Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 18:12, реферат
1 – Жүргізуші
20 жыл толды тәуелсіз ел болғалы,
Желтоқсан 25 – ке толғалы.
Қос атауын толықтырып бір-бірін,
Ұлы оқиға екеуі Отандағы.
Көтерілді биікке, Қазақстан байрағы!
Он алтыншы желтоқсан,
Ел мерейі тасыған,
Қазақ деген қалың жұрт,
Бәрін кешті басынан,
Естісін ел үніңді,
Дүние түгел естісін,
Тәуелсіздік туыңды,
Биік көтер, жас ұлан!
Дархан
«Мен қазақпын»
Мен қазақпын! өзгешемін. Басқамын.
Бөлек суым, орман, тауым, аспаным,
Өзімдікі жетіп жатыр өзіме,
Бақ – ырысын қызғанбадым басқаның
Атойлатып жауға шапқан батыры,
Батырлықты жырла өткен ақыны
Армандаған азаттықты сан ғасыр,
Арманымша жетіп тындым ақыры.
Қызықтырмас алтының мен жақұтың
Қастер тұтар бір кие ел – жұртым.
Оның аты – Тәуелсіздік, Еркіндік
Осы менің байлығым да бақытым.
Азаттығым көктен жерге түспеді.
Тәуелсіздік желі қандай күшті еді.
1 – Жүргізуші.
Болашағына байыппен қарап , барын бағалай білетін,ұрапғын үмітіне сай тәрбиеленген ел озады .Ұлттық дәстүрдің бесігінде тербетіп ,тәрбиелеп өсірген елдін болашағы қашанда жарқын ,іргесі берік міртебесі биік болмақ .
2 – Жүргізуші.
Тәуелсіздіктің туын биік көтерген ұрпағымыз бабаларымыздың аманатын ұрпақтан ұрпаққа жеткізейік.
«атамекен» өлені
Келесі Кездескенше!!!
~ ~