Германия мемлекеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 16:04, реферат

Описание работы

Германия – федеративті мемлекет болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай 16 жерден тұрады. Негізгі заңы – конституциясы 1949 жылғы 23 мамырда қабылданған. Елдің федералдық президенті Федералдық жиналыста бес жыл мерзімге сайланады. Қазіргі Федералдық президенті Хорт Келер, ол 2004 жылдың 23 мамырында сайланған.

Файлы: 1 файл

11Ә С.А. Германия дж тарих.docx

— 27.19 Кб (Скачать файл)

Германия мемлекеті

      XX ғасырдың ІІ жартысындағы Германия

Германия – федеративті мемлекет болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай 16 жерден тұрады. Негізгі заңы – конституциясы 1949 жылғы 23 мамырда қабылданған. Елдің федералдық президенті Федералдық жиналыста бес жыл мерзімге сайланады. Қазіргі Федералдық президенті Хорт Келер, ол 2004 жылдың 23 мамырында сайланған. 

ІІ дүние жүзүлік соғыстан кейінгі Германия жағдайы.

Екінші дүние жүзілік соғыстың қорытындысы бойынша Германия фашизмі жеңілді. Екінші дүние жүзілік соғыстың соңында 1945 жылы майда Германияны төрт одақтас держава оккупациялады. Германияны оккупацияланған АҚШ, Ұлыбритания, Франция және КСРО. Егер бірінші дүние жүзілік соғыстың барысында соғыс қимылдардан Германия шын мәнінде зардап шеккен жоқ, ал екінші дүние жүзілік ел дәл сипаттап айтқанда үгінді болып жатты. Шығыс Пруссиядан жәче Одер мен Нейсе жерінен 9 млн неміс жер аударылды. Бұл онсызда қиын т\рғын үй проблемасын одан сайын қиындатып жіберді. Одақтастар репара щя есебінен өнеркәсіп құрал-саймандарын әкете бастады. Өмір сүру гдеңгейі 1/3-ке қүлдырады. Ақша қүнсызданды. Азық-түлікке берілетін калориялық жағынан физиологиялық минимумнан төмен жатты. Оның үстінен Германия тәуелсіз мемлекет болып өмір сүруден қалды. Оның территориясының біраз бөлігі жеңген мемлекетке кетті. Соғыстан кейінгі кезеңде Германияға ауыр тиген жағдай «қырғи қабақ соғыстың» әсері еді. Ұлы державалардың қарама-қарсы тұруы Германия территориясы арқылы өтті. Оның үстіне «қырғи қабақ соғыс» оккупацияланған Германия ролін қайта қарауды қажет етті. Батыс мемлекеттер үшін Германияның жеңілген жаудан гөрі одақтас болмаса да таяныш. артатын сүйінішке айналғаны жақсы болған еді. Батыс державалар оның экономикасын барынша әлсірету мақсатынан бас тартты.

Соғыстан кейін Германияны өзінің жақтасы ету үшін американдықтар Маршалл жоспарына оны тартты. Ол Германияның экономикалық жалпы жағдайын жақсартатын еді. Батыс держава іар КСРО-мен бірге Германияны жақсарту шараларын жүргізу мүмкін еместігін түсінді. Осындай түсінікпен батыс державалар өз зоналарында ақшареформасын жүргізді. Қүнсызданған рейхсмарканың орына неміс маркасы енгізілді. Егерде бүрын товарлар жетпесе, енді ақша жетпеуге айналды. Экономикалық өмірді қалпына келтіру жағдайы жасалды. 1948 жылдың соңына қарай өнеркәсіп өндірісі жартысына дейін өсті, ал 1949 жылы ол соғысқа дейінгі деңгейіне жетті. КСРО ақша реформасына жауап ретінде батыс Берлинге блокада орнатты. Батыс державалар батыс зонад; Герман мемлекетін тез құруға тырысты. 1946 жылы қалпына келтірілген парламенттік кеңес федеративтік республиканың конституциясын жасады. Оккупациялық өкіметтер оны бекіткен соң ол күшіне 23 май 1949 жылы күшіне енді. Конституция азаматтық және саяси бостандықтарды бекітті, Батыс Германияны демократиялық федеративтік мемлекет деп жариялады. 1949 жылы ФРГ-ның құрамына 11 неміс жері кірді. ФРГ конституциясы екі жағдай енгізді. Ол бойынша ФРГ-ғы конституциядағы құрылым Шығыс Германияға да тарайтын болды. Германияның біріккені жөніндегі келісімге 1990 жылы 31 августа қол қойылған. 3 октябрь 1990 жылы Шығыс Германия ФРГ құрамына енген.

