Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2013 в 12:30, реферат
Орта жүзде 1817 жылы Бөкей хан, 1819 жылы Уәли хан қайтыс болғаннан кейін патша үкіметі жаңадан хан тағайындап жатуды қажет деп таппады. 1822 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы М.М. Сперанский жасаған және Ресей императоры I Александрдің жарлығымен бекітілген «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы жарғы» күшіне енді. Қазақстандағы жаңа реформаның ең басты мақсаттарының бірі Орта жүздегі хан билігін біржолата жою болатын. «Жарғы» өзінің мазмұны мен мақсаты жағынан Қазақстанның солтүстік-шығыс аймақтарын іс жүзінде Ресей империясына қосып алып отарлауға бағытталған болатын. Сөйтіп Орта жүздегі әкімшілік, сот және аумақтық басқару жүйесі түбірімен өзгертілді.
Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы
Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы - 1822 және 1824 жылдары патша укіметі Орта жүз бен Кіші жүздегі хан билігін жойды. Қазақтар өзінің мемлекеттілігінен осылайша айырылды.
Хан билігін жоюдың себептері мен алғышарттары
XIX ғасырдың жиырмасыншы
жылдарына қарай патша үкіметі
Қазақстандағы хан билігін
• Біріншіден, қазақ хандары
дала тұрғындарының басым
Орта жүздегі хан билігінің жойыла бастауы
Орта жүзде 1817 жылы Бөкей
хан, 1819 жылы Уәли хан қайтыс болғаннан
кейін патша үкіметі жаңадан
хан тағайындап жатуды қажет деп
таппады. 1822 жылы Батыс Сібір генерал-
Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы 2
Басқарудың жаңа жүйесін енгізу
Басқарудың округтық жуйесі
енгізілетін болды. Сөйтіп жаңа округтар
құрылды. Округтар болыстарға бөлінді,
ал болыстар ауыл әкімшіліктерінен тұрды.
Әр округта 15—20 болыс, әр болыста 10—12
ауыл, ал әр ауылда 50—70 үй болатын болды.
Сыртқы округтағылар Сібір қырғыздары
(қазақтары) облысына біріктірілді. Жаңа
әкімшілік бірлігі орасан зор
аумақты алып жатқан Омбы облысының
құрамына кірді. Томск және Тобыл
губерниялары мен Омбы облысы Батыс
Сібір генерал-губернаторына
Сыртқы округтардағы сайлау тәртібі
Ауыл старшындарын көшпелілердің өздері сайлайтын және оларды бұл лауазымды қызметке округтық мекеме бекітетін. Сайлау үш жылда бір рет өткізіліп тұрды. Сұлтандар старшындарды сайлауға қатыспайтын. Сұлтандардың қатарынан сайланып қойылатын болыстар өздерінің қолындағы өкімет билігін балаларына мұра етіп қалдыру құқығын иеленді. Биліктің ауысуы жоғарыдан төмен қарай жүргізілді. Кейінгі кездерде болыстық қызметке сүлтан емес, қарапайым қазақтардың да сайлануына рүқсат етілді. Бірақ ондай адамдардың патша өкіметіне сіңірген еңбегі зор болуы тиіс еді. Сол арқылы патша үкіметі Шыңғыс әулетін билік құрылымынан бірте-бірте шеттете бастады. Аға сұлтанды тек сұлтандардың өздері ғана, ал оның құрметті қазақтардан іріктелетін екі заседателін билер мен старшындар ғана сайлайтын. Аға сұлтандар үш жылға, ал олардың заседательдері екі жылға сайланатын. Аға сұлтандар облыстық басқарма бастығының бекітуінсіз өз өкілеттігін жүзеге асыруға кірісе алмайтын. 1854 жылдан бастап аға сұлтандыққа шыққан тегі Шыңғыс әулеті емес адамдар да сайлана алатын болды.
Округтық приказдың негізгі міндеттері
Округтық приказдың қатаң белгіленген міндеттері болды. Ол атап айтқанда,
• • округтағы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; • • халыққа білім беруге қамқорлық жасау; • • тұрмыстық жағдайлар мен шаруашылық жұмыстарын
жақсарту;
• қарақшылық тонауды, барымтаны
және өкімет билігіне бағынбау әрекеттеріне
тыйым салу; • • өз бетімен
кетіп, озбырлық жасауға жол бермеу;
• тергеуді және сот істерін әділ
жүргізу; • діни наным-сенімдерге байланысты
проблемаларды шешу; • көпестер
керуенінің жүріс-тұрысын бақылау
және олардың қауіпсіздігін
Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы 3
Алым-салықтар
Басқарудың жаңа жобасын өмірге бірте-бірте және ауыртпалықсыз енгізу үшін патша үкіметі барлық алым-салық түрлерін өтеуге бес жылдық жеңілдік белгіледі. Бұл жылдар ішінде ауруханалар мен мектептер салу үшін ерікті түрде төленетін алым-салық қана жиналып келді. Жеңілдік мерзімі өткеннен кейін округтардың халқы мал басының санына қарай 100 бастан бір бас мөлшерінде жасақ төлеуге міндетті болды. Бірақ ондай салық түйе басына салынған жоқ. Өйткені мұның өзі сауда керуенін көбейту үшін қажет еді. Алым-салық үшін мал санағы үш жылда бір рет өткізіліп тұрды. Қазақтар жасақтан өзге шабармандар мен жолаушыларға көлік жағынан да көмек көрсетуге тиіс болды.
