Ежелгі түркілердің наным-сенімдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2015 в 18:46, реферат

Описание работы

Халықтың діні, наным-сенімдері мен көзқарастары оның тарихына, рухани-мәдени, саяси өміріне үлкен әсер ететін фактор болып табылады. Дін – руханияттың өзекті саласы. Дін тарихын білмейінше белгілі бір аймақты мекендеген халықтардың тұрмысын, өмірін, мәдени болмысының қыр-сырын терең тану мүмкін емес, яғни кез келген ұлттық мәдениеттің рухани бастауларын, оның менталитеті мен дүниетанымын ұғыну үшін мәдени тұтастықтағы діни жүйелерді терең зерттеп, зерделеудің маңызы ерекше. Ежелгі руханиятта дін оның негізгі құрамдас бөлігі екендігін ескерсек, айтылған тұжырымның маңыздылығы арта түседі. Себебі дін өткен тарихи дәуірлерде мәдениеттің барлық салаларын қамтып жатты.

Файлы: 1 файл

7_5.doc

— 82.00 Кб (Скачать файл)

 

Византиядағы діни алауыздық пен қақтығыстар христиан дінінің әр түрлі бағыттағы өкілдерінің Шығысқа қарай ойысуына ықпал етті. Орталық Азия мен Қазақстан жерін паналаған христиандар бұл жерлерде өздерінің ғибадат ететін орындарын салды. Олардың басым көпшілігі саудагерлер болатын және қағанат қазынасына алым-салықтар төлеп тұратын. Бұл жағдайда басқа дін өкілдеріне төзімділік танытып, олардың жат жерде өз діндерін ұстап, әдет-ғұрыптарына сай құдай­ларына табынуына мүмкіндік берілді.

 

Сөз соңында айтайық дегеніміз, қадым замандарда көне түркілер жері, Ұлы Жібек жолы арқылы қаншама діндер өтсе де, түркілердің негізгі сенімі Тәңірлік дін, аруаққа табыну болды. Жоғарыда аталған діндердің ешқайсысы түркілердің руханилығында олардың көне сенімдерін ығыстырып шығара алмады. Вильгельм Рубрук түркі жұртын аралаған кезінде олар өздерінің Тәңірге табынатынын және  оны таза рухани мән ретінде түсінетінін атап көрсеткен. Тек ислам діні ғана көне түркі сенімдерімен іштей синтезделіп, түркі жұртының рухани-мәдени ұстанымына айналды.

 

 

 

Нағима Байтенова – Қазақ ұлттық университетінің философия және ғылым методологиясы кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы,  профессор.


Информация о работе Ежелгі түркілердің наным-сенімдері