Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2015 в 20:00, реферат
Соғыстың ауқымы. Екінші дүниежүзілік соғыс — адамзат тарихындағы ең ірі жанжал, ең ірі шиеленіс. Соғысқа Жер жүзі халқының 80%-ын құрайтын 61 мемлекет қатысты. Соғыс әрекеттері Еуразия, Африка, Мұхит аралдары елдерін және барлық мұхиттар алабын қамтыды. Соғысқа қатысқан елдердің армияларында 110 млн адам есепте болды. Екінші дүниежүзілік соғыс 6 жылға созылды. Бұл соғыс ең қырғын соғыстардың қатарында. Соғыс жылдарындағы адам шығындарының саны шамамен — 65—67 млн-ға жеткен. Олардың тең жартысы азаматтық тұрғындар (әскерде жоқтар) болатын.
ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ БАСТАЛУЫ.
ГЕРМАНИЯНЫҢ КСРО-ҒА ШАБУЫЛЫ. ТЫНЫҚ МҰХИТ СОҒЫСЫ
Соғыстың ауқымы. Екінші дүниежүзілік соғыс — адамзат тарихындағы ең ірі жанжал, ең ірі шиеленіс. Соғысқа Жер жүзі халқының 80%-ын құрайтын 61 мемлекет қатысты. Соғыс әрекеттері Еуразия, Африка, Мұхит аралдары елдерін және барлық мұхиттар алабын қамтыды. Соғысқа қатысқан елдердің армияларында 110 млн адам есепте болды. Екінші дүниежүзілік соғыс 6 жылға созылды. Бұл соғыс ең қырғын соғыстардың қатарында. Соғыс жылдарындағы адам шығындарының саны шамамен — 65—67 млн-ға жеткен. Олардың тең жартысы азаматтық тұрғындар (әскерде жоқтар) болатын.
Соғыс жылдарында аса зор материалдық байлықтар және құнды тарихи мәдениет ескерткіштері қиратылды.
Соғыс қимылдарының сипаты. Екінші дүниежүзілік соғыс Бірінші дүниежүзілік соғысқа қарағанда өзінің жылжымалы қимыл әрекеттерімен сипатталды. Егерде Бірінші дүниежүзілік соғыс көбінесе позициялық, қорғаныс түрінде сипатталса, Екінші дүниежүзілік сорыс өзінің жылдамдығымен, кең географиялық аумағымен ерекшеленді. Танктердің, ұшақтардың, қаруланған әскер топтарының кең шабуылдары соғыс пәрменділігін арттырды. Соғыстың соңында мүлдем жаңа соғыс құралдары—зымыран және сутектік қару түрлері пайда болды. Екінші дүниежүзілік соғыстың шығу себептері, бір топ соғысқұмар мемлекеттердің әлемді қайта бөлісу әрекеттерімен байланысты болды.
Соғыс кезеңдері. Екінші дүниежүзілік соғыстың барысын үш үлкен кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезеңі — 1939 жылдың 1 қыркүйегінен — 1942 жылдың шілдесіне дейін. Бұл кезеңде соғыс ауқымы барынша кеңейіп, басқыншылардың соғыс әрекеттері басымырақ болып, сәттілгімен көзге түсті.
Екінші кезеңі—1942 жылдың маусымынан —1944 жылдың қаңтары. Бұл кезеңде антигитлерлік одақтағы елдердің басымдылығы айқындалып, соғыс қимылдары басқыншы елдердің шекарасына жақындады.
Үшінші кезеңі— 1944 жылдың қаңтарынан — 1945 жылдың 2 қыркүйегіне дейін. Бұл кезеңде антигитлерлік коалициядағы елдер басымдықпен жеңіске жетіп, басқыншылар тізе бүкті.
Германияның Польшаға шабуылы. Польшаға шабуыл жасаудың «Вайс» атты жоспары 1939 жылдың көктемінде дайындалды. Халықаралық қоғамдастықты және Германия халқын алдау мақсатында немістердің құпия бөлімшелері Германия—Польша шекараларында арандатушылық әрекеттерін жасады. Тамыздың соңында Глевиц шекаралық қаласында «поляк әскерлеріне» қастандық жасалғандай болды, бірақ бұл іс жүзінде арнайы герман қызметі дайындаған арандатушылық іс-қимылдар болатын.
