Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы мәдениет пен өнер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2013 в 15:37, реферат

Описание работы

Ғалымдар, жоғары оқу орындарының ұстаздары, мектеп мұғалімдері және тағы басқалары халық арасындағы идеялық-тәрбие беру саласында үлкен жұмыс жүргізді. Денсаулық сақтау қызметкерлері қажырлықпен еңбек етті. Соғыстың арқасында емханаларда емдеуде болған жаралы жауынгерлердің жетпіс пайыздан астам қайтадан қатарға қосылды.

Содержание работы

1. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мәдениет
2. Қазақ кеңестік өнерінің дамуы
3. Ғылым мен мәдениет майданға
4. Халыққа білім беру мәселесі
5. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы көркемөнер
6. Қазақ халқының музыкалық мәдениеті
7. Қазақ әдебиеті
8. Қазақ киносы

Файлы: 1 файл

Нурбаева А РЭТ-13 УОС жж МАДЕНИЕТ.doc

— 72.50 Кб (Скачать файл)

                Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия  ұлттық университеті

 

 

 

                                                              Факультет:ФТФ

                                                                                  Тобы:РЭТ-13

 

 

 

 

        

Тақырыбы: Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы мәдениет пен өнер

Орындаған:  Нұрбаева Айгерім 

Тексерген: Көшенова Ғ.И

 

 

 

 

 

 

Астана, 2013

Жоспар:

  1. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мәдениет
  2. Қазақ  кеңестік өнерінің дамуы
  3. Ғылым мен мәдениет майданға
  4. Халыққа білім беру мәселесі
  5. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы көркемөнер
  6. Қазақ халқының музыкалық мәдениеті
  7. Қазақ әдебиеті
  8. Қазақ киносы

 

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мәдениет

Ғалымдар, жоғары оқу орындарының ұстаздары, мектеп мұғалімдері және тағы басқалары халық арасындағы идеялық-тәрбие беру саласында үлкен жұмыс жүргізді. Денсаулық сақтау қызметкерлері қажырлықпен еңбек етті. Соғыстың арқасында емханаларда емдеуде болған жаралы жауынгерлердің жетпіс пайыздан астам қайтадан қатарға қосылды. Соғыс кезінде 118 техникумнан 92-сі сақталды, онда оқитын оқушылар саны тек 389 адамға ғана қысқарды. 1941ж дейінгі 20 жоғары оқу орына 1944 ж жаңадан 5 институт қосылды. Олар: Алматы шетел тілдері, Шымкент технологиялық, Қазақ дене тәрбие институттары, Алматы консерваториясы, Қазақ педогогикалық қыздар институты. Республика жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің саны 1941 ж 10,4 мыңнан 1945 жылы 15 мыңға дейін өсті. 
 
Осындай қиын-қыстау күндерге қазақ совет әдебиетін дамытуға үлкен көңіл бөлінді. Соғыс кезінде А.Толстой айтқандай, кеңес поэзиясының алыбы Жамбылдың өлеңдері Отан қорғауға шақырған қаһарлы дабыл іспеттес болды. Оның “Ленинградтық өрендерім” атты өлеңінің өнегелік те, тәрбиелік те, мәні зор еді. Майдангер ақын Қ. Аманжолов “Жеңістің, дауыл мен оттың жыршысымын” деп орынды айтты. Н. Тихонов айтқандай, оның “Абдолла” поэзиясының інжу-маржанына айналды. Партизан шоғырының комиссары Ж.С. Саинның шығармаларын есімі естен кетпейтін Назым Хикмет “Кеңес Одағының барлық халықтарының мызғымас достығының белгісі” деп атады. М. Әуезовтің соғыс кезінде “Абай” эпопеясының бірінші кітабын жазуы, қазақ әдебиетінің әлемдік аренаға шығуына жол салды. Қазақ әдебиетімен бірге қазақ өнері де дамыды. Соғыстың алғашқы үш жылы ішіндеҚазақстан өнер шеберлері өздері қамқорлыққа алған ұжымдарыда 20 мың спектакль мен концеррттер көрсетті, олардың ішінде мыңнан астам концерт майдан шебеінде берілді. 
 
