Әмір Темір

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 22:03, реферат

Описание работы

Әмір Темір (Темір бін-Тарағай Барлас, парсыша: تیمور لنگ‎ — Тимур-е Ләнг, Ақсақ Темір, Темірлаң) (1336—1405 жж.) — Орталық Азия жаһангері. Әмір Темірдің (Темуридтер) империясының негізін қалаған. Барлас руынан шыққан, Кеште туған. Қазір бұл ӨзбекстанныңҚащқадәрия облысының Шахрисабыз қаласы. Барлас руы түркі тілдес тайпаларына жатқан, қазір ұрпақтары өзбек халқының ішіне кіреді. Барластар Шыңғысханның жаулануы кезінде, қазіргі Моңғолия жерлерінен Орта Азияға көшкен. Әмір Темірдің арғы атасы Қаражер бек еді, оның баласы Ижил бек еді, оның баласы Әйлеңгір бек еді, оның баласы Беркел бек еді, оның баласы Мұхаммед Тарағай еді, оның баласы Әмір Темір.

Файлы: 1 файл

Әмір Темір реферат.docx

— 81.93 Кб (Скачать файл)

 

Орта Азияны 35 жыл жалғыз өзі басқарып билеп төстеген ұлы қолбасшы Ақсақ Темірдің әруағынан қорыққан Сталин: «Өзіңнен зор шықса, екі көзіңнен сор шығады» дегендей 1943 жылдың жазында Курск шайқасы кезінде үкімет қаулысына қол қойып, Самарқандқа үшінші экспедиция жасақталынып, жіберіледі.

 

Бұл жолы үкіметтің арнайы қаулысымен Әмір Темір жерленген Гүр-Әмір мазарын қайта жаңартуға (реставрация) 1 миллион сом (рубль) бөлінеді. Сол кездегі 1 миллион сом ақша 16 танк жасап шығаруға немесе 1 дивизияның (дивизия құрамында он мың адам болады) бір айлық тамағы мен киіміне жететін.

 

Бұл Сталиннің киелі Әмір Темірдің әруағының алдындағы кешірім сұрауының көзге көрінетін бір көрінісі ғана еді. «Күн көсемнің» иманы келсаптай болып, тәубесіне түсіп, көзге көрінбейтін тылсым дүниеден жалынып қаншама кешірім сұрағаны, бір Жаратушыға және Ақсақ Темірдің әруағына ғана  жалынғаны аян.

 

 

  • ӘМІР ТЕМІР КӨРЕГЕН ЗАМАНЫНДАҒЫ САЙЛАУ ЖҮЙЕСІ:
  • Ұлы Бабалар насиятынан: 
    Әлиасқар Байғұтұлы (22.03.1898ж.–21.03.1981ж.) – Ұлы Сыпыра шежіреші. «Бестаңба», «Ізбөрі», «Ғасыр Табақ насияттары» кітабынан «Құсілім», «Қадым», «Ықылым» замандарынан қалған баға жетпес жәдігерлерді жеткізуші, басты бұлақ көзі. 
    Ақпантай Әлиасқарұлы (02.02.1962 ж. – 10.05.2009 ж.) – ерекше қабілет иесі, құйма құлақ, қазіргі заманғы «үн таспаның» қызметін атқарып, халқына мол жәдігерлерді, мұрахаттарды жеткізіп кеткен «Екі дүниенің арасын жалғаушы «Дәнекер!» 
    Асан Тұрабаев – бұл ұлы мұраларды тұңғыш рет қағаз бетіне, үнтаспаға жазып алған тарих танымгері, өнертанушы. 
    Әмір Темір Көрегеннің «жемқорларды» жазалауы 
     
