Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 19:23, реферат
Соның нәтижесінде «Байзақ ауданының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесі Байзақ ауданы Әкімінің 1999 жылғы 10 ақпандағы № 66 шешімімен ресми ашылуы болды. Бірінші мұрағат директоры болып - Баянова Минаш Жұманқызы тағайындалды Ол 1954 жылдың 15-ші қарашасында Свердлов ауданы Абай атындағы колхозда дүниеге келген. 1972 жылы Михайловка селосындағы Қазақстаннық 40 жылдығы атындағы орта мектепті бітірген соң Жамбыл педагогикалық институтының филология факультетін 1976 жылы бітірді. 1976-1977 жылдары Ровное орта мектебінде орыс тілі пәнінен мұғалім болып жұмыс істеді.
Байзақ ауданының мемлекеттік мұрағаты
Соның нәтижесінде «Байзақ ауданының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесі Байзақ ауданы Әкімінің 1999 жылғы 10 ақпандағы № 66 шешімімен ресми ашылуы болды. Бірінші мұрағат директоры болып - Баянова Минаш Жұманқызы тағайындалды Ол 1954 жылдың 15-ші қарашасында Свердлов ауданы Абай атындағы колхозда дүниеге келген. 1972 жылы Михайловка селосындағы Қазақстаннық 40 жылдығы атындағы орта мектепті бітірген соң Жамбыл педагогикалық институтының филология факультетін 1976 жылы бітірді. 1976-1977 жылдары Ровное орта мектебінде орыс тілі пәнінен мұғалім болып жұмыс істеді.
1978 жылдың қаңтар айынан 1982 жылдың қаңтар айына дейін Свердлов аудандық атқару комитетінде ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы болды. 1982 жылдан 1990 жылға дейін Аудандық партия қызметінде идеология бөлімінің нұсқаушысы, одан соң 1990 жылдан 1994 жылға дейін аудан Әкімшілігінің аппаратында бас маман, 1994-1999 жылға дейін жалпы бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды.
1999 жылдың наурыз айынан жаңадан ашылған аудандық мұрағатқа директор болып тағайындалып, бүгінгі күнге дейін жұмыс істеп келеді. Осы жылдар аралығында ауданның барлық қоғамдық жұмыстарына белсене араласуда. Қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуына өз үлесін қосуда. Жұмысына аса жауапкершілікпен қарап өзгелерден де сапа талап ете біледі.
2006 жылы «Отан» Республикалық саяси партиясының саяси кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған.
2008 жылы аудан Әкімінің алғыс хатына және облыс Әкімінің алғыс хатына ие болды.
2009 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі ақпарат және мұрағат комитетінің құрмет грамотасымен марапатталған.
2010 жылы аудан Әкімінің және аудандық маслихаттың құрмет грамотасымен марапатталған.
Содан бергі 13 жыл ішінде аудандық мұрағатта көптеген игі істер атқарылды.
2005 жылы берілген мұрағаттың ғимараты күрделі жөндеуден өтіп сыртқы келбеті айшықтала түсті. Құжаттық құндылықтарды сақтауға арналған ғимараттың көлемі 231.90 кв.м. Бұл жерде : климат-бақылау, өрт дабылнамасы мен газды өрт сөндіру жабдықтары және ғимаратқа рұқсатпен кіру жүйесі және т.б. қарастырылған. Әрине өткен іс-бүгінгі тарих «Өткенді еске сақтамаған , бұрынғыны қайталауға мәжбүр» - деген екен бағзы заманның пәлсафасышы Сантаяна. Олай болса өткен істен келешек қоғам тағлым аларлық тарихи құжаттарды сақтау ісіндеде біздің Байзақ аудандық мемлекеттік мұрағат ұжымы біршама жұмыстарды жүзеге асырды.
Осы 13 жыл ішінде аудан аумағындағы бұрынғы колхоз-совхоз, мекеме, ұйымдарынан түскен 19768 бірлікті құраған құжаттар бойынша 113 қор ашылып, бүгінде аудан тұрғындарының игілігіне жарап отыр, оның ішінде: басқару құжаттары - 5863, жеке құрам құжаттары - 13659, жеке (тектік) қор-64, фотоқұжаттар - 12.
