Әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде іс жүргізу қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2013 в 11:09, доклад

Описание работы

Төртіншіден, әкімшілік процесті тек юрисдикциялық қызметпен шектеу, оны қылмыстық және азаматтық процестермен теңестіреді, бұл мәселені оң деп айту қиынға соқтырады.
Бесіншіден, әкімшілік процесті, процесс және әкімшілік іс жүргізу деп бөліп қарастыру, осы құқықтық құбылыстың мәнін дұрыс анықтауда қиындық тудырады, өйткені әкімшілік істердің нақты санаттары бойынша іс жүргізу процесстің құрамдас бөлігі болып табылып, ерекше және жалпы түрдегі ара қатынаста болады.
Алтыншыдан, әкімшілік процесс әкімшілік-құқықтық нормалар жүйесін қолдану түрі болып табылады және материалдық әкімшілік құқықтың салаларымен қатар, басқа да құқық салаларының материалдық нормаларын қамтиды.

Содержание работы

Кіріспе
Іс жүргізудің құрылымы және олардың классификациясының қағидалары
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу ұғымы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде іс жүргізу қағидалары.doc

— 111.50 Кб (Скачать файл)

 

 

 

ЖОСПАР

Кіріспе

  1. Іс жүргізудің құрылымы және олардың классификациясының қағидалары
  2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу ұғымы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы істер бойынша іс жүргізуден басқа әкімшілік процесс және оның іс жүргізу түрлері әлі күнге дейін тиісті құқықтық реттелумен қамтамасыз етілмей отыр. Процестің барлық түрлерінің ішінде тек, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық түрлері ғана құқықтық құбылысқа ие болуына байланысты, процестің осы түрлерін реттейтін нормалар жиынтығы маңызды жүйелік сипат – азаматтық – іс жүргізу, әкімшілік – іс жүргізу және қылмыстық – іс жүргізу түріндегі қазақ құқығындағы іс жүргізудің дербес саласының мәртебесіне ие. Осыған байланысты, процестің жаңа түрі ретіндегі әкімшілік іс жүргізу құқығы және әкімшілік процесс қызығушылық тудырады.

Қазақстанның Негізгі  заңы бойынша адам құқықтары мен  бостандықтары әркiмге тумысынан  жазылған, олар абсолюттi деп танылады, олардан ешкiм айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін алуына, мемлекеттің халықаралық қатынастардың толыққанды субъектісі ретінде әлемдік қауымдастыққа енуіне және елдегі экономикалық, саяси саладағы өзгерістерге байланысты, қолданыстағы заңнаманы, оның ішінде әкімшілік-іс жүргізу саласын түбегейлі өзгерту туралы мәселенің өзектілігі артып отыр.

ХХ ғ 60 ж ортасына дейін  іргелі құқықтық санат ретіндегі  процестің мәні туралы ғылыми көзқарастар сол дәуірдегі азаматтық және қылмыстық процестер негізінде қалыптасты. Сондықтан да, осы процестердің юрисдикциялық сипаты: құқық туралы (азаматтық процесс) дауды шешу және мәжбүрлеуді қолдану (қылмыстық процесс) маңызды болды. Азаматтық және қылмыстық процестердің мұндай түсіндірілуі, азаматтық және қылмыстық юрисдикция мақсаттары үшін арнайы құрылған орган ретіндегі соттың әлеуметтік бағытынан шығады.

ХХ ғ 60 жж басында құқықтанушы  ғалымдардың процесс түрлеріне, оның ішінде әкімшілік процесті зерттеуге деген қызығушылықтары арта бастады. 1964 ж басылымнан шыққан Н.Г. Салищеваның алғашқы монографиялық еңбегінде әкімшілік процесс, азаматтық және қылмыстық процестердің көрінісі ретінде сипатталған.

Зерттеу жұмысының өзектілігі сонымен қатар, әкімшілік процесс түсінігін тар мағынада анықтау үшін оның юрисдикциялық сипатының алынуына да байланысты. Әкімшілік процесті түсіндірудің осы түрдегі тәсілінің тиімсіздігін біз төмендегідей мәселелерден байқаймыз:

Біріншіден, юрисдикциялық  қызмет, мемлекеттік органдар және ұйымдар жүргізетін атқарушы әкімшілік қызметінің тек бір бөлігін ғана білдіреді.

