Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 20:11, лекция

Описание работы

Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылым болып бірден қалыптасқан жоқ. Оның да өзінің тарихи даму жолдары бар. Қазақ халқының тарихында баланы ана тілінде оқыту және оқыту әдісіне көңіл бөлу ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі деңгейге жету жолында басқа да бірқатар ғалымдар бұған елеулі үлес қосты. Қазақ балаларына ана тілін оқытудың жолын, принциптерін, қағидасын, маңызын, жолдарын көрсеткен ұстаз еңбегін қысқаша баяндауды мақұл көрдік.

Файлы: 1 файл

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихы.docx

— 80.41 Кб (Скачать файл)

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің  даму тарихы

 

Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылым  болып бірден қалыптасқан жоқ. Оның да өзінің тарихи даму жолдары бар. Қазақ халқының тарихында баланы ана тілінде оқыту және оқыту әдісіне көңіл бөлу ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі деңгейге жету жолында басқа да бірқатар ғалымдар бұған елеулі үлес қосты. Қазақ балаларына ана тілін оқытудың жолын, принциптерін, қағидасын, маңызын, жолдарын көрсеткен ұстаз еңбегін қысқаша баяндауды мақұл көрдік.

А. Байтұрсынов - – қазақ балаларының  ана тілінде сауат ашуына да көп күш жұмсады. 1902 жылдан бастап ашылған үш жылдық бастауыш мектептерде шәкірттер сауат алдымен орыс тілінде ашатын. Қазақша оқылатын пәндердің тілі қазақша болғанмен, жазуы, яғни ресми түрде қабылданған графикасы жоқ еді. Сондықтанда әр мұғалім өз ыңғайына қарай не орыс, не араб жазуларын пайдаланатын. А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялылары 1905 жылы 26 шілдеде Ресей Империялық Министрлер Советінің Председателі петиция жазады. Ондағы қойған талаптардың бастылары: «қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын. Оқу ана тілінде жүргізілсін» т. б. Осы талаптарды жүзеге асыру үшін А. Байтұрсынов қазақша оқу құралы (1912) тұңғыш әліппе құралын жазды. Мысалы, 1892 жылы Қазанда басылған «Букварь для киргизов» деген құралы жеті рет қайта басылып, 1925 жылға дейін қазақ мектептерінің негізгі оқу құралы ретінде пайдаланылып келген. А. Байтұрсынов 1926 жылы «Әліпбидің» жаңа түрін осы күнгі суреттермен берілген Әліппе кітабын жазды. Ал бұл «Әліпбидің» 1928 жылы Қызылордада шыққан 3-басылымы қазақ тілінде басылған кітаптар көрсеткішінде төмендегіше бағаланды: «Жаңа құрал қазақ тұрмысына үйлесімді суреттері бар. Емлесі жаңа. Қазақстан білім ордасы мектептерде қолдануға ұйғарған... Ахметтің 7 рет басылған бұрынғы «Әліпбиі» («Оқу құралы») қазақ жұртына орасан көп пайда келтірген еді... Бірақ соңғы кездерде жаңа тәртіптер шыға бастағаннан кейін ол «Әліпби» әдіс жөнінен де, мазмұн жағынан да ескірген. Мынау жаңа «Әліпбиі» бұрынғысынан қай ретте болса да аса артық. Бұл «Әліпбидің» мазмұны қазақ жағдайына қарай, мемлекет білім кеңесінің жаңа программасына үйлесімді болып шыққан. Әңгімелері балалар үшін қызық, жеңіл, заманға лайық «Әліпби» көңілдегідей болып шыққан».

1912 жылы мектеп балаларына қазақша  сауаттандыратын «Оқу құралын»  жазғаннан кейін көп ұзамай енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазуға кіріседі. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1-бөлімі «Тіл құралы» деген атпен алғаш рет 1915 жылы жарық көрді. Осы кітаптың морфологияға арналған 2-бөлімі 1914 жылы, ал синтаксиске арналған 3-бөлімі 1916 жылы басылып шығып, 1928 жылға дейін әлденеше рет қайта басылып пайдаланылып келді.

