Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 18:59, реферат
Ислам барлық болмыс пен фәни адам өмiрiндегi ең маңызды ұғымдардың бiрi. Ислами ұғымда бұл дiн абсолюттi құдiрет иесi Жаратушы тарапынан ең алғашқы адамнан ең соңғы адамға дейiнгi барлық адамзатқа және заманаға жiберiлген дiн. Ислам – ақыл иелерi мен күллi махлұқаттың (жаратылыстың) ұлық Жаратушының құдiретiне тәсiлiм болуының, мойынсұнуының және дүниедегi өмiрдi белгiлi бiр тәртiпке келтiретiн құдайы жүйенiң, яғни пенде мен Аллаһтың арасындағы байланыстың аты. Ислам сөзiнiң түбiрi арабшадағы «сәлиме», «силм» етiстiгi.
Кіріспе ............................................................................................................. 2
Ислам діні — әлемдегі бейбітшілік кепілі
Негізгі бөлім ................................................................................................... 10
Ислам дінінің қалыптасып, араб тайпаларының бірігуі
Қазақ жеріндегі исламның таралуы
Қазақ жеріне ислам дінінің тигізген әсері
Қорытынды ..................................................................................................... 13
Қазіргі Қазақстандағы Ислам дінінің жағдайы
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ................................................................. 17
Хақ дін Исламның бейбіт таралғанын, мұсылмандардың бағынышты халықтарға әділетті болғанын Т. Карлайл, Гұстав ле Бон, Томас Арнолд және А. Тойнби (Arnold Toynbee, 1889-1975) секілді ынсабын жоғалтпаған батыс авторлары да мойындауда.
Кейбiр деректерде медресе институтының тұңғыш рет Бұхарада пайда болғаны, Исламнан бұрын Бұхараның бұддашылдықтың маңызды дiни орталығының бiрi болғаны, мұнда көптеген вихаралардың (вихара деп бұддашылдықтың дiни, рухани мектебiн айтады) болғаны, тiптi, Бұхара атауының сол вихарадан шыққаны айтылады. Бартольдтың пiкiрiнше, бұддашылдық Орта Азиядан кеткенiмен, iзiн қалдырып кеткен, яғни сол вихаралардың негiзiнде медреселер пайда болған.
Бiздiңше, бұл әбден табиғи һәм рационалдық құбылыс, дамудың нақты сатысы. Егер бұддашылардың кейбiр жүйелерi, әдiстерi адамзатқа пайдалы болса, оны неге алмасқа? Мұсылмандар қадими гректiң фәлсәфәсін, Персияның кейбiр экономикалық һәм әкімшілік заңдылықтарын, Сұрияның медициналық жетістіктерін, Қытайдың дамыған ілімдері мен технологияларын қабылдаған жоқ па? Ислам тарихы осындай уақиғалардың, дамулардың мысалдарына өте бай. Үйткенi, ғылымның, технологияның дiнi де ұлты да болмайды. Дәл бүгiнгi ғылыми-технологиялық даму сәуиесінде (деңгейiнде) соған көзiмiз жеткендей. Мұсылмандардың басқа дiн мансұбтарының жетiстiктерiн меңгерiп алғаны сондықтан таң қаларлық жағдай емес. Бiрақ, мұсылмандар пәленнен ананы алған, мынаны алған деушiлердiң осы арада бiр комплексi бар секiлдi!
Тағы да айта кететiн бiр маңызды жәһiт: Орталық Азия өңiрi мен мұсылман әлемiнiң басқа өлкелерiнде Ислам дiнiнiң таралуына, жергiлiктi халықтарға лайығынша түсiндiрiлуiне, Ислами ғылымдардың өркен жаюына, фәлсәфә, тыб, математика, ғарыштану сықылды көптеген ғылым салаларының дамуына үлкен үлес қосқан осы медреселер едi. Х-ХI ғғ. басталған медреселер толқыны мың жылға тарта керемет жетiстiктердi мұралатқанымен, соңғы бiрнеше ғасырда схоластиканың құрбаны болып, тек жаттанды қайталамаларды ғана уағыздайтын оқу орнына айналғаны жан ашырлық шындық екенiн де айта кеткенiмiз жөн. Бұрын медресе институты аталмыш пәндердің жетекші локомотиви болған, ал кейінірек бұл құрылым өзінің асаси қасиеттерінен жұрдай болып, бірнеше молданың, дін көсемінің жиналған ортасына айналған.