Поляк әскерлері бірнеше соққы беруден кейін Германия және Шығыс Пруссия аумағынан бөлініп тасталды, айтарлықтай қарсылық көрсеткеніне қарамастан, барлык майданда шегінуге мәжбүр болды, себебі, әуеде неміс авиациясының күші басым еді.
1939 жылы 3 қыркүйекте Германияға
қойылған ультиматум мерзімі
аяқталғаннан кейін
1939 жылы 17 қыркүйекте Кеңес
әскерлері алдын ала
1940 жылдың көктеміне дейін
батыс майданда әскери іс-
Кенес Одағы «Риббентроп-Молотов» пактісіне сәйкес мүдделерді шектеу жоспарын жүзеге асырды және Прибалтика елдері — Латвиядан, Эстониядан, Литвадан өзара көмек туралы шартқа қол қоюды талап етті, оған 1939 жылы қол қойылды. Осы елдердің аумағына Қызыл Армияның бөлімдері енгізілді.
КСРО-ның Финляндияға қарсы басқыншылығы. 1939 жылы 30 карашада Кеңес Одағы кеңес-фин шекарасын көшіру туралы келісімді бір жақты негізде бұзып, арандату нәтижесінде Финляндияға қарсы соғыс қимылдарын бастады. Осылай кеңес-фин соғысы басталды.
1940 жылы 12 наурызда
КСРО мен Финляндия арасында
бейбітшілік шартына қол
Батыс майдандағы жағдай. Батыстағы «Оғаш соғыс» кезеңі 1940 жылы 9 сәуірде неміс-фашист әскерлер Дания мен Норвегияға басып кіргенде аяқталды. Дания ешқандай қарсылық көрсетпеді. Норвегия Франция мен Англиядан көмек сұрады және Германияға айтарлықтай қарсылық көрсетті.
1940 жылы 10 мамырда неміс-фашист
әскерлері соғыс жарияламастан
Бельгияны, Голландияны, Люксембургті
басып алды және олардың
Неміс-фашист әскерлері «Қауырт соғыс» («блиц-криг») жоспарын жүзеге асыру арқылы ағылшын-француз әскерлерінің шебін бұзып өтті және екі бағытта Парижге және Ла-Манш жағалауына қарай шабуыл жасай бастады.
Ла-Манш жағалауына шыққан кезде ағылшын-француз әскерлерінің бірталай күші Дюнкерк маңайында қоршауға түсті, олар жартылай британ аралдарына көшірілді, ал жарты бөлігі әскери техникасымен және оқ-дәрілерімен тұтқынға алынды. Осылай Франция жеңіліске ұшырады, 1940 жылы 22 маусымда Компьен орманында Франция мен Германия арасында бітімге келу туралы шартқа қол қойылды, ол Францияны құлдық жағдайға мәжбүр етті.
Ұлыбритания Франция тізе бүккеннен кейін өте қиын жағдайда қалды. Ол фашистік Германияның шабуылына жалғыз өзі тойтарыс берді. 1940 жылы мамырда У.Черчилльдің басшылығымен әскери кабинет құрылып, онда ол Ұлыбритания халқын шапқыңшылыққа тойтарыс беру үшін жұмылдырды.
Герман әуе күштері «Теңіз арыстаны» операциясын дайындау мақсатында Ұлыбританияны үздіксіз бомбалады.
Африка мен Балқандағы соғыс. 1940 жылы маусымда Германияның одақтасы Италия Африкадағы ағылшын отарларына иелік етуге әрекет жасады. Итальян әскерлері Британдық Сомалиді, Кения мен Суданның бір бөлігін басып алды, Суәц каналына иелік ету мақсатында Ливия аумағы арқылы Египетке басып кірді. Бірақ та 1940 жылдың 9 желтоксанында жасалған шабуылдар салдарынан ағылшын-итальян әскерлері Египеттен, одан әрі 1940 жылы мамыр айына дейін Сомалиден, Кениядан, Суданнан, Эритреядан шегінуге мәжбүр болды, 1941 жылы 18 мамырда итальян армиясының қалғаны Эфиопияда тізе бүкті. Үш шапқыншы мемлекет Жапония, Италия, Германия «Болат пакт» деп аталатын әскери-саяси одақ құрды. Олар дүние жүзіндегі өздерінің мүдделерін белгіледі және бір-біріне әскери құралдарды қоса алғанда, барлық құралдармен көмектесуге міндет алды.