Мемлекеттік мұрағаттың, осы күнгі өмірден алынатын, негізгі басымдылықтары, арнайы әзірленген, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2006 жылғы 27 қазандағы № 279 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының концепциясында көрсетілген. Оның ережелері мұрағат ісі мен құжаттама саласындағы заңнамаларға, сонымен қатар алдыңғы қатарлы шетел мұрағаттары жұмыстарының тәжірибесіне негізделген және Қазақстан Республикасының әлемнің неғұрлым бәсекеге қабілетті 50 елдердің қатарына кіру стратегиясына сәйкес келеді.
Бірінші және негізгі міндет – республиканың тәуелсіздік пен егемендік кезеңіндегі орталық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құжаттарын іріктеу және сақтауға алу. Шарт жасау негізінде мемлекеттік емес заңды тұлғалардың, үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың, елдегі мәдениет саласының қайраткерлерінің, қоғамдық және мемлекеттік қайраткерлердің құжаттарын қабылдау жүргізіледі. Тәуелсіздік кезеңнен бері мұрағат ісінің нормативтік, құқықтық және ғылыми-әдістемелік базасын құру арқылы, дәстүрлі және технологиялар негізінде мұрағаттық ақпаратқа қол жетімділік қамтамасыз етілген, ол Байзақ ауданының мұрағатында сақтауда жатқан мұрағат қорларына азаматтардың еркін қол жеткізу құқығын іске асыруға максималды мүмкін жағдайдың жасалғаны туралы айтуға негіз болады. Соңғы кездері біз Қазақстан азаматтарының өз елінің тарихына, аймақтардың тарихына және көрнекті тұлғалардың тағдырына қызығушылық танытып жатқандығын байқаймыз.
Келешек ұрпақты отаншылдық пен патриотизмге тәрбиелеуде мұрағатқа қабылданған жеке азаматтардың құжаттары үлкен себебін тигізуде. Мәселен Қазақстан журналистер Одағының мүшелері, аудан мен республика көлемінде танымал болып жүрген жерлес ақындарымыз Айтқұл Мамытқұлұлы және Қайыпназар Шотбасовтың және т.б. жеке адамның қалыптасу (жеке тектік қорлар) қорлары аса құнды құжаттар қатарында. Бұл жұмыс әрі қарай жалғастырылады. ҚР Ұлттық мұрағат жинақтау көздері болып табылатын ұйымдардың тізімдерін қалыптастыру және толықтыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Бұл тізімге кіргені барлығы 57 ұйымдар, оның ішінде: 51 мемлекеттік, 6 мемлекеттік емес ұйымдар. Байзақ аудандық мұрағаты мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардан, жеке және заңды тұлғалардан, Қазақстан Республикасының және шетел мемлекеттерінің азаматтарынан түсетін сұраныстарды орындау бойынша жұмыс жүргізеді. Жұмыс көлеміне қарай жауапкершілік пен қиындылығына қарай, ол мұрағат бағыттарының ең бастыларының бірі болып табылады.
Осылайша жоғарыда айтып өткендер, мұрағат тек құжаттардың қоймасы емес, сонымен бірге әдістемелік, ғылыми, мәдени, тарихи орталық деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді, оны мұрағат ақпаратын пайдаланушылардың санының әр түрлігі куәландырады.
Мемлекеттік мұрағаттар тарихи-мәдени және ғылыми-ағарту мекемесі ретінде барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдармен бірге ынтымақтастықта болу үшін құрылды деп айтуға болады.
2.«Байзақ ауданының
1. Усубалиева Алия Аменовна – бағдарламашы – программист.
Міндеті: Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын ведомстволық сақтау, жеке құрам бойынша, іс жүргізудегі құжаттарды ұйымдастыру мәселелері бойынша мекемелер мен ұйымдарға әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді. Істер номенклатурасын мақұлдау, келісу процесін жүргізеді. Жеке және заңды тұлғалардың сұранымдарын орындайды. Жұмыстарға пікірсарап жазады және оларды талқылауға қатысады.