Біз осы арада медресе кімнен шыққан деген сауалға дауласайық деп тұрған жоқпыз. Кейбір ғалымдар медресенің прототиптерінің ертеректе мұсылмандарда болғанын дәлелдеп жатыр, кейбірі болса жоғарыда айтылғандай бұддашылдардың вихарасы үлгі болды дейді. Қай қайсысы болса да Исламның басқа мәдениеттерге есігінің ашық болғанын көрсетеді. Демек, Исламият хайырлы нәрселерді кері қақпайды, керісінше қабылдайды, дамытады.
Белгілі ғалым Баймырза Хайыттың (1917 ж. туған) пікірінше медреселер ең алғашқы мешіттердің жанында, Құран оқуды үйрететін дәрісханалар ретінде пайда болған. Медреселердің оқу бағдарламалары толығып, IX-X ғғ. олар барлық пән салалары бойынша білім беретін ғылым ұяларына айналады. Медресе деп унтверситетті айтады, ал, біздегі қалыптасқан ұғымда медресе десе әптиек пен хатым дұғасын үйрететін молдахана еске түседі. Бұл әсте дұрыс емес! Орта Азиялық мұсылмандар мақтаныш ететін факті, тұңғыш медресенің (университет мағнасында) Бұхарада пайда болғаны. Мәселен, Фаражек медресесі Бұхарада 937 ж. ашылып, білім бере бастаған. Медреселер бірте-бірте күллі Ислам әлеміне жайылған, мисалы, Қаһирадағы әл-Әзһер дәрісханасына 976-996 жж. медресе статусы берілген.
Қарахан билеушісі Арслан Ғазы Тафғач Хан, Х-ғасырда Мәру қаласында медресе ашқан, ол уафат болған соң, медресенің жанына жерленген. Ғазналық Махмұд (997-1030) Ғазнаны медреселер қаласына айналдырып үлгерген! Нишабұр билеушісі Насыр Себұктегінұлы 1033 ж. Нишабұр қаласында керемет медресе ашқан. Селжүк билеушісі Тұғрұл Бек 1046 ж. Нишабұрда өзінің атымен аталған медресені салған. Уәзір Низам әл-Мүлік (1018-1092) атақты Бағдад медресесін 1066-1067 жж. салады, осы алып бинаның құрылыс жұмыстарында 100 000 динар жұмсалған-ды. Ғалым уәзір бұдан басқа Балх, Нишабұр, Һерат, Исфахан, Басра, Мәру, Мұсұл, Табаристан медреселерін ашқан. Қыруар қаржы жұмсалған үшбұ медреселерде барлық пәндер оқытылушы еді. Әсіресе, тыб (медицина), астрономия, математика, табиғаттану, әдебиет, фәлсәфә және мантиқ салаларына қатты көңіл бөлінуші еді. Ислам елдеріндегі медреселерде біртуар ғалымдар тәлім-тәрбие алды, мәшһүр еңбектерін жазды. Олардың басты ерекшеліктері; олар өздері шұғылданған ғылым салаларын өте терең меңгерген ғалымдар, сонымен қатар Исламиятты да жақсы білетін иманды мұминдер еді. Заманымызда бұл жағдай тым басқаша; ғалым атағын алғандардың көбі атеист, ал молда атағын алғандардың көбі ғылымсыз!
Батыс елдерінде ең алғашқы
университеттердің
Жоғарыда келтірілген ғылыми һәм тарихи фактілер мұсылмандардың басқа діндердің өкілдеріне, олардың мәдениеттеріне асқан хошкөрушілік танытқандарын растайды. Қазіргі уақытта мұсылмандарды тарихи шындықтан басқаша етіп көрсетуге тырысушылар бар. Елін, жерін, ата-бабасының мәдениетін сүйетін оқымыстыларымыздың міндеті бұрмалаушылардың уағызынан асып түсетін түрде хақиқатты, ізгілікті насихаттау болмақ.
Жаратушы ұлық тәңiр Аллаһ
Тағалаға иманды және мойынсұнуды бiлдiретiн
нағыз бiртәңiрлi (монотеист) тәухид
нанымы негiзiнде пайғамбарымыз
Араб тайпаларының бірігуіне жаңа дін – ислам діні жәрдемін тигізді. 630 жылы араб тайпаларының көпшілігі ислам дінін қабылдап, Мұхаммед пайғамбар билігін мойындады. Арабтар жаулап алушылығының нәтижесінде ислам діні әлемдік дінге айналды. Халықтың көбі Меккені ислам дінінің орталығы деп таныды. Қағба тасы тұрған жер исламның қасиетті орнына айналды. Сауд Арабиясы еліндегі ислам дінінің орталығы Мекке қаласына барып қайтқандар Алланың құлы «қажы» атағын алады. Ислам деген сөз құдайға бағыну дегенді білдіреді. Мусылмандардың қасиетті кітабы – Құран. (арабшадан аударғанда «оқу» деген сөз).