Мемлекеттік өкімет органдары. Мемлекеттік құрылымының формасы жағынан Германия-Парламенттік республика. Негізгі заң бойынша президент билігі шектеулі, одан гөрі билік өкілдері канцлерге (премер-министр) берілген. Елге заң шығару билігі екі палаталық парламентке берілген. Оның жоғарғы палатасы Бундесрат, ал төменгісі (күштірегі) палатасы-Бундестаг. Федералдық үкімет немесе министрлер кобинеті федералдық концлерден және министрлерден тұрады.Оның қызметіне халықтар арасындағы қатынастар, қорғаныс финанс және коммуникация саласындағы саясатты жүргізу жатады. Орталық банк кредиттік-ақша саясатына бақылау жасайды. Дегенмен 1-январь 1999 жылдан бастап ол Европалық орталық банкке бағынады. Үкіметке 1999 жылы 15 фидералдық министрлер болған.ФРГ-ның астанасы-Берлин.Солай бола тұрса да Бонн да кейбір мемлекеттік басқару жүйелері қалған.

Сайлау системасы: Германияның 18-ге толған әрбір азаматы сайлауға және мемлекеттік билік органдарына өз кандидатурасын үсынуға қүқылы. ФРГ-нің сайлау системасы пропорциональдық өкілдіктер формасында. Әрбір сайлаушы екі дауысқа ие: бір дауыс территориялық сайлау округына, бір дауыс партиялық тізім бойынша. Осылайша дауыс беруші өзінің дауысын екі партия арасында бөле алады. Депутаттардың бір жартысы территориялық сайлау округі бойынша қарапайым жолмен көп дауыс жинау арқылы сайлайды. Депутаттардың екінші жартысы жергілікті партия тізімі бойынша сайлаудың қорытындысына сәйкес саяси партиялармен қалыптасады.

Жергілікті және аймақтық өзін-өзі басқару. 11 бүрынғы жерлердін конститутциясы 1946 және 1957 жылдар арасында әр кезеңде жүзеге асты. 5 жаңа жердің конститутциясы қосылғаннан кейін 1990 жылдың шілдесінен бастап жүзеге асты. Батыс Берлиннің конститутциясының әрекеті Шығыс Берлинде 1991 жылдан бастап әрекет етуде. Ол Бавариядан басқа жерде әрекет етеді. Баварияда жалпы халық сайлайтын бір палаталық парламент /ландтагтар/. Баварияда мүнан басқа сенаг бар. Ол халықтың он тобының мүддесін көрсететін сайланатын орган. үкіметтің жергілікті жердегі басшылары Гамбургте-бірінші Бургомистр, Бременеде-бургомистр, Берлинде-басқарушы бургомистр, ал қалған 13 жерде премьер-министрлер басқарады. Олардың көпшілігі ландтагқа тәуелді болды.

