Қазақ хандығының құрылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 19:52, реферат

Описание работы

Сондай-ақ Сырдың төменгі және орталық сағаларының жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді. Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен тайпалары Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. XVI-XVII ғ. қазақ хандығының шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз кезінде “Жерді біріктіру” процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі – Жәнібек ханның ұлы Қасым. Қасым ханның тұсында (1511-1523) феодал ақсүйектердің қарсылығы әлсіреп, әскери қуаты артты.

Содержание работы

Кіріспе
I.Негізгі бөлім
Қазақ хандығының құрылуы
XV-XVII ғасырлардағы Қазақ хандары
XV -XVII ғасырлардағы Қазақ билері (Жиренше шешен)
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Казак хандыгы.docx

— 27.76 Кб (Скачать файл)

Жоспар

Кіріспе

I.Негізгі бөлім

  1. Қазақ хандығының құрылуы
  2. XV-XVII ғасырлардағы Қазақ хандары
  3. XV -XVII ғасырлардағы Қазақ билері (Жиренше шешен)

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Қазақ хандығының пайда болуы  Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдевІ 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.      Сыр өңірі мен Қаратау - қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне ең жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз құқықтарын орнатуға тырысты. Сондай-ақ Сырдың төменгі және орталық сағаларының жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді.     Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен тайпалары Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. XVI-XVII ғ. қазақ хандығының шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз кезінде “Жерді біріктіру” процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі – Жәнібек ханның ұлы Қасым. Қасым ханның тұсында (1511-1523) феодал ақсүйектердің қарсылығы әлсіреп, әскери қуаты артты. “Тарихи – Рашиди”, “Шайбанинама”, т.б. деректерге қарағанда, қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген.  Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстік – батыста Сырдың оң жағалауына, Аралдан Маңғыстауға дейінгі жерлерді алып жатты. Оған Сыр бойындағы қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстік – шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады.               Қазақ этнонимының туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыстарына айналды. Түсіндіретін түпкілікті пікір алайда қалыптасқан жоқ. Қазақ сөзіне үндес терминдер Қазақстаннан шалғай аймақтардан да кездеседі.

 

 

 

 

 