 
Қазақ әдебиті Қазақстанның жазылушылары мен ақындары өздерінің патриоттық борыштарын лайықты орындады, олардың 90-ға жуығы майдандары және жау тылында жаумен шайқасты. Әдебиеттің өзекті тақырыбы отанды қорғау болды. Майдангер жазушы Б. Бұлқышевтың публицистикалық туындыларында жауды талқандаудағы бұйрығы жастардың қаһарманды бейнесі жасалды Жамбылдың “Отан бұйрығы”, “Мәскеуге”, “Батырдың ұрпағы”, “Ленин қаласының шапағаты” секілді туындылары, әсіресе оның “Ленинградтық өренім” атты өлеңі кең тарады.

Қазақ кеңестік өнерінің дамуы


20-50-жылдарда репрессияларға  қарамастан Қазақстан мәдениеті  жетіліп, әдебиеттің дәстүрлі  және драма жанрлары дами түсті. 20-жылдардың ортасына дейін Қазақстанда әуесқой театр топтары болды. Олардың ішінде ең танымал болғандары - Семей әуесқой театр тобы және Халықка білім берудің Орынбордағы қазақ институты. Институт негізінде 1926 жылы қаңтарда Қызылордада тұңғыш кәсіби қазақ театры ашылды. Онда М. Әуезов, Ж. Шанин, С. Қожамқұлов, Қ.Қуанышбаев, Қ.Жандарбеков, З.Атабаева және басқа да дарынды драматургтер, режиссерлер және артистер жұмыс істеді.

Бұл кезеңде  Қазақстанның тұңғыш кәсіби суретшісі  Ә.Қастеев керемет туындылар жазды. Қазақ көркемсурет өнерінің қалыптасуы мен дамуы, Қазақстан көркемсурет мектебінің өзіндік даму жолы оның есімімен байланысты. Оның шығармашылығы 20-жылдардың соңында басталды. Ол жазған көптеген акварель туындылар «Ескі және жаңа тұрмыс» деген топтама ретінде белгілі. Суретші туындыларынан ұлттық ерекшелікке, адам жанына терең үңілуге, тарихқа, халықтың салт-дәстүріне деген шынайы көзқарасы анық байқалады. Оларда сомдалатын бейне шынайылығы суретші шығармашылығының езіндік ерекшелігі. Ә.Қастеев жазған мыңнан астам картиналар мен суреттер «республиканың көркемсурет қолжазбасы» деп бекер аталмаған. Ә.Қастеев туындыларында Қазақстанның жазира даласы суретшіге тән терең лирикамен бейнеленген.

Соғысқа дейінгі кезеңде  Ә.Ысмайылов, X. және К.Қожықовтар, Б.Сәрсенбаев, О.Таңсыкбаев сияқты қазақ суретшілері жұртшылыққа кеңінен танымал болды. Соғыс жылдарында Қазақстанда ұлттық көркемсурет өнерінің дамуына зор үлес қосқан Украина, Белоруссия, Ленинград және Мәскеуден келген суретшілер жұмыс істеді.

Ғылым мен мәдениет — майданға


Соғыс жағдайы ғылым мен мәдениеттің одан әрі өркендеуіне белгілі бір дәрежеде кедергі жасады. Алайда соғыс кезінің жағдайлары алға қойғанміндеттерді орындауға байланысты ғылымның кейбір ибағыттары шапшаң қарқынмен дами бастады. 1942 жылы КСРО ҒА Қазақ филиалы жанынан аспирантура ұйымдастырылды, соғыс жылдары онда 237 адам оқыды, 63 докторлық және кандидаттық диссертация қорғалды. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметкерлердің саны 1940 жылғы 152-ден 1945 жылдың аяғында 864-ке жетті. Олардың ішінде КСРО ҒА-сының академигі мен корреспондент мүшесі, 57 ғылым докторы, 184 ғылым кандидаты. ВАСХНИЛ-дің Қазақ филиалы жүйесінде 600-ден астам ғылым қызметкер еңбек етті, олардың ішінде 34 ғылым докторы мен кандидиты болды. 
 
1944 жылдың аяғында КСРО ҒА Қазақ филиалының құрамына 16 институт және 7 сектор жұмыс істеді, ғылым проблемаларының өрісі кеңіді. Зерттеу жұмыстарына бөлінген қаржы 11 есе көбейді. 1945 жылдың аяғына қарай Қазақстанда барлығы 75 ғылыми мекеме, лоборатория, тәжірбие станцилары бар еді. Соғыс жылдары халықшаруашылық және әскери маңызыбар 160-тан аса практикалық ұсыныс жасалынды. 
 