Қазақ даласында шаруашылық пен сауданың дамуы
Округтық приказдардағы ресейлік заседательдер және казактар жер өңдеп, егін салудың, бау-бақша өсірудің және омарта шаруашылығын жүргізудің үлгісін көрсетуге міндетті болды. Отырықшы өмір салтына көшкен және осы айтылған жұмыстарда табысқа жеткен қазақ отбасыларына жергілікті өкімет билігі тарапынан сыйлықтар беріліп тұрды. Бірақ қазақтардың диқаншылыққа жаппай көшуі бәрібір байқалған жоқ. Дәстүрлі мал шаруашылығымен айналысып келген қазақ халқы егіншілікпен айналысуға жатырқай қарады, мұның өзі сіңірі шыққан кедейлердің - жатақтардың ғана ісі саналды. Округтардың халқы тұзды көлдерден қанша тұз өндіріп аламын десе де ерікті болды. Тұз өндіру олардың ездерінің тұтыну қажеті үшін де, руластарына сату үшін де керек еді. Патша үкіметі сауда-саттықты қолдап, көтермелеп отырды. Әрбір қазақ езінің өндірген енімін округ аумағында да, одан тыс жерлерде де сатуға құқықты болды. Сұлтандар сауда керуендерін шетелдерге де, Сібір шекара шебіне де жіберіп тұру қүқығын сақтап қалды. Тап осындай құкықты орыс көпестері де пайдаланды. Сыртқы округтарды басып өтетін сауда керуендерінен ешқандай да баж салыгы алынбайтын тәртіп орнатылды.
Денсаулық сақтау, дін және халыққа білім беру салаларындағы жаңалықтар
«Жарғы» енгізілгенге дейін
қазақ даласында ем жасау ісімен
халық емшілері ғана (сынықшылар, бақсылар,
тәуіптер және басқалары) айналысып
келген болатын. Патша үкіметінің билігі
жүрісімен жағдай өзгере бастады. Әр
округта екі емші жұмыс істей
бастады. Тұрақты жұмыс істейтін
ауруханалар пайда болды. Жергіліікті
әкімшілікке халықты шешек
Орта жүзде 1822 жылдан кейін орын алған оқиғалар
«Жарғы» қазақ даласына бірте-бірте енгізіле бастады. Басқарудың жаңа тәртібі ең әуелі шекара шебі маңындағы және «өздеріне қамқорлық жасауды өтінген, бодандыққа адал болуға ант еткен» руларға енгізілді. 1822 жылғы «Жарғы» аздаған өзгерістер енгізілген түрінде 60-жылдардың ортасына дейін қолданылып келді. Жаңадан округтар ашудың алдын ала белгіленген нақты жоспары болған жоқ еді. Шекаралық әкімшіліктен шенеуніктер бастаған қарулы шағын жасақтар қазақ ауылдарына бірінен соң бірі жиі
Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы 4
шығып тұрды. Олар басқарудың жаңа жүйесін қабылдаудың көшпелі халыққа пайдалы да тиімді болатынын егжей-тегжейлі түсіндіруге күш салып бақты. Сөйтіп халықтың көшпелі тобының келісіміне қарай жаңа округтар құрыла бастады. Мәселен,
• 1824 жылы Қарқаралы және Көкшетау округтары, • 1831 жылы Аягөз, • 1832 жылы Ақмола, • 1833 жылы Баянауыл және Үшбұлақ, • 1834 жылы Аманқарағай (кейінірек Құсмұрын атанды), • 1844 жылы Көкпекті округтары құрылды.
1854 жылы Ертістің оң
жағалауындағы қазақтар үшін
Семей ішкі округы ашылды. 1856 жылы
Жетісу жерінде Алатау ерекше
округы ашылды. Бұл екі округты
орыс офицерлерінің арасынан
тағайындалған бастықтар
Кіші жүздегі хан билігінің жойылуы
Орта жүздегі хан билігінің
жойылуы Кіші жүзде тап осылай
әрекет жасауды әлдеқайда жеңілдетті.
Бұл кезде Кіші жүз сұлтандарының
арасындағы алауыздық әлі тоқтаған
жоқ еді. Хан билігі әлсіреп, қол
астындағы халық арасында беделінен
айырылып тынған болатын. 1822 жылы Орынбор
өлкесінің губернаторы П.К. Эссен
Ресей астанасына «Орынбор қырғыздары
(қазақтары) жөніндегі жарғының»
жобасын жөнелтті. Бұл кезде Кіші
жүзде Шерғазы әлі де хан болып
тұрған еді. Қазақтардың шекара шебіне
және Орынбор өлкесінің ішкі округтарына
шабуыл жасауы жиі-жиі қайталанумен
болды. Орынбор өлкесінің бастығы
ұсынған жобатолықтыра түсу үшін
Азия комитетіне қайтадан жіберілді. Жарғының
түпкілікті жобасын Ресей патшасы
I Александр 1824 жылы көктемде біржолата
бекітті. Шерғазы хан Орынборға
шақыртып алынды. Оған ғұмырының ақырына
дейін ай сайын жалақы төленіп
тұратын болды. Сөйтіп Кіші жүздегі
хан билігі де жойылды. Бұл реформа
бойынша Кіші жүз аумағы Жайықтың
сырт жағындағы үш округқа бөлінді.
1828 жылы ондағы әкімшілік бірліктерінің
аттары өзгертіліп, Батыс, Орта және Шығыс
округтары деп аталды. Кіші жүздегі
өкімет билігі Орынбор губернаторына
тікелей бағынатын басқарушы-
Дистанциялардың құрылуы
1831 жылға дейін Кіші
жүз қазақтары ресми