Қазақстан моңғол дәуірінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 11:47, доклад

Описание работы

Шыңғыс хан тарихта татар-моңғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп,моңғол әскери-феодалдық мемлекетінің негізін салушы болып танылады. Шыңғыс ханның әкесі-белгілі ноян Есугей.Оның руы қият,оның ішінде бөржігін. Сол тайпаның көсемі болған баһадүр.

Содержание работы

1.Шыңғыс хан жорықтары.
2.Алтын Орданың саяси құрылымы
3.XIV-XV ғғ.құрылған мемлекеттер

Файлы: 1 файл

Қазақстан моңғол дәуірінде.docx

— 29.39 Кб (Скачать файл)

XV  ғасырдың  ортасында ойраттардың  шапқыншылығы күшейді.  Ойраттар 1457 жылы  Моңғолстан ханы  Есен Бұқаның елінде  болмауын пайдаланып, оның жерлері арқылы  өтіп, Түркістанға  беттеді. Әбілхайыр  хан әскерімен  Үз Темір тайшы  әскері Көк кесеңе  деген жерде үлкен  шайқасқа түсті.  Әбілхайыр хан  әскері жеңілді,  көптеген сұлтандар  қаза тапты. Хан  аман қалу үшін  Сығанаққа қашты.  Аяғында Әбілхайыр  хан қалмақтардың  әскери қолбасшысы  Үз Темір тайшымен  лажсыз бітім шарттарына  қол қоюға мәжбүр  боды.  Онымен тұрмай  Үз Темір аманатқа  өзімен бірге Әбілхайырдың  немересі Махмұд  сұлтанды ала кетіп,  ол Жоңғария аманатығында  жеті жыл жүрді.  Қарсылық көрмеген  ойраттар Түркістан  мен Ташкент маңайын  ерекше тонады. Әбілқайыр  хан Сығанақ бекінісіне  тығылды. 

Бұл соғыста жеңілудің  бірнеше себептері  болды. Алдымен хандықтағы алауыздықтың күшеюі, Жошы ұрпақтарының Әбілқайырдың саясатын қолдамауы, оның ойраттардан  жеңілуі, сондай-ақ жеке басының озбырлығы  еді. Осының бәрі ішкі іріткіні күшейтті.

1468 жылғы Әбілхайыр  хан Керей мен  Жәнібектен кек  алу үшін, әрі Есен  Бұқаға қарсы әскери  жорыққа аттанып  жол үстінде дүние  салды.1428-1468 жылдар  аралығында мемлекетті 40 жыл күштеп басқарған  ел басшысы өлген  соң, мемлекет  құлады. 70 жылдардан  былай қарай оның  иеліктері біртіндеп  қазақ хандығының  қол астына өте  бастады. 

   3.  Моғолстан.  Жетісу аймағы  XIII ғасырда Шыңғыс  ханның екінші  баласы Шағатайдың  иелігіне кірген  еді. Шағатай ұлысының  құрамына кірген  аймақтың халықтары  көп қарсылық көрсетпеуіне  байланысты шаруашылығы,  қалалық  тұрмысы  зардап шекпей  сақталады. 

Мемлекеттегі  саяси тұрақсыз терендей түсті. Мөңке өзіне  қарсы шыққандарды  жазалауын тоқтатпады.1260 жылдан бастап, Шыңғыс ұрпақтары Арық Бұға мен Құбылай арасындағы билікке талас  Жетісуда үлкен соғысқа  айналды. Аяғында 1269 жылы өткен Талас  құрылтайында дербес мемлекет құру туралы шешім қабылданды. Бұл ұлы ханның иеліктеріне кірген тәуелсіз Хайду мемлекеті  еді. Ұлыстардағы  азаматтық өкімет, ұлыс басындағы жергілікті ақсүйектердің қолдарында болды. Шағатай ұлысының отырықшы өлкелерін  азаматтық тұрғыдан басқару Хорезм көпесі Махмұд Жалауашқа  тапсырылды. Моңғолияның  өзінде және Шағатай  ұлысында болған төңкерістерге  қарамай Махмұд Жалауаш  әулеті  XIV ғасырдың басына дейін Орта Азиядағы отырықшы өлкелердегі  азаматтық басқаруды  өз қолында ұстап  тұрды.