1945 жылы қазанда құрылған Ұлттық Ғылым академиясы республиканың мәдени өміріндегі маңызы зор құбылыс болды. Мұнда ғылыми кадрлардың қалыптасуы мен ғылымның дамуында эвакуацияланған ғылыми күштердің көрсеткен көмегі айтарлықтай болды, ал бұл күштер аз емес еді: 20-дан астам ірі-ірі ғылыми-зерттеу институттары, солармен бірге акдемиктер И.И. Мещанинов, Л. И. Прасолов, А.С. Оролов, М.М.Завадский және басқа көрнекті ғалымдар бұл кезеде республикамызда тұрып жатқан. КСРО ҒА президент В. Л. Комаров бастаған аса көрнекті ғалымдар тобы осындай жұмыс істеді. 

Ұлы Отан соғысындағы  жеңіске Қазақстанның мәдени қызметкерлері  де үлкен үлес қосты. Ғылым және өнер адамдарының шығармашылық еңбегі майдандағы кеңестік әскерлердің ерлігімен, жұмысшылар мен колхозшылардың тылдағы даңқты істерімен қатар Ұлы Отан соғысының ерлік тарихына өзіндік жарқын із қалдырды. Бұл кезеңдегі әдебиеттің негізгі тақырыбы - патриотизм және Отанды қорғау. Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өрендерім», Ә.Тәжібаевтың «Ленинград» өлеңдері, 3.Шашкин, Қ.Аманжолов, Ә.Сәрсенбаевтың шығармалары көпке белгілі болды. Бірқатар жазушылар мен ақындар қолына қару алып, Отан қорғауға соғысқа аттанды. А.Жұмағалиев, Б. Бұлқышев, В.Чугунов соғыста ерлікпен қаза тапты. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ 90-ға жуық ақындар мен жазушылар майданға кетті. Олар майдандас жауынгерлерге батырлықтың үлгісін көрсетіп, оларды өздерінің шығармашылығымен жауға қарсы соғысқа рухтандырды. Олардың қатарында Д. Снегин, Д.Әбілев, Ж.Саин, Қ.Әбдіқадыровтар болды. Соғыс жылдары дарынды жастар Ж.Молдағалиев, Ә.Нүрпейісов, С.Мәуленов, Б.Момышұлы әдебиетке жауынгерлік рух, шығармашылық серпін берді. Кеңес халқының моральдық-саяси бірлігін күшейту ісіне Ғ.Мүсірепов, F.Мұстафин, С.Мұканов, М.Әуезов сынды қазақ көркем проза шеберлері аянбай еңбек етті.

Қазақстан өнер шеберлерінің бригадалары майданға аттанды, осындай 11 бригада майданда болып 870 концерт  қойды. Госпитальдарда, шақыру пункттерінде, әскери бөлімшелерде, шекаралық заставаларда 15 мыңнан астам концерт берді. Жалпы концерттік ұйымдар 36,5 мың концерт қойып, оларды 9 миллионнан астам көрермендер тамашалады. Алматыда Орталық біріккен киностудия «Екі жауынгер», «Майдан», «Ол Отанын қорғайды», «Күт мені» және басқа да миллиондаған адамдардың азаматтық қалыптасуына, оларды патриотизмге тәрбиелеуге үлкен ықпал жасаған, адамдарды жеңіске үміттендірген ғажайып кинолар түсірді.

Халыққа білім беру

Жоғары мектеп. Соғыс кезіндегі орасан зор қиыншылықтарға қарамастан халыққа білім беру ісіне зор қамқорлық жасалынды. 1943 жылғы қаңтардан басып барлық мектептерде, техникумдар мен жоғары оқу орындарында оқитын қазақтарды, басқа да шығыс халықтары өкілдерін оқығаны үшін ақы төлеуден босату қамқорлықтың айқын айғақтарының бірі болды. Жұмысшы жастардың кешкі мектептері жүйесін кеңейту, оқушы кадрларды даярлау, тиісті мақсатында пайдаланылмай келген мектеп үйлерін қайтарып беру тәртібі жөнінде нақты шаралар жүзеге асырылды. 
 
Қазақ интеллигенциясы кадрларының өсуінде, ғылым мен мәдениеттің дамуында жоғары мектеп пен техникалық орта оқу орындары-Алматы шетел тілінде, Шымкент технологиялық, Дене тәрбиесі институттары, Алматы консерваториясы, Педагогикалық қыздар институттары ашылды. Студенттердің саны 1941 жылғы 10,4 мыңнан 1945 жылы 15 мыңға дейін көбейді. 
 
