Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 16:17, реферат
Аудан жерінің көп бөлігі теңіз деңгейінен 800-1200 м биікте орналасқан. Шығысында Қаржантау (2000-2800м), Өгем (3000-3600м) биік таулы жоталары, орталығында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Қазығұрт жотасы (800-1700м) созылып жатыр. Батысы, солтүстік-батыс бөлігі қырқалы жазық. Жер қойнауынан минералды су, ақ құм, қиыршық тас т.б. құрылыс материалдары барланған. Климаты континеттік, қысы жұмсақ, қысқы қаңтар айының орташа жылдық температурасы 22-25°С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 300-400 мм, тауда 500-700 мм. Аудан жерінен Келес, Өгем, Қаржансай, Мұғалысай, т.б. өзендер ағып өтеді. Таулы өңірі мен өзен бойларында итмұрын, долана, тобылғы, жабайы алма, арша, шырша, т.б. өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, таутеке, қоян, саршұнақ т.б. кездеседі.
Қазығұрт ауданы - Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 4,1 мың км². Тұрғыны 100,8 мың адам. Ауданда 61 елді мекен 12 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы - Қазығұрт ауылы.
Табиғаты
Аудан жерінің көп бөлігі теңіз деңгейінен 800-1200 м биікте орналасқан. Шығысында Қаржантау (2000-2800м), Өгем (3000-3600м) биік таулы жоталары, орталығында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Қазығұрт жотасы (800-1700м) созылып жатыр. Батысы, солтүстік-батыс бөлігі қырқалы жазық. Жер қойнауынан минералды су, ақ құм, қиыршық тас т.б. құрылыс материалдары барланған. Климаты континеттік, қысы жұмсақ, қысқы қаңтар айының орташа жылдық температурасы 22-25°С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 300-400 мм, тауда 500-700 мм. Аудан жерінен Келес, Өгем, Қаржансай, Мұғалысай, т.б. өзендер ағып өтеді. Таулы өңірі мен өзен бойларында итмұрын, долана, тобылғы, жабайы алма, арша, шырша, т.б. өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, таутеке, қоян, саршұнақ т.б. кездеседі.
Ұлттық құрамы
Халқының құрамы көп ұлтты, көпшілігі қазақтар (94928) одан басқа өзбек (5154 адам), татар (237 адам) т.б. ұлт өкілдері тұрады. Олардың орналасу тығыздығы орташа есеппен 1 км 224,6 адамнан келеді. Көбіне тау бөктерлері, өзен аңғарлары, автомобиль жолдары бойында қоныстанған. Ірі елді мекендері: Қазығұрт, Қақпақ, Қаржан, Шарапхана, Рабат, Тұрбат, Қызылқия, Шарбұлақ т.б. Ауыл шаруашылығына жарамды жері 3940 мың гектар, 2935 агроқұрылымы бар.
Тарихы
Қасиетті Қазығұрт тауы атымен аталатын ауданымыз 1928 жылы құрылған. Орталығы Тұрбат, Шарапхана, кейіннен Ленин (қазіргі Қазығұрт) селолары болған.
Қазығұрт және Нұх пайғамбар туралы аңыз
Ауданның мақтанышы - Қазығұрт тауы өзінің аңызға толы кереметімен тек қазақтың ғана емес, шығыс халықтарының, тіпті адамзаттың алтын бесігі деуге тұрарлық. Жер бетін топан су қаптағанда Нұх пайғамбардың кемесін әр елдер өзінің қасиетті тауларына, ал қазақтар Қазығұрт тауында қайырлатады. Қазығұрт туралы аңызда өмірге деген ынтықтық, адамзаттың шыққан түбі бір деп ынтымақ пен бірлікке шақыру басым. Қазығұрт асуынан табылған динозавр сүйегінің өзге де жаратылыстарды зерттеген дүние жүзі ғалымдарының пікіріне сүйенсек, Қазығұрт, Қаратау, Қаржан, Өгем таулары аралығында тіршілік ерте пайда болып, алғашқы адамзат баласы осы маңда тіршілік еткенін мақтанышпен айтуға болады. Асанқайғы бабамыз жырлағандай “Қазығұрт Алланың мейірімі түсіп, шапағатын шашқан тау екен. Нұх пайғамбардың кемесі қалып, бар қасиет бойыңнан табылғандай тау екенсің... Жемісі көп, жері көп, жер төресі мұнда екен, жігіті көп, ері көп, ел төресі мұнда екен”,-деп сүйсінгендей тау.