Осы уақытта басқыншыларға қарсы мемлекеттер коалициясы құрылды. 1940 жылы 2 қыркүйекте ағылшын-американ шартына қол қойылды, шарт бойынша АҚШ Ұлыбританияға 50 эсминеці берді.
Италия 1940 жылы 28 қазанда Германияға хабарламастан Грекияға шабуыл жасады, бірақ грек халқы оларға лайықты қарсылық көрсетті және итальян әскерлерін 1939 жылы сәуірде Италия басып алған Албания аумағына шегіндіріп тастады.
Германия алғашында Румыния мен Венгрия арасындағы дауға мән бермеді, кейіннен төреші болып, оны Венгрияның пайдасына шешті, Венада қол қойылған шарт бойынша Румыния аумағының бір бөлігі — Солтүстік Трансильвания Венгрияға берілді. 1940 жылы күзде Венгрияда адмирал Хорти және Румынияда генерал Антонеску Үштік пактіге қосылу туралы шартқа қол қойды.
1940 жылы 1 наурызда
Үштік пактіге Болгария қосылды
Жаңадан келген үкімет бұл шартты бекітпеді және оны жоққа да шығармады. Бұдан басқа 1941 жылы 5 сәуірде Германия Кеңес Одағымен достық және шабуыл жасаспау туралы шартқа қол қойды, ал 6 сәуірде ол Югославия мен Грекияны басып алды. Күштердің тең еместігіне қарамастан, грек және югослав халқы шапқыншыларға қарсы аянбай қарсылық көрсетті.
Бірақ та 1941 жылдың жазына қарай Батыс және Онтүстік-Шьиыс Еуропаның бір бөлігін Германия мен Италия жаулап алып, оларды өз қарамағында ұстады. Басып алынған аумақтардағы фашистер орнатқан қанауға қарамастан, бұл елдерде қарсылық қозғалыстары кеңейе түсті.
Германияның КСРО-ға шабуылы және Тынық мұхит соғысы. 1940 жылы 18 желтоқсанда А.Гитлер құпия кеңесте — «Барбаросса жоспарын» бекітті. Герман қарулы күштері қысқа мерзім ішінде КСРО-ны талқандауға тиіс болды. Батыстағы жеңістеріне мастанған гитлерлік басшылық 6—10 аптаның ішінде Кеңес Одағын тас-талқан етуді көздеді.
Кеңес Одағына шабуыл жасау үшін немістер «Солтүстік», «Орталық» және «Оңтүстік» армия топтарын жасақтады. 1941 жылы 22 маусымда сенбіден жексенбіге қараған түні гитлерлік Германия шабуыл жасаспау туралы келісімшартты бұзып, соғыс жарияламастан тұтқиылдан Кеңес Одағына қарсы соғыс бастады. Таң сәріде фашист ұшақтарының тізбегі Шығысқа қарай ұмтылып Каунас, Киев, Минск, Одесса, Севастополь және басқа қалаларға әуеден соққы берді. Майдан шебі Балтық теңізінен Қара теңізге дейін созылып жатты. Басқыншыларды, ең алдымен, шекара әскерлері қарсы алды. Олар жауды жеңіп, әдалетті істердің салтанат құруы үшін, Отанға адал қызмет ету үлгісің көрсете отырып, ерлікпен шайқасты. Неміс-фашист басқыншыларының шабуылы кеңес адамдарының ыза-кегін туғызды. Бүкіл елде жаппай митингтер мен жиналыстар өткізіліп, мұнда кеңес адамдары социалистік Отанның бостандығы үшін қасық қаны қалғанша жаумен шайқасуға даяр екендіктерің білдіріп жатты.
