Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 15:21, реферат
Ежелгі Русь мемлекеті күрделі халықаралық қатынастарға ерте араласты. Оның Волхов пен Днепр өзендері арқылы Балтық теңізін Қара теңізбен, және Еділ өзені арқылы Каспий теңізімен жалғастыратын ұлы өзен жолдарында орналасқан географиялық жағдайының өзі ежелгі Русьтің байланыстарына жол ашты, яғни, Русь оңтүстігінде Византиямен және Дунай өңірі славяндарының Болгар мемлекетімен, шығысында Хазар қағанатымен және Еділ Болгариясымен, солтүстігінде Скандинавиямен қарым-қатынас жасады. Соңғысымен (Скандинавиямен) киевтік князьдерді ежелгі династиялық қатынастар байланыстыратын. Солардан князьдер жалдамалы әскери күштерді алып тұрды, солардан қызық іздеуші варягтардың үздіксіз легі үзілмейтін. Хазария арқылы Орта Азия елдеріне қарай сауда жолы өтетін, рустар солай қарай бағалы аң терісі мен құлдарды апаратын. Бір кездерде хазарлық қағандар ежелгі Русь князьдерінің Приднепровья халқынан алым алуына таласып келген.
Ежелгі Рус дипломатиясы
Ежелгі Русь мемлекеті күрделі халықаралық қатынастарға ерте араласты. Оның Волхов пен Днепр өзендері арқылы Балтық теңізін Қара теңізбен, және Еділ өзені арқылы Каспий теңізімен жалғастыратын ұлы өзен жолдарында орналасқан географиялық жағдайының өзі ежелгі Русьтің байланыстарына жол ашты, яғни, Русь оңтүстігінде Византиямен және Дунай өңірі славяндарының Болгар мемлекетімен, шығысында Хазар қағанатымен және Еділ Болгариясымен, солтүстігінде Скандинавиямен қарым-қатынас жасады. Соңғысымен (Скандинавиямен) киевтік князьдерді ежелгі династиялық қатынастар байланыстыратын. Солардан князьдер жалдамалы әскери күштерді алып тұрды, солардан қызық іздеуші варягтардың үздіксіз легі үзілмейтін. Хазария арқылы Орта Азия елдеріне қарай сауда жолы өтетін, рустар солай қарай бағалы аң терісі мен құлдарды апаратын. Бір кездерде хазарлық қағандар ежелгі Русь князьдерінің Приднепровья халқынан алым алуына таласып келген. Шығыс славяндардың тарихына Византиямен көрші болуы да үлкен ықпал етті. Ежелгі Русь үшін Византия нарық болып табылады. Соған князьдер мен олардың жасақтары былғары мен құлдарды апарып сататын, сол жақтан алтын жіптен тоқылған маталар, және басқа да сән-салтанат бұйымдарын әкелетін. Царьградта «пұтқа табынатын Русь» Шығыс Рим империясының тамаша мәдениетімен таныс болды. Царьградтың байлығы мен салтанаты жаулап алушылардың көзін қызықтыратын. Қара теңіз жағалауындағы византиялық императордың жер иеліктеріне және Константинопольдің өзіне Русьтің бірқатар ойсырататын шабуылдары ІХ ғасырдан бастап ХІ ғасырдың ортасына дейін жалғасып тұрды. Византия қуатты Русь елін өзінің саяси жүйесіне тартуға ертеден тырысатын, сөйтіп, біріншіден, Русь жағынан империяға төнетін қауіпті азайтуға, ал екінші жағынан,- «ұлы рус халқын» өз мүддесі үшін пайдалануға тырысты. Константинопольдің шығысевропалық саясатының негізінде бір халықтарды екіншісіне айдап салу арқылы империяға шабуыл жасаудан алаңдату жататын. Император Константин Багрянородный- киевтік князь Игорьдің замандасы- «Мемлекетті басқару туралы» шығармасында өзінің ұлына Русьті