Мәншүк Мәметова (1922-1943)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 08:08, реферат

Описание работы

Мәншүк Мәметова Жеңсікәліқызы (Жиенғалиқызы) 1922 Батыс Қазақстан қазіргі Орал облысының Орда ауданында туған. Мәншүктің ата-анасы ерте қайтыс болды да, бес жасар баланы оның тәтесі Әмина Мәметова бауырына басады. Мәншүктің балалық шағы Алматыда өтті.

Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк медицина институтында оқып, соңымен бір мезгілде республика Халық Комиссарлары Советінің секретариатында қызмет етіп те жүрген. 1942 жылдың авгусында ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынады да, майданға аттанады. Өз бөлімінде Мәншүк таңдаулы пулеметші атанады. Алғашында бригада штабында қызмет етті, кейіннен пулеметшілер бөлімшесінің командирі болды. Аға сержант Мәншүк Мәметова Псков облысындағы Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста ерлікпен қаза тапты.