«Тіл құралы» - қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс. Оның қазақ жұртшылығы үшін мүлде тың дүние екендігін оқулықтың кіріспесінде автор арнайы атап өтеді. Ол осы оқулықты қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдерді ұсынады. Күні бүгінге дейін қолданып жүрген «зат есім, сан есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш» деген т.б. сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы А. Байтұрсыновтікі.

Оқулықтың тағы бір құндылығы қазақ тілінің грамматикалық басты салалары -– фонетика -– дыбыс туралы ғылым, морфология –-  сөз құрамын зерттеу, ал синтаксис сөйлем құрылысын зерттеу т. б. деп саралап тұңғыш тыңнан ғылыми жол салуында болып отыр.

Ғалымның тіл үйретудегі сіңірген еңбегі мұнымен шектелмейді. Ол қолданбалы грамматиканы да жазған болатын. Бұл жұмысын «Тіл жұмсар» деген атпен екі бөлімді кітап етіп, 1928 жылы Қызылордада шығарған еді.

А. Байтұрсынов қазақ тілін оқыту  әдістмесінің іргетасын қалаушы. Ол  - Қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды. Бұл салада бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 жылы Қазанда «Баяншы» деген атпен методикалық кітапша шығарды. Мұнда автор мұғалімдерге «Әліппені» пайдаланудың, сауат ашу әдістерінің жол-жобасын көрсетіп берді.

Сөйтіп ғұлама ғалым өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойып, бұларды біртіндеп шешуге кірісті. Ол алдымен қазақша сауат аштыруды көздеп «Оқу құралды» жазды, онан соң қазақ тілінің ғылыми грамматикасы «Тіл құралын» ұсынды, тілді дұрыс жұмсай білу тәртібін көздеп «Тіл жұмсарын», төртінші -– сауат аштыру, тілді оқытудың әдістемесін жасауды алып, «Баяншыны» жазды.   

А. Байтұрсынов - қазақ тілінен оқулық, бағдарлама жазып, қазақ тілін оқыту  әдістемесінің дамуына зор үлес қосқан белгілі ғалым болды. А. Байтұрсынов - қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы.

 Жазудың  шығу  тарихы  және  даму кезеңдері .

Қазірде  біз  жазба  тілді  ауызша  тілдегі  сөздердің  жазбаша  түрінде  әріптердің  тіркесімен  белгіленуі  деп  түсінеміз . Жазудың  тарихына  көз  жіберсек ,  әріппен  таңбалаудың  кейінірек  пайда  болғанын  көреміз . Жазу өте  ерте  заманда  жасалып , мыңдаған  жылдар  бойы өзгеріп , дамып  келді . Жазуды  мыңдаған  жыл бойы  дамып жетілуімен  бірге , оның  принциптері де  өзгеріп отырды . Жазудың жүйесі  таңбалардың жиынтығынан құралады . Ол  таңбалар  бүтіндей  сөзді не  ызыңды , немесе  дыбысты белгілейді . Әрбір жазбаша таңбалық  графикалық  формасы , белгілі бір мағынасы  болады . Жазу  жүйесіндегі таңбалардың не  бүтіндей  хабарлы , не  жеке  сөзді , не  буынды , не  дыбыстық  белгілеуіне қарай бөлінеді. Жазу – адамның ой – пікірін , сөзін қашыққа және  ұзақ  замандарға  жеткізетін  материалдық сызба таңбалардың жүйесі . Жазудың алғашқы нұсқалары өте ерте  заманда жасалды . Мыңдаған  жылдар  бойы  дамып жетілумен қатар , оның  принциптері де  өзгеріп отырды . Жазу  қатынас құралы  ретінде пайдаланылған суреттер  мен шартты  белгілерден кейін пайда болған . Өз  ойын  жеткізу үшін  адамдар әуелде  заттың  өзін  пайдаланған . Алғашқы адамдар жазу  құралы  ретінде саз балшықтан жасалған  тақтаны , ағаштың қабығын , тағы  да  басқаларын  пайдаланған . Жазу  жүйесі  таңбалардың жиынтығынан құралады . Ол  таңбалар   тұтас хабарды , не  сөзді , не  буынды , не  дыбысты белгілейді . Әр  жазбаша таңбаның  графикалық  формасы , белгілі бір мағынасы  болады .  

