Казактардың Оңтүстік Қазақстанға енуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2015 в 07:28, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының өзектілігі.Еліміз тәуелсіздік алғалы тарихтың ақтаңдық беттері ашылып жалпы қазақ тарихының дамуы мен шынайы тұстарын зерттеу маңызды басты мәселеге айналып тарихи зертеулердің өзектілігін артырып отыр.Осыған байланысты тың тақырыпқа айналып отырған казактардың оңтүстік қазақстанға келуі маңызды тақырыптың бірі болмақ.Бүгінгі таңда елімізде 130 дан астам ұлт өкілдері тұрады

Содержание работы

КІРІСПЕ
Негізгі бөлім
I.Казак ұғымы . Казактардың Орал даласын отарлауы
II. Казактардың Оңтүстік Қазақстанға енуі.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Курс работа Сезм.docx

— 53.36 Кб (Скачать файл)

Казактардың  Оңтүстік Қазақстанға енуі

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Негізгі бөлім

I.Казак ұғымы . Казактардың Орал даласын отарлауы

II. Казактардың Оңтүстік Қазақстанға енуі.

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Зерттеу  жұмысының өзектілігі.Еліміз  тәуелсіздік алғалы  тарихтың ақтаңдық беттері ашылып жалпы  қазақ тарихының дамуы мен шынайы тұстарын зерттеу маңызды  басты мәселеге айналып тарихи зертеулердің өзектілігін артырып отыр.Осыған байланысты тың тақырыпқа айналып отырған казактардың  оңтүстік қазақстанға келуі маңызды тақырыптың бірі болмақ.Бүгінгі таңда елімізде  130 дан астам ұлт өкілдері тұрады. Бұл тақырыптағы зерттелетін мәселеде осында қоныстанған казактар жайлы болмақ.Мәселен қазақ жеріне өзге ұлттар қалай келді олардың тарихы қоныстануы басты  мәселе болмақ.  Тарих ғылымы осы кезеңді  зертеу арқылы  бұл жай ғана көшу емес оның белгілі бір саясат  болғандығын айқындап отыр.Қазақ даласында жүргізілген қоныстандыру  бағыты негізі отарлауға негізделгенін бүгінгі  зерттеу барысында талдап көрсетуге тырысамыз.19 ғасырдан бастау алған казактардың қоныстануы орыс үкіметінің жүргізген саясаты екендігі барысында тақырыпты зерттеу қажеттілігі  туындап отыр,соның ішінде  тарихнамада казактардың оңтүстік қазақстанға  келуі.Сондықтанда  Отандық тарихты объективті  тұрғыдан қайта қарап, зертелмеген  тұстарын ашып,тың тақырып ұсыну бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның  өзекті  мәселелерінің бірі.Т.А.Мансұровтың: Халқымыздың өткенін  оқып үйрену қазіргі   кезде жақсырық түсінуге,тіпті болашақ шымылдығын түре  түсуге көмектеседі деген пікірі өте маңызды айтылған.