Екіншіден, әкімшілік  процесс шеңберінде юрисдикциялық  сипаттағы істердің санаттарын ғана қарастыру, мемлекеттік басқару  органдарының көпжақты ұйымдастырушылық қызметінің әкімшілік іс жүргізу, басқару сипатын жоққа шығару болып табылады.

Үшіншіден, әкімшілік  процесс функцияларын юрисдикциялық  сипатта ғана қарастыру барысында, оның шеңберінде көптеген жеке істерді  шешу мәселелері елеусіз қалады.

Төртіншіден, әкімшілік процесті тек юрисдикциялық қызметпен шектеу, оны қылмыстық және азаматтық процестермен теңестіреді, бұл мәселені оң деп айту қиынға соқтырады.

Бесіншіден, әкімшілік  процесті, процесс және әкімшілік  іс жүргізу деп бөліп қарастыру, осы құқықтық құбылыстың мәнін дұрыс анықтауда қиындық тудырады, өйткені әкімшілік істердің нақты санаттары бойынша іс жүргізу процесстің құрамдас бөлігі болып табылып, ерекше және жалпы түрдегі ара қатынаста болады.

Алтыншыдан, әкімшілік  процесс әкімшілік-құқықтық нормалар жүйесін қолдану түрі болып табылады және материалдық әкімшілік құқықтың салаларымен қатар, басқа да құқық салаларының материалдық нормаларын қамтиды.

1. Іс жүргізудің құрылымы және олардың классификациясының қағидалары

 

Қазақстан Республикасының  аумағында әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік даулар туралы істер жөніндегі әкімшілік іс жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы танылған принциптері мен нормаларына негізделген конституциялық заңдарда, осы кодексте айқындалады. Әкімшілік іс жүргізудің тәртібін реттейтін өзге де заңдардың ережелері осы Кодекске енгізілуге тиіс.

Қазақстан Республикасының  халықаралық міндеттемелері, сондай-ақ әкімшілік іс жүргізуді реттейтін  Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары әкімшілік іс жүргізу құқығының құрамдас бөлігі болып табылады.

Егер Әкімшілік іс жүргізудің барысында азаматтық  немесе қылмыстық құқыққа сәйкес шешілуге тиіс мәселені қарау қажеттігі  пайда болса, ол азаматтық немесе қылмыстық іс жүргізу тәртібімен шешіледі.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық  туралы заңдар принциптерiнiң маңызы мынада: оларды бұзу, оның сипаты мен  мәнiне қарай, iс бойынша жүргiзiлген iстi жарамсыз деп тануға, осындай iс  жүргiзудiң барысында шығарылған шешiмдердiң күшiн жоюға не бұл орайда жиналған материалдардың дәлелдiк күшi жоқ деп тануға әкеп соғады.

Қазақстан Республикасының  Әкімшілік іс жүргізу кодексінің 10-20-баптарында бекітілген қағидаттар әкімшілік іс жүргізудің барлық түрлеріне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексінің 23-30-баптарында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге, Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексінің 31, 31-1, 31-2-баптарында осы бапта көрсетілгенге байланысты әкімшілік даулар туралы істер бойынша іс жүргізуге, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге қолданылады.

 

 Заңдылық қағидаты. Соттар, мемлекеттік органдар (лауазымды адамдар) әкімшілік іс жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Кодекстің және басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәлме-дәл сақтауға міндетті. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адам мен азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайды деп тапса, ол іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға және Конституциялық Кеңеске осы актіні конституциялық емес деп тану жөнінде ұсыныс жасауға міндетті. Сот Конституциялық Кеңестің шешімін алған соң іс бойынша іс жүргізу қайта басталады. Істерді шешу кезінде соттың заңды бұзуына болмайды және ол заңсыз сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады. Заңның бұзылуына кінәлі судья заңда белгіленгендей жауапты болады. Сот, әкімшілік даулар туралы істер бойынша іс жүргізген кезде, істі шешу кезінде мемлекеттік немесе өзге органның актісі заңға сәйкес келмейді немесе ол өкілеттікті асыра пайдаланып шығарылған деп тапқан жағдайда одан артық заң күші бар құқықтық актілерді қолданады. Даулы құқықтық қатынастарды реттейтін құқық нормалары болмаған жағдайда сот ұқсас қатынастарды реттейтін құқық нормаларын қолданады, ал мұндай нормалар болмаған жағдайда дауды заңдардың жалпы негіздері мен мағынасын негізге ала отырып шешеді.  