 

Жазуға  үйретудің  маңызы .

Бастауыш  сыныптардағы  жазу  сабақтарының  мақсаты  балалардың  жазу  тілі  дағдысын  қалыптастыру . Жазу  дағдысының  психалогиялық негізі  мидың үлекн жарты шар қабығындағы анализатор  ұштарының бір – бірімен күрделі байланысқа  түсуі , екінші  сигнал  системасының  жинақталып , бір арнаға  бағытталуы  болып табылады . Жазу  тілі  көзбен  қабылданады , қолмен  іске  асады .  Ауызша  сөйлеу  есіту – кинестезиялық нерв  байланыстары  арқылы  өтеді .

      Жазу  тілі  ауызша  сөйлеуден  кейін  шықты , сондықтан да  ол  үнемі ауыз  тілге сүйеніп отырады .

       Ең  алғашқы   ерте  дәуірде  адамдар  қандай , да  болмасын  бір уақиғалар туралы  мәліметтерді  кейінгі ұрпаққа қалдыруға болады . Сөйтіп  ондай мәліметтерді  түрлі суреттермен белгілейді .  Бұл кезең – идеографиялық сөйлеу  кезеңі  деп аталады . Идеографиялық сөйлеу  белгілі бір айтылатын жағдай   туралы  еске  түсіру  ролін атқарады .

        Кейінірек   иероглифтік  жазу  шықты . Бұл заттарды  немесе  тұтас ойды  білдірген .

         Біздің  қазіргі  қолданып  жүрген  жазуымыз  алфавиттік  жазу . Бұл кейінірек шыққан .

          Жазудың   құрамына  алфавит , графика және  орфография ( еміле ) енеді . Алфавит – тіліміздегі әріптердің  белгілі бір жүйемен орналасу  тәртібі . Графика дыбыстың , буынның немесе  сөздің  айтылуы қалай болса ,  солай таңбалануы .  Ал  орфография  тілдің  белгілі бір нормаға келтірілген ережесін  сақтап  жазу .  Алфавитпен  графиканы меңгеру – оқу мен жазудың ( сауат ашудың )  ең  алғашқы ең  қарапайым ,  бірақ ең  маңызды дағдыларын  қалыптастыруды  көздейді . Алайда  жазуды  меңгеру  оның  тағы  бір  басты  бөлігі  орфографияның ( немесе  жазу , сауатты  жазу )  игеруді  қажет  етеді .

         Бастауыш  сынып  оқушылары  орфографияны  игере  отырып , сауатты жазуға  дағдылану барысында графикалық  түрде қарым – қатынас жасау мүмкіндігіне  ие  болады  , яғни  өзінің  сөйлеуін  және  таным мүмкіндіктерін  жетілдіре береді , жеке  басының жалпы даму  деңгейі жоғары  дәрежеге  көтеріле  береді . Міне , жазуға  үйренудің басты маңызының өзі анықталады . Жазу  дағдысының  бастамасы әріптің әрбір бөлігін ( таяқша , дөңгелек , қосу  сызықтары )  сызып , жүргізу арқылы  жаттықтырылады . Бұл кезеңде бала  басымен , бүкіл денесімен жоғары  көтеріліп , төмен еңкейіп , екі жағына  қисайып , неше  түрлі қозғалыстар жасайды . Алайда  мұғалім тиімді  жаттығулар  ұйымдастырса , көп ұзамай , бірте – бірте бастапқы  қозғалыстарын жинақтап , азайта  түседі . Ал  кейін әріп  бөліктері аса күш салмай – ақ  қосып жаза  алатын  болады . Жаттығулардың нәтижесінде жазу  қимылдары автоматталып ,  әуелі әріптерді , сонан  соң  тұтас  сөздерді  де  кідіріссіз  жаза  алады . Дей  тұрғанымен  балалар  жазуға  лезде – ақ  дағдыланады  деудің  жөні  жоқ . Себебі  олардың   кейбіреулері  бір , тіпті  екі  жылға  дейін  жазу  дағдысын  толық  меңгеріп  кете  алмайды . Мұндай  балалармен  жеке  жұмыс  ұйымдастырылады .