2. Усенова Эльвира Жақсылыковна – мұрағатшы.
Міндеті: Ведомостволық мұрағаттар құжаттары құндылығына сараптау жүргізеді, олармен мұрағат қорын толықтыруды қамтамасыз етеді. Мұрағаттық қорлар мен құжаттардың мемлекеттік есебін жүзеге асырады. Мұрағаттық қорлар мен құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдайды. Құжаттардың толықтығын, физикалық жай-күйін тексеру, тізімдеме жасап, оларды СТК-нан өткізеді..
3. Тамеева Қарлығаш Құдайбергеновна – қор сақтаушы.
Міндеті: Мемлекеттік сақтауға мұрағаттық қорлар мен құжаттарды қабылдайды. Мұрағат қоймасында мұрағаттық қорлар мен құжаттарды оңтайлы орналастыруды, оларды есепке алуды және сақтауды қамтамасыз етеді. Уақытша пайдалануға істер беруді ұйымдастырады және олардың мұрағат қоймасына қайтарылуын бақылайды.
3. Байзақ ауданының мемлекеттік мұрағатында 1999 жылдың 15-ші наурызынан бастап бүгінгі күнге дейін директор болып Баянова Минаш Жуманқызы., ал бас есепші 2009 жылдан бастап Жаназарова Гульмира Мұратқызы жұмыс атқарады.
4. Байзақ ауданының мемлекеттік мұрағаты ғимаратының ішінде қабылдау кестесі жасалынып тұр. Азаматтарды қабылдау сол кесте бойынша ұйымдастырылады. Қабылдау күнделікті сағат 9-00 ден 18-00 дейін (сенбі, жексенбіден басқа) жүргізіледі.
тел/факс 87263721759
ШУ АУДАНЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫ» ММ
КСРО Министрлер Кеңнңсінің 1963 жылғы 25 шілдедегі № 829 қаулысымен Шу филиалы құрылды.
Жамбыл облыстық архивінің Шу филиалы 1963 жылдың тамызынан 1971 жылғы шілде айы аралықтарында Мерке, Қордай, Шу, Мойынқұм, Луговой аудандары мен Шу қаласының құжаттарын мемлекеттік сақтауға өткізетін барлық мекеме ұйымдарды қамтыды.
Жамбыл облысы Әкімінің 1997 жылғы 8 сәуірдегі № 375 шешімімен және облыстық архивтің 1997 жылғы 31 шілдедегі № 31-П бұйрығымен Шу аудандық архивінің құрамына қосылды.
Басқарған басшылар
Аудандық мұрағаттың тарихы
Жамбыл облысы Шу ауданының ведомствоаралық шаруашылық есептегі жеке құрам жөніндегі мемлекеттік архиві халық депутаттары Шу аудандық Советі атқару комитетінің № 177 шешімімен 1989 жылы 8 маусымда құрылды.
Халық депутаттары Жамбыл облыстық Кеңесінің 1985 жылғы 22 тамызындағы № 287 шешімімен, Шу ауданы атқару комитетінің 1991 жылғы 30 мамырындағы № 289 шешімімен Шу аудандық мемлекеттік архиві болып аты ауыстырылды.
Жамбыл облысы Әкімінің 1999 жылғы 20 желтоқсанындағы № 1057 шешімімен «Шу ауданының Мемлекеттік мұрағаты» Мемлекеттік мекемесі болып ауыстырылды. «Шу ауданының мемлекеттік мұрағаты» Мемлекеттік мекемесі Жамбыл облысы әкімиятының мұрағаттар және құжаттама басқармасының 07.06.2008 жылғы №13-Ө бұйрығымен бекітілген.
Құрылған уақыттан қазіргі уақытқа дейінгі аудандық мұрағаттың директорлары:
Қазіргі уақытта мұрағат қоймаларының саны, ғимараттын алаңы, қойма алаңының шаршы метрі:
Ғимараттың алаңы 531,51 шаршы метр, қойма алаңы 228,45 шаршы метр және қоймалардың саны 12 бөлме.
Аудандық мұрағат қоры құжаттарының құрамы, көлемі туралы мәліметтер.
