Кіші және Орта жүз билеуші топтарының Ресей бодандығын қабылдауы және оның салдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 19:19, реферат

Описание работы

Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күресі. Бұланты, Аңырақай шайқастары.
Жоңғар шапқыншылығынан туған зор күйзелушілік, малдың қырылуы шаруашылық дағдарысының шиеленісуіне әкеліп соқты, мұның өзі қазақ хандықтарының билеуші топтарының арасындағы саяси қарама-қайшылықтарды бұрынғыдан да бетер күшейте түсті. Қиын жағдайдан шығудың жолы жауға ұйымдасып тойтарыс бету ғана бола алатын еді, мұның өзі болашақта қазақ жүздерінің экономикалық және саяси ыдырауын тоқтатар еді.

Файлы: 1 файл

тарих 33.docx

— 27.44 Кб (Скачать файл)

Осы жылы патша үкіметі  Кіші жүздің хандығына Әбілхайырдың баласы Нұралыны бекітті және ол Петербордан  Орынборға әкелген сыйлықтарға  ие болды. Патша Анна Иоанновнаның атынан келген тартулар  атап айтқанда, «татар және орыс тілдерінде жазулары бар қылыш, бұлғын тон, қара түлкілі екі бөрік, мәуіті тон …», - дей келе, сонымен бірге  қасындағы інілеріне, анасына, старшын, бий т.б. сыйлықтарға «жалпы 3000 руб. ден де көп қаржы жұмсалды …», - дейді  В. Витебский «Неплюев  және 1758 жылға дейінгі бұрынғы құрамдағы Орынбор өлкесі» деген еңбегінде. Ресей мемлекетінің бұл ісі қазақ мемлекетінің ішкі саясатына араласуға жағдай жасау, яғни мемлекетті бостандығынан, тәуелсіздігінен айыруға жол бастау еді. Бұл жерде Ресей империясының дипломатиялық корпусы үлкен рөл атқарды. Мысалы: Бекович–Черкасский, Тевкелев тәрізді басқа ұлт өкілдерінің қазақ жеріндегі әскери–зерттеу миссиясы Ресейдің қазақ жеріне ендеп кіруіне мүмкіндік туғызды.

ХVІІІ ғасырдың 30-40 жылдары-ақ Кіші жүз және Орта жүз қазақтарының Ресей протекторатын қабылдағанына  қарамастан, олардың бағынуы нақты болмады. Себебі, қазақ билеушілері бұл кезде жоңғар жаулаушыларымен қырғи-қабақ соғыста еді. Оның үстіне Қазақстан шекарасында күшті Цин империясының пайда болуы күрделі саяси жағдайдың тууына  және қазақтардың Ресей ықпалынан шығып кету қаупіне әкеліп соқты. Жоңғар басқыншыларының қазақ жеріне  әлсін-әлсін шабуылын Ресей үкіметі тиімді пайдалануға тырысты. Осыған орай Қазақстанның осы аймақтарын Ресей бодандығында ұстау шекаралық өкімет орындарының негізгі міндетіне айналды.  Ресей әскери күштері Қазақстанмен шекара аймақтарында бекіністер салуды үдетті. Ресей империясы ХVІІІ  ғасырдың 30-40 жылдары Қазақстанның солтүстік-батыс шекарасында Верхнеяицкіден Звериноголов бекінісіне дейін созылып жатқан Үй бекініс–шебін салды. Оның ұзындығы  770 шақырым болды. 1752 жылдың жазында генерал С.В.Киндерманның басшылығымен 11 бекіністен тұратын Новоишим бекіністі шебін салу басталды. Оның жалпы ұзындығы 662 шақырым болды. Осы бекіністі шептің ең бастысы Есілдегі Петропавл болды. Бекіністі шептің басты мақсаты Үй және Ертіс шептерін  жалғастыру болатын. Осы шептердің салыну салдарынан қазақтардан ені 50 шақырымнан 200 шақырымға дейін  жететін жер көлемі алынды. Ресейдің Қазақстан территориясына экспанциясы нәтижесінде 1752 жылдан бастап Ертістің жоғарғы ағысындағы Үлбі, Бұқтырма және Нарын бойындағы жерлердің Ресейге қосылғаны туралы ресми түрде жарияланды.

Ресей империясы қазақ  жерін отарлау саясатын барған сайын  күшейтті. Шекаралық өкімет билеушісі  И.И.Неплюевтің “бөліп ал да билей бер“ принципіне негізделген идеялары мен  жоспарлары қолданысқа кірді. Қазақ  руларының Жайыққа, Жайық қалашығы мен бекіністерге  жақын жерлерде көшіп жүруіне  тиым салу туралы 1742 жылы 19 қазанда жарлық шықты.  Кейін ол 1756 жылы толықтырылып, түгел Жайық пен Еділ арасында қазақтарға көшіп-қонуға тиым салынды.

1760 жылы  Өскемен бекінісінен Телец көліне дейін бекіністер салына бастады. 1761 жылы Өскеменнен Зайсанға дейін Бұқтырма шебінің бекіністері пайда болды. Осы алынған жерлерді шаруашылықпен игерген кезде ғана бекітіп алуға болатынын түсінген шекаралық өкімет орындары бұл аудандарға ел қоныстандыруға  белсене күш–жігер жұмсады. ХVІІІ  ғасырдың  60-жылдарында-ақ Алтайға Тобыл губерниясынан 2 мың шаруа мен әртектілер көшіріліп әкелінді. Сонымен бірге шекаралық өкімет органдары қазақтарды шекаралық аудандардан ығыстырып тастау жөнінде шаралар қолданды. 1755 жылы Сыртқы істер алқасы Сібірдің өкімет орындарына  қазақтар “бұлайша еркін өту олардың дағдысына айналмау үшін Ертістің оң  жағына өткізілмесін” деген нұсқау  берді. 1764 жылы қазақтардың Ертіске 10 шақырымнан және орыс бекіністерінен 30 шақырымнан жақын жерде көшіп жүруіне мүлде тиым салынды. Осылай 1730-1740 жж. Кіші және Орта жүз билеуші топтарының Ресей бодандығын қабылдауы нәтижесінде солтүстік–батыс Қазақстан жері Ресей империясының отарына айналды.

 

 


Информация о работе Кіші және Орта жүз билеуші топтарының Ресей бодандығын қабылдауы және оның салдары