Саяси партиялар. Ел біріккенге дейін ГФР-да үш ірі саяси партиялар өмір сүрді. Ол партиялар біріккен Германияда да сақталып қалды. Бұлар: Германияның социал-демократиялық партиясы /СДПГ/; Христиан-демократиялық одағы /ХДС/; Баварияда ғана әрекет ететін бундестагтағы блок. Христиан-әлеуметтік одақ /ХСС/; Ерікті-демократиялық партия /СвДП/. 1980 жылдары саяси сахнаға өзіңдік орны бар төртінші партия-жасылдар шықты. Германияның социалистік біріңғай партиясы және ол бақылайтын кішігірім төрт үсақ партиялар елдің әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірін анықтады. 1989 жылдың соңында СЕПГ билігі қүлаған соң реформаторлардың «жаңа форум» қозғалысын өздеріне қосып әртұрлі коммунистік емес таптар құруға тырысты. 1990 жылы желтоқсанда өтетін жалпыгермандық сайлау жүргізу кезеңіне қарай жаңа партиялардың бірдей-біреуі өмір сүре алмады. Партияға адалдығын сақтап қалған СЕПГ мүшелері бүрынғы коммунистік көңіл күйден ауытқып өздерін басқаша атады. Демократиялық социализм партиясына /ПДС/ бірікті. ФРГ-нің бүрыңғы партиялары өз қызметтерін шығыс жерлердегі финанс және үйымдастыру құрылымына таратты.

Германияның тұрмысы және халқы. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін солтүстік және шығыс аудандардан Рейн маңайында қалпына келтірілген және жаңадан салынған қалаларға қалық көптеп келіп қоныстанды. 1953 жылы ФРГ халқының 57% солтүстік жерлерде өмір сүрді. 1970 жылдардың басына қарай олардың саны 48% қысқарды. 1960жылдары рейн жаңындағы қалаларда халықтың өсуі тоқтатылды. Енді Батыс Германияның оңтүстігіндегі қалаларда халық көптеп қоныстана бастады. Германияда орталық қала тұрғындары басқа қалаларға көптеп қоныстана бастады.

1945 жылдан кейін Батыс  Германиялық қалалардың орталық бөліктерінде сауда және іскер кварталдар ретінде дамыды. Осы кварталдардың көп көшелері жаяу жүрушілдерге арналған. Орталық кварталдардың қала сыртында орналасқг а. ГДР қалаларының сауда және орталық бөлігінде тұрғын үй кварталдар сақталған. ГДР-дің мемлекеттік саясаты субурбанизацияға тежеу қойды. Қаланың сыртында тұрғын құрлысы жүрді. 50-100 мың адамға арналған микроаудандар соғылды.

Мүндай кооперативтік шаруашылықтар салынғаннан кейін ауылдық аудандардан халық қалаға көше бастады. Қала өсті. Жаңа индустриалды сипатқа ие болды.

Берлинде 3,5 млн адам тұрады. Берлин маңайында тұратын халықты қосқанда 5млн-нан астам. Берлин елдің ең ірі қаласы болып есептеленеді. Оның басқа қалалардан басқа оқшау дамуы жалпыгермандық астана рольмен сипатталады.

Қазіргі таңдағы Германия жағдайы. 1990 жылы 3-ші қазанда үлкен оқиға болды. Оның өзектілігіне, маңыздылығына ешкім де сол кезде ой жүгіртіп терең қарамады. Ойлағандар Германияның болашақта бірыңғай Германия болмай қоймайтындығына сенді.

1990 жылдың басынан бастап  елдің бірігу проблемасын жан-жақты сипаттап жазған көптеген зерттеулер, монографиялар, ғылыми мақалалар пайда болды. Сол жарық көрген еңбектердің ішінде көбісінің назар аударғаны 1989-1990 жылдардың күзі мен көктемінде болған оқиғалар еді. Кез келген тарихи оқиғаны немесе қүбылысты зерттеу олардың болу себептерімен алғышарттарын оқып үйренуден басталады. Бұл жағдай тарихи процесстің даму заңдылығын түсінуге мүмкін береді.