Республикада білікті кадрлар даярлауда эвакуацияланған оқу орындары (20-дан астам жоғары оқу орындары мен 16 техникум еді, олардың 11-і Алматыда болатын) едәуір жұмыс атқарды. Жоғары оқу орындарының ғалымдары кадрлар даярлаумен бірге қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының заказдары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын да жүргізді. 
 

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы көркемөнер   

 
Ұлы Отан соғысның алғашқы айларынан  бастап Ресейдің, Украинаның, Белоруссияның  шығармашылық топтары Қазақстанға келе бастады. 1943 жылдың басында республикаға көшіп келіп орналасқан театрлардың саны жиырмаға жетті. Алғашында Шымкентке қоныс ау дарған Моссовет атындағы театр кейін Алматыға келіп орналасты. Украинаның И.Франко атындағы театры Г.Юраның басшылығымен Семейде жүмыс істеп жатты. Киевтің Леся Украинка атындағы театрының актерлері Республикалық орыс театрының құрамына келіп косылды. Мемлекеттік Беларусь театры Орал кдласында өнер көрсетіп жатты. Бұлардан басқа Қазақстанға Днепропетровскінің Луганскінің, Днепродзержинскінің, Полтаваның, Артемовскінің жөне басқа қалалардың театрлары көшіп келді. 
Алматыға Мәскеу мен Санкт-Петербург киностудиялары да қоныс аударды. Қазақстанда Г.Уланова, С.Прокофьев, С.Эйзенштейн, Д.Михайлов, Ю.Завадский, В.Морецкая сияқты көптеген орыс мәде-ниетінің ірі кайраткерлері қызмет істеді. 
Ұлы Отан соғыс жылдары театрлар репертуарынан бұрыннан қойылып келе жаткдн пьесалармен қатар әскери тақырыпқа арналған М.Әуезовтің "Сын сағатта" (1941), М.Әуезов пен Ә.Әбшевтің (Намыс гвардиясы) (1943), С.Мұкановтың (Жеңіс жыры) (1942), Ф.Вольфтің "Профессор Мамлок" және Ө.Әбішевтің "Қырағылық" (1941) атты драмалық шығармалары орын алды. Бұл уақытта Қазақ драма театрының актерлік өнермен катар режиссура саласында біршама тәжірибе жинақтағаны байқалды. Оған дәлел — осы театрда қойылған "Профессор Мамлок" спектаклі. Бұл кездері театрда көбіне актерлердің рөл үстінде жұмыс істеуіне, сахна сырын меңгеруіне, орындаушылық шеберлігінің жетілуіне баса назар аударылды. Осы жылдары қойылған спектаклъдер қызғылықты режиссерлік шешімімен, сахналық жинақтылығымен ерекшеленді. 
Тікелей әскери тақырыпты қозғайтын М.Өуезовтің (Сын сағаттар) спектаклін режиссер А.Тоқданов сахнаға шығарды. Бұл — қазақ драматургиясындағы отты жылдар кезеңіне байланысты үгіт көтерген алғашқы пьеса. Жазушы ауыр күндердегі адам жанының ішкі дүниесіне барлау жасады. Кеңес өкіметі адамдарының достық, туыстық, саналы бірлігін өз шығармасына негізгі өзек етіп алды. Ұлы шайқас кезінде кеңес адамдарының патриоттык. сезімінің артуы, Отан алдындағы азаматтық борышъш терең сезінуі спектакль режиссурасының негізгі ой-түжырымына айналды. Спектакльде еңбек пен соғыс майданындағы адамдардың үлы ерлігі өзіндік әсерлі шешімін тапты.

Қазақ халқының музыкалық мәдениеті


Қазақ халқының музыкалық  мәдениетінде үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Қазақстан композиторлары 300-ден астам музыкалық шығармалар: опералар, симфониялар, әскери-патриоттық әндер жазды. Соғыс жылдарында опера өнері дами түсті. 1942 жылы Е. Брусиловскийдің «Гвардия, алға!», 1944 жылы А. Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» опералары қойылды. Соғыстан кейінгі жылдарда Е. Брусиловский мен М. Төлебаевтың «Амангелді», А. Жұбанов пен Л.Хамидидің «Төлеген Тоқтаров», М. Төлебаевтың «Біржан - Сара» опералары жазылды. 1949 жылы осы операның авторларына және негізгі партиясын орындаушыларға КСРО Мемлекеттік сыйлықтары тапсырылды.