XIV ғасырдың 70 жылдары Шағатай мемлекеті батыс және шығыс болып екіге бөлінді. Соның шығыс бөлігінде Моғолстан мемлекеті негізін қалады. Оның алғашқы ханы Тоғлық Темір Хижра бойынша 748 жылы (1347- 1348ж.ж.) хандық таққа отырды. Моғолстанның тарихында дұғлат тайпасы маңызды роль атқарады. Оның өзіндік бірнеше себептері болды. Біріншіден, мемлекеттің ең алғашқы билеушісі дуғлаттардан шыққан Поладшы. Мухаммед Хайдар Дулати еңбегінде әмір Поладшының Маңлай Сүбе аймағына билік етіп, ордасы Ақсу болғандығын айтады.Екіншіден, дұғлат тайпасы саны жағынан басқалармен салыстырғанда көп болды.Мемлекеттің ішкі істеріне белсене араласты. Поладшы мемлекеттің дербестігін сақтап қалу үшін ақ сүйектердің күші қажет екендігін түсініп, дәстүр бойынша Шыңғыс ұрпағына тақты ұсынды. Ол Дува ханның немересі 18 жасар Тоғылық Темір еді... “...Ханды әмір Поладшы... он алты жасында... әкелді деп айтылды. Он сегіз жасында ( Тоғылық Темір) хан болды, жиырма төрт жасында мұсылман болды, ал отыз төрт жасында өлді”- деген деректе бар.

Моғолстан тек  оңтүстік және оңтүстік- шығыс Қазақстанды  ғана емес, Қырғыз аймағындағы  Ферғана мен Мәуреннахр иеліктерін де алып жатты. Саяси орталығы Алмалық қаласы болды. Мемлекеттің жер  көлемі жөнінде Мухаммед Хайдар еңбегінде  “Жейхун (Әмудария), Іле, Емел, Ертіс, Шу және Нарын” өзендері аталады да, Моғолстанның ені мен көлдеңені 7-8 айшылық жол екендігі көрсетіледі. Моғолстан  тарихы егжей-тегжейлі Мухаммед Хайдар Дулатидың  “Тарихи Рашиди”  еңбегінде айтылды. Мухаммед Хайдар Дулатидың  айтуы бойынша, бір  күнде 160 мың адам ислам дініне еңгізілді. Мәжусилікті сақтаған шағатайлық ақсүйектерді Тоғылық Темір  күштеп мұсылмандырылды. Исламға қарсы  болған адамдар ауыр жазаға ұшырады.

Тоғылық-Темір 1361 Мәуреннахрды түгел  жаулап алды да, бұлаймақтың  билігін өзінің баласы Ілияс Қожаға тапсырды. Тоғылық- Темірдің Моғолстанға  кеткенін пайдаланып, Әмір Темір Мәуреннахрды тартып алды. Бірақ, шамалы уақыттан кейін  күш жинаған Ілияс  Қожа Темірланның  әскерін талқандады. Моғолстанның бай  да, әсем жеріне сыртқы жаулар тыным бермеді. Темір жорықтарының қатты болғандығы соншалық, Моғолстан  бөлшектеніп кетті. Бірақ, XV ғ басында  таққа келген Қызыр  Қожаның баласы Мұхаммед хан тұсында Моғолстан  Темір ықпалынан  шықты. Тоғылық Темір  өлген соң оның орнына таққа 1362 жылы баласы Ілияс Қожа отырды.1365 жылдан бастап, Сыр өңіріндегі Ілияс  Қожамен Әмір Темір  арасында қырғын соғыс  болды. Тарихта “Батпақ  шайқасы” (Джанг-и  лой) белгілі. Шайқастың  нағыз күшейген шағында  қатты нөсер жауып, екі жақтың әскерінің  де батпақ пен лайға  тапталғаны, “қарғын  алаңында 10 мыңға  таяу адамның өлгені”  туралы деректер бар. Сондай-ақ, Моғолстан  әскерлерінің Самарқандты  алудағы шығыны туралы, “қала халқының қарсыласуының  ұзаққа созылуына байланысты олардың аттарына жамандап тиіп, аттардың қырылғаны сонша, төрт жауынгерге бір аттан қалмады” деген мәліметтерді кездестіруге болады.

Әмір Темірдің, оның ұрпақтарының Моғолстанға  жасаған жорықтары  мемлекетті әлсіретіп, бытырыңқылықты күшейтті. Онымен тұрмай, XV ғасырдың басынан бастап ойраттардың  шабуылы күшейді. Әсіресе, XV ғасырдың 50 жылдары Оңтүстік шығыс қазақстан  ойраттардың Есен тайшы басқарған  әскерінің шапқыншылығына ұшырады. Моғолстан  ханы Есен Бұқа көп  жерінен айырылды. Жетісу шекарасын  сақтап қалуды көздеген Есен Бұқа, сондықтан  да болар, 1457 жылы қазақ  сұлтандары Керей  мен Жәнібекті  екі жүз мың  адаммен Шу мен  Талас өзенінің аралығына  орналастырды. Қазақ  сұлтандары шекараның  бір тұтастығын сақтауға үлес қосты.

