Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 18:54, реферат
Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезең адамның дерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкөріс үшін тас құралдарын жасауына мүмкіндік берді. Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққасозылған тас дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды.
1 Кезеңдері
2 Адам қоғамындағы көне, орта және соңғы тас дәуірі
3 Қола дәуірі. Беғазы-Дәндібай мәдениеті
4 Дереккөздер
Патриархаттық отбасылық қауымның бірнеше сатыдан өткенін айту керек. Ерте кезде мұндай қауымдар әке жағынан туыс адамдардың төрт-бес ұрпағынан құралады және аумағы 200 шаршы метрдей, немесе одан да кең үлкен үйлерде бірге өмір сүрді. Әрбір патриархаттық-рулық қоныс-мекен осындай бірнеше үйлерден құралатын еді.
Отбасылық қауым отбасылық-өндірістік ұжым болды, ал ұжымдық еңбек тұсында өндіріс құрал-жабдықтары мен өндірілген өнім ортақ меншікке айналды.
Кейін, әсіресе соңғы қола дәуірінде кейбір материалдық жағынан күшейіп алған патриархаттық қауымдар барған сайын оқшаулана түсті. Мұның өзі алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауына, отбасылық меншіктің пайда болуына әкелді. Ол туралы кейінгі тақырыптарда айтылады.[9]
Дереккөздер