         Жазу  қимылдары   автоматталғаннан  кейін  жаңа  міндет – сауатты  жазуға  ( немесе  орфографияға ) үйрену  міндеті   туады . Орфография  жазудың бүкіл жағдайларын тәртіптейді .

          Қазақ   тілі  орфографиясының  негізгі   принципі  -  морфологиялық   принцип , яғни  түбір сөздің  соңғы дыбысы  қосымша аралығында  да (басшы ,  башшы емес ) , сөз шекарасында да  ( боз құнан , бозғұнан  емес )  біріккен  сөздерде  де  ( Үмбетбай , Үмбетпай )  емес  сақталып  жазылады .

           Тілімізде   орыс  тілінен  енген , аяғы  үнді  дыбыс -  әріптерге біріккен  бірсыпыра сөздер  бар ( Ленинград , клуб , педагог т/б )  бұл сөздердің соңғы үнді  дыбыстары айтылуда  қатаң дыбыстарға  айналады , яғни д , г, б дыбыстары қатаңдап  т , к , п дыбыстарына айналып айтылады . Мұндай  сөздерге  қосымша да  қатаң дыбыстан  басталып  жалғанады : Ленинградқа, педагогке ,  клубтан т. с .с . Бұлар грамматика  ережелеріне сүйеніп үйретіледі . Қысқасы жазуға  үйрету  методикасы  тіл ғылымының ерекше  бір саласы  болып табылатын жазу  теориясына  сүйенеді .

 

Сауат  ашу  кезеңдерінде  жазу  жұмыстарына  қойылатын  талаптар .

Оқушылар  жазу ережесін  сақтап  отырғанда  ғана  дұрыс  жазуға  үйрене  алады . Жазуға  негізінен мынадай талаптар  қойылады :

    а ) әріпті  дұрыс  жазу , дәптердің  көлденең  сызығынан  ауытқымау ;

  ә ) әріптердің  элементтерін  жазғанда  ұзынды – қысқалы  етпей , тегіс ,  бірдей  жазу .

  б ) әріптердің  бірін  оңға , бірін  солға  қисайтпай ,  барлық  әріпті бірдей , оңға  қарай , сәл  көлбете  ( 45 ) жазу ;

  в ) әріптердің , сондай –  ақ  сөздердің  арасындағы  қашықтықты  бір қалыпты сақтап  ( сөздер  бір – бірінен м әрпінің көлеміндей  қашықтықта  болуға  тиіс ) отыру .

  г ) бірте – бірте жазу  қарқынын  тездете  түсу .

 Бұл  талаптар  бастауыш  мектептің  барлық  сыныптарында  да  жазу  жұмысының  барысында   орындалып  отыруға  тиіс .

      Жазуға  кірісерде  алғашқы  күннен  бастап  орындалуға  тиісті  гигиеналық  талаптар :

  а ) дәптер  партаның  үстіне , баланың  кеудесінің  қақ  ортасына  тура  келетіндей  болып  сәл  көлбетіле  ( оңға 65 )  қойылады ;

 ә ) бала  басын  оңға  не  солға , иықтарын  кеудесін  алға  не  артқа  қисайтпай  ,  аяқтарын  қатар  қойып  , алдына  түзу  қарап  отырады  .Бұл  олардың  омыртқалары  ,  көкірегі  дұрыс  жетілу  үшін  қажет ;

 б ) балалар  табандарын  еденге ( партаның  табан  тақтайына  )  еркін  басып отырады . Тізені  қатты бүкпей , бір аяқты екінші  аяқтың  үстіне  қоймай , аяқтарын я алға , я артқа сілтемей  отырғаны  дұрыс ;

 в ) партаға  көкіректі  тіремеу  керек . Өйткені  бұл  тынысты  тарылтады  жаңа  өсіп  келе  жатқан  кеудені  бұзады ;

 г ) қаламды  ұстағанда   саусақ  қаламұштан  3  см –дей  жоғары  тұратындай  болып  және  қаламның  жоғарғы  жақ  ұшы  оң  иықтың  тұсына  дәл  келетіндей  жағдайда  болғаны  жөн ;

 д ) жазғанда  баланың  көзі  мен  дәптер  аралығындағы  қашықтық  25 – 30 см  сақталуға   тиіс .