Қазақ даласына ислам діні VII ғасырдың басында арабтардың Орта Азияны бағындыруы нәтижесінде кіре бастады. Шындығын айтқанда, ислам діні Қазақстанға күштеп енгізілген жоқ. Қазақстанда сол дәуірде қалыптаса бастаған феодалдық қатынастарға ислам дінінің кері әсері болмай, қайта ол феодалдық қарым-қатынастарды жандандыра түсетінін көре білген феодалдық үстем тап иелері ислам дінін қуана қарсы алды. Өйткені бұрыннан келе жатқан шаман діні феодалдардың талап-тілегін, мақсат-мүддесін қанағаттандыра алмады. Ал ислам діні болса халықты рухани жағынан болсын, саяси жағынан болсын мығым ұстай алатын мемлекеттік дін бола алды. Осындай тиімді жақтарына қарамастан қазақ тайпалары өзінің бұрыннан келе жатқан шаман дінін, ата-баба аруағын қастерлеуді ұстанып, ислам діні қағидаларына мән бермеді. Академик Бартольд В. В.: «ХІІІ ғасырдың басында мұсылман Хорезм билеушілері мұсылман емес Сырдариядағы және Торғай облысындағы қыпшақтармен соғысуына тура келді,» — деп жазуына қарағанда, сол кездерде қазақ тайпаларының басым көпшілігі әлі мұсылмандық жолға түсіп, ислам дінін қабылдамаған сияқты. Рузбиханның жазуына қарағанда, қажет десеңіз XVI ғасырдың өзінде де қазақтар пұтқа табынушылар деп танылып, оларға қарсы «ғазауат» соғысына шығуды талап еткен. Өйткені шариғат заңдарын араб миссионерлері үндеп, үгіттеп, насихат жүргізгендеріне қарамастан, халық ата-баба аруағына, тәңірге, жұлдыз-айға ұзақ уақыт бойы сиынды. Ата-баба аруағына сиыну бәлекеттен сақтап, өздеріне бақыт, молшылық, жақсылықтар әкеледі, мал басының аман болуына, өсіп-өнуіне көмектеседі деп, сол үшін олар аруақты разы етуге тырысты. «Аруақ аттаған оңбас» деп аруақты ұмытпады…
Араб қолбасшысы Кутейб ибн Мүслім әскері Қазақстанның оңтүстігіне 714ж. ҮІІ ғ. басып кірді. Қазақстан тұрғындарының исламдануы осы кезден басталады. Осы кезде Мауеренахрдағы бауырластарына үнемі қол ұшын беріп отыратын Түркеш қағанаты Орта Азиядағы арабтардың жаулап алған жерлеріне үлкен қауіп төндірді, себебі олар Шаш (Ташкент) пен Ферғананың, Самарқант пен Бұхараның автохтонды тұрғындарын қолдап отыру үшін әскер жіберіп отырды. Арабтардың Испиджабқа (Сайрам) жоғарғы түркештердің қолбасшысы Әбу Мырзақым (Сүзеген) қаған араб экспанциясына сәтті тойтарыс берді. Басында арабтар Оңтүстік Қазақстаннан кетуге мәжбүр болды. 737 ж. қарай түркеш атты әскерінің көмегімен Мауереннахр әскері жерлерін шетелдіктерден тазартты. Бірақ таққа талас барысында Сүзегеннің өлтірілуі түркеш мемлекетін әлсіретті, сол себепті арабтың аймақ бастығы Наср ибн Сейяр осы жылдан бастап Орта Азиядағы араб билігін қалпына келтіре бастады.
Б. Ғафуров: «714 ж. Кутейб Шашқа қайтадан шабуыл жасады. Ол Шашты өз ордасына айналдырып, Испиджаб бағытында жорыққа аттанды. Кутейбті бұл қаланың сауда орталығы екендігі емес, оның стратегиялық маңызы қызықтырады: Испиджабты алып, Кутейб Орта Азиялық одақтастарына көмекке ұмтылған түркі әскерінің жолын қиып тастауға талпынды,» —деп жазды. Жорыққа сарбаздарымен бірге миссионерлер де қатысты, алайда арабтардың шегінуі дін уағыздаушыларына жаңа дінді таратуға мүмкіндік бермеді. Бұл аймақта көптеген конфессиялардың болғаны белгілі. Әсіресе, зәрдүстілік қомақты орын алды. Бірақ исламның таралуына байланысты зәрдүстілік қудалауға ұшырады. Оның жазба әдебиеттері жойылды. Басқа манихейлік, будда, христиан діндері де осындай жағдайға душар болды.
