрған болатын. Елшілік мақсаты Мәскеуде
аманат ретінде ұсталып отырған ханның
жиені Оразмұхамедті босату және Борис
Годуновтан "отты қару" алу болатын.
Орыс патшасы тек уәде берді.
16 ғасырдың соңында Ресей мен қазақ хандығының
арасында елшіліктер алмасу күшейді. Мұның
өзі Батыс Сібірді игеру, Түмен, Тобыл,
Тараз қалаларының өсуі қазақ даласы арқылы
Орта Азиямен сауданың күшеюіне байланысты
еді. 17 ғ. басында Батыс Қазақстанда Орыс
мемлекетімен шекаралас өңірлерде орыс
қоныстары пайда болды.
Ресей мен Қазақ хандығының жақындасуы
жоңғарлар шабуылынан да туындайды. Бұл
кезде Қазақ хандығының Бұхара, Хиуамен
қатынастары да ауыр болды. Еділ өзені
бойындағы қалмақтар, башқұрттар тынным
бермеді. Осындай күрделі мәселелерді
Ресей арқылы шешуге болатын еді.
Қазақ даласы Ресейді Шығыс мемлекетерімен
жалғайтын көпір іспетті еді. Ол арқылы
Еуропа елдерімен, Шығыспен байланыс орнатуға
болатын.
Петр 1 алдымен ол үшін Қазақстан мен Орта
Азияны Ресейге қосу керек деп санады.
Осы мақсатта қазақ жеріне бірнеше экспедиция
жіберілді. Солардың бірі 1718 жылы Семей
қамалының, 1720 жылы И.М.Лихарев экспедициясы
Үлбі өзенінің Ертіске құятын жерінде
Өскемен бекінісінің негізін салды.
18 ғ. бас кезінде қазақ хандары Ресейге
елші жіберді. 1730 жылы 8 қыркүйекте Уфаға
Әбілхайырдың Сейітқұл Қойдағұлов пен
Құлымбет Қоштаев бастапан елшілігі келді.
1731 жылы 19 ақпанда Анна Әбілхайыр ханға
грамота жіберді.Оны қазақтарға жеткізу
үшін 1731 жылдың 30 сәуірінде Кіші жүзге
А.И.Тевкелеу бастапан елшілік келді. Олармен
бірге Петроградқа жіберілген қазақ елшілері
де келді. Сонымен 1731 жылы 10-қазанда болған
қазақ құрылтайында Кіші жүздің Ресейге
бодандығы туралы шешім қабылданды. Осыдан
кейін 1731 жылы 15 желтоқсанда Тевкелеупен
келіссөз жүргізген Орта жүз ханы Сәмеке
Ресейге қосылу туралы ұсыныс білдірді.
Бірақ, бұл шарт тек 1734 жылдан кейін жүзеге
асырыла бастады.
Ресей патшасының Кіші жүзді қол астына
алғанын естіп, Ұлы жүз атынан Қодар би,
Төле би, Бөлек батыр Аннаға хат жазып,
Ұлы Жүзді де өз қол астына қабылдау жөнінде
өтініш жасады. Бұл хатты Питерге хангелді
батыр жеткізді.
1734 жылы10 тамызда Ресей патшасы Ұлы Жүзді
Ресей құрамына қабылдау туралы өтінішке
қол қойды.
1734 жылы 10 маусымда Анна Ивановна Әбілхайырға
Ор өзені сапасынан бекініс салу қажеттігі
жөнінде хат жолдап, қала салынатын жерге
И.К.Кириллов пен И.И.Тевкелевті жіберді.
Қазақ даласындағы өзендердің бойына
бекініс қамалдар салынды. Сол тұста Жайық
бойына 14 қамал салынды. 18 ғ. 50-ж-да Ертіс
өзені жағасына Омбы, Железинск, Семей,
Өскемен, Ямышев сияқты қамалдар салынды.