Германияның КСРО-ға шабуылы бастала салысымен, Кеңес Одағының басшылары В.В.Молотов және И.В.Сталин өздерінің сөйлеген сөздерінде — бұл соғысты Отан соғысы, кейіннен Ұлы Отан соғысы деп атады. Жауға тойтарыс беру үшін әскери міндеттілер әскерге шақырылды, ал елдің еуропалық бөліктерінде соғыс жағдайы енгізілді. 1941 жылы 30 маусымда И.В.Сталиннің төрағалық етуімен Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті (МҚК) құрылды. Соғыс уақытында бұл ұйым мемлекеттік бүкіл билікті өз қолына шоғырландырды. Оның шешімдері заңды күшке ие болып, КСРО-ның азаматтары мен барлық ұйымдары оны бұлжытпай орындауға тиіс болды.
1941—1942 жылдардағы
кеңес әскерлерінің жеңілу
Гитлершілдер Литваны, Латвияны, Молдавияны, Эстония, Белоруссия, Украинаның едөуір бөлігін жаулап алды. Ресей Федерациясының Батыс облыстарына баса көктеп кірді, Ленинградқа, Смоленскіге, Киевке қатер төндірді.
Ұлы Отан соғысының бастапқы кезеңіндегі кеңес әскерлерінің жеңілу себептері:
1. Дұшпанның сан жағынан басым болуы. КСРО шекарасындағы Германия мен оның одақтастары әскерлерінің саны 5,5 млн адамға жетті. Баса-көктеп енген осы қатерлі армияға жалпы саны 2,6 млн адамнан тұратын батыс округтердің кеңестік әскерлері қарсы тұрды.
2. Гитлерлік армияның жаңа соғысты жүргізуге дейін екі жылдың тәжірибесі болған. Ал кеңес әскерлерінің, әсіресе командалық құрамның, армиядағы жаппай қуғын-сүргіннен кейін кәсіби деңгейі төмендеп кеткен. Соғыс басталар алдында Қызыл Армия командирлерінің тек 7%-ның ғана жоғары әскери білімі болды, ал 37%-ы тіпті орта әскери оқу орындарының толық курсын өтпеген болатын.
3. Кеңес басшылығының
соғыс техникасы жөнінен үлкен
қателіктері, жекелеп алатын болсақ механика
жете бағаламауы. КСРО-да бұған дейін
дамыған автомобиль өнеркәсібі
болған жоқ. Автокөліктердің жетіспеуі
салдарынан қару-жарақтың
едәуір бөлігін атпен немесе ескі трактормен
сүйреп жүрді.
Ал неміс армиясы соғыс техникасының жоғары дәрежеде болуы, олардың әскерлерінің үдете шабуыл жасауына, сулы кедергілерден бөгетсіз өтуіне, кеңес әскерлерінің қарсы соққыларын тойтарып немесе әлсіретуіне мүмкіндік берді.
4. Кеңес қарулы күштерінің негізгі түрлерін қайта құру, әскери техниканы жаңарту жұмыстары әлі аяқталып бітпегендіктенқару-жарақтың бірқатар ескі үлгілері өндірістен алынып тасталған, ал жаңа қару-жарақ әскерлердің қолына тие қойған жоқ болатын.
5. Армияны жасақтаудың ескі жүйесі армияны әзірлеу жұмыстарын әлсіретті. Шағын кадрлық армиямен қатар аумақтық әскерлер де болды. 1939 жылы «Жалпыға бірдей әскери міндеткерлік туралы» Заң қабылданды. Ол қарулы күштерді құрудың кадрлық қазғидасын бекітіп, әскери қызметке шақыруда таптық шектеулерді жойды.
6. Фашистік Германиямен
күресте Қызыл Армияның
7. Кеңестік соғыс (әскери) ғылымының дамуына И.В.Сталиннің жеке басына табынушылық жағымсыз ықпал етті. Жеке басқа табынушылық догматизмге әкеліп тіреді. Ол бір ғана адамның өміріне бой ұсынуға, теориялық жағдайлардың дәлелін өмірдің өзінен немесе іс жүзінде емес, дайын тұжырымдар мен деректемелерден іздеуге мәжбүр еткізді. Кеңестік әскери теория «КСРО-ға жасаған кез келген шабуыл, жаудың өз аумағында толық талқандануымен аяқталады» деген қағидаға негізделді.