I.Негізгі бөлім

  1. Қазақ хандығының құрылуы

 Бастапқы кездерде  қазақ хандығының саяси-әкімшілік  және сауда экономикалық орталығы  Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы  болды. Кейіннен Түркістан қаласы  қазақ хандығына өткеннен кейін  қазақ хандығының астанаы Түркістан  қаласы болды. Қазақ хандығы  Түркістандағы Ақ сарайда отырып  билік жүргізген.       Қазақ хандығының негізін қалаушы Жәнібек, Керей, Бұрындық хандар – Ақ Орданың атақты ханы Ырыс ханның мұрагерлері, Алтын Орда мен Ақ Орданың 200 жыл ел билеген дәстүрін дамытушы, әскери-саяси және дипломатиялық күрес тәжірибесіне бай адамдар болды. Ал Қасым хан өте үздік шыққан мемлекет қайраткері болды.    Қазақ хандығы алғашқыда Моғолстан мемлекетімен достық қарым-қатынас орнатып, Әбілхайыр ханның Жетісуға төндірген қаупіне және ойрат- жоңғар тайпаларының Моңғолстанға жасаған шабуылына қарсы күресті. Жошы тұқымынан шыққан хандармен одақтасып Әбілхайыр ханның мұрагері Шаих Хайдарды жеңді.    Қасым хан алғашқы қазақ заңы – «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде жасалды. Бұл заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды.      XVI ғ. – II жартысында әлсіреген хандықты біріктірерде Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) (1538-1580) өз үлесін қосты.  Ол 42 жыл биледі. Хақназар хан – таққа отырған соң хандық үкіметінің билігін нығайтуға қажырлы күш жұмсады. Өзінен бұрынғы Таһир хан мен Бұйдаш хан тұсындағы бытыраңқылықты қайта қалпына келтірді. Хақназар хан қаза болғаннан соң, оның орнына Жәдік сұлтанның баласы Әз Жәнібек немересі Шығай (1580-1582) хан болды. Ол билік құрған кезінде Хақназарды өлтірген Бұхар ханы Абдолла II (1557-98) тұсында Ташкент маңын билеген Норазахмет (Барақ) ханның баласы Баба сұлтаннан өш алумен болды. Сол жорық кезінде қайтыс болды. Шығай ханның орнына отырған Тәуекел хан (1586-1598) тұсында Ресей мемлекеті мен қазақ хандығы арасында дипломатиялық қатынас күшейе түсті. Ресейдің мұндағы мақсаты: Қазақ хандығымен одақтасып, Сібір ханы Көшімге қарсы күресу, осы одақтасты пайдаланып, Орта Азия хандарымен келіссөз жүргізу еді. Тәуекел хан Орта Азияның сауда орталықтарына шығу үшін белсене күресті.       Одан соң хандыққа Есім хан Шығайұлы (1598-1628) билік етті. Ол 1598 жылы Бұқарамен бітім шарттын жасасты, - шарт бойынша өзбектер бұрын тартып алған Сыр бойындағы қалалар мен Ташкент қазақ хандығына бектіп берілді. Ол қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. Есім ханның бұл саясатына қарсы болған сұлтандар Қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты.      Ташкент қаласы қазақ хандығына қараған соң, оны Жәнібек ханның немересі, Жалым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған еді.       Екеуінің арасында билік үшін саяси күрес болды. Есім хан елді жуасытып бағындыру саясатын жүргізді. Сондықтан ол қанға-қан, кек алу, құн төлеу, әмеңгерлікті сақтау, зекет, ұшыр жинау, айып салу, діни патриархалдық екі салтқа арқа тіреу және т.б. уағыздады. Халық Есім хан заңдарын «Есім хан салған ескі жол» деп атады.   1628 жылы Есім хан қайтыс болғаннан кейін орнына Жәңгір хан болған. Ол басы үлкен, кеудесі кең, аласа адам болған екен. Сол себепті халық арасында оны «Салқам Жәңгір» деп атаған. Жәңгір хан тұсында ойрат жоңғарлары арасында үш ірі шайқас – бірін- шісі 1635 ж., екіншісі 1643 ж., үшіншісі 1652 ж. болған. Жәңгір хан 1652 жылы ойрат жоңғарларымен болған шайқаста қаза табады.        Ал Жәңгірдің баласы Тәуке хан (1680-1718) тұсында қазақ хандығының бірлігі күшейе түсті. Ол қазақ тарихында «Әз Тәуке», «адамзаттың данасы» деп аталды. Ол бір орталыққа бағынған қазақ хандығын құруға күш жұмсады.      Феодал шонжарларының өкілдері мен билерден құралған «хандық кеңестің» және «билік кеңесінің» рөлін арттырды. Жыл сайын Ташкент қаласының түбіндегі Күлтөбеде үш жүздің басын қосқан құрылтайын ашып отырды. Тәуке хан беделді билерге арқа сүйеп, феодал ақсүйектерді, сұлтандарды әлсіретуге тырысты. Жүздер мен ұлыстар арасындағы үлкен даулар билер кеңесінде, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер алдында шешілетін болды.