    Тектіліктің белгісі – әділдіктің емшісі. 
    (Хиссамиддин). 
    Бір күні Әмірші диханшыларды аралап шығады. Диханшылар үсті-бастарының өрімі шығып бейнет істеп жүр екен. Әмірші ойланыпты: «Осылардың адал бейнетіне сай зейнетін төлеймін, ал бұлар болса өрім-өрімі шығып жүреді. Қой мен диханшылар-ымнан сұрайын, мүмкін маған өкпелі шығар, болмаса төлемақыны ай сайын беріп тұрмын» – деп бәрінің басын жинап сауал қояды. Сонда ортасынан бір кәрі диханшы тұрып: 
    –Уа, Әміршім! Сізге қоятын ренжу-наразылығымыз жоқ! Тек қана біздің өз арамызда адал бейнетімізді дұрыстап бермейтін «Көк мүсіл» жетім езу бар-ау! – деп басын иеді.  
    Әмірші жедел түрде Қазына басы мен Қамба Харлықты алдыртады. Екеуі де семіздіктен жарылып кетердей, ырсылдап келіп бас иеді. Үстерінде үлде мен бүлдеге бөленген, көркемделген киім, астарында жарау ат, саусақтарында небір асыл тастардан істелінген көздің құртын жейтін жүзіктерді көргенде Әмірші бірден түсініп: 
    – Менің алдыма мына екеуінің жан-ұяларының бірін де қалдырмай алып келіңдер! – дейді. Әмір Темір Көреген Қазына басы мен Қамба Харлыққа қарап тұрып және жанұясына сауал қояды: 
    –Неге диханшылардың зейнетін өздеріңе жаратып жүрсіңдер?! Тез жауап беріңдер! Қане, әділін айтып зарла! – деп қаһарын төгеді. Екеуінің де жанұясы еңіреп тұрып, әкелерінің кінәлі екенін айтып Әміршіге жалына бастайды. Әмірші оларға қарап тұрып:  
    – Мыналардың әлі тілі шыға қоймаған сәбилерінен басқасының барлығын да о дүниеге аттандырыңдар! – деп қаһарлы пәрмен беріп, олардың орындарына басқа лайықты деген азаматтарды тағайындап жүріп кетеді. 
    Арада біраз жыл өтіп диханшылардың тұрмысы түзеліп, дұрыстала бастайды. Бір күні бір тоғыз жасар бала келіп Әміршінің аяғына құлайды: 
    – Уа Әміршім! Кешіріңіз мені. Алдыңыздан әділін айтып кетсем, жазасын өзіңіз айтарсыз! – деп еңіреп, – Сіздің тағайындаған Қазына басының баласымын. Менің де әкем «Көк мүсіл жетім езуге» айналып барады, күнәға белшеден батып кетпей тұрғанда мына қызметінен босата көріңіз! – деп жылайды. Әмірші нөкерін шақырып алып:  
    – Қазына басының өзіне тиесілі алатын нәпахасын екі есе көбейтіңдер! – деп пәрмен береді. Жылап келген балаға сый-құрмет көрсетіп: 
    – Сенің әке-шешең, ата-бабаң да өте әділді адамдар болған! Жолың болсын фәрзәнтім! – деп шығарып салады. Әміршінің уәзірлері бұл көрініске таң қалып: 
    – Уа, садақаңыз болайық, Әміршім! Түсіндіріңіз! – деп шулапты. Сонда Әмірші тұрып: 
    –Менің алғашқы жемқорларды жанұясымен жазалауым, олардың қанында екіжүзділік бар екен. Себебі бала-шағалары шулап бар бәлені әке-шешелеріне жапты, ал әке-шешелері айтып тұрғандары дұрыс, – деп мойындап, балаларының аман қалуын тіледі. Ал мен бала-шағасын алып қалып, өздерін жазаласам, бұл «Жазылмас жемқорлықтың» – дертін кейінгі болашаққа шашар едім. Және айтарым, әке-шешесін сатқан бала, ертең өсе келе Отанын, иманын, шариғатын, ақиқатын сату – ол үшін су ішкенмен бірдей! Сондықтанда мен әлі тілі шыға қоймаған, әке-шешесінің екіжүзділік ісін ұға қоймаған сәбилерін «Сарай Бегімге» тәрбиеге беріп, «дұрыс тәлім үйрет!» деп әке-шешелерінің бұл дүниеде істеген күнәсін кешір деп, Аллаға жалына отырып әр бейсенбіде құран бағыштаса, дүниеден озған жемқорлар маған анау дүниеде жатып та ырзалығын айтар! Ал мынау бала еңіреп келіп, әкесінің істеп жүрген жағымсыз ісін айтып жазаламауын өтінді. Жоқ, мен оны жазалаудан бас тарттым! Оның қанында әділдік бар, әке-шешесі де адал азаматтар. 
    Менің беріп жүрген төлемақым оның жан-ұясына жетпейді екен, сондықтанда оның қазына мүлкінен жырымдауына тура келген. Мен осының бәрін түсініп, сый-құрмет көрсетіп, әкесінің нәпахасын жоғарылаттым. Ал ендігі жерде Қазына басы істеген қылығы үшін өкініп те жүрген болар! – деп Әмірші тоқтағанда, уәзірлері шулап келіп аяғына жығылып: 
    –Әміршім, құлыңыз болайық! Біздіңде істеп жүрген көлеңсіз, қолайсыз істеріміз бар еді. Кешіріңіз! Біз сізге уәзір болуға лайықты жандар емеспіз! – деп еңіреп, бөрідей шулап: 
    –Жазалаңыз! Сіз біздің әрбір адымымызға дейін біліп, шыдап жүр екенсіз! – деп бастарын жерден зорға көтеріпті.  
    Әмір Тем<span class="List_0020Paragraph__Char" style=" font-family: 'Arial'; font-size: 14pt; color: #2F2F


Информация о работе Әмір Темір