Қазақ поэзиясының
Құлагері Ілияс Жансүгіров өзінің
«Жетісу» (1730-1916) атты кітабында (Алматы,
2001 ж) былай дейді: «Колпаковский қалайда
Жетісуды орысқа шегелеп ұстауға отар
саясатын мықтап ұстады. Жетісуды орнықты
отар қылуға орнығып отыратын орыс керек
болды. «Жетісуда жер мол» деген дақпырт
бүтін Ресейге таралады. Жер, судан айырылған
қазақ-қырғыз кедейленіп, аяқты малдың
өрісі тарылып, азайып, егін салып, егінші
болып күн көруге жайлы жер-суынан айырылып,
әлгі келімсектерге малай болып сіңеді.
Алғашында Жетісуға жалғыз арбамен қаңғырып
келген қара мұжықтар жаулап алған ел
ішіне келген соң, өзін әкім санап, мінезі
өзгеріп, еңбек жеу, шаруаны қанауға, жұртты
соруға құнығады. Әрқайсысы төрт-бестен
қыстау жай салып, 20-30-дан малай жалдайтын
алпауытқа айналады. Жетісуды орыс жаулап
алудың ең аяғы Ұзынағаш соғысы болды.
Бұл туралы Түркістанның алғашқы жарым
патшасы (генерал-губернаторы) Фон Кауфман:
«Ұзынағаш соғысындағы жеңісіміз біздің
орыстың бүтін Орта Азияны жаулағандағы
жеңісіміздің анасы болды», – дейді. Жетісу
алынғанын жазған орыстың Набецкий дегені:
«Ұзынағаш соғысындағы орыс үстемдігі
Жетісудағы орыс отарының ең мықты салынған
алғашқы табалдырық тасы еді», – дейді.
Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Х.Гасфорд
Колпаковскийге қазақтар одан кейін шабуыл
жасамас үшін, олардың бүкіл дүние-мүлкі
мен малдарын тартып алып, ең басты сұлтандары
мен билерін жазаға тарту туралы нұсқау
береді. Бұл нұсқаумен қоса Гасфордтың
Колпаковскийге жөнелтілген келесі бір
нұсқауы орыстардың «бүлікшіл» қазақтарды
жазалауда аяусыз қатыгездікке барғанын
көрсетеді. Онда: «...кез келген қару ұстаған
қазақты жою керек. Егер де қазақтар Ресей
билігіне наразы болып, аздап болса да
сатқындық жасайтын болса, онда оларды
табан астында атып тастап, ауылдарын
өртеп және дүние-мүліктері мен малдарын
талаңдар, ...біз олардың батылдығын басып,
бізден сақтануға үйретеміз. Казактардың
қазақтарды атқан кезде бірде-бір оғы
босқа кетпесін» (Ресей федерациясының
Орталық Мемлекет мұрағаты, 5451-қор, 1 тізбе,
27-іс, 129-бет.).Жетісуға казактардың келуі
1831 жылы Аягөз, 1847 жылы Қапал бекіністерінің
негізі қалануынан бастау алады. Сол жылдары
Аягөзге казактардың 50, Қапалға 300 отбасы
көшіп келеді [8, с.267]. Ресей империясының
әскери-әкімшілік орындарының құрылуы
өлкені отарлауға кеңінен жол ашты. Патша
өкіметінің казактарды Жетісуға көптеп
әкеліп қоныстандыруы өлкедегі әскери-әкімшілік
орындарының «жемісті» қызмет атқарғанының
нәтижесі.ГубернаторД.И.Романовский патша
өкіметінің қазақ даласын қалай отарлағаны
жайлы былай деді: «Қазақтарға
орыстар енгізген ішкі басқару «тәртібі»
Сперанский басқарып тұрған кездегі Батыс
Сібірден келді. Сол жақтан қазақ даласына
қимыл әрекетіміз басталды. Алдымен қазақтарды
бақылау үшін әскерлер жіберіп тұрдық,
сосын олардың жеріне тірек орындарын
орнаттық, ал содан кейін әскери бекіністерімізді
тұрғызып, қазақ даласында орыстардың
қоныстарын салып, отарлауға кірістік» [9,
с.19]. 1854-1860 жылдар Жетісуды иемденудің
белсенді кезеңі болды. Жаңа бекіністер
мен қамалдар тұрғызылып, байланыс жолдары
салынды. Мысалға, 1854 жылы Алматы шатқалында
Верный бекінісі, 1855 жылы Үлкен Алматы,
Лепсі, Үржар, Көксу, 1858 жылы Софино, Қарабұлақ,
Надеждино, Көксу, 1859 жылы Қастек бе-кінісі,
1860 жылы Кіші Алматы станицаларын салды.