  1. XV-XVII ғасырлардағы Қазақ хандары

Есім хан – 1598-1645 жылдардағы Қазақ хандығының ханы. Есім хан - Шығай ханның баласы, ол бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған. Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім-шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды.  Есім хан Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласында тұрып, билік жүргізді.      Сұлтан кезінде-ақ ағасы Тәуекел ханмен бірге Түркістаннан Самарқанға дейінгі жерді Қазақ хандығы құрамына қосты. 1598 жылы Тәуекел қайтыс болған соң, хан тағына отырды. 1599 жылы Бұхар хандығымен шарт жасасып, Ташкент қаласы мен оның айналасын Қазақ хандығына қосып алды. Осыдан бастап Ташкент екі ғасыр бойы Қазақ хандығы билігінде болды. 17 ғасырдың басында Ташкентті билеуші Тұрсын мен Есім хан арасында билік үшін күрес шиеленісе түсті. Тұрсыннан жеңілген Есім хан Шығыс Түркістан билеушісі Абд әр-Рахымның ордасына кетеді. Кейбір зерттеулерде Есім хан Шығыс Түркістанға Абд әр-Рахым ханның тілегі бойынша барған деп көрсетіледі. Абд әр-Рахым ханның қызы Падшаһ аруға үйленді. Ал, Абд әр-Рахым Есім ханның ағасы (кейбір деректерде інісі) Күшік сұлтанның қызын алды. Бұл кезде Шығыс Түркістан хандығының ішкі саяси жағдайы шиеленісіп, өзара талас-тартыстар күшейген еді. Есім хан Абд әр-Рахым ханмен біріге отырып, Шығыс Түркістандағы көптеген қалаларды қайтадан хан билігіне бағындырды. Сөйтіп, Шығыс Түркістан хандығының Абд әр-Рахым хан төңірегіне топтасуына жәрдемдесті. Осы тұста билікке таласқан өз ағаларынан қуғын көріп, қашып жүрген Әбілғазы Баһадүр хан Есім ханды паналап, оның қолында үш айдай тұрды. Шығыс Түркістан хандығына арқа сүйеген Есім хан 1628 жылы Тұрсынды өлтіріп, Қазақ хандығының билігін қайтадан толық өз қолына алып, бір орталыққа бағынған ірі мемлекет құрды. Есім хан ойрат қалмақтарымен күресте ерлік пен батылдықтың өнегесін көрсетіп, «Еңсегей бойлы ер Есім» атанды. Есім ханның қалмақтар мен Тұрсынға қарсы күресінде Қарасай, Алатау, Жалаңтөс, Жарылқамыс, Сүлеймен, Маянбай, Жиембет батырлар ерлігімен көзге түсті. Жиембеттің «Уа, Еңсегей бойлы Ер Есім» деп басталатын жыры осы кезеңде туған. Қалмақтарға қарсы күресте Есім хан Батыс Қазақстан жеріндегі ноғайлармен арадағы қарым-қатынасты күшейтіп, қазақ-қырғыз ынтымағын орнатуға күш салды. Есім ханға арнап қырғыз жеріндегі Кеңсай шатқалында ескерткіш салынса, Есім хан Ташкентте қырғыз Көкім биге күмбез орнатты. Ол билік еткен тұста Қазақ хандығының әскери қуаты күшейіп, 300-400 мыңға дейін атты әскер шығара алды. Ал бұл кезде көршілес үлкен мемлекеттер Иран 50-60 мың, Ресей 70-80 мың, Қытай 100 мыңдай ғана атты әскер шығаратын еді. Есім хан Жетісу жеріндегі Қазақ хандығының ықпалын күшейту мақсатында Шығыс Түркістанмен саяси байланысын жақсартты. Ел билеудегі жол-жобалар мен әдет-ғұрыптар туралы ережелер жинағы ? «Есім ханның ескі жолы» қазақ елінде 19-20 ғасырлар ортасына дейін сақталып, қызмет етті. Ресей деректерінде Есім ханның тұсында қазақ халқы арасындағы жеті атаға дейін некеге тұрмау тәртібі заңдастырылғаны туралы айтылады. Есім хан қазақ халқының ата салтының сақталуына шешуші мән берді. Қазақ хандығының бірлігін нығайтып, шекарасын кеңейтуге үлкен үлес қосты. Есім хан Түркістанда жерленген, қабірінің басына кесене орнатылған.  Есім хан Ташкент қаласына білдіртпей түнде кіріп, хан сарайының күзетшілерін байлап тастап, тұрсын ханды қаперсіз ұйықтап жатқанда қапылыста өлтіреді, сонда Есім ханның қасындағы Марқасқа жырау оны мынадай жырмен оятады:

 «Ей, Қатаған хан  Тұрсын!

 Кім арамды ант ұрсын.

 Жазықсыз елді жылатып,

 Жер тәңірісің, жатырсың,

 Хан емессің қасқырсың,

 Қара албасты басқырсың!

 Алтын тақта жатсаң  да

 Қазаң жетті қапылсың!

 Еңсегей бойлы ер  Есім,

 Есігіңе келіп тұр,

 Шашқалы тұр қаныңды,

Кешікпей содан қатарсың!