Адамның құқықтарын, бостандықтары  мен заңды мүдделерін сотта қорғау. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғауға құқығы бар. Мүдделi адам құқықтары, бостандықтары немесе заңмен қорғалатын мүдделерi бұзылғанда немесе дауға түскенде, оны қорғау үшiн заңда белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы. Сот, мемлекеттік органдар (лауазымды адамдар) әкімшілік іс жүргізуге қатысушылар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етуге, оны іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексінде белгіленген жағдайларды жасауға, олардың заңды талаптарын қанағаттандыру жөніндегі шараларды уақытында қолдануға міндетті. Ешкiмге ол үшiн заңмен көзделген соттылығы оның келiсiмiнсiз өзгертiлуге тиiс емес. Мемлекеттік органның (лауазымды тұлғаның) заңсыз іс-әрекеттерімен азаматтарға, заңды тұлғаларға мүліктік зиян келтірілген жағдайда, әкімшілік істі жүргізетін сот оның орнын толтыру шараларын қолдануға міндетті. Әкімшілік іс жүргізу кезінде адамға оның құқықтары мен бостандықтарын бұзудың нәтижесінде келтiрiлген зиян Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен өтелуге тиiс. 

Жеке бастың ар-ожданы мен  қадiр-қасиетiн, іскерлік беделін құрметтеу. Әкімшілік іс жүргізу кезінде жеке немесе заңды тұлғаның ар-ожданын қорлайтын немесе қадiр-қасиетiн кемiтетiн, немесе іскерлік беделін қаралайтын, немесе әкімшілік iс жүргiзу кезiнде iске қатысушылардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп төндіретін iс-әрекеттер мен шешiмдерге тыйым салынады. Әкімшілік істі жүргізетін судьяның, мемлекеттік органның (лауазымды адамның) заңсыз iс-әрекеттерiмен адамға келтiрiлген моральдық залал заңда белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс.

Судьялардың тәуелсiздiгi. Судья сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және тек Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға бағынады. Судьялар мен соттар әкімшілік даулар туралы, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi өздерiне бөгде ықпал болмайтын жағдайларда шешедi. Соттардың сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметiне қандай да болмасын араласушылыққа жол берiлмейдi және ол заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Нақты iстер бойынша судьялар есеп бермейдi. Судья тәуелсiздiгiнiң кепiлдiктерi Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңмен белгiленген. 

Iс жүргiзу барысында  қауiпсiздiктi қамтамасыз ету. Әкімшілік іс жүргізуге қатысатын тұлғаларға, сондай-ақ олардың отбасыларының мүшелеріне зорлық-зомбылық, мүлікке зиян келтіру қауіпі туатынының негіздеуі болған кезде судья, мемлекеттік орган (лауазымды адам) іс жүргізуді және бұл адамдардың денсаулығының, ар-намысының, қадір-қасиетінің және мүлкінің қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті.  

Әкімшілік iс жүргiзудiң  жариялылығы. Әкімшілік даулар туралы, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстерді қарау ашық жүргізіледі. Заңға сәйкес мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтерi бар iстерге қатысты, сондай-ақ әкiмшiлiк даулар туралы iстердi қарауға уәкiлеттi соттың коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны, жеке тұлғалардың мәлiметтерiн сақтау қажеттiлiгiне не ашық қарауға кедергi келтiретiн өзге де мән-жайларға сiлтеме жасаған iске қатысушы адамның өтiнiшiн қанағаттандыру кезiнде iс жүргiзу жабық түрде жүзеге асырылады. Iске қатысушы адамдар мен ашық iс жүргiзуге қатысып отыратын жеке тұлғалар iс жүргiзiлiп жатқан үй-жайдағы өздерi иеленген орыннан iс жүргiзудiң барысын жазбаша түрде немесе аудиожазуды пайдалана отырып жазып алуға құқылы. Iс жүргiзу барысында кино- және фотосуретке түсiруге, бейнежазбаға, тiкелей радио- және телехабарларды таратуға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi соттың рұқсаты бойынша, iске қатысушы адамдардың пiкiрлерi ескерiле отырып жол берiледi. Бұл iс-әрекеттер iстiң қалыпты жүруiне кедергi жасамауға тиiс және оларға уақыт жағынан шектеу қойылуы мүмкiн. 