Мұнымен қатар казактар Жетісу өлкесінде
12 бекеттің негізін қалайды. Алатау дуанбасы Колпаковскийдің 1861
жылы 3 желтоқсанда берген №2774 мәліметінде
дуандағы тұрақты әскерлерден басқа Сібір
казак әскерлерінің 5, 6, 7, 8, 9, 10 полктерінің
бөлімдерін жаңағы аталған мекенге орналастырады
Казак әскерлерін орналастыру арқылы
патша өкіметі Орта Азияға ілгерілеу үшін
алғы шеп дайындады және ең бастысы тұрақты
казак әскерлерін қазақтың сана-сезімін
тұншықтыруға және ұлт-азаттық қозғалыс
күштерін талқандауға арнады.Ресей империясының
әскери-әкімшілік орындарының құрылуы
Іле өлкесін отарлауға кеңінен жол ашты. Ресей
губернияларынан құрал-ған казактардың
алғашқы тобы-1990 отбасы 1855 жылдың 4 шілдесінде
Верный бекінісіне келіп қоныстанады.
Келесі жылы казактардың қатары тағы да
326 отбасымен толығады [11, 38-47 п]. Жетісуда
отаршылдардың санын көбейтуді ойлаған
Сібір әкімшілігі 1857 жылы 16 мамырда өлкеге
256 казак отбасын әкеліп, Есік, Қаскелең,
Көксу өзендерінің бойына орналастырса,
сол жылы маусымда казактар-дың қатары
тағы 300 отбасыға көбейеді . Жетісуда мықтап
орныққан орыстардың әскери-әкімшілігі
өлкеге казактарды орналастыруда жергілікті
қазақтармен санаспады. 1857 жылы 16 мамырда
Жеке Сібір корпусы командирінің подполковник Абакумовке казактарды
қоныстандыру туралы берген №29 нұсқауында «Жетісу
өлкесіндегі казактардың санын арттырмақ
болған шараларыңызды ордалықтар білмей-ақ
қойсын және олардың ешқандай келісімін
керек етпеңіз. Олар не болса да бәрі дайын
болған кезде білсін» делінген . Өлкедегі
казактарды көбейте түскен орыс әкімшілігі
1860 жылы 1 қаңтарда Тобыл және Том губернияларынан
59 отбасын әкеліп, Софино және Надеждино
станицаларына орналастырса, көктемде
сол губерниялардан тағы 97 казактың жанұясын
әкеліп, Қарабұлақ, Қаскелең, Софино, Надеждиноқоныстарына
көшіреді. Бастабында патша өкіметі көбінесе
казак жанұяларын өлкеге күшпен әкелген.
Мысалы, 1860 жылы 20 сәуірде Қастек пен Ұзынағашқа
келіп орналасқан казактардың 143 отбасының
тек 29-ы ғана өз еркімен көшіп келген [14,
3-16 п]. Жетісуға келіп орналасқан келімсектер
жөнінде генерал Г.А.Колпаковский 1868 жылы
Түркістан генерал-губернаторына жазған
хатында былай дейді: «Жетісу облысындағы
бас-тапқы қоныстандыру әрекеті жеребе
арқылы жүргізілді. Қазақтардың дайын
егістіктеріне, жайылымдарына үкімет
тарапынан берілетін жәрдемақы есебінен
күн көретін күдікті, үйсіз адамдар орналасты».
Әскери-әкімшілік орындары көшіп келген
казак отбасыларына қазына есебінен көптеген
жеңілдіктер жасайды. Мысалы, офицерлерге
100, қатардағы казактарға 50 сомнан ақша,
4 жылға арналған несиеге тұқымдық, тұрғын
үй салуға тегін құрылыс материалдары,
адам басына 30 десятинадан жер учаскелері
бөлініп берілді. Казактардың Жетісуды
қоныстануының жергілікті халыққа тиген
зардаптары өте ауыр болды. Өйткені, олар
жартылай әскери топқа жататын. Сондықтан
олардың іс-әрекеттері күшке, зорлық-зомбылыққа
сүйенді. Мысалы М.Свиридов, З.Юдин деген
казактар Верный бекінісіне таяу орналасқан
қазақ ауылына барып, дүние-мүліктерін
тартып әкетеді . Сондай-ақ казактар қара
халықты былай қойып, қазақ билерінің
малдарын тартып алған. Казак-орыстардың
қазаққа жасаған қиянаттары мен зорлықтарын,
жергілікті әскери-әкімшілдік орын-дары
тоқтатудың орнына, қайта оларға дем беріп,
озбырлығын ашық түрде қолдап отырған. Мысалы, Ұлы
жүз приставы подполковник Перемышельский
1855 жылы 4 қазанда албандардың аға сұлтаны
Тезектің ауылын шабуға қарулы казактарды
жібереді. Олар ауылды тонап, албандарды
соққыға жығып, көздерінше бір өгізін
сойып жеп, 6 жылқы, 100-дей қойларын айдап
әкетеді [19, 7 п]. Кейін бұл «дәстүрді» оның
орнына келген Колпаковский де жалғастырады.