Константинопольға жорыққа барғызбас үшін олардың көршілері- көшпелі печенегтерді айдастыру қажет деп кеңес береді. «Печенегтер, — деп жазады ол, —императормен достық арқылы байланысқан және соның сый-тартулары түрткі болып, рус жерлеріне тез шапқыншылық жасауы мүмкін». «Рустар печенегтермен тату өмір сүрмесе, шетелдерге жорыққа да шыға алмайды, өйткені печенегтер рустар болмаған кезде олардың елдеріне шабуыл жасап, мүліктерін қиратуы мүмкін». Ал екінші жағынан, князь Игорь Византиямен 945 ж. жасасқан келісім-шарт бойынша император иелігіндегі Қырымға «қара болгарларды» жібермеуге міндеттенді, өйткені қара болгарлар Қырым «елін бүлдіруі мүмкін» еді. Игорьдің ұлы атақты Святославты византиялық дипломаттар Дунайдағы Болгар мемлекетін әлсірету үшін пайдалануға тырысты. Сол кезде бұл ел Византия үшін үлкен қауіп төндіретін. Бірақ Святослав Болгарияда константинопольдік сарай мүддесіне сәйкеспейтін өзінің дербес саясатын жүргізгенде, гректер Киевке печенегтерді айдап салды, сөйтіп, беймаза русс князін уақытша өз еліне қайтуға мәжбүрледі. Болгарияға жасаған екінші жорықтан отанына қайтып келе жатқан Святославты грек агенттерінің арандатушылығымен печенегтер өлтіреді. Бұл византиялықтарға қарсы 987 ж. соңында Кіші Азияда дарынды қолбасшы Варда Фока көтеріліс жасағанда, византиялықтар «рус патшасымен» қайтадан хат жазысып, Святославтың ұлы — Владимирден көмек сұрауға бөгет болмады. Одақ берік болсын деп Владимирге император үйінің ханшайымдарының бірін жұбайлыққа беретін болып уәде етілді. Өз тарапынан Владимир шоқынуға және өз халқын шоқындыруға міндеттенді. Византиялық саясаткерлер шоқындыруды империяға кіріптар болғанын жанама мойындау деп санады. Византияның Руске қатысты бұл айлалы саясаты іске аспай қалды. Киев князьдері қашанда өз іс-әрекеттерінің еркіндігін сақтап қалып отырды. Император Никифор Фока болгарларды жуасыту үшін шақырған Святослав оларды басуда үлкен жеңістерге жетті, сөйтіп, басып алған елін өзінің тікелей билігінде қалдыруға ниеттенді. Тіпті өзінің тұрақты резиденциясын Болгария астанасы— Переяславецке көшірді. Никифор Фоканың ізбасары Иоанн Цимисхияға Святославты Дунай жағалауын тастап көшуге көндіру үлкен күшке түсті. Кейіннен Владимир жұмсаған русс жасақтары константинопольдік ел билеушіге Варда Фоканың көтерілісін басуға көмектесті. Бірақ императорлар Василий мен Константин келісім-шарттың ханшайыммен некелесуге қатысты бөлігін орындамаған соң, Владимир Византияға тиесілі Қырымдағы Херсонес қаласын басып алып, императорларды өз уәделерін орындауға мәжбүр етті. Мұндай арақатынас орнаған кезде Русьтің шоқынуы Византияның вассалдық қарым-қатынасымен ешбір байланысты болмады. Сондай-ақ Владимирдің ұлы Ярослав Мудрый да Византияға қатысты өзін тәуелсіз ұстады. Ол 1043 ж. рустарға Константинопольде жәбір көрсеткені Византиямен достық қарым-қатынасты үзді. Сөйтіп, империяның астанасына теңіз жорығын бастады, ал 1051 ж. константинопольдік патриархпен байланысын уақытша үзіп, рус епископтарының соборында жаңа митрополит — «русин» Илларионды сайлады. Бұған дейін Руста митрополит болып гректер ғана сайланатын.