Наурыз біздің нағыз төл
мерекеміз. Оған дәлел 1970-ші жылдары
Мәскеудегі В.И.Ленин атындағы кітапханадан
А.Байтұрсынов емлесімен
Жазушы Сәуірбек Бақбергенов “Басында Қазығұрттың...” атты еңбегінде аңыздағы Майқы би, Қорқыт Ата, Асан Қайғы, Аяз Би және Әбу-Насыр-Әл-Фараби сияқты ел қамын ойлаған, сол үшін бар саналы ғұмырын арнаған ардақты азаматтардың Қазығұртта тұрғанын немесе, ұзақ сапарға шығар алдында киелі тауға келіп, тәу етіп, бас игенін жазады. Тәуке хан мен Абылай хан да, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке билер де Қазығұрттың бал ауасын жұтып, дәмін татып, талай аялдаған. Абылай хан осы тау айналасында соғысқан. Сол кезедгі оқиғаларға байланысты бүгінге дейін Қаралы төбе, Қаралықия, Хан-шейіт атайтын орындар куә. Алыстан қарағанда шөгіп жатқан қос өркешті түйені елестетін Қазығұрт тауының төбесі ойпаң, жазық. Ұзындығы 20, ені 10 шақырымдай, биіктігі теңіз деңгейінен 1768 метр. Онда “Адам Ата шоқысы”, “Пайғамбар тоқтаған”, “Пайғамбардың саусағы”, “Пайғамбар атының су ішкен жері”, “Ғайып ерен, қырық шілтен” сияқты аңыз жетегіндегі орындар бар.
Ауданның экономикасы
Ауыл шаруашылығына жарамды жері 3940 мың гектар, 2935 агроқұрылымы бар.
Қазығұрт жері көне сәулет ескерткіштерін сақтап қалған. Олардың арасында: ХІ ғасырдың ерте діни кешені – Исмайыл ата кесенесі,
«Ақбура әулие»,«Атбұлақ Тесіктас» қасиетті тарихи орындары мен «Қырық қыз» тас мүсіндері.
|
|
|
|
Қазығұрт ауданының түристік орындары.
Қазығұрт ауданы - қазақ жеріндегі қасиеті мол, кереметі көп, аса киелі жерлердің бірі деп есептелетін аймақта орналасқан аудан. Қазығұрт тауын бүкіл қазақ қауымы қасиетті санайды. Әлемді топан суды басқанда Нұх пайғамбардың кемесі осы тауда қайырлаған деп есептейді. Сондықтан топан судан кейінгі жаңа басталған өмір осыдан басталған деп санайды.
Қазығұрт тауы – Оңтүстік Қазақстан облысындағы тау. Талас Алатауының оңтүстік-батыс сілеміндегі Өгем тау қыраттарының батысын ала оқшаулау орналасқан. Шымкент қаласына 35 км. солтүстік шығыстан оңтүстік батысқа қарай 20 км. созылып жатыр, ені 8-10 км. Абсолютті биіктігі 1768 метр. Тау шығыстан батысқа қарай бірте-бірте аласарады, сыртынан қарағанда керісінше батыс жағы биік көрінеді. Беткейінде бетеге, боз, аңғарыңда –арша, долана ағаштары өседі. Қазығұрт айнасында қасиетті саналатын орындар аса мол.
Ауданның мақтанышы - Қазығұрт тауы өзінің аңызға толы кереметімен тек қазақтың ғана емес, шығыс халықтарының, тіпті адамзаттың алтын бесігі деуге тұрарлық. Жер бетін топан су қаптағанда Нұх пайғамбардың кемесін әр елдер өзінің қасиетті тауларына, ал қазақтар Қазығұрт тауында қайырлатады. Қазығұрт туралы аңызда өмірге деген ынтықтық, адамзаттың шыққан түбі бір деп ынтымақ пен бірлікке шақыру басым. Қазығұрт асуынан динозавр сүйегінің табылуы өзге де жаратылыстарды зерттеген дүние жүзі ғалымдарының пікіріне сүйенсек, Қазығұрт, Қаратау, Қаржан, Өгем таулары аралығында тіршілік ерте пайда болып, алғашқы адамзат баласы осы маңда тіршілік еткенін мақтанышпен айтуға болады. Асанқайғы бабамыз жырлағандай “Қазығұрт Алланың мейірімі түсіп, шапағатын шашқан тау екен. Нұх пайғамбардың кемесі қалып, бар қасиет бойыңнан табылғандай тау екенсің. Жемісі көп, жері көп, жер төресі мұнда екен, жігіті көп, ері көп, ел төресі мұнда екен”, - деп сүйсінгендей тау. Алыстан қарағанда шөгіп жатқан қос өркешті түйені елестетін Қазығұрт тауының төбесі ойпаң, жазық. Ұзындығы 20, ені 10 шақырымдай, биіктігі теңіз деңгейінен 1768 метр. Онда “Адам Ата шоқысы”, “Пайғамбар тоқтаған”, “Пайғамбардың саусағы”, “Пайғамбар атының су ішкен жері”, “Ғайып ерен, қырық шілтен” сияқты аңыз жетегіндегі орындар бар.
АҚБУРА - Қазығұрт тауының оңтүстік батыс бауырындағы бұлақ атауы. Әулиелі жер. Кезінде Ақбура баба таң намазын Қазығұрттың батыс етегіндегі бұлақ көзінде оқып, қалған екі парызын Түркістандағы Ахмет Ясауи мешітінде жалғастырған екен деген аңыз бар. Бұлақ «Ақбура» аталған. Қазір мұнда кесене орнатылып, маңына зиянат етуге келгендер үшін қосымша құрылыстар салынған.