ГДР-де наразылықтың алғашқы көріністері 1989 жылы күзден бүрын-ақ басталған болатын. ГДР азаматтары елді басқарудың қатып қалған жүйесін өзгертуді талап етті. Алайда Шығыс Европа елдерінің ешқайссысы да, тіпті КСРО-да саяси реформа жасауға ұмтылмады. КСРО-да басталған қайта құру, демократизация, ашық пікір айту туралы айпақ түгіл, ойлауғада болмады. Саяси және партия құрылымындарында ешқандай өзгерістің үшқыны байқалмады. КСРО-да өкімет басына Михаил Сергеевич Горбачевтің келумен 1985 жылдан басталған өзгерістер туралы ешкім әңгіме қозғауына болмады. КСРО-дан келіп жатқан кез-келген баспасөз материалдарын үкімет қатаң цензурадан өткізді немесе кейде жариялауға тиым салды. Алайда мүны бүкіл елден жасырып қалу мүмкін емес еді. 1989 жылы ГДР-дің кейбір .алдыңғы қатарлы азаматтары өз материалдарын газет бетіне еш нәрседен үрікпестен жариялай алды.

1989 жылы күзде аласапыран  оқиғаларға әкеліп соққан ГДР  үкіметінің коммунальдық сайлаулардың қорытындысын бүрмалап көрсетілуі болып табылды. Коммуналдық сайлаулар 1989 жылы мамыр айында болып өткен. Осы сайлау кезіңде елдің үкіметі өз позициясын бергісі келмеді. Олар найзағай алдыңдағы бұлтты елде өмір сүрген тәртіпті өзгертуге қауіп төндіретін оқиғалар деп қарамады. Соның дәлелі ретінде 5-ші маусым 1989 жылы «Нойес Дойчланд» газетінің бетіне жарияланған мақаланы айтуға болады. Ол мақалада Пекинде қарсылық көрсеткен студенттер демонстрациясын қанмен басуды Пекин үкіметінің қастандық жасаушылардың экстремисттік тобының контрреволюциялық көтерілісін басу деп ақтап көрсетеді. Бұл КСРО-ның ықпалымен екінші дүниежүзілік соғыстан кейін социалистік бағытта құрылған. ГДР-ді аман-сақтап қалу әрекеттерінің бір көрінісі .

Қытай коммунистік партиясы өзінің қырық жылдығын тойлаған кезде ГДР үкіметі оған қүттықтау жеделхатын жолдаған болатын. Сондықтанда ГДР өз халқын ондай бас көтерулерден сақтандырды. 1989 жылы жазда-күзде болған оқиғалардың дамуна қоғамдық бірлестіктердің өкілдері үлкен үлес қосты. Әсіресе Шығыс Германдық интелллигенцияның қосқан үлесін атап айтуға болады. 1989 жылы 1-ші шілдеде қауымдастықтың өкілдері «отказ от практики и отмежевания» деген инициятива көтеріп, көпшілікті соған жүмылдырды. Олар едәуір талаптар қойған үкіметке ашық хаттар жазды. Олар коммуналдық сайлаудың нәтижесін бүрмалағандыққа наразы болды. Интеллигенттердің бір тобы сайлау реформасын жүргізуді талап етті. Ол сайлау реформасы ел азаматтарына мемлекет билігіне халық өкілдерін үсына алатын мүмкіндік беретін қүпия сайлау формасын енгізуді қалады. Сонымен қатар интеллигенттер бірлестіктер мен қозғалыстардың бостандығын қамтамасыз ететін және мүддесін көрсететін тәуелсіз оптарды құруды талап етті. ГДР азаматтарының қүқын теория жүзінде қамтамасыз ететін конституция болып есептелінді. 1989 жылы «жаңа форум» елде өзгеріс жасаудың үлгісі ретінде көрінді. «Жаңа форум» қоғам қайраткерлерінің мемлекет пен үкіметтің ресми бағытына қарсы оппозициялық көңіл-күйдегі үлкен тобын құрайды. «Жаңа форум» 1989 жылы 9 қыркүйекте шіркеу үйымдарының әр тұрлі тобының 30 өкілінен құрылған. 12 қыркүйек 1989 жылы қоғамдық қайраткерлердің 12 реформа құруға үмтылушылардың барлығын жаңа одақ құруға шақырды. Қоғамдық қайраткерлер ГДР-де демократиялық қайта құрудың негізгі концепцияларын қалайтындардың барлығын шақырды.