Ертіс, Тобыл, Есіл, Үй өзендері бойындағы
құнарлы жерлерінен айрылған оңтүстікке
қарай ығысқан Орта жүз қазақтары Бұқара
мен Ташкент маңына қоныстануға мәжбүр
болды.
1740 жылы Орынбор экспедициясы бастығы
генерал-лейтенант князь В.А.Урусов Орынборға
елшілік тапсырмамен келді.19 тамыз бен
1 қыркүйек аралыпында Нұралы, Ералы сұлтандармен,
Жәнібек, Бөкенбай, Есет батырлармен, кейінірек
Орта Жүз ханы Әбілмәмбет және Абылай
сұлтанмен келіссөз жүргізді. Оның барысында
Кіші Жүз бен Орта Жүздің 399 өкілі Ресейге
қарайтындығы жөніндегі шартқа қол қойды.
Алайда осы шарттан кейін де Ресейге Кіші
Жүздің біраз бөлігі, Орта Жүздің азы ғана
қосылды. Ал солтүстік-шығыс және орталық
Қазақстанның негізгі аймақтары Ресей
құрамына тек 19 ғасырдың 20-40 жж., патшаның
әскери-саяси күш көрсету нәтижесінде
қосылды.
Қазақ даласында патша үкіметінің отарлау
саясаты үш бағытта; 1) гарнизондар мен
күшейтілген бекіністі әскери шептер
құрылысын тездетіп салу және тұрақты
казак-орыс (Орынбор, Жайық, Батыс-Сібір,
кейін Жетісу) мекендерін құру жолымен,
2) саяси әкімшілік реформалар жасау, сыртқы
округтер мен приказдарды одан әрі құру,
басқарудың дистанциялық жұмыс түрін
енгізу жолымен, 3) қазақ даласын өзіне
қосу, ал Орта Азия мем-мен сауда- саттықты
кеңейту жолымен жүргізілді.
Осымен қатар Ресей 19 ғ. 40-ж. Хиуа хандығына
шабуыл жасады. Хиуа хандығы бұл кезде
Мервті басып алып, өз билігін Атырау бойындағы
түркімендердің бір бөлігіне, Үстірт пен
Сыр қазақтарына жүргізіп тұрған болатын.
Бірақ, В.А.Перовский басшылық еткен 1839-1840
жж. Хиуаға қарсы жорық сәтсіз аяқталды.
Сонымен бірге бұл кезде Ауған, Иран, Қытайдың
батысына, Бұқарада, хиуада, Қоқанда, Қазақстанның
оңтүстігінде ағылшындар билігі әрекеті
басталды. 1839 жылы ағылшындар ауғанстанға
басып кірді.
хиуа мен Қоқан билігіндегі қазақтар үнемі
көтерілді. 1821 жылы Тентектөре басқарған
көтеріліске Түркістан, Шымкент, Әулиеата
маңы қазақтары шықты. Көтерілісшілер
Сайрам қаласын шабуылмен алды.
19 ғ. басында хиуа мен Қоқан хандары оңт.
Қаз-н мен Қырғызстан ды бағындыруды ойлады.
Ал оңтүстік қазақтары Ресейге қосылуға
ұмтылды. Сөйтіп 1818 жылы Ұлы Жүз Ресеймен
келіссөз жүргізді. 1819 ж. 18 қаңтарда Сүйін
Абылайханов сұлтан өзіне қараған 55462
адаммен Ресейге адал болатыны туралы
ант берді. 1824 жылы 1 Александр Ұлы Жүздің
Жетісуда көшіп қонып жүрген 14 сұлтанын
Ресейге бағыну туралы куәлікке қол қойды.
1830 ж. патша үкіметі Орта жүз облыстарының
халқынан (25400 үй, 80481 ер адам) ант қабылдады.