    4. Ноғай  Ордасы Алтын Ордамен  Ақ Орданың ыдырауының  нәтижесінде пайда  болды. “Ноғай  Ордасы” деген  ұғымы Бату ханның  түмен басы болған  Ноғайдың есімімен  байланысты.  XIII ғ  70 ж. Батудың баласы  Менгу Темір Ноғайға  оның ерлігі үшін  Еділдің он жағасынынан  еншіге жер   берілді. Ноғай  Ордасын тарихта  “маңғыт жұрты”  деп те атайды. Ол Еділ мен  Жайық арасын алып  жатты. Орталығы  Сарайшыққа таяу  орналасты. Ноғай  жорықтарда Батый  мен бірге Кавказ, Парсы жерін алуда  қол бастады. Біртіндеп  оның билігі Доннан  Дунайға дейін  барды.1273 жылы Ноғайдың  Византия императорының  қызына үйленуі,  оның жауларын  көбейтіп, ең сонында  Ноғай солардың  қолынан 1300 жылы  мерт болды.Ноғай  Ордасына түркі  және түркіленген  моңғол тайпалары  кірді. Олар: Қыпшақтар,  қаңлылар, қоңыраттар, наймандар, үйсіндер, алшын мен тамалар  т.б. ноғай халқы  осы тайпалар негізінде  XV  ғасырдың аяғында  құрылып бітті. 

Ноғай Ордасы бірнеше  ұлыстарға бөлінді. Ұлыс басында мырзалар тұрды, олар өз иеліктеріне  көбінесе шексіз билік  жүргізіп, жерді өзі  бөліп, бақылап отырды. Көрші мемлекеттермен соғыс әдетке айналды. Мұнда, әсіресе, дала ақсүйектері олжаға бататын болды.

Ноғай Ордасының  гүлденуі Едігенің тұсына сай келеді. Тарихта  Едіге Ноғай Ордасының  негізін қалаушы  болып танылды, ол сондай-ақ Алтын Орданың  да 15 жыл билеушісі  “бектердің бегі”, “ұлы әмір” дәрежесіне дейін жетті. Едіге  Тоқтамыспен соғысты, Алтын Орданың  билеушілерін  оның келісімінсіз таққа  отырмайтындай жағдайға жеткізді.

Едіге тұсына- “бірі  би, бірі хан” деген  теңеу сай келді. Олай дейтін себебіміз  Ұлы Ұлыстағы (Алтын  Орда) билік толық  Едігенің қолында  болды. Шыңғыс ұрпақтарын таққа отырғызу, тіпті, Едігенің қастастарының  өздері де оның келісімінсіз бұл мәселені шеше алмады. Егерде Едіге  келісім бермесе, халық алдында  және әскер алдында  оның билігі заңсыз болып табылды. Ноғай  Ордасының саяси  билігі мен экономикалық жағдайы толығымен  Едіге ұрпақтарының қолында болды.

Едіге 1419 жылы қаза тапты. Оның билігі тақ  мұрагері болған баласы Нұраддинге өтті. Нұраддин әкесінің жолын қуып, соңында Ноғай  Ордасының дербестігіне қол жеткізді. Ноғай  Ордасының шекарасы тұрақты болмады. Жердің кеңеюі, азаюы  олардың жорықтарына  байланысты өзгеріп  отырды. Ноғайлар көршілес жатқан көшпелі өзбек  хандығымен, XV ғ. Ортасында  пайда болған қазақ  хандығымен тығыз  қарым-қатынас орнатты. Бірақ, ол қарым-қатынас  бір жақтық достық қарым-қатынас еді  деуге де болмайды.

Түркі тілдес тайпалардаң  тұратын “маңғыт  жұрты” XV ғ екінші жартысында пайда  болған “ноғай”  атауымен көршілес елдерге  таңылды. Ноғай ордасы  300 мыңдай жауынгер ұстай  алды. Ноғай билеушілері- маңғыт Уақыс би, Мұса мырза, Жаңбыршы т.б. ерекше көзге түсті. Әбілхайырмен одақтаса отырып, Сыр бойындаға қалаларды жаулап алуға болысты Ноғай мырзалары қазақ хандығымен, оның ішінде Қасым хан мен тығыз қарым -қатынас орнатты.

Ш. Уәлиханов  қазақ ханы Жәнібек  тұсында достық қатынаста  өмір сүрген ноғайлармен  қазақтарды “екі туысқан  орда” деп атаған. XVI ғасырдағы деректерде Хақназар ханды “қазақтармен ноғайлардыың  ханы”  деп атаған.  Орманбет би ( 1590-1597ж.ж.) ноғайлы  елінің соңғы тәуелсіз билеушісі. Ноғай  ордасының екіге  бөлінуі осы тұста  Ресейдің сыртқы саясатына  байланысты күшейді. Біртұтас мемлекет, Үлкен Ноғай және Кіші Ноғай Ордасы болып бөлінді. Оның үлкен Ноғай ордасы қазақтардың құрамына, ал Кіші Ноғай Ордасы Ресейдің Қырым хандығының құрамына, ал Солтүстік  Шығыстағы ноғайлардың  бір бөлігі Сібір  хандығының құрамына кірді.

 


Информация о работе Қазақстан моңғол дәуірінде