Көне түрік жазба ескеткіштері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 19:33, реферат

Описание работы

Әрбір дәуірдің елеулі, кезеңді оқиғаларын заманының белгілі ақын-жазушылары дастан-жырларға, ойшылдары тарих-шежіреге айналдырып, шеберлер сәулет өнерінде бейнелеп қалдырған.
Тек түркі халықтары мәдениетінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүние жүзі мәдениетінің тарихында елеулі орын алатын ондай ескерткіштердің мәні өте зор. Сондай құнды рухани мұралардың қазақ жерінде де көптеп жасалғандығы біздің халқымыз үшін үлкен мақтаныш.

Содержание работы

Кіріспе .. ........................................................................................................3
Негізгі бөлім
1.Көне түрік жазба ескерткіштері............................................................4-10
2.Табылған аймақтары.............................................................................10-11
3.Қазақстан жерінде.................................................................................11-12
Қорытынды.....................................................................................................12
Пайдаланған әдебиеттер................................................................................13

Файлы: 1 файл

тарих.docx

— 59.14 Кб (Скачать файл)

Могoилян жазба ескерткіш — Орхон езені бойынан табылған көне түркі ескерткіші (7 ғ.соны). Ескерткіш Күтлүғ(Кдпаған) кағаннын баласы Могилян- ғаарналған, мәтінін жазған Иоллығ Тегін, оны тапкан Н. М. Ядринцев, алғаш рет окыған В. В. Радлов. Жазуда Могиляннын, Күлтегіннін, Тонукүктын жорыктары баяндалған.

Мойунчур ескерткіші — Орхон-Енесей көне түркі жазуымен 759 ж. жазылған ескерткіш. Оны Солтүстік Монголияда 1909 ж. тапкан Г. И. Рамстедт. Ол — ескерткіш мәтінін немісше аударыгі, 1913 ж. жариялаған. Бұл енбекті Н. Оркун түрік тіліне, С. Е. Малов 1959 ж. орыс тіліне аударып жариялаған. Ескерткіш "Селенге тасы" деп те аталады. Мойун-чур сол кездегі үйғыр мемлекетінін ханы болған. Ескерткіш мәтінінде жер-су, адам, тайпа, халык (үйғыр, оғыз, тоғыз, татар, кырғыз, түркеш, түрік, соғды, кыпшақ т.б.) атаулары кездеседі. Ескерткіште әнгіме оғыз тайпасынын өкілі атынан баяндалады.[1]

Орхон ойма жазулары — Монголиянын Орхон, Селенге өзендері бойынан табылған көлемді әдеби мұралар, хан әулетінін кұлпытастары, 7—8 ғғ. жазылған көне түркі руникалык ескерткіштері болып табылады. иран Білге каган, Күлтегін, Тонукүк, Күлі-чур, Мойун-чур т.б. ескерткіштер жатады Ескерткіштер мен ондағы жазбаша деректерлі ашып жариялаған.

Қазақстан жерінде


Соңғы отыз жыл ішінде Қазақстан  жерінде де көне түркі жазба ескерткіштерінің бар екендігі анықталды. Талас бойынан (Жамбыл облысы) төртбұрышты тас мөр мен дөңгелек тастың жарты сынығына бедерленген руникалық ойма жазулар, Іле бойынан (Алматы облысы) жартастарға қашалған руникалық жазу үш жерден табылды. Осы өңірден жүзіктегі руникалық жазу да анықталды. Сыр бойында (Оңтүстік Қазақстан облысы) ескі кенттердің орнынан табылған саз балшықтан күйдірілген дөңгелек алқа, құмыра сияқты ойылған руникалық жазулар белгілі болды. Ертіс өңірінен екі қола айнадағы руникалық ойма жазудың (Шығыс Қазақстан облысы) бірін А.Н.Бернштам 1948 жылы жариялады. Сондай-ақ 1985 жылы Шығыс Қазақстаннан жартасқа қашалған руникалық жазу, ал 1987 жылы бауға тағылған мөрдің табанына ойылған руникалық жазу табылды Жайық өңірінен (Ақтөбе облысы) анықталған қола айнадағы руникалық жазу 1986 жылы жарияланды.

 

Қорытынды

Қазіргі Қазақстан мен Орталық Азия аумағындағы ертедегі тайпалар өмірін бейнелейтін,тасқа қашап жазған  мұндай жазулар  жиі кездеседі. Бұл сияқты тастарға қашалған жабайы аңдар, хайуанаттар, адам бейнелері, аңшылық, садақ тарту, желекті найза ұстау, жыртқыштан қорғану, ертедегі адамдардың киелі түсініктері  ертедегі тайпалардың  тұңғыш жазуы болып табылады.Тіл білімінің терминдері мен айтсақ-бұл ертедегі  сурет жазуы немесе пиктографиялық жазу.Руникалық жазу тараған географиялық алқапқа  барлау жасап көз салсақ, ол Моңғолия мен Сібірден бері қарай басталып, Жетісуды көктей өтіп, Венгрияға дейін жалпақ аймақтың әр жерінен ұшырасып қалып отырады. Мұндай бір аудандас жазу ескерткіштерінің құлашын осыншама кең жаюы ғылым үшін кездейсоқ құбылыс емес. Бұл осы жазуды тұтынған көне түркі   тайпаларымен  тайпалық одақтар ХІ ғасырдан бері қарай құрыла бастаған көптеген түркі халықтарының этникалық құрамына кіргендігінің  айғағы. Осы ескерткіш тілі  сол тайпалар мен тайпалық  одақтардың диалектілік ерекшеліктерін, көне түркі тілінің диалектілерін  анықтауда,түркі тілдерінің , соның ішінде, қазақ тілінің тарихи  грамматикасын жасауда дәйекті негіз бола алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

Отырар. Энциклопедия.-Алматы «Арыс»баспасы,2005

Бейсенбайұлы Ж.  Бітіг  тастағы Білге танушы «Егемен  Қазақстан»              2002ж 28сәуір.

Ертедегі қазақ әдебиеті, Хрестоматия. Алматы1967

Есенқұлов Е. Көне түркі жазба  ескетркіштеріндегі қосымшалар. Алматы1976ж.


Информация о работе Көне түрік жазба ескеткіштері