          Сауат   ашу  кезінде  жазу  сабақтарында  балалар  әріп  элементтерін  немесе  жекелеген  әріптерді   жазғанда  ұзақ  уақыт  жазып   отырмауын  қадағалау  керек  . Өйткені  ұзақ  уақыт  бір  – екі  элементті  немесе  бір  әріпті  жаза  берсе , бала  шаршайды  да , сабаққа  зейін  қоюдан  қалады  , сондықтан  3 – 5 минут  жазғаннан  кейін қолдарына  демалыс  беріп , сонан соң құрамында үйреніп отырған әрпі  бар сөздерді  жазуға  көшкені дұрыс. Жұмыс түрі  өзгергенде  балалар  да  оған  зейін  қоя  бастайды . Сауат  ашу  барысында  балалар  сөздер  мен  сөйлемдерді  естерінде  ұстап  жазуға  үйренулері  қажет . Ол үшін  айтылуы  мен  жазылуының  арасында  ешбір  айырмашылық  жоқ  сөздер  алынады  және  бұл  кезде  әріптердің  таңбасы  арқылы  ( жазба  таңбасы ) берілген . Сөздер  мен  сөйлемдерді  көшіріп  жазу  ұсынылады , ал  сауат  ашу  аяқталғаннан  кейін , баспа  таңбалы  әріптер  жазылған  текстер  көшіртіледі . Осы  жұмыстардың  бәрінде  де  оқушылар  жазуға  кіріспес  бұрын  сөздер  дыбысқа , буынға  талданады .

 

Жазу  сабағына  қойылатын  педагогикалық  талаптар  .

Оқу  жұмысын  ойдағыдай  жүргізу  үшін  балалардың  жас  ерекшеліктері  мен  жеке  ерекшеліктерін ,  олардың зейін , қабылдау  ,  ес  ,  ойлау ,  қиял  ерекшеліктерін  , сезім , ерік  жақтары мен жеке  қасиеттерін жақсы білуі керек .  Алты  жасар баланың зейіні  тұрақсыз  , оның  толқуы  сабақ   үстінде кушті , ал  бөліну  қасиеті мүлде жоқ  , көлемі  өте шағын болады .  Сондықтан оқудың  алғашқы күнінен бастап – ақ  балаларды тыңдай  білуге  ,  оңай  тапсырмаларды дәл орындап жүруге  үйрету  керек .  Бұлардың зейіндері заттарды  бақылай білуі , олармен жұмыс жасау (әріптерден  сөз құрау )  арқылы  тәрбиеленеді. Балалар суреттерді көргенде, әнгіме , ертегі  тыңдағанда  зейіннің  тұрақтылығы арта  түседі  .  Сабақтарда  пайдаланатын  ойын  элементері , іс - әрекеттің нәтижелі  түрлері , іс - әрекет  формаларын  жиі өзгерту – балалар зейінін  тәрбиелеуге көмектеседі . 

       Алтыжасарлардың   қабылдауы  мен  ойлауында   да  толып  жатқан  ерекшеліктер  бар : олар ажырата  қабылдауды  білмейді , тұтас қабылдайды. Мұғалім тапсырма  бергенде  дәлдеп , бөліктерге  бөліп беру  немесе  заттар  мен құбылыстардың құрамымен таныстыру ескергені жөн . Мысалы : олар  алғашқы сөз , буын , дыбыс терминдерін шатастырады ; мұғалім бірте – бірте бұл сөздердің әрқайсысының  мағынасын жыратып , мәнін  аңғартуға үйретеді .

Информация о работе Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихы