Баланың бас ұстазы - ата – анасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 08:55, реферат

Описание работы

Мақсаты: ата- аналардың мектептен тұрақты қарым –қатынасын қалыптастыру; мектептен қарым –қатынастың тиімді модельдерін іздестіру; балалар өмірінде ата-аналардың рөлі туралы мағлұмат бере отырып пікіралмасу, балалардың дүниетанымын , қабілетін, дарынын дамыта отырып білімді, салауатты ұрпақ тәрбиелеуде жанұяның рөлін дамыту.
Көрнекілігі: сызбалар, нақыл сөздер, мониторингтер.
Жиналысқа қатысушылар: ата- аналар, пән мұғалімдері, сынып жетекшілер, мектеп әкімшілігі.
Өткізу әдісі: дөңгелек устел.

Файлы: 1 файл

Баланың бас ұстазы.docx

— 22.74 Кб (Скачать файл)

              Баланың  бас ұстазы - ата – анасы

Мақсаты: ата- аналардың мектептен тұрақты қарым –қатынасын  қалыптастыру; мектептен қарым –қатынастың  тиімді модельдерін  іздестіру; балалар өмірінде ата-аналардың  рөлі туралы мағлұмат бере  отырып пікіралмасу, балалардың  дүниетанымын , қабілетін, дарынын дамыта  отырып  білімді, салауатты  ұрпақ  тәрбиелеуде  жанұяның  рөлін дамыту.

Көрнекілігі: сызбалар, нақыл сөздер, мониторингтер.

Жиналысқа қатысушылар: ата- аналар, пән мұғалімдері, сынып жетекшілер, мектеп әкімшілігі.

Өткізу әдісі: дөңгелек устел.

Түрі: еркін микрофон.

Жоспары

1.Кіріспе сөз. « Баланың бас ұстазы – ата- анасы».

2. Ой- толғаныс

1. Бала  тәрбиесі туралы нақыл сөздер мен мақал – мәтелдер туралы өз ойларын айту.

2. Оқушылардың құттыктауы.

3.Сұхбат  бөлімі. « Пікірталастан  шындық  туады, шындық  кірлеген  ойды жуады».

1.Жұмбақ  кейіпкердің  әңгімесін тыңдау , сұрақтар қою, пікір  айту.

2.Ата-ана туралы  жазған  оқушы  шығармаларын  тыңдау.

3.Ойландырған  сұрақтар.

4.Ата-аналардың  құрықтарымен, міндеттерімен танысу, оқушы  ережесі туралы әңгімелесу.

Жағдаяттарды шешу.

5. Жаңа оқу жылына ата- аналар  комит етін сайлау.

                                                       

 

 

 

                                                    Барысы.

Отбасы адамзат бесігін  тербеткен  ұя  болса, баланың  бас ұстазы -ата – ана. «Балапан  ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген  ата – бабаларымыздан  қалған асыл  сөздің  сырын аңғарға білейік.  Ата –анаға баладан жақсы ешкім жоқ. Сондықтан қай ата –ана болсын баласының білімді, әдепті болуын армандайды. Ал бар тәрбиеміздің көзі - ата- бабаларымыздан  қалған асыл да дана сөздер, яғни небір кереметтің  барлығы айтылған  нақыл сөздер мен мақал- мәтелдерде екені сөзсіз. Сондықтан да бүгінгі жиынымыздың алғашқы бөлімінде айтылар әңгімеміз де осы төңіректе болмақ.

2.Ой- толғаныс.

1.Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы.

2.бала әкеден ақыл, анадан мейір алады.

3.Балапан қыран болу үшін  оны  самғатып ұшыратын  ата немесе әке де қыран  болуы керек.

4.Баланы 5 жасқа дейін патшадай күт, 10 жасқа дейін құлдай жұмса , 15  жастан асқан соң досыңдай  сырлас .

3. « Пікірталастан шындық туады, шындық кірлеген ойды жуады».

             Ата-ана                                                                         Оқушы

                                                        Мұғалім

Құрметті ата-аналар! Осы көрсетілген сызбанұсқада оұушы –мұғалім -ата-ана байланысының дұрыс қалыптаспағаны үзік  сызықтардан  көрініп тұр. Сондықтан да осы мәселе  төңірегінде  дөңгелек  үстел  басында ата- аналарымызды қатыстыра отырып ой бөліссек дейміз.

Бірінші кезекте ата-ана   мен бала  арасында үзік  сызықтың  пайда болу  себептеріне  тоқталып  көрейік.

Сұрақ. Баласын сүймейтін ата-ана бола ма? Әрине  болмайды. Бірақ ата-анасын сүймейтін бала  болуы мүмкін . Бұған ата-анасын өзіміз  кінәлі  емеспіз бе?

Ата – ананың балаға деген махаббаты  2 түрлі болады.

1.Саналы махаббат.

2.санасыз махаббат.

Санасыз  махаббат мынадай  түрде  болады. Инстингтік махаббат: бұл  хайуандардағы  тәрізді. Қатыгез  махаббат :  ұрып соғып  тәрбиелеу. Сатулы  махаббат : жақсы  көргенін  ақшаға  сатып  алу арқылы  білдіреді . Осындай  түрдегі ата-ананың  балаға  деген махаббаты  арқылы  баланың  болашақта  дұрыс  тәрбие  алмайтыны  дәлелденген.

Ендеше  бүгінгі бала  тәрбиесі  туралы  пікірталасымызды әрі  қарай  қозғау  үшін  жұмбақ  кейіпкердің  әңгімесін  тыңдайық.

Жұмбақ кейіпкер: Менің  баламның бастауыш  сыныпта оқу  үлгерімі  өте  жақсы еді. Мұғалімдер  мақтағанда төбем  көкке  бір  - ақ  елі жетпей  қалушы  еді . Оның алып  келген 5 –тік  бағаларына  ақша  беріп  отырдым .  Елден ерекше  киіндірдім,  өйткені  ол  менің  жалғыз  ұлым елі. Өсе келе ол мектепте соңғы   сабақтардан  қашып кететін болды. Күнде ақша  сұрайтын  болды.  Неге  керегін  сұрасам, «  Мектепте мереке күніне»немесе « Туған күнге  баруым керек , сол үшін» дейді . Бір күні  сынып жетекшісі уйге келіп, баламның  мектептегі  өрескел  қылықтары туралы а йтты. Бұл  жайды  әкесіне айттым .  Әкесі  қатал  кісі еді.  Баламды ұрды, ұрысты. Бірақ соңғы кезде балам маған өкпелі сияқты.  Бұрынғыдай  еркелемейді, ашылып әңгіме айтпайды. Мектепке  барғысы келмейді. Мен түсінбедім. Маған қандай  ақыл айтасыздар?

Сұрақ

Сіз бұған кімді  кінәлайсыз?

Балаңыздың  достары  қандай балалар?

Психолог қорытындысы

Ата – ана туралы жазған оқушы  шығармаларын тыңдау.

Зерттеудің қорытындысы.

9-10-11-сыныптар арасында оқушылар мен ата- аналардың қарым- қатынасын анықтау үшін  анкета  сұрақтарын  беру  арқылы қадағалап отырдым.

Сауалнамаға қатысқан оқушылардың  саны :86

Сұрақ .

Сіз ата-анаңыздың қандай  қасиетін  қалар едіңіз?

 

1.Ата-аналарымыздың  бізді   жақсылыққа , адамгершілікке , еңбексүйгіштікке, үлкенді сыйлауға , кішіге көмек көрсетуге , ақылды болуға  тәрбиелегенін қалар едім.65%

2.Ата –анамыздың  өтірік  айтпағандығын , өз сөзіне сенімді болғандығын қалар едім35%

Сұрақ .

Ата – анаңыздың  жиі  оқы, тентек болма, өтірік айтпа, таза жүр, ешкімнің  еңбегін жеме, адал бол.74%

Сұрақ.

3.Ата-анаңыздың қандай жаман  қылықтары ұнамайды?

Арақ  ішкені, шылым шеккені, карта  ойнағаны, үйде болмауы.71%

Ұрсуы,ұрғаны.17%

Сабырсыздығы, шыдамсыздығы, ашуланшақтығы.12%

Осы анкета сұрақтарын қорыта келе ата-аналарымыздың  көпшілігі өз бойларындағы  қасиеттерін  көрсете  алмағандығын  байқап отырмыз. Оқушыларды біржақты  тәрбиелегендігі көрініп тұр. Сондықтан  әке де ,  шеше де  балаларының  жан дүниесін  үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді  жете білгені жөн. Балалармен  әңгімелескен  кезде олардың  пікірлерімен санасып  отырған орынды. Әке мен шеше  ұл –қызымен  ұй шаруасында әңгімелесіп ой бөлісуге болады. Баланың бойында барлық жақсы қасиеттерді дарыту , тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны  юолса дамыту , дұрыс білім алуына жағдай  жасау – ата – ананың  басты парызы.

Ойландырған сұрақтар.

Біздің халқымыз ер – азаматты « Шаңырақ иесі» десе,  әйел ананы «Отбасының  алтын қазығы» дейді. « Халық айтса. Қалт айтпайды» дегендей ерлі –зайыптыларға осы бір тамаша  теңеулер  тереңнен  толғанып, өмір  тәжірибесін алынған болса керек .  ер азамат  шаңырақ тірегі екені дәлелдеуді қажет етпейді.  Ал отбасын шашау шығармай , бәрін де белгілі бір тәртіпке салып , тура жолдан тайдырмай ұстап отыратын  әйел-ананы  алтын қазыққа  теңеу де  дәл басып айтылған  сөз екенін  күделікті тұрмыста  көріп жүрміз. Демек отбасының  ұйтұысы мықты  болса, шаңырақ  шайқалмай , түтіні де түзу  шығады.

Олай болса,  құрметті ата-аналар , біздің  әйел адамдарымыз , яғни  аналарымыздың  бойынан осындай қасиеттер  үнемі  табыла бере ме? Осы  мәселе  бойынша  мына сұрақ  төңірегінде  ой бөлісіп  көрейік.

Сұрақ.

Отбасындағы  әйел-ана қандай  болуы керек  деп ойлайсыз?

Бала  тәрбиесінің  ең үлкен  мектебі- әке мен шешенің бір –бірімен  қарым –қатынасы. Біз ата-аналар  осы мәселеде  қателіктер  жіберіп  жүрген жоқпыз ба?

Жанұядағы  адамдардың бір –бірімен  қарым-қатынасының  бала тәрбиесіне  әсері  бар ма?

4.Ата – аналардың құқықтарымен , міндеттерімен танысу, оқушы ережесі туралы әңгімелесу.

Баланы білім  шыңына  көтеру  үшін ата-ана мен мұғалім  бірлесе қолдау көрсете жұмылғанда  ғана  еңбектері  күткен  нәтижеге  қол жетері хақ. Сондықтан  да ендігі  кезекте ата-ана мен  мұғалім  арасындағы байланысты қалай нығайтамыз?

Ол үшін алдымен ата-аналардың  құқықтары мен міндеттері , оқушы ережесін еске түсіріп  өтейік .

Сұрақ .

1.Оқушының білім  алуын  қалай  ұйымдастырып  жүрсіз?

2.Дарынды дамыту  үшін  қалай  жұмыстанасыз

Жағдаяттар.Құрметті ата-аналар, сіздерге  бала тәрбиесінде емтихан  күнделікті әр сағатта, жыл бойы  кездеседі. Сондықтан кейбір кездесетін  жағдаяттары  қалай  шешесіздер, соны  білгім келеді. 

1.Сіз уйде  тығыз  бір  жұмыс істеп жатырсыз. Балаңыз өзіне аударғанын  қалайды.Сіз не істер  едіңіз?

2.Қызыңыз немесе ұлыңыз  сіздің алғашқы махаббатыңыз  туралы білгісі келеді. Сіз не істер едіңіз?

3.Сіз  балаңыздың  темекі тартқанын  байқап қалдыңыз. Не істер  едіңіз. Өзіңіз темекі  тартар ма едіңіз?

4. Бүгін балаңыздың  сыныптасының  туған күні  еді. Соған оқушылар  жиналып,  ауылдан ұзақтау жерге табиғатқа шықпақшы болды.                            Сіздің  ұлыңыз машинамен  алып шықпақшы болып  сыныптастарына  уәде беріп кетті Сізге  осы жағдайды айтып машинаңызды беруді сұрады. Сіз  не істер  едіңіз?

5.Телефон шырылдайды. Анасы немесе  әкесі  баласына « Мені жоқ  дей салшы» деді. Теріс  тәрбие  беріп тұрған жоқсыз ба?

6.Сіздің  жанұяңызда  үлкен анаңыз  бар. Ол  кісімен сіздер үнемі  келіспей  қаласыздар . Сондықтан  да жанұяда үнемі  ұрыс-керіс   туындайды. Үлкен кісіге қатты- қатты сөздер айтасыздар. Бұл бала тәрбиесіне  әсер етеді деп ойлайсыз ба?

5.Жаңа  оқу  жылына  ата-аналар  комитетін  сайлау.

Қаулы алу.

Сонымен  құрметті  ата-аналар,  бүгінгі  кезекті  жиналысымызда  мектеп пен отбасының  ынтымағын  арттыра  отырып, баланы  қалай  азамат  етіп  тәрбиелейміз деген  мәселені  шешуге  тырыстық. Бірлесе  отырып  осындай  тығырықтан  шығудың  жолын іздедік . Сондықтан  да бұған  әрі  де осы  істерімізді  аяқсыз  қалдырмай ,  дәстүрге  айналдырамыз  деп  ойлаймын.  Балаларымыздың  жарқын  болашағының  мәнді  болуына  атсалысайық.     Ұл-қыздарымыздың  саналы тәрбие  мен нақтылы  білім  алуларына  күш салайық. Ұлағатты ата-әже , асқар  таудай әке,парасатты ана  бола білейік. «Ел болу үшін бесігіңді түзе» деген,  ел сенімін ақтап , ата даңқын  шығарар, тәуелсіз  еліміздің болашағын  алға апарар  білімді, парасатты ұрпақ тәрбиелеу ұлы парызымыз  деп білейік.


Информация о работе Баланың бас ұстазы - ата – анасы