Осындай жағдайда «Бүгінгі демократия» деген азаматтық қозғалыс пайда болды. Ол қозғалыстың пайда болуына оппозициялық қозғалыстың екі тобының бірігуі, адам қүқын сақтаумен бейбітшілік үшін күресушілердің белсенді топтары кірген. Бұл топқа Шығыс Берлиннің интеллигенттерінің біразы да қатысты.

Жоғарыда көрсетілген азаматтық бірлестіктің мақсаты мен талаптары қоғамдық деңгейде көрсетілген талап деп сипатталды. Олар демократиялық социализм диктатурасы кезінде азаматтық қоғамның пайда болуының алғы шарттары жасалады деп түсінді. ГДР-де өзгерістер жасауға үмтылғандардың ереуілдері кең өріс алды. ГДР үкіметінде жаздың соңында басқарушы топтың дағдарысы анық байқалды. Елдің халқы ГДР-де адам қүқы шектеулі деген наразылықтар жасады. Оның бір көрінісі ГДР азаматтарына ГФР-ға баруға тиім салынды. 1989 жылы Венгрия, Австриямен өз ара мемлекеттік шекарасын ашты. Адамдар Венгриядан Австрияға ағылды. Сонымен қатар 150 ГДР азаматының визасыз Венгрияға барғаны ань қталды. ГДР-ден Варшава арқылы ГДР азаматтарының саяси баспана беруді сүрағандардың саны көбейді. Алайда ФРГ елшілігі ГДР азаматтарының кез келгеніне қарсылық білдірді. Соған қарамастан 1989 жылы ФРГ-ға кеткендердің саны екі мың адамға жеткен. Бірнеше ай өткен соң Лотар де Мезьер үкіметте ГДР-дің күйреуінің негізіне социалистік қоғамның елді басқарудың негізі демократиялық принципті ауыстырған диктаторлық централизм болып табылады деп көрсетті. Сонымен қатар ол біздер еркін адамдар болу үшін бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Адамдар арасындағы қатынаста адам өмірі үшін жауапты болуымыз керек деген ой білдіреді. 7-ші желтоқсаннан 8 желтоқсанға қараған түні СЕПГ-ның кезектен тыс съезді жүмысын бастады. Ол тарихқа Социалистік бірыңғай Германияның соңғы съезді ретінде кірді. Бұл партия енді Демократиялық социализм партиясы деп қайта құрылды. Бүдан бір ай бүрын 9-қарашада Берлин қабырғасы қүлатылды. Бұл оқиға екі Германияның бірігуінің бастауы болды.

Германияның ішкі-сыртқы саясаты  және экономикасы. Германия парламенті екі палатадан – Бундесрат (жоғарғы) және Бундестагтан (төменгі) тұрады. Бундесратты жер үкіметі өкілдерінің 68 мүшесі құрайды. Егер федералдық президент болмаған немесе ол өзінің міндетін атқаруды мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда мемлекет басшысының міндеті Бундесрат төрағасына көшеді. Ал Бундестаг төрт жыл мерзімге жасырын дауыс беру арқылы сайланған 603 депутаттан тұрады. Атқарушы билік – федералдық үкіметтің құрамына германдық Бундестагта сайланған Федералдық канцлер мен федералдық министрлер кіреді. Федералдық канцлер мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Германияның қазіргі Федералдық канцлері–Ангела Меркель.  

Германияның сыртқы саудадағы әріптестеріне келсек, ең алдында Франция тұр. Одан соң импорт бойынша Нидерланды, Италия, Ұлыбритания, АҚШ, ал экспорт бойынша Ұлыбритания, Италия, АҚШ және Нидерланды келеді.  
Германия БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ның жұмыстарына белсенді түрде қатысып жүр. Өз тараптарынан беделді бұл халықаралық ұйымдарға айтарлықтай қаржы және кадр ресурстарын бөліп отырады. Сондай-ақ, Германияның алдына қойған басым бағыттарының бірі – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болу. Ал Германияның Орталық Азия елдеріне байланысты ұстанған саясаты айқын, ол – экономикалық салаларда мүмкіндігіне қарай ынтымақтастық жасау. 

Информация о работе Германия мемлекеті