1845-1847 жж. Ұлы жүз рулары (оңтүстікте көшіп
жүрген, Қоқан хандығына бағынатындарынан
басқалары) Ресейге қарады. Сөйтіп, 19 ғ.
алғ. Жартысында, 1847 жылы Орта Жүз қазақтарының
басым көпшілігі орысқа қарады да, Қаз-ң
Ресеймен бірігу процесі аяқталуға жақындады.
Орта және Ұлы Жүздердің қосылған территорияларында
Ақтау, Алатау, Қапал, Сергиополь, Лепсі,
Верный бекіністері салынды. Бұл бекіністер
Ресейдің Іле өзенінң арғы бетіндегі (Заилиск)
билігін нығайтуға арналған тірек пункттер
болды. 20-40 жж. Қарқаралы, Көкшетау, Аягөз,
Ақмола, Баянауыл, Аманқарағай округтерін
құру аяқталды.Ұлы Жүздің қосылған аудандарын
басқару үшін 1848 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторына
бағынатын үлкен Орданың приставы лауазымы
белгіленді.
Патша үкіметі отарлауды жүргізу үшін
әскери бекіністер сала бастады.Оларды
тұрақтандыру үшін шекаралық белгілермен
бөлді. Біртіндеп бекіністер Орал, Ертіс
өзендері бойына орналасты. Бекініс есебінде
1716 ж. Омбы қаласы, 1718 ж. Семей қаласы, 1720
ж. Өскемен қаласы, 1744 ж. Орынбор қаласы,
1752 ж. Петропавл қаласы салынды. Казак
бекеттері салынды.
Әскери-әкімшілік отарлау 19 ғ. екінші жартысына
дейін жалғасты. 1831 ж. Аягөз өзені жағасында
Аягөз бекінісі салынды. 1847 ж.Қапал бекінісі
іргетасы қаланды. 1854 ж. Алатау баурайында
Верный әскери бекінісі салынды. 1855 ж.
Лепсі, Үржар станицалары салынды. Жетісу
өлкесінде 1847 жылмен 1867 жыл аралыпында
казак-орыстар тұратын 14 станица салынды.
Кіші жүздің Ресей империясының
құрамына енуі.
Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші
жүз ханы Әбілхайыр(1693-1748ж.) Ресей империясының
қолдауы арқылы шешпекші болды. Әбілхайыр
ханнын мақсаттары:
1. Қалмақтар мен башқұрттардың Қазақ жерін
шабуылдауын тоқтату.
2. Петербург билеушілеріне арқа сүйеп,
аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңу.
3. Жайықтың төменгі ағысы, Есіл, Ертіс,
Ор өзендері бойындағы қазақтардың мал
жайылымдары үшін бейбіт өмірді сақтау.
4. Қазақ жері арқылы өтетін керуен жолдарының
қауіпсіздігін қалпына келтіру.
Ханның ен басты мақсаты - жонғарларға
қарсы күресте Ресеймен байланыс орнату.
Әбілхайыр осыған дейін, 1726 жылы Ресей
империясының құрамына кіруге өтініш
білдіріп, елшілерін жіберген болатын.
Бірақ елшілікке күмәнданған патша үкіметі
хан ұсынысын жауапсыз калдырған болатын.
1730 жыл - Кіші жүз билері Әбілхайырға Жонғарияға
қарсы күресу үшін Ресеймен әскери одақ
құруды тапсырды.
Алайда, хан 1730 жылғы қыркүйекте Петербургкке
аттандырылған елшілеріне әскери одақ
күру емес, Ресейдің құрамына кіру туралы
құжат тапсырды.
1731 жылғы 19 ақпан - елшілер Сейітқұл Құндағұлұлы,
Құтлымбет Қоштайұлының Кіші жүзді империя
құрамына қабылдау туралы ұсынысын императрица
Анна Иоанновна кабылдады.
Кіші жүз ақсүйектері мен Әбілхайырдан
ант кабылдау үшін Ресейден сыртқы істер
коллегиясының тілмәші, дипломат А.И.Тевкелев
бастаған елшілік жіберілді. 1731 жылы қазанда
орыс елшілері Ырғыз өзені бойындағы Әбілхайыр
ордасына келгенде, қазақ ақсүйектері
арасында шауыздық бар екені анықталды.
Барақ сұлтан, Бөгенбай батыр топтары
Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі шараларды
аяқсыз салдыруға тырысқанмен, бұл карсылық
сәтсіз аяқталды.
1731 жылғы 10 қазан - Кіші жүздің 27 старшинасы
Ресейдін қол астына кіруге ант берді.
Кіші жүздің Хиуа хандығымен аудандары
Ресей империясына косылмады. Қазақ тарихындағы
осы маңызды процесті тарихшылар әртүрлі
бағалайды:
- М.Макшеев, И.Завалишин т .б. Әбілхайырдың
іс - әрекеттерін тұтасынан ақтайды.
- А.И.Левшин бұл бодандықты Әбілхайырдың
жеке бас мүддесін ойлағаннан туыңдаған
іс - әрекет деп түйіндейді.
Кіші жүз Ресей кұрамына кіргеннен кейін
де жағдай күрделі күйінде қалды: жоңғарлардың
басқыншылық әрекеттері тоқтамады.
Орыс үкіметі Қазақ өлкесі жөнінде отаршылдық
саясат ұстанып, 1714 - 1720 жылдары Ертіс өзенінің
жоғары ағысында бекіністер тұрғызған
болатын: Жәміш, Омбы, Колбасинск, Железинск,
Семей, Коряков(Кереку), Өскемен.
Патша үкіметінін мақсаты - қазақ - жоңғар
соғысын пайдаланып, бекіністер салу арқылы
Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу.
Патша үкіметі Жайық бойына бекіністер
тұрғызып, егін шаруашылығына қолайлы
өңірлерді басып алып, орыс помещиктеріне,
казак - орыс қоныстанушыларына таратып
беру саясатын ашық жүргізе бастады.
Жаңадан қосылған қазақ жерлеріндегі
шептерін нығайту мақсатында Ресей үкіметі
1734 жылы мамырда Сенаттың хатшысы И.К.Кириллов
баскарған экспедиция жабдықтады:
Ор өзені бойында бекініс тұрғызу.
• Орта Азия хандықтарымен керуен саудасын
кеңейту.
• Қазақ өлкесіндегі табиғат байлықтарын
игеру.
• Сырдария бойында қала тұрғызып, Өзен
флотилиясын құру.
Саяси жағдайдың шиленісіп кетуіне байланысты
экспедиция мақсаттары түгел іске аспады.
1735 жылы Ор өзені бойында Ор бекінісінің
негізі қаланды.
Орынбор шекаралық комиссиясының келесі
төрағасы И.И.Неплюев (1742) Орск қалашығын
1743 жылы жаңа жерге көшірді. Бұл қоныс
Орынбор деп аталды.
735-1737 жылдары болған башқұрттардың көтерілістері
кезінде Әбілхайырдың башқұрт билеушілерімен
бірігіп кетуінен сескенген патша үкіметі
екінші рет ант алуды кездеді.
• 1738 жылғы тамыз - Орынбор комиссиясының
басшысы, тарихшы В.Н.Татищев Орынборда
қазақ сұлтандарының сьезін өткізді.
Кіші жүзден 25, Орта жүзден 27 старшина
барлығы (60-қа жуык ) Ресейге берілгендігін
қуаттап екінші рет ант берді.
Әбілмәмбет пен Абылай сүлтанның ант беруі
саяси жағдайдан туған айла болды, яғни
Ресеймен жақындасып, Орта жүзге жасалатын
жоңғар шабуылын әлсірету.
• 1733 - 1734 жылдар - Оңтүстік Қазакстанның
ықпалды билері мен сұлтандары Ресей кұрамына
кіруге тілек білдірді.
