Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 20:08, лекция
ГУЛАГ, Еңбекпен түзеу лагерьлері мен жер аударылғандар қоныстарының және қамау орындарының Бас басқармасы – КСРО-да 1934 – 56 жылдары айыпталушылардың жазасын өтеу орындарына басшылық еткен Ішкі істер халық комиссариатының бөлімі. Қарамағында 53 лагерь болды. 1930 жылы Кеңестік жүйедегі осы еңбекпен түзеу жүйелерінің пайда болуындағы тарихымыздың ақгандақ беттерінің ең ауыр кезеңі Сталиндік дәуірмен тыгыз байланысты. Болашақ ГУЛАГ-тың алғашқы ошақтары КСРО территориясында 1930 жылы тікелей Сталиннің бұйрығымен пайда болып, көп ұзамай бұл лагерьлер алып азап империясына айналды.