1940 жылы «Көктем» атты  алғашқы қазақ балеті қойылды.  Соғыс жылдарында Қазақ музыкалық  театрының балетіне Г. Березова  жетекшілік етіп, сахнада әлемге  әйгілі артистер өнер көрсетті. 1942 жылы маусымда Галина Уланова Алматыда алғаш рет театр сахнасына шықты.

Республикада жаңа театрлар ашыла бастады. 1937 жылы Қызылордада  Корей музыка-драмалық театры, ал 1944 жылы Алматыда Балалар мен жасөспірімдер  театры ұйымдастырылды. 1937 жылы Қазақ  театры академиялық театрға айналды, бірқатар актерлер республиканың халық және еңбек сіңірген артистері атақтарын алды. Облыстық және көркемөнерпаздар театрларының саны артты. Ш. Айманов, С. Қожамқұлов, Е. Өмірзақов, К. Қармысов, X. Бекеева сияқты актерлер елге танылды, Ы. Ноғайбаев, Н. Жантөрин және т. б. актерлік өнер жолын бастады.

Қазақ әдебиеті


Соғыстан кейінгі жылдары  жазба әдебиет те дамыды. Д. Әбілев, Ө. Сәрсенбаев, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, С. Мұқанов, Ө. Шәріпов, Ә. Әбішев, Ғ. Мұстафин қазақ кеңес әдебиетінің танымал шеберлеріне айналды. Әдеби жанр түрі көп болғанымен, тақырыптарды таңдау аясы шектелді. Көркемөнер мен әдебиетті жаңғыртпақ болған өнер адамдарының шығармашылығына шек қойылды. 20-30-жылдардағы қуғын-сүргінге ұшырап, таптық методологияға негізделген әдебиет социалистік құрылыстың тек жақсы жақтарын, халықтың социалистік жасампаз өмірін, халықтар достығын, жаңа қоғамдық қатынастарды бейнеледі.

Соғыстан кейінгі уақытта әдебиетшілер шығармашылығы қатаң идеологиялық бақылауға алынды. Соған қарамастан 40-жылдардың аяғы мен 50-жылдардың басы Қазақстан кеңестік әдебиетінің гүлденген кезі болды. 1947 жылы М. Әуезовтің «Абай» романының 2-томы басылып шықты, 1948 жылы, С. Мұқановтың «Сырдария», Ғ. Мұстафиннің «Миллионер», 1949 жылы Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романдары жарық көрді. 1949 жылы «Абай» романы үшін М. Әуезовке КСРО Мемлекеттік сыйлығы беріліп, роман жазушыға дүниежүзілік даңқ әкелді. 50-жылдардың басында қазақтың көрнекті ақын-жазушыларының, Ғ.Мұстафин, Ғ.Мүсірепов, Ә. Тәжібаев, Т. Жароков және т.б. шығармалары жарық көрді.

Қазақ киносы


Соғысқа дейінгі уақытта  қазақ киносы да қалыптасты. 1938 жылы Қазақстанда тұңғыш көркем фильмдер студиясы ашылды. 1938 жылдың соңында  Алматы кинохроника студиясы ұйымдастырылып, қазақтың тұңғыш дыбысты деректі фильмі «Жамбыл ата» көрерменмен табысты. Осы жылы «Ленфильм» киностудиясында қазақстандық кинематографистердің алғашқы көркем фильмі- «Амангелді» түсірілді. 1941жылы Мәскеу және Ленинград киностудиялары Қазақстан астанасына қоныс аударып, олар Алматы көркем фильмдер киностудиясымен бірігіп көптеген фильмдер түсірді. Олардың қатарына «Екі жауынгер», «Илья Муромец» және т.б. фильмдерді жатқызуға болады. 1945 жылы Алматы көркем фильмдер киностудиясы тұңғыш рет өз күшімен «Абай әндері» фильмін жарыққа шығарды. Сол жылдары «Буратиноның бастан кешкендерінің» авторы A. Н. Толстой, Самуил Маршак, жазушылар Михаил Зощенко және Константин Паустовский, «Степа ағайдың» авторы және қазіргі белгілі кинорежиссер Никита Михалковтың әкесі Сергей Михалков, атақты режиссер С. М. Эйзенштейн, белгілі актерлер Николай Черкасов, Михаил Жаров, Любовь Орлова, Марина Ладынина, Николай Крючков, Борис Андреевтер Қазақстан астанасында тұрып, еңбек етті.

Информация о работе Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы мәдениет пен өнер