Ол 1858 жылы 11 маусымда қарулы 40 казакты
суандардың аға сұлтаны Тазабек Мұсылмановтың ауылына
аттандырады. Бұл жолы әбден еркінсіген
казактар аға сұлтанның өзін соққыға жығып,
үйіндегі барлық қазынасын, 200 қойын олжалайды
Казактардың жергілікті халыққа жасаған
қиянаты шектен асып кеткенін орыс шенеуніктерінің
өздері де мойындайды. Мұны Түркістанның
генерал-губернаторы болған Кауфманның Ташкент
ақсүйектерінің алдында сөйлеген сөзінен
табуға болады: «Бастапқы кезде біздің
казактар қарақшылардан кем болмай, қазақтарды
тонаумен айналысты. Сол казактардың бір
тобы Ұлы жүз қазақтарының ауылдарына
таңға жақын басып кіріп, бүкіл жылқыларын
айдап және 3 мың қазақты өлтіріп кеткен.
Осының арқасында олар қомақты пайда тауып
отырған» [21, с.231]. Жетісу казактарының
арасында маскүнемдік, зинақорлық, құмарпаздық,
ұрлық кең етек алған. Қорғансыз қазақ
ауылдарын тонаудан алдына жан салмаған
олар қауіп-қатерге ұшыраса, бәрін тастап
қашатын нағыз қорқақтар болған , Жетісу
казактарының маскүнемдікке салынған
мәліметін орыс ғалымы Семенов-Тянь-Шаньскийдің еңбектерінен
кездестіреміз. Онда ол Ұлы жүз приставы
Хоментовский мен Қапал бекінісінің бастығы
Абакумовтен бастап казактардың көп бөлігінің
әбден ішкілікке салынғанын жазады [23,
с.78-94].Казак-орыстардың маскүнемдікке
салынып, ұрлықты кәсіп еткені жөнінде
1861 жылы шыққан «Военный сборниктің» №5
санында мынадай мәліметтер кездеседі: «Казактардың
арасында қазақ ауылдарының малдарын
ұрлау нағыз кәсіпке айналған. Өкініштісі
сол, олар ұрлықты мүлдем қылмысқа санамайды» [24,
с.7].1861 жылы Ресейде шаруалардың басыбайлықтан
босатылуы Жетісу өлкесіне қоныс аударушылар
қозғалысының өрістей түсуіне әсер етті
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта айтқанда патшалы
Ресей үкіметі қазақ жерін жаулап алу
үшін белгілі бір мақсатпен саясатпен
жүргізілгендігін айқын байқауға болыды.сонымен
қатар казактардың да қазақстанға
қоныстануы тектен тек емес екендігін
бүгінгі тарих дәлелдеуде. ХІХ ғасырдың
60-жылдарының ортасына дейін, Жетісуда
300 мыңнан астам адам тұрған. Оның 90 пайызын
өлкенің ежелгі тұрғындары қазақтар (басым
көпшілігі) мен қырғыздар (елеусіз бөлігі)
құраған. 1867 жылы бар болғаны 24765 адам ғана
болған, орыстардың әскер қызметіндегілер
5265, 15000 казак және 4500 әр тектілер. Бұдан
орыс тұрғындарының басым бөлігі әскери
адамдар мен олардың отбасы мүшелері екенін
байқаймыз. Жетісу казактарының арасында
маскүнемдік, зинақорлық, құмарпаздық,
ұрлық кең етек алған. Қорғансыз қазақ
ауылдарын тонаудан алдына жан салмаған
олар қауіп-қатерге ұшыраса, бәрін тастап
қашатын нағыз қорқақтар болған , Ресей
үкіметінің мақсатының қолшоқпары
болған казактар Қазақстанға көптеген
зардаптар әкелді.Патшалы Ресей оларды
қолдағандығын бүгінгі тарих дәлелдеуде.Қорыта
айтқанда казактардың келуі қазақ халқы
ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүріне
өз ықпалын тигізді.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
1.Т.Көлбаев « Қазақ жеріне
казактар қалай келді» - Алаш айнасы
2.И.Өтеміс «Орыс патшалары және
қазақ даласы» - Ақтөбе облыстық қоғамдық
саяси газет
3. Ж.Сейтова «Казактардың
қазақ қоғамына әкелген зардаптары» -Қазақ
тарихы
4. Қазақ тарихы 3 том
5. (ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты,
39-қор, 1-тізбе, 2425-іс, 8083-б).
6.