Ұлы Отан соғысына 70 жыл

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2014 в 12:28, сочинение

Описание работы

Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 70 жыл өтті. Соғыстың аяқталғанына көп уақыт болса да, бұл жан түршігерлік оқиға болды. Осы соғыста қаншама ер жүрек батырлар, қаншама қазақ қыздары елі, жері үшін жанын қиған. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер елін жаудан қорғау үшін қолына қару алып, қан майданға аттанды.

Файлы: 1 файл

Ұлы Отан соғысы.docx

— 24.20 Кб (Скачать файл)

                                                                       Арапова Асылжан Т.         

                   Ұлы Отан соғысына 70 жыл

   Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 70 жыл өтті. Соғыстың аяқталғанына көп уақыт болса да, бұл жан түршігерлік оқиға болды. Осы соғыста қаншама ер жүрек батырлар, қаншама қазақ қыздары елі, жері үшін жанын қиған. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер елін жаудан қорғау үшін қолына қару алып, қан майданға аттанды.

    1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия әскері Кеңес Одағына тұтқиылдан, соғыс жарияламастан басып кірді. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысы, яғни Отанын шетел басқыншыларынан азат ету соғысы басталды. Осыған қарамастан шекарашылар, олардың қатарында  Брест қорғаушылары алғашқы ұрыстың өзінде теңдесі жоқ ерлік көрсетті. Брест шекаралық отряды жауынгерлердің құрамында жаудың алғашқы соққысына А.Мүсірепов, В.Лобанов, К.Абдрахманов, К.Иманқұлов, А.Наганов, Ғ.Жұматов, Ш.Шолтыров, Т.Деревянко, Қ.Батталов және басқа қазақстандық жауынгерлер қарсылық көрсетіп, айрықша ерлікпен көзге түсті. Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ халқының азаматтары атақ-даңқын өшпестей қылып тарих бетінде қалдырды. Төлеген Тоқтаров, Нұркен Әбдіров, Ақан Құрманов, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сияқты ел аузында аттары жатталып қалған таңдаулы ер жүрек ағаларымыз бен әпкелерімізді қалай мақтаныш етсек те жарасады. Әкелеріміз бен ағаларымыз осынау қан майданға өздерінің жанкештілік қаһармандығымен басқа еуропалық ұлттар алдында өжеттілігімен, қайсарлығымен танылды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Майдан даласында  600 мыңнан  астам қазақстандық   қаза  тапты.    Соғыста       қаза тапқандардың саны  туралы мәлімет   бүкіл  әлемді   дүр  сілкіндірді.   Осы соғыс қаншама адамдардың өмірін қиды.Қаншама қалалар мен ауылдар күйреді,қанша мектептер мен кіпапханалар өрттенді. 

    Бірақ КСРО  фашистерге қарсы тұра алып,Ұлы  Жеңіске жетті. Бұл жеңіс сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Сол күннен бастап Жеңіс күнін тойлайтын болды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңісті  барлығы да тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.  Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды.Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі шайқаста, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерліктер көрсетті. Кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған жүз қазақтың Кеңестер Одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді. Бұны сол кездегі 2,5-3 млн. қазаққа шаққанда басқа халықтардың алдына шығып кетеді екен. Ердің ері шыдайтын жаңбырша жауған оқ пен қарша бораған бомбаның арасында олардың нәзік жүректері тасқа айналып, гүл ғұмырлары ажалдың қанды тырнағына ілікті.Олардың арасында нәзік жүректі қазақ қыздары да елі үшін соғысқа өздерінің қалауымен барған еді.Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен   Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды. Осы соғыста тер төккен аталарымыздың арқасында біз осындай елде, кең байтақ жерде өмір сүріп жатырмыз. Осы оқиға ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы тарих. Қанша жыл өтсе де бұл ұлы оқиға еш естен кетпеген, кетпесі де анық.Ұлы Отан соғысына өте көп адамдар қатысқан,бірақ солардың көбі үйлеріне қайтып оралған жоқ. Біздің  ауылымыздан да көп адамдар өз қалауларымен соғысқа аттанған. Олардың ішінде ерлікпен қаза тапқан,үйіне оралып жанұясымен қауышқан батыр аталарымыз да бар. Солардың бірі менің атам-Ыбыраев Шаужан Кенжеболатұлы. 1925 жылы 11 наурызда туған.Соғыс өрті басталғанда 16 ғана жаста еді. Өзі сұранып жүріп, 18 жасында 1943 жылы соғысқа аттанады.  Атақты қолбасшы Рокоссовский басқарған 3-ші Беларус майданында әуелі 350-ші артиллереялық полкта пулеметші, одан кейін соғыс біткенше барлауда болды. Вильнюс қаласын азат етерде неміс генералын «тіл»ретінде әкелгені үшін 3-ші дәрежелі Даңқ орденімен, 1944 жылы қоршауда қалған өз полкын барлауға барып келіп, қоршаудан алып шыққаны үшін 2-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталады. «Кениисбергті алғаны үшін», «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін» және юбелейлік медальдармен марапатталған. Елге 1948 жылы оралған. Бүгін  Қазақстанның барлық қалалары мен ауылдарында Даңқ  монументтеріне,  Ұлы Отан  соғысында  қаза  тапқан  жауынгерлердің ескерткіштеріне  гүл шоқтарын қою рәсімдері өтуде.   Бұл     соғысты  ешкім  де  ұмытпауы, ешнәрсе  де ұмытылмауы керек.

 Судай  көңіл бұзылып,

Түскенмен түрлі ой бүгін.

Жеңістің  жетпіс жылдығын,

Мейрамдап жатыр ой –қырын.

Салмағын бір сәт жеңілтіп,

Сұм соғыс салған қайғының.

Жанарымызға жас алып,

Тойлайтын  ұлы той бүгін.

Қанша уақыт өткенмен,

Ұмытпадық бұл күнді.

Тойладық бұны жетпіс жыл,

Тойлаймыз әлі қаншама .

Бабадан қалған мереке ,

Жалғасын таппақ әлі де.

Қазақстан тату ел болып,

Соғыссыз болсын әлбетте.

Тату болып тұрсақ әрқашан,

Бабаның үмітін ақтасақ .

Алла өзі жар болсын,

Тату болсын, бай болсын.

Еліміз біздің әрқашан,

Жеңіс туын көтеріп ,

Жүре берсін әрқашан.


Информация о работе Ұлы Отан соғысына 70 жыл