Ұзақ дәуірлер бойына қазақ тайпалары арасында әдет-ғұрыптардың нормалары қоғамның бірден-бір заң реттегіші рөлін атқарды. Оның да себебі бар еді. Әуелі, қазақ қоғамы әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты басқалардан томаға – тұйық өмір сүрді. Сол себепті де тек қазақи, өзіндік идеологияны өз ішіне алды. Екіншіден, әдет-ғұрып заң нормалары тек үстем тапқа ғана емес, жалпы қазақ қоғамына тиістілік сипатына ие болды. Өйткені туыс-туыстарымен ру-ру болып көшіп-қонған қазақтарда «ру намысы» күштірек еді. Бұл төменгі таптың «өз туыстастары» үстем тапқа қарсылығын тежеп отырды.
Арабтар Мауараннахрды Әбдімәлік ибн Маруан (685-705) тұсында ғана жаулап алуға қолы жетті. Хорасан билеушісі Кутейб ибн Муслим ішкі қырқыстардан әбден әлсіреген Орта Азияға қоныстанған түркі тайпаларын басып алды. Сөйтіп, 705 жылдың өзінде-ақ бүкіл Орта Азияны уысында ұстады. Балхты басып алған Кутейб ибн Муслим Бұхарға ұмтылды. Соғдылар мен түркі тайпалары арасына от салу нәтижесінде Бұхарды алды. Ауыр шайқастардан соң соғдылықтар астанасы Самарқан қолға түсті.
Наршаһидің жазуынша, Кутейбаның
әскері Бұхарды бірнеше қайтара
алғанымен, арабтар кете салысымен
жергілікті халық ислам дінінен
безіп, өз ата-бабасы ұстанған дінге
көше берген. Төртінші рет Кутейба
әзер дегенде қаланы алып, қалаға сол
қаланың тұрғындарының
Міне, осыдан кейін кең далада емін-еркін көшіп-қонған қазіргі Қазақстан территориясындағы түркі тайпалары арасынан ислам дінін тарату үшін миссионерлер ағылды. Олар көшпенді халыққа күштемей-ақ ислам дінін енгізу жағын қарастырды. Оларға қазіргі қазақ халқын құраған тайпалар ұстанған дін, исламға көп жағынан кереғар еместей болып көрінді. Мәжауиндік шаман дінін оңай ығыстыруға болады деп санады. Сол себепті де олар бұл тайпаларды «һаза хақ» – «һазақ» (бұл арабша сөздің мағынасы—«бұлар дұрыс, жолы дұрыс») деп атады. Содан барып, «қазақ» деген термин қалыптасып кетті дей аламыз.
Әйтсе де, ұзақ дәуірлер бойы ислам діні қазақтардың ежелгі әдет-ғұрыптарын ығыстыра алмады. Қайта олармен санасуларына тура келді. Өз ата-баба дәстүрлерін көбірек ұстанған қазақтарды дінсіздер деп атады. Оларға қарсы «ғазауат» соғысына шақырулар да сондықтан. Бұл қазақи, өзіндік сипатқа ие дәстүрдің ұзақ дәуірді иеленген тарихы бар. Олардың гүлденген, күйзелген дәуірлері де бар. Мұндай жайт дүние жүзі халықтарының кез-келгендерінің бастарында да бар.
Қазақтардың өзіндік ерекшелік
пен сипатқа ие болған елді басқару
формалары, экономикалық жүйесі, рухани
қажеттілігін қанағаттандырарлық өнері.
Заңдары мен мінез-құлықтық кодекстері
болған. Ұзақ дәуірлер бойы жазба мәдениеті
мардымсыз дамыған қазақтардың (өйткені
көшпенді тұрмыс кешу мектептер ұстауға
мүмкіндік бермеді) уаызекі шығармашылық
дәстүрі күшті дамыған. Әсіресе
жас ұрпақтытәрбиелейтін үлгі-
Бүгiнгi күнi ислам дiнi жершарының барлық құрлықтарында азды-көптi таралған. Мұсылмандардың саны 2 миллиард адам мөлшерiнде есептелуде. Әсiресе, Батыс халықтарынан исламды қабылдаушылардың саны тұрақты түрде өсуде. ХХ-ғасырда мұсылмандардың саны 7 есе көбейген. Халқының басым көпшiлiгi мұсылмандардан құралатын мемлекеттердiң саны 60 шамасында. Қазақстан халқының да 70 пайызы мұсылмандар. Елiмiз «Ислам конференциясы ұйымының» толық мүшесi.