Мұрағат қорында барлығы 110675 сақтау бірлігі бар. (01.01.2011 ж.)
Қор саны – 351
Оның ішінде:
1.Шу ауданының құжаттары:
Басқару құжаттамасы – 75655 сақтау бірлігі.
Жеке құрам жөніндегі құжаттар – 34557 сақтау бірлігі.
Жеке тектік қор құжаттары –
174 сақтау бірлігі.
2. Қордай ауданының басқару құжаттары 1928-1986 жылдардағы:
17622 сақтау бірлігі.
3. Красногор ауданының басқару құжаттары 1931-1993 жылдардағы:
8732 сақтау бірлігі.
4. Мойынқұм ауданының басқару құжаттары 1943-1994 жылдардағы:
12993 сақтау бірлігі.
5. Көктерек ауданының басқару құжаттары 1939-1963 жылдардағы:
Шу ауданының Мемлекеттік мұрағатының құрылымы
Т.А.Ә.
Расилов Елдос Тамашаевич 27.03.1969 директор
Ниязбеков Досан Каналбаевич 29.07.1982 Бас.бухгалтер
Жамашев Рахман Кожагаппанович 25.11.1950 Жоғарғы дәрежелі мұрағатшы
Сатаева Саулекуль Беккожаевна 29.01.1956 1-дәрежелі мұрағатшы
Кубенова Акшолпан Нагызбековна 18.01.1983 2-дәрежелі мұрағатшы
Аханов Бахытжан Рахметаллиевич 03.12.1982 мұрағатшы
Чукеева Айнур Исаевна 06.04.1983 мұрағатшы
Абиева Айнур Кобейкуловна 09.04.1986 Бағдарламашы-мұрағатшы
Алипбаев Дастан Медельбаевич 15.07.1983 Қор сақтаушы
Азаматтарды қабылдау кестесі:
Дүйсенбі: 09-00 – 18-00
Сейсенбі: 09-00 – 18-00
Сәрсенбі: 09-00 – 18-00
Бейсенбі: 09-00 – 18-00
Жұма: 09-00 – 18-00
Түскі үзіліс: 13-00 тен 14-00
Демалыс күндері: сенбі – жексенбі
Мекен-жайы: Жамбыл обласы, Шу ауданы, Шу қаласы, Абылайхан көшесі,10
Байланыс телефоны: 8 (72643) 2-16-63
Индекс:081129
Электронды пошта: arhivshu@mail.ru
Т.Рысқұлов ауданының мемлекеттік мұрағатының тарихы
Т.Рысқұлов ауданының мемлекеттік мұрағатының тарихы
Жамбыл облыстық халық депутаттары Кеңесі атқарушы комитетінің 1985 жылғы 22 тамыздағы № 287 шешімін және 1991 жылғы 2 қаңтардағы бекітілген кестеге сәйкес Луговой аудандық атқару комитеті халық депутаттары Кеңесі жанынан шаруашылық есептегі жеке құрамдағы мұрағат құрылды.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 04.10.2004 жылғы №1022 «Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқармалардың үлгілік құрылымын бекіту туралы» қаулысын және облыс әкімінің 29.12.2004 жылғы №344 «Облыс әкімінің кейбір мемлекеттік мекемелерінің атауын өзгерту туралы» қаулысын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының «Бюджет кодексі» туралы Заңына сәйкес 31.01.2005 жылдан бастап аудандық мемлекеттік мұрағаттар облыстық бюджеттен қаржылануына енді.
Т.Рысқұлов ауданының мемлекеттік
мұрағатының басшысы
«Т.Рысқұлов ауданының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесінің басшысы – директор Алипбаева Райхан Оршыбековна.
Алипбаева Райхан Оршыбековна 20 қазан 1956 жылы Жамбыл облысы, Мойынкұм ауданы,Қызыл-ту ауылында дүниеге келген. 1974 жылы орта мектепті бітіріп,Жамбыл зооветеринарлық техникумының бухгалтерлік есеп факултетіне түсіп, 1976 жылы бітіріп шықты.
1978 жылдан 1995 жылға дейін Луговой ауданының тұтынушылар одағы мекемесінің есепшісі қызметінде жұмыс жасады.