     Х/Х  ғасырда  қазақ даласына  енгізілген әкімшілік реформалар   көпшілігі  орыс казактарының көшіп келуі ондағы негізгі мақсат туралы нақтылы айта алмады.Казактардың қоныс аударуы ғасырлар бойы қалыптасқан қазақтардың  тарихына салты-дәстүріне тұрмыс-тіршілігіне нұқсан келтіріп қана қоймай  діні мен ділінен айырылуына әкелді.Казак жазушысы Усов Сібірдің казак әскерлеріне үлкен сенім артты  деді: «Сібір казак әскерлері Жайық және Дон казактары сияқты өз бетінше өніп шыққан жеміс болған жоқ. Оны қолдан жасап шығарған үкімет еді. Халықтың еркінен тыс, әр түрлі әкімшілік реформаларды жүзеге асы-ру арқылы, жер ауып келген немесе қылмыскер әйелдерге үйлендіре отырып, казактардың қатарын жасанды түрде көбейте алды. ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап патша өкіметі Жетісу өлкесіне әскери тәртіп орнатып, славян тектес халықтарды, әсіресе, казактарды орналастыра бастады. Казак әскерлері бастапқыда орыс патшасының құлдығынан қашқан шаруалар, ұрылар, әр түрлі қылмыс жасаған топтардан құралды. Олар жартылай қарақшы топтарға ұйымдасып, тонаушылық жолында шығысқа қарай жылжи берді. Кейін Ресей патшасының қызметіне кіріп, империяның жаулап алу саясатын жүзеге асыруда маңызды құралға айналды.. Сондай-ақ оларға қоғамдық және өзін-өзі басқару мекемелерін ашып бердіОсы пиғылды Дукнасов деген автор былай дәлелдейді: «Бірінші болып орыстардың Орта Азияны отарлаудағы біздің мемлекетімізге сенімді тірек болатын негізгі күш - казактар. Казактарды басқыншы күш ретінде пай-далана отырып, оларға басып алған жерлерін беру, арттарына алаңдамайтындай жағдай жасау арқылы біз көп жеңіске жете аламыз. Басып алған жерлерін өз меншігіне иеленген казактар сол жерді кеңейту үшін өздері-ақ жаңа жерлерді жаулай береді. Соның арқасында Ресей ол жерлерде де өз заңы, үкімін жүргізіп, бұратаналарды босқын етіп, тіпті оларды орысқа сіңіріп жіберіп отыра аламыз» Ал  И.Завилишин осы пікірді қолдайды  отарлаудың белгілі бір жоспары болғандығын айқындай түседі.Сонымен қатар  қазақ жерінің оның ішінде  Оңтүстік жерлердің табиғаты мен байлығында ескеріп отарлап алуды көздейді.Бұл казактар отардың басты көзі деп көрсетеді.Акедемик К.Нұрпейісов былай дейді: «Патша өкіметі қазақ халқы мекендеген жерді мемлекеттің меншігі деп жариялап, құнарлы алқаптарды қоныс аудару қорына, казак әскерлерін орналастыру учаскелеріне, патша әулетінің жеке меншігіне, т.с.с. күштеп тартып алып отырды.Менің пікірімше  патша үкіметінің  казактарды қоныстандыруы жерді толық иелік етіп қана қоймай қазақ жерін басып алып жаныштау саясатына бағыталғандығын айқындай түседі.С.Асфендияров  казактардың қоныстанып келуі үлкен зардап әкелгендігін айтады. Оған тоқталсақ  «Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты, - деп жазды ол, - қазақ мемлекеттілігіне аса үлкен апат әкелді. Бұл саясаттың кері салдары байлар билігінің нығаюымен үндесіп, қазақ еңбекші бұқарасына және кедейлеріне өзінің бар салмағын салды. Онда патша өкіметінің қоныстандыру саясатын сипаттайтын негізге ала отырып талдап көрсеткен

 Тілеу Көлбаев , тарих ғылымының докторы, профессор, академик, ҚР Журналистер одағы сыйлығының лауреаты,Алаш Айнасы – Республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газетінде  жарияланған мақаласында  казак атауы және казактардың Орал даласын отарлауы немесе 1916 жылдағы жетісудағы көтеріліске қатысқан казактар жайлы жақсы мәліметтер береді. Бұндағы ең басты бағыт орыстандыру  саясатты екендігін ашық көрсетедіТақырыптың  маңызды  мәселелерін анықтап жаңа көзқараста талдап ашу  зертеудің басты бағыты болмақ.Т.Шонанұлы Ресейдің отарлау саясатының негізгі мақсаты мен жоспары туралы нақты деректер көрсетеді. Зерттеу жұмысының мақсатты мен міндеттеріказактар ұғымын ашу . 18 ғасырдан бастау алған отарлық езгінің  себебі мен көзделген мақсатын ашып көрсету .Ресей империясының  казактарды  қоныстырудағы  негізігі мақсат пен саясат оның зардаптарын талдап қарастыру.Қойылған  мақсаттарға зерттеу арқылы  ашып көрсету үшін  мынандай міндеттерді негізге алдық:

--18 ғасырдан бастау алған отарлылық Ресейдің  саясатына талдау жасау және оны 19 ғасырдағы  казактардың қоныстануымен  байланыстыра отырып отарлаудың салдарын ашып көрсету,Оның қазақ халқына тигізген зардаптарын көрсету.

--Қазақ пен  казак арасындағы  қоғамдық өмірдің байланысы мен  тағы басқа мәселелерді  шешу  арқылы  казактардың қоныстану  кезіндегі  әрекетерін талдау:

Зерттеу  жұмысының нысаны.19 -20 ғасыр аралығындағы Ресей үкіметінің саясаты мен  казактардың  қоныстандырудағы  үкіметің  жүргізген  саясаты болып табылады

Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері 19-20 ғасыр  басына дейінгі  хронологиялық кезеңді қамтиды. Зерттеудің шегі  Ресей үкіметінің  Қазақстанның оңтүстік жеріне орыс казактарының қоныстануымен сипатталады.

Зерттеу жұмысының  методологиялық негізі осы заманғы  зерттеушілердің   ғылыми жаңалықтары жаңару  теориясы,  орналастырудың  формалары бағыты  ұсынатын  аспект болып табылады.Ресей үкіметінің негізгі бағыты қазақ жерін өз билігіне өткізу,  орталықтандыру  мен бір жүйеге келтіру ғасырлар бойы қалаптасқан қазақ  өмірңне нұқсан келтіру,дәстүүрлі қазақ қоғасын казактарды қоныстандыру арқылы басыбайлы басып алу, сот істеріне негіздеу болып табылады.Салыстырмалы –тарихи әдісті  талдау  салыстыру   арқылы  казактардың орналыастыудағы ресейдің  жалпы және негізгі саясатын айқын ашуға мүмкіндік туғызады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Казак ұғымы . Казактардың Орал даласын отарлауы

«Козак», «казак» – татар сөзі. Бұл славян және одан кейін орыс тілдеріне борыштан (салықтан) азат, ерікті, ержүрек және сонымен бірге атты жауынгер деген ұғымдарды білдіретін сөз ретінде енген. Орыс казактарының тарихы төңкеріске дейінгі Ресейдің тарихымен тығыз байланысты. Ықылым заманнан бері казактар әскери күш ретінде Ресей мемлекетінің шет аймақтарының қорғаны болып келген. Олар ерікті казактар бірлестігінен Ресей империясының айырықша құқы мен артықшылыққа ие әскери құрамына дейінгі күрделі жолдан өткен. XVI ғасырдың екінші жартысынан бастап кейіннен Жайық казактары деп аталып кеткен ерікті казак қауымдастығы құрыла бастады. XVI ғасырдың 80-жылдарында Дон казактарының бір бөлігі Мәскеу мемлекетінің әскерінен жеңіліп, атаман Ермакпен бірге Сібірге кетті. Бұл жерде олар Сібірді басып алуға қатысты. Екінші бөлігі Волга бойымен Каспий теңізіне түседі. Жайық бойымен жүзе отырып, Үлкен Ноғай Ордасының астанасы Сарайшық қаласына келеді. Сарайшықты талқандап, теңіз арқылы қайтадан Донға кетеді. 1808 жылғы Ережеге сәйкес, Сібір линиялық әскері казактарды қызметке өз қаруларымен, жабдықтарымен, киім-кешегімен және жылқыларымен алуға тиіс болды. Сібір казак әскерлерін құрған кезде патша үкіметі бірінші кезекте казактардың полицейлік рөл атқаруы керектігін ескерді. Ал енді Сібір казак әскерлері «барлық бүлікшілерді тыныштандырушы және жуасытушы» ретінде өздерінің міндеттерін қатыгездікпен орындады.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында тұтастай Ресей отарына айналған қазақ даласындағы әскери казактардың рөлі мен жалпы казачество туралы кезінде А.И.Герцен «Колокол» журналында жеріне жеткізе айтқан еді. Ол: «Полковник Слуцкий қырғыз-қазақ даласындағы цивилизациялық әулиелер деп атаған казактар «тиімді» қызметке көшпелілерді тонап, пайда табу үшін барды», – деп жазады. Казактардың қырғыздарға не істейтінін білесіздер ме? (Яғни қазақтарға). Олардың күллі мал-мүлкі казактың өз меншігі тәрізді қойын тартып алу, өгізін не жылқысын ұрлап әкету казак үшін керемет бір батылдық, жігіттік өнер сияқты көрінеді. Ол үшін төменгі шендегілерге ескертіп, сөгіс беріп жатқан офицерлер де жоқ, ауық-ауық олардың өздері де ауылдарды талап отырады. Есаул Бутаков, подполковник Абакумов сияқты теріс қылықтарымен даңқы шыққан мырзалар да бар... Бүкіл Сібір әскерлері қырғыздардың (қазақтардың) есебінен күн көріп отыр десе де болады», – деген хабары жағдайды өте-мөте толық жеткізеді («Колокол», 1861г., №5). Казак отрядтары орналасқан бос жатқан жерлер, негізінде, ешқандай иесіз жерлер емес, керісінше көшпелілердің жыл бойы көшіп-қонып жүретін қыс-қыстауы, жаз-жайлауы еді. Ежелгі қазақ еркіндігін шектеу саясаты, әскер жасақтарындағы өзгерістер, оның Ресей империясының құрамдас бөлігіне айналдырылуы қатардағы қазақ жұртшылығының 1722-1837 жылдар аралығындағы бір ғасырдан астам уақыт ішінде көптеген бой көтерулерін туғызды. Қазақ даласы тыныштықтан айырылды. Шаруашылығы күйзеліп, берекесі кетті.Казактар патшаның саптағы күші ретінде Исатай мен Махамбет, Көтібар мен Есет бастаған қазақ шаруаларының да отаршылдық пен феодалдық әділетсіздікке қарсы көтерілістерін қанға бояуға қатысты. Таққа отырған патша Екатерина-ІІ Е.Пугачевтің шаруалар көтерілісін жеңгеннен кейін «Жайықта болған сорақы оқиғаны мүлдем ұмыту үшін» 1775 жылғы қаңтардың 15 жұлдызында Жайық қаласын – Орал қаласы, Жайық өзенін – Орал өзені, ал Жайық әскерлерін Орал әскерлері деп өзгертуге жарлық шығарды. Сөйтіп, казактардың бұрынғы еркіндігіне де тыйым салынды. 1868 жылы «Далалық облыстардағы басқару туралы уақытша ереже» бойынша Орал облысы құрылады. Оған Орал казак әскерлерінің қоныстанған жерлері мен Орынбор қазақтары жерінің (Орал өзенінің сол жағалауы, Т.К) едәуір бөлігі, Маңғыстау төңірегі, жалпы көлемі 29,6 миллион десятина алқап енеді. Оның Орал, Өзен, Шыж, Елек тағы басқа өзендер айналасындағы анағұрлым шаруаға ыңғайлы, құнарлы 6,4 миллион десятинасы әскерлердің бөліп-жармай иелену құқындағы жерлер болса, 23,2 миллион десятинасы қазақтардың қоғамдық пайдаланудағы мемлекеттік меншігі еді.

Облыс көлемінде 1897 жылғы санақ бойынша 645121 адам тұрса, оның 118 мыңға жуығы әскери казактар сословиесінің тұрғындары болған. Орынбор әскері 533 мың адамнан құралды. Осы кезде казак сословиесі 61 станицада, 446 поселкеде, 550 хуторда тұрып, қазақтардан күштеп тартып алған 7,4 миллион десятина жерді иеленді. Енді оларға төмендегі үш міндетті бұлжытпай орындау жүктелді: біріншіден, патшаның отаршылдық саясатын жүзеге асыруға көмектесу; екіншіден, тартып алынған жерді көшпенді тайпалардың шабуылынан қорғау; үшіншіден, казак әскерлері мемлекеттің қарулы күштерінің бір бөлігін құрайды.

Бұл жылдары қазақ даласынан өзге аймақтарда әскерлер құрыла бастаған еді. Дон казактарынан Астрахань казак әскері құрылды. Олар Кіші жүз қазақтарының 808 мың десятина жерін тартып алды (ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты, 39-қор, 1-тізбе, 2425-іс, 8083-б). Казактар жергілікті халыққа үнемі қысымшылық жасап отырды. Қазақ ауылдарын тонады, малдарын тартып алды, әскер орналасқан территориядағы су көздеріне жолатпады. Ресей  үкіметі зз бағыты мен мақсатын саясатын енді казактар арқылы жүзеге асыруды көздеді  Казак әскерлерін орналастыру арқылы патша өкіметі Орта Азияға ілгерілеу үшін алғы шеп дайындады және ең бастысы тұрақты казак әскерлерін қазақтың сана-сезімін тұншықтыруға және ұлт-азаттық қозғалыс күштерін талқандауға арнады.Ресей империясының әскери-әкімшілік орындарының құрылуы Іле өлкесін отарлауға кеңінен жол ашты. Ресей губернияларынан құрал-ған казактардың алғашқы тобы-1990 отбасы 1855 жылдың 4 шілдесінде Верный бекінісіне келіп қоныстанады. Келесі жылы казактардың қатары тағы да 326 отбасымен толығады [11, 38-47 п]. Жетісуда отаршылдардың санын көбейтуді ойлаған Сібір әкімшілігі 1857 жылы 16 мамырда өлкеге 256 казак отбасын әкеліп, Есік, Қаскелең, Көксу өзендерінің бойына орналастырса, сол жылы маусымда казактар-дың қатары тағы 300 отбасыға көбейеді [12, 1-8 п]. Жетісуда мықтап орныққан орыстардың әскери-әкімшілігі өлкеге казактарды орналастыруда жергілікті қазақтармен санаспады. 1857 жылы 16 мамырда Жеке Сібір корпусы командирінің подполковник Абакумовке казактарды қоныстандыру туралы берген №29 нұсқауында «Жетісу өлкесіндегі казактардың санын арттырмақ болған шараларыңызды ордалықтар білмей-ақ қойсын және олардың ешқандай келісімін керек етпеңіз. Олар не болса да бәрі дайын болған кезде білсін» делінген . Өлкедегі казактарды көбейте түскен орыс әкімшілігі 1860 жылы 1 қаңтарда Тобыл және Том губернияларынан 59 отбасын әкеліп, Софино және Надеждино станицаларына орналастырса, көктемде сол губерниялардан тағы 97 казактың жанұясын әкеліп, Қарабұлақ, Қаскелең, Софино, Надеждино қоныстарына көшіреді [13, 1-2 п]. Бастабында патша өкіметі көбінесе казак жанұяларын өлкеге күшпен әкелген. Мысалы, 1860 жылы 20 сәуірде Қастек пен Ұзынағашқа келіп орналасқан казактардың 143 отбасының тек 29-ы ғана өз еркімен көшіп келген [14, 3-16 п]. Жетісуға келіп орналасқан келімсектер жөнінде генерал Г.А.Колпаковский 1868 жылы Түркістан генерал-губернаторына жазған хатында былай дейді: «Жетісу облысындағы бас-тапқы қоныстандыру әрекеті жеребе арқылы жүргізілді. Қазақтардың дайын егістіктеріне, жайылымдарына үкімет тарапынан берілетін жәрдемақы есебінен күн көретін күдікті, үйсіз адамдар орналасты» [15, 21 б]. Әскери-әкімшілік орындары көшіп келген казак отбасыларына қазына есебінен көптеген жеңілдіктер жасайды. Мысалы, офицерлерге 100, қатардағы казактарға 50 сомнан ақша, 4 жылға арналған несиеге тұқымдық, тұрғын үй салуға тегін құрылыс материалдары, адам басына 30 десятинадан жер учаскелері бөлініп берілді [12, 5-8 п]. Казактардың Жетісуды қоныстануының жергілікті халыққа тиген зардаптары өте ауыр болды. Өйткені, олар жартылай әскери топқа жататын. Сондықтан олардың іс-әрекеттері күшке, зорлық-зомбылыққа сүйенді. Мысалы М.Свиридов, З.Юдин деген казактар Верный бекінісіне таяу орналасқан қазақ ауылына барып, дүние-мүліктерін тартып әкетеді [16, 3 п]. Сондай-ақ казактар қара халықты былай қойып, қазақ билерінің малдарын тартып алған. Солардың бірі Туғанбай би казактардан қысым көріп, дуан бастығына былай деп шағымданады: «Хорунжий Трешков бастаған казактар тал түсте ауылыма келіп, екі түйемді күшпен тартып алып кетті. Кетіп бара жатып егер де түйелеріңді алғың келсе, маған 50 сом ақша әкеп бересің», - деді [17, 3 п]. Алатау дуан бастығының полиция басқармасына жіберген №55 бұйрығында мына жағдайды көрсетеді: «Жыңғылды бекетінің жанында қыстап отырған Тіленші бидің ауылына түнде 3 орыс келіп, өгізі мен сиырын алмақ болғанда әйелі сиырдың дауысынан оянып, үйінен жүгіріп шығады, сол кезде олар әйелдің басын жарып, өлтіріп кетеді» [18, 2 п].Казак-орыстардың қазаққа жасаған қиянаттары мен зорлықтарын, жергілікті әскери-әкімшілдік орын-дары тоқтатудың орнына, қайта оларға дем беріп, озбырлығын ашық түрде қолдап отырған. Мысалы, Ұлы жүз приставы подполковник Перемышельский 1855 жылы 4 қазанда албандардың аға сұлтаны Тезектің ауылын шабуға қарулы казактарды жібереді. Олар ауылды тонап, албандарды соққыға жығып, көздерінше бір өгізін сойып жеп, 6 жылқы, 100-дей қойларын айдап әкетеді [19, 7 п]. Кейін бұл «дәстүрді» оның орнына келген Колпаковский де жалғастырады. Ол 1858 жылы 11 маусымда қарулы40 казакты суандардың аға сұлтаны Тазабек Мұсылмановтың ауылына аттандырады. Бұл жолы әбден еркінсіген казактар аға сұлтанның өзін соққыға жығып, үйіндегі барлық қазынасын, 200 қойын олжалайды [20, 18 п].Казактардың жергілікті халыққа жасаған қиянаты шектен асып кеткенін орыс шенеуніктерінің өздері де мойындайды. Мұны Түркістанның генерал-губернаторы болған Кауфманның Ташкент ақсүйектерінің алдында сөйлеген сөзінен табуға болады: «Бастапқы кезде біздің казактар қарақшылардан кем болмай, қазақтарды тонаумен айналысты. Сол казактардың бір тобы Ұлы жүз қазақтарының ауылдарына таңға жақын басып кіріп, бүкіл жылқыларын айдап және 3 мың қазақты өлтіріп кеткен. Осының арқасында олар қомақты пайда тауып отырған» [21, с.231]. Жетісу казактарының арасында маскүнемдік, зинақорлық, құмарпаздық, ұрлық кең етек алған. Қорғансыз қазақ ауылдарын тонаудан алдына жан салмаған олар қауіп-қатерге ұшыраса, бәрін тастап қашатын нағыз қорқақтар болған [22, с.116-117]. Жетісу казактарының маскүнемдікке салынған мәліметін орыс ғалымы Семенов-Тянь-Шаньскийдің еңбектерінен кездестіреміз. Онда ол Ұлы жүз приставы Хоментовский мен Қапал бекінісінің бастығы Абакумовтен бастап казактардың көп бөлігінің әбден ішкілікке салынғанын жазады [23, с.78-94].Казак-орыстардың маскүнемдікке салынып, ұр-лықты кәсіп еткені жөнінде 1861 жылы шыққан «Военный сборниктің» №5 санында мынадай мәліметтер кездеседі: «Казактардың арасында қазақ ауылдарының малдарын ұрлау нағыз кәсіпке айналған. Өкініштісі сол, олар ұрлықты мүлдем қылмысқа санамайды» .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Казактардың Оңтүстік Қазақстанға енуі

Оңтүстік Қазақстан территориясына орыс мұжықтарының алғашқы легі келгенге дейін патша әкімшілігі қазақ даласын әскери казак-орыстардың отарлауымен шектеді. Түркістан өлкесінде казак-орыстардың тұрақтары Жетісу облысында пайда болып, оның тұрғындарының саны уақыт өткен сайын өсіп отырды. Облысқа орыстардың енуі 1831 жылы Жетісуға таяу жерде Сібір гарнизоны орналасқан Аягөз приказдығының құрылуымен басталған еді. 1847 жылы жүзбасы Абакумов 200 казакпен бірге Қапал өзені бойында жаңа қамал – Қапалдың негізін қалады. Патша әскерлерінің Жетісудағы жылжуының келесі нысанасы Іле өзені бойы болды. Орыс әскерлері ілгері жылжыған сайын өздеріне қарсы шыққан қазақ ауылдарын қатыгездікпен талқандап отырды. 1853 жылы Қапалдан бүкіл Іле өлкесін жаулап алу мақсатымен арнайы экспедиция шығып, маусым-тамыз айларында өлкеде тірек орталығын салуға қолайлы жер іздестірілді. Қамал тұрғызу үшін суы мол, жері құнарлы, құрылыс жүргізуге қажетті қалың орманды Үлкен және Кіші Алматы өзендері аралығындағы кең дала таңдалып, мұнда 1854 жылы Заилийское деп аталған бекініс салынды. Ал келесі жылы бұл елді мекен Верный форты деген атпен өзгертілді. Қамалға таяу жерге Іле өлкесіндегі алғашқы орыс поселкесі болып табылатын Алматы казак станицасының негізі де осы жылы қаланды. 1856 жылы мұнда тағы да 139 казак және 200 шаруа отбасы Томбы және Тобыл губернияларынан, Воронеж губерниясынан 242 шаруа отбасы келіп қоныстанды. Талғар, Есік, Қаскелең және Шамалған өзендері бойында да жаңа казак және шаруа поселкелері пайда бола бастады. Империя шекарасы оңтүстікке: Лепсіден – Ілеге, одан соң Шу өзеніне қарай жылжи берді. 1855 жылы Үржар және Лепсі станицалары, 1858-1860 жылдары Көксу, Қаскелең, Арасан, Қарабұлақ т.б. казак станицалары салынды. Нәтижесінде 1867 жылға дейін Жетісуда құрылған 14 казак поселкелері мен станицаларында 14648 адам өмір сүрді. 1867 жылғы 13 шілдеде ІІ Александр патшаның жарлығымен Жетісу казак әскерлері құрылды. Оның міндеттеріне отарлануға тиіс аймақтарды Ресей құрамына біртұтас кіргізу, басып алған сол жерлердегі шекараны қорғау, форпос, бекініс салу жұмыстары кірді. Жаңа әскер штатында 600 адамнан тұратын екі атты полкты қоса есептегенде барлығы 1768 адам болды.Келімсек казактар мұндағы қазақтардың өңделген ең құнарлы егіс алқаптарын, су жүйелерін, мал жайылымдарын тартып алып, халқымыздың дәстүрлі мал және егін шаруашылығының дамуына орасан зор нұқсан келтірді. Бұл жөнінде Телжан Шонайұлы былай дейді: «Үкімет, әуелі қылмысты болып, жазаға бұйырылып, Ресейге зияннан басқа пайда тигізбейді деп түсінген, шіріген жұмыртқаға есептелген адамдарды қазақ даласына орнықтыруға ұмтылды. Өлім