  1. XV -XVII ғасырлардағы Қазақ билері

Жиренше шешен (ХV ғ.) — қазақтың ақыл-парасатымен, тапқырлығымен аты аңызға айналған ділмәр шешені. Аңыз-әңгімелердің дерегі бойынша ол тарихта болған, әз Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген кісі, бірақ тарихи шығармаларда Жәнібек ханның төңірегінде ондай адам болды деген дерек кездеспейді. Халық аңыздары бойынша, Жиренше шешен кедей адам болған. Ол дербес Қазақ хандығын құруда ханға көмектескен, оған пайдалы кеңестер айтып, халық бұқарасының атынан сөйлеген. Оның атынан айтылып, халық жадында сақталған аңыз-әңгімелер мен шешендік сөздер көп. Олардың көпшілігі 15 — 16 ғ-лардан басталатын халық шығармасына немесе әлденеше адамның, бірнеше буынның өңдеп, өзгертуінен өткен. Жиренше шешен туралы аңыздарда оның әйелі Қарашаш та ақылды әрі тапқыр жан ретінде суреттеледі. Басқа түркі тілдес халықтар фольклорында да Жиренше шешен туралы ертегі, аңыз, әңгімелер кездеседі. Мысалы, қарақалпақта Жиренше шешен, қырғыздарда Жээренче чээчэн, түрікменде ақылды да тапқыр, әділ Ийкренче туралы аңыздар бар. Жиренше шешен туралы әңгімелерді, негізінен, үш салаға бөлуге болады. Біріншісінде ол Жәнібек ханның уәзірі, ақылшысы, досы ретінде бейнеленеді, екіншісінде ханның кемшіліктерін бетіне айтып, ақыл-парасатымен өзін оған мойындата білген әділ адам ретінде суреттелсе, үшіншісінде оның өз әйелі Қарашашпен, т. б. қарапайым халық бұқарасы өкілдерімен қарым-қатынасы көрсетілген. Жиренше шешен жөнінде өзге халықтардың шығармаларында да сөз болады. Түркі-Моңғол, Үнді-Еуропа халықтарының біразының фольклорында да ол туралы әңгіме бар. Қазақ фольклорында бар Жиренше шешен жайындағы аңыз әңгімелердің кейбір нұсқалары негізгі кейіпкердің атымен, мысалы, қарақалпақ (Жиренше), қырғыз (Жээренче чээчен), түрікмен (Йикренче) фольклорына ауысқаны байқалады. Жиренше шешен туралы ертегілер, әңгімелер қазақ фольклорында шамамен XV ғасырдан басталады. Онда шешендік сөздің үлгілерімен қатар, тұрмыс-салт ертегілері де бар. Жиренше шешен атымен байланысты әңгімелердің ішінде ең көп тарағаны — оның көркіне ақылы сай, дана қыз Қарашашқа үйленгені. Жалпы зерттеулер Жиренше шешеннің атына қатысты аңыз әңгімелерді үш топқа бөледі. Біріншісі—Жиренше шешенді Жәнібек ханның ақылшысы, әрі досы етіп көрсететін әңгімелер. Мұнда Қазақ хандығын құрысуға белсене қатысқан Жәнібек ханға деген ел ілтипатының әсері айқын аңғарылады. Екіншісі — Жиренше шешенді әлеуметтік теңсіздікке қарсы күресуші етіп көрсететін әңгімелер. Мұнда ол ханды әшкерелеуші, ханның зорлығына өзінің ақыл- парасатын қарсы қоюшы, тапқыр ақыл иесі ретінде бейнеленеді. Үшіншісі — Жиренше шешеннің көпшілік арасындағы күнделікті қақтығыстарда айтатын тапқыр әзіл-қалжың сөздері. Осы шығармалардың арқасында Жиренше есімі ұмыт болмай ғасырдан ғасыр асып, бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр.

Жиренше шешен жайлы аңыз.

Жәнібек хан өзінің нөкерлері және Жиренше бимен жол жүріп келе жатып, өзен жағасында отырған үш адамды көреді. Бірі қартаңдау, екіншісі орта жаста, үшіншісі жас жігіт екен дейді. Жанынан өтіп бара жатқан топқа үшеуі орындарынан тұрып сәлем қылады. Хан олардың бетіне аздап қарап тұрады да, ілгері жүре береді. Былай шыққан соң Жиреншеден:

- Әлгі үшеуі не ойлап  қалды екен? - деп сұрапты. Сонда  Жиренше шешен:

- Е, хан ием, не ойлаушы  еді: шал жиырма бестегі кезін  ойлап жүр. Орта жастағысы жер  ортасы көктөбе, ер ортасы сұр  жебе. Көктөбеге жетіп, алды артына  қарап, бір дем аласың. Сұр жебені  тағы бір тартып, бел аласың! - деп тұр.

