Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 04:04, реферат
XVIII ғасырдың 80-жылдарында Сырым Датұлы бастаған көтеріліс барысында Орынбор губернаторы О. Игельстром Кіші жүздеп хандық билікті жоюға әрекеттер жасаған еді. Ол «Игельстром реформасы» деген атқа ие болған болатын. Бірақ ол жүзеге асырылмай қалды. Бұл саясат XIX ғасырдың 20-жылдары қолға алынып, өз нәтижелерін бере бастады. Сонымен қазақ жерін әкімшілік реформалаудың жаңа үлгісі Ресейдің әкімшілік-саяси басқару жүйесіне сай жасалынды. Реформа Орта жүзден басталды. Сібір генерал-губернаторы М. Сперанскийдің басшылығымен «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы Жарғы» жасалып, ол 1822 жылы қабылданады.
Қазақ халқының мемлекеттік тәуелсіздігінен айырылуы «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» мен «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» - Орта және Кіші жүздеп хандық биліктің жойылуы
XVIII ғасырдың
80-жылдарында Сырым Датұлы
Жарғы бойынша «Сібір қазақтарының облысы» әкімшілік тұрғыда округ -болыс- ауыл жүйесі бойынша бөлінді. Округке 15-20 болыс, болысқа 10-12 ауыл, ауылға 50-70 шаңырақ (үйлер) кірді. Округ басшылығында округтық приказдар болды. Округтық приказдарды қазақтар дуан деп атаған. Округ-тарды формальді түрде аға сұлтан басқарды. Болыс басшылығында болыс сұлтаны тұрды, олар округтық приказға бағынды. Ауылды ағаман басқарды. Ағамандарды үш жылда бір рет ауыл тұрғындары сайлап, оны округтық при-каз бекітті. Болыстар сұлтанға бағынды. Хандық билік толығымен жойылды.
Реформада сот жүйесінде де үлкен өзгерістер болды. Онда Қазақ жеріне Ресей заңдарын енгізуді мақсат тұтты. Дәстүрлі билер соты тек ру арасын-дағы, ауыл ішіндеп дауларды шешу үшін ғана сақталынды. Қылмыстықтар, мысалы, Отанға опасыздық жасау, кісі өлтіру, ұрлық, билікке бағынбау т.б. империялық заңның негізінде шешілді.
«Сібір қырғыздары туралы Жарғыда» Сібір қазақтары көшпелі біратана-ларға жатады, сондықтан олармен құқықтары теңестіріледі деп атап көрсетілген. «Желілер бойындағы қазақтардың қазіргі жағдайы әртүрлі, олар бо-лыстарға, болыстар ауылға бөлінген, кейбірі қазіргі атауларын сақтап қал-ған». Одан әрі былай делінген: «Олар болыстық басқару ыңғайлы болуы үшін округтерге қосылған. Округтер көбіне бұрыннан қалыптасқан бір рудан және көрші болыстардан құралады. Әр округтің өзіне белгіленіл берілген жері бар және оған басқа округтың адамы жергілікті басшылықтың рұқсат-ынсыз өте алмайды».
«Басқару құрамы» бөлімінде мыналар анықталып берілген: «Ауылды старшындар басқарады. Болысты сұлтандар басқарды. Ауыл мен болыстағы сот мәселелерін талқылауда ауыл ақсақалдары мен билер ез билігін сақтайды. Бүкіл округті басқару үшін болыстар аға сұлтанды сайлайды. Әрбір округте округпк приказдар ашылған». Ал «Сайлау тәртібі» белімінде: ауылды бас-қару үшін ағаманды қазақтардың өздері сайлайтын болған және оны округтік приказ бекіткен. Ағамандарды сайлау әр үш жылда өтіп отырған, бір ағаман бірнеше рет қатарынан сайлана алады. Ағамандарды сайлау ауылдық жер-лерде ауызша өткізілетін. Көпшілік дауысты олар өздері шешті. Сұлтан лау-азымы мұрагерлік жолмен жүргізілді. Аға сұлтанды тек сұлтандар ғана сай-ласа, ал приказ заседательдерін билер мен ағамандар сайлады. Осының барлығын облыс басшысы бекітті. Аға сұлтан үш жылға сайланатын, заседа-тель екі жылға сайланады», - деп, сайлау тәртіптері белгіленген. Сондай-ақ Жарғыда: «Аға сұлтан - земство шенеунігі. Ол сайланғаннан кейін жергілікті әкімшілікті басқару үшін Ресей үкіметінің атынан оған өкілеттілік беріледі. Барлық жұмысты ол округтік приказ арқылы жүргізеді» делінген.
Жарғы бойынша қазақ халқы ұшін «салық пен міндеткерлік» мөлшері де белгіленді: «Жасақ малмен өтеледі, жүз бастан біреу алынады. Салық қазақ-тардан болыс бойынша жиылады. Салық жинау жылына бір рет жазды күні жүргізіледі». Жарғыдағы тағы бір маңызды мәселе, ол «Медициналық бөлімнің» енгізілуі болды. Әрбір округке екі емдеуші, тұрақты аурухана бөлінетін болды. «Діни және халық ағарту бөлімі ережесінде» білім беру жүйесін қалыптастыру бағыттары айқындалды.
«Сібір қырғыздары туралы Жарғы» қабылдау хандық билікті жоюды және Орта жүздің Ресей империясының құрамына толығымен енгенін білдіреді.