жазасына кесілген және саяси өлімге арналғандарды жіберді. Екінші, тіпті салық төлемей шаруашылық күші үзіліп, Ресейге пайда келтіруден қалған мұжықтарды көшірді. Бұларды атты казак қылып жазды. Үшіншіден, бұрыннан басы бос жауынгер атты казактарды орналастырды, жауынгерлігінің үстіне казак-орыс бұрыннан қазақпен соғысып үйренген» («Қазақ тарихы», 2010 №4, 23-бет). Қазақстанның оңтүстік өңірлерін жаулап алуда отаршылдық саясаттың итаршылары, генералдар В.Перовскийдің, М.Черняевтің, Г.Колпаковскийлердің аттары тарихта қатар аталады. Колпаковский Герасим Алевсеевич (1814-1896) – орыс армиясының генералы. Батыс Сібір, Түркістан және Дала өлкелерінің әскери-әкімшілік басшысы. Орта Азия мен Қазақстанда патша өкіметінің отарлау саясатын белсене жүзеге асырушы. Харьков губерниясындағы офицер-дворянның отбасында туды. 1852 жылдан бастап Батыс Сібір өлкесі генерал-губернаторының адъюданты болды. 1858 жылы Алатау округі мен Ұлы жүз қазақтары өлкесіне шабуыл жасаған қоқандықтарға қарсы соғыс қимылында Ұзынағаш маңындағы шайқасқа (1860 ж.) қатысты. 1862 жылы Шу өзені алқабына жасалған экспедицияны басқарып, Қастек, Пішпекті алды. Сол үшін оған генерал-майор атағы берілді. 1864-67 жылдары – Семей облысының, 1867-82 жылдары – Жетісу облысының генерал-губернаторы болып тағайындалды. 1889 жылы Әскери советтің мүшесі болып тағайындалып, Петербургке ауыстырылды. Жаңадан келген патша итаршысы, Жетісу казак әскерінің құрметті атаманы Колпаковский енді қазақ жерінің байлығын халықтан тартып алып, самодержавиелік өкіметтің мүддесіне сай етіп жүзеге асыра бастады. Ол өзінің патшаға арнаған есепті баяндамасында: «Орыстармен күнделікті экономикалық қарым-қатынастың ықпалы арқасында қазақтар өздерінің ежелгі жауынгерлік рухынан айырылды, ал қазір олар бейбіт, дәрменсіз өмір сүрген номадтарға айналды. Олар орыс өкіметіне бас иіп, түтін салығын, тағы басқа да алым-салықтарды бұлжытпай орындайды», – деп жазды (ҚРООМ, 64-қор, 1-тізбе, 125-іс, 122-бет.). Міне, осындай генерал-губернатордың «мағыналы» сөздерінен самодержавиенің отарлау саясатының шеруін аңдауға болады. Мұның өзі – еңбекші халықты езіп, үнін шығартпай тастағанының бір айғағы. Колпаковскийдің келуімен бірге дала өлкесінде отарлау саясатының жаңа толқыны өрледі. Қазақтардың ежелден бері ұқсатылған жайлы жерлері қазына меншігі деп жарияланды. Қазақ жерлерін казактардың қалай тартып алып, зорлық-зомбылық көрсеткенін белгілі ғалым, жазушы Сапабек Әсіп ағамыз өзінің «Қазақ қасіреті» деген еңбегінде егжей-тегжейлі баяндап жазған (Әсіп С. Қазақ қасіреті – Алматы, 1994 ж.).  

Информация о работе Казактардың Оңтүстік Қазақстанға енуі