Ал, жас жігіт "анаған жетсем, мынаған жетсем, ананы алсам, мынаны алсам" деп, ойнақтаған ботадай дәрменсізденіп тұр депті. Хан атының басын бұрып:

- Қане, соларға қайта барып,  енді өздерінен сұрап көрейік.  Жиреншенің осы айтқаны рас  па екен? - дейді. Келе бере шалдан:

- Әлгіде бізге жолыққанда  не ойлап тұрдың? - десе, шал:

- Жиырма бестегі шағымды  ойлап тұр едім, тақсыр! - депті.  Ортаншысынан сұраса:

- Жер ортасы көктөбеге  жетіп, алды-артыма бір қарадым.  Ер ортасы сұр жебе деп, тағы  бір толғап тартсам, сөйтіп  бел алсам деп едім депті.  Жас жігіт тұрып:

- "Анаған жетсем, мынаған  жетсем" деп, көңілім ойнақтаған  ботадай алабұртып тұр еді, - дейді.  Хан қасында тұрған Жиреншеге қарап

- Сен білгір де данышпан  екенсің, бұдан былай менің  оң жағымда отыратын бас биім  боласың, - деп оған ризашылық  білдіріпті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

XVII ғасырдың басында Қазақ  хандығына ішкі саяси өмір  біршама тұрақтанғаымен, бұрыннан  келе жатқан кейбір қайшылықтар  шешімін таппаған еді. Қазақ  хандығы барған сайын бөлшектене  түсті.Феодалдық талас-тартыстар  кең өріс алды. Көшпелі ақсүйектердің  әр түрлі топтары өзара бақталастыққа  түсті. Оңтүстікте іс жүзінде  екі хан билік етті. Есім хан  Түркістан қаласын өзінің астанасы  етсе, Тұрсын хан өзін тәуелсіз  хан деп жариалап, Ташкент қаласын  астана жасады. Бірте-бірте Қазақ  хандығында хандардың дара билігі  көрініс тапты.   Қазақ хандығының басқару жүйесі.Қазақ хандығында басқарудың ұлттық жүйесі қалыптасты. Басқару жүйесінде бұрыннанг келе жатқан ру-тайпалық тәртіп берік сақталынды. Қазақ хандығының құрылымы жеті сатыдан қаланды:    1)Ауыл-қазақ халқының ең бірінші қоғамдық ұйымы. Ол туыстас, қандас жақын адамдардан немесе бірнеше отбасынан құралды. Әрбір жеке ауылды басқаратын адамды ауылбасы деп атады. Ауылбасы білгір, тәжірбиелі, саяси беделге ие, ауқатты адам болды.        2)Ата аймақ жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан құралады. Ата аймақты басқаратын адамды ақсақал деп атады. Ата аймақтағы ауыл адамдары ақсақалдың ақыл-кеңесін тыңдап, оның шешімін мүлтіксізорындап отырды.   3)Ру негізіненон немесе он бес аймақтан құралатын болған. Руды басқаратын басшыны рубасы деп атады Рубасы көпті көрген, мол тәжірбиелі, өте білікті, білгір адам болды.Рудың тағдыры рубасының тапқырлығы мен қабілетіне тікелей байланысты болды.            4)Арыс бірнеше рудан құралды.Осы бірнеше рудан құралған арысты басқаратын адамды би деп аталды.        5)Ұлыс бірнеше арыстан құралды. Билеушісі сұлтан деп аталды. Олар ханды сайлауға қатысытын, ханмен тікелей қарым-қатынас жасай алушы еді.     6).Жүз бірнеше ұлыстардан құралды. Қазақ жүздері XV-XVI ғасырларда тайпалар одағы негізінде қалыптасты. Олар: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз деп екіге бөлінді.           7)Хандық үш жүзден құралды. Хандықтың ең үлкен әміршісі қаған болды. Хандарды ақсүйек шонжарлардан сайлау қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ежелгі ата дәстүріне айналды.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. К.Акишев.- Алматы: Дәуір, 1994 ж.
  2. Омарбеков Т. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. Көмекші оқу құралы. – Алматы 1994 ж.
  3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 4-том. – Алматы: «Атамұра», 2010 ж.
  4. Қазақ ССР. 4-томдық қысқартылған энциклопедия. –Алматы 1985 ж.
  5. Қазақстан тарихы (энциклопедиялық басылым). -Алматы: Атамұра, 2008

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақ хандығының құрылуы