• 1734 жылғы 10 маусым - императрица Анна
Иоаннова Ұлы жүзді Ресей құрамына қабылдауға
келісімі жөнінде жарлық шығарды.
Бірақ бүл жоспардың кейінге ығыстырылуы
себептері:
- Ұлы жүздің Ресейден алыстығы.
- Ресейлік бағыт ұстаған Жолбарыс ханның
1740 жылы қайтыс болуы.
в) XVIII ғасырдын алғашқы жартысындағы саяси
жағдай.
18 ғасырдың 30-40 жылдары казақ халкының
саяси дамуындағы күрделі кезен.
• 1740 жыл - Иран әміршісі Нәдіршахтың Хиуаны
талқандап, Сырдария өңіріне жақындауы
казақтардың жағдайын ауырлата түсті.
• 1741 - 1742 жылдар - қонтайшы Галдан Цэрен
Орта жүз бен Кіші жүзге екінші "актабан
шүбырьшды" жорықтарын жасады.
в 1742 жыл - Абылай сұлтан жоңғар тұткынына
түсіп, 1743 жылы қиыншылыкпен босады.
1741-1742 жылдары Орта жүз казақтары Ор бекінісіне
дейін ығыстырылып, калмақтардың билігін
мойындауы және қоңтайшы белгілеп берген
жерлерде ғана көшіп - конуы талап етілді.
1742 жылы 20 мамырда Ресей Сенаты казактарды
және шекаралык. бекіністерді корғау жөнінде
жарлык шығарды. 1742 жылы 2 қыркүйекте Орынбор
комиссиясының бастығы И.Неплюев Галдан
Цэренге хат жолдап, Ресейдің қарамағындағы
казақтарға қысымжасамауды тапап етті.
Жоңғар билеушілері бұл талапқа құлак
аспады. Ресей үкіметі казақтарды қорғау
деген желеумен зеңбірек пен әскери бөлімдерді
Ертіс, Алтай өңіріндегі бекіністерге
орналастырды. Олар экономикалық мүдделерін
бірінші орынға қойып, кенге бай Алтай
өңірін отарлауды тезірек аяқтауға тырысты.
Кіші жүз ханы Әбілхайырдың беделі өсіп,
Орта жүздің Арғын, Керей, Уақ, Қыпшақ рулары
оны аға хан ретінде мойындады. Орта жүз
ханы Әбілмәмбет (1734-177ІЖ.) Түркістанға,
Әбілхайырдың жауы Барақ сүлтан оңтүстік
- шығыс аймаққа ығыстырылды. Осылай, Кіші
жүз ханы ауыр жағдайға карамастан, қазак
жерін өз қолына біріктіруге тырысты.
Ресей үкіметі Әбілхайырдың дара билігінің
күшеюіне қарсы болды. Патша үкіметінің
Нәдіршахтан Хиуа хандығының солтүстігінен
жер беліп беруді сүрағанын білген Әбілхайыр
Ресей күрамынан қайтадан шығуды ойластырды.
Кіші жүз старшындары, хан балалары оның
бүл эрекетін коштамады. 1747 жылы Хиуа тағына
(Нәдіршахтың казасынан кейін) Батыр сұлтанның
баласы Қайыптың отыруы казак. ханының
бұл еңірдегі ықпалын әлсіретті. 1748 жылы
Ор бекінісі маңында Әбілхайыр мен Ресей
дипломаттары кездесіп, екі арадағы салқындықты
жойғандай болды. • 1748 жыл - Үлқияқ және
Торғай өзендері арасындағы қақтығыста,
Әбілхайыр Барак сұлтанның қолынан қаза
тапты. Қазыбек бидің бастамасымен өткізілген
билер соты Барақты ақтағанымен, халық
одан теріс айналып кетті. Саяси қарсыластары
оны у беріп өлтірді.