1824 жылы 8 ақпанда патша
өкіметінің жарлығымен бірінші
Қарқаралы ок-ругтық приказы
Ақмола округтық приказы Қазақ жеріне ілгерпей енудің мүмкіндіктерін кең-ейтті. 1851 жылы мұнда Қазақ жеріндегі Ресейдің 1200 солдаты мен офи-церлері орналастырылып, ең ірі әскери орталыққа айналды.
1824 жылы Ресей үкіметі «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» қабыл-дады. Ол Орынбор генерал-губернаторы П. Эссеннің басшылығымен жа-салды. Орта жүздегі сияқты енді Кіші жұзде де хандық билік жойылды [40, 138-139-6.]. Кіші жүзді басқару Орынбордағы Шекаралық комиссиясы ар-қылы жүзеге асырылды. Жарғы бойынша Кіші жүз үш бөлікке белінді. Бұл бөліктерді Орынбор губернаторы тағайындайтын сұлтандар басқаратын болды. Бұл бөліктер дистанцияларға бөлінді. Дистанция дегеніміз бекіністер аралығындағы жерлер болатын. Дистанциялар ауылдарға бөлінді. Дистан-цияларды дистанция бастығы басқарды, ал ауылдарды ағамандар басқар-ды. Осының барлығын шекара комиссиясы тағайындап отырды. Орынбор қазақтары үшін сайлау жүйесі енпзілмеді. Сондай-ақ Кіші жүзде әскери бекі-ністер бойындағы қазақтар үшін арнайы қамқоршы қызметі тағайындалды. Сот жүйесі «Сібір қырғыздары туралы Жарғыдағы» ережелер сияқты жүргізілді. Ауыр қылмыстық істер әскери соттар мен шекаралық комиссия-ның құзырында болды. Ал маңызы төмен істерді жергілікті билер соты қарайтын болды. Сейтіп Кіші жүздеп хандық билік те жойылды.
Кіші жүз бен Орта жүздің соңғы хандарының тағдыры мынадай болды. 1781 жылы Абылай хан қайтыс болғаннан кейін, Орта жұздегі хандық билікке оның баласы Уәли тағайындалды. Ол хандық билікке келгеннен кейін Абы-лай хан саясатын жалғастыруды көздеп, Қытай үкіметімен байланыс орна-туға әрекеттер жасайды. Сол себепті патша үкіметі Уәли ханның билігін әлсірету үшін Орта жүзге Бөкей ханды екінші хан етіп тағайындайды. Бірақ, ол 1817 жылы қайтыс болады Көп ұзамай 1819 жылы Уәли хан да қайтыс болған. Осыдан кейін Орта жүзде хан тағайындалмайды.
Кіші жүзде Әбілқайырдың баласы Айшуақтан кейін 1809 жылы хан тағына Шерғазы тағайындалады. Бұл шешімге наразы болған Кіші жүз ағамандары Арынғазыны хан етіп сайлайды. Бірақ 1821 жылы Арынғазы Петерборға шақырылып, сонда біраз ұсталғаннан кейін оны Калугаға жер аударды. 1830 жылы ол сол жақта қайтыс болған. Ал Шерғазы хан болса «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» бойынша Кіші жүзде хандық билік жойылғаннан кейін Орынборға шақырылып, сонда тұрақтап қалады.
Қазақстанның Ресейге қосылуы: кіру, жаулап алу, отарлау
Қазақстанның Ресейге
қосылуы олардың арасындағы маңызды
саяси байланысты үдете түсті. Ресей
мемлекеті Шығыстағы өзінің мемлекеттік
шекарасын кеңейтуге мүддесін білдірді.
Мемлекеттік билікті
Патша әкімшілік-саяси реформа арқылы басқарудың дәстүрлі жүйесін таратты, көшпенділерді жарамдылығы аз жерлерге ығыстыра отырып, қазақ өлкелеріне орыс қоныс аударушыларын орналастыру үшін кең мүмкіндік ашты. Халықтың басым бөлігіне бақылаусыз билік алып, Ресей барлық салада дерлік отарлау саясатын кеңейтті.
Сонымен бірге, Қазақстанды Ресейге қосу көшпенділер мен келімсектер арасында шаруашылық өзара қарым-қатынас жасау үшін мүмкіндіктер туғызды, сауаттылықты, сауданы жандандыруды тарату, қазақ ауылдарын осы жерден шығатын барлық салдармен бірге, капиталистік-өнеркәсіптік қатынастың орбитасына енгізу үшін мүмкіндіктер орнатты.
Патша үкіметі 1867—1868 жылдары Қазақстан аумағында әкімшілік реформа жүргізді. Оның негізгі мақсаты сұлтандар тобын өкімет бөлігінен біржолата ығыстырып, жалпы империялық басқару тәртібін енгізу еді. Жаңадан енгізілген шаралар өлкені шаруашылық жағынан отарлауға ықпал етуге және оған Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударатын шаруаларды одан сайын қаптатуды қамтамасыз етуге тиіс болды.
Қазақстанда реформа жүргізудің себептері және оны әзірлеу барысы
1822 және 1824 жылдары жүргізілген
реформалар XIX ғасырдың 60-жылдарына
қарай бірте-бірте жарамсыз
Информация о работе Қазақстанның Ресейге қосылуы: кіру, жаулап алу, отарлау