ҚЫРЫҚ ҚЫЗ - көне тарихи, табиғи ескерткіш. Көп замандардан бері табиғаттың өзі жаратқан киелі ескерткіш болып саналады. Көнеден келе жатқан аңыз-әңгімелерге сүйенсек, бұрынғы жаугершілік заманда жау шапқыншылары елден тысқары Қарабау суына шомылып, алаңсыз серуендеп келе жатқан қырық қызды көріп, соңдарынан қуса керек. Сонда қыздар құдайға «Елімді, жерімді жауға таптатқанша, мына жауды да, бізді де тасқа айналдыр!» - деп жалбарынған екен дейді. Қыздардың тілегі қабыл болып, жау әскері қара тасқа айналады. Ол жер казір қаратас деп аталады. Ал қыздар әсемдене тізілген қайталанбас ескерткішке айналған деседі. «Қырық қыз» деп аталатын мүсіндер Өгем қойнауына түсе беріс жерде - Қазығұрт тауының Шығыс мүйісінің (Орда қонған) оңтүстік шығысында 4-5 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Бір ерекшелік осы тас мүсіндер маңында алшақтау тұрған жеке тас-мүсін бар. Оны жұрт «Күйеу тас» деп атайды. Осыған қарағанда бұл жолы қыздар күйеу жігітті ертіп барып, Қазығұртқа сыйынып келе жатқан болса керек. Олар көз ұшында көрініп тұрған етектегі ауылға жете алмай, тас мүсінге айналған. Ел осы араны қасиетті орынға санап, қастерлеп жүреді.
Өгем тауы – Тянь-Шань тау жүйесінің батысындағы тау жотасы, солтүстік шығыстан оңтүстік батысқа қарай 110 кг-ге созылған, ені 30 км. дейін. Ең биік жері - Сайрола шыңы (4299 м) төменгі қарбандық әктас, құмтас жұныстарынан түзілген. Жер бедері әр түрлі, төменгі шекарасы шалғындық жазықтар. Жазық жайлауларында бұлақ, бастаулары мол. Шымкент қаласынан Шарапхана ауылына дейін 52 км., одан Өгем тауына 73 км.
Өгем тауының биік жоталарын мұздықтар басып жатыр. Өгем жотасының солтүстік мен оңтүстік батысы кіреді. Құмкезең, Жалтыр, Көнекті , Жетіүңгір, Шымырбай, Азартеке , Бақшелпек жоталарынан, ұшқар, Қаржан, Тұрпақбел, Майдантал, асуларынан тұрады. Өгем Талас Алатаумен қилысқан жерінде Ақсу – Жабағалы қорығы орналасқан. Сусінгенкөл, Мақпалкөл, Майдантал, Балдыбірек, Сайрамсу, Сарыайғыр, Айғыржыққан, Өгем өзендері бастау алады. Өгем тауында тарихи мүсіндері Қырық қыз, Қосмола шоқысы, Мешіттас бар. Бұл тарихи мүсіндері әр қайсының ерекшілігіне жаратылысына қарай аңыздары бар. Таудың қоңыр альпілік шалғынды топырағында, тау етегінде әр түрлі дәрілік шөптесіндер, бұта аралас жеміс ағаштары биіктік белдеуінде ( мың-екі мың жылдық) аршаның түрлері субальпі, альпі шалғыны өседі. Өгем тауының климаттық жағдайы ауасы өте таза, жазы –қоңыр салқын, қысы-жылы жұмсақ болып келеді.
Өгем баурайында 6 адамға арналған қонақ үй , бақылау бекеті, демалыс орындары орналасқан Өгем тауына демалуға саяхат жасауға өте қолайлы аймақ.
Өгем бауырында 2 маршрут белгіленіп қолға алынып отыр. Атап айтсақ:
1-маршрут Өгем е.м. Мақпалкөлге 3 күндік атпен саяхат, арақашықтығы 45 км. ( барып қайтуы). Уақыты маусым-қыркүйек айларында. Мақпал көлдің орналасқан жері Өгем тауының 2100 м.н.у.м. биіктігінде орналасқан. Мақпалкөлдің көлемі шамамен 2000 м², тереңдігі шамамен 15 м., суы мөлдір көгілдір түсті, температурасы шілде-тамыз айларында 18 градус жылы болады.
2-маршрут Өгем е.м. Сусінген көлге 3 күндік атпен саяхат, арақашықтығы 331 км. (барып қайтуы). Уақыты маусым-қазан айларында. Сусінген көлдің орналасқан жері Қаржантауының 1700 м.б. биіктігінде оңтүстік беткейінде. Сусінген көлдің көлемі шамамен 3500 м², көл тастың астына сіңіп жатады содан Сусінген көл деп аталады.
Қолданылған әдебиет:
1. ҚР елді мекендерінің тұрғындар саны
2. Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том