Бiлiктi заң көмегiн алуға  құқықтарды қамтамасыз ету. Әркiмнiң әкiмшiлiк iс жүргiзу барысында заңға сәйкес бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңмен көзделген жағдайларда заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Дәлелдеменi бағалау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзудi жүзеге асыратын судья, мемлекеттік органның лауазымды адамы дәлелдемелердi заң мен ар-намысты басшылыққа ала отырып, дәлелдемелердi өз жиынтығында жан-жақты толық және объективтi қарауға негiзделген өзiнiң iшкi сезiмi бойынша бағалайды. Ешбiр дәлелдеменiң алдын ала белгiленген күшi болмайды. Істі қарай отырып, сот, мемлекеттік (лауазымды адам) объективтілік пен бейтараптылықты сақтай отырып, іс бойынша шындықты анықтау үшін қажетті шараларды қабылдайды. Әрбiр дәлелдеме тиесiлiлiгi, жол берiлетiндiгi, дұрыстығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер өз жиынтығында iстiң шешiлуi үшiн жеткiлiктiлiгi тұрғысынан бағалануға тиiс. Егер дәлелдеме iс үшiн маңызы бар мән-жайлардың болуы туралы тұжырымды растайтын, жоққа шығаратын немесе оған күмән келтiретiн нақты деректер болса, дәлелдеме iске қатысты деп танылады. Егер дәлелдеме Кодексте көзделген тәртiппен алынса, ол жол беруге болатын дәлелдеме деп танылады. Егер тексеру нәтижесiнде дәлелдеменiң шындыққа сәйкес екендiгi анықталса, ол дұрыс дәлелдеме деп танылады. Егер дәлелденуге тиiс мән-жайлардың барлығы және әрқайсысы туралы ақиқатты даусыз анықтайтын, iске қатысты жол берiлетiн және дұрыс дәлелдемелердiң бәрi жиналса, дәлелдемелердiң жиынтығы iстiң шешiлуi үшiн жеткiлiктi деп танылады. 

Куә айғақтарын беру мiндетiнен  босату. Ешкiм өзiне-өзi, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгiленген шектегi жақын туыстарына қарсы айғақ беруге мiндеттi емес. Дiни қызметшiлер өздерiне сенiп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға мiндеттi емес.

Іс жүргiзу әрекеттерi, қаулыларына шағымдану құқығы. Соттың, мемлекеттің органның (лауазымды адамның) әрекеттерi мен шешiмдерiне осы Кодексте белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн. Іске қатысушы адамдардың жоғары тұрған мемлекеттік органның және (немесе) судьяның Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен шешімді қайта қарауына құқығы бар. 

Жеке өмiрге қол сұқпаушылық. Азаматтардың жеке өмiрi, жеке және отбасылық құпия заңның қорғауында болады. Әркiмнiң жеке салымдар мен жинақтардың, хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудiң, почта, телеграф және өзге де хабарлардың құпиясына құқығы бар. Әкімшілік іс жүргізу барысында бұл құқықтарды шектеуге заңда тiкелей белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша ғана жол берiледi. 

Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы. Әкімшілік даулар туралы істер жөніндегі Қазақстан Республикасындағы сот төрелігін сот ғана іске асырады. Кiмнiң болса да соттың өкiлеттiгiн иемденуi заңмен көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Қандай атаумен болса да төтенше немесе арнайы соттарды құруға жол берiлмейдi. Төтенше соттардың, сондай-ақ заңсыз құрылған өзге де соттардың шешiмдерiнiң заңды күшi болмайды және орындалуға жатпайды. Соттың құзыреті, оның юрисдикциясы, әкімшілік даулар туралы істер бойынша іс жүргізуді іске асырудың тәртібі осы Кодекспен айқындалады және еркін өзгеруі мүмкін емес. Әкiмшiлiк даулар туралы iстер бойынша, өзiнiң қарауына жатпайтын iс бойынша iс жүргiзудi жүзеге асырып, өз өкiлеттiгiн асыра пайдаланған немесе Кодексте көзделген әкiмшiлiк даулар туралы принциптердi өзгеше түрде бұзған соттың шешiмдерi заңсыз және күшi жойылуға тиiс. Соттың әкiмшiлiк даулар туралы iстер жөнiндегi шешiмдерi осы Кодексте көзделген тәртiппен тек тиiстi соттарда ғана тексерiлуi және қайта қаралуы мүмкiн.  

Информация о работе Әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде іс жүргізу қағидалары