Н.Хрущевтың реформасы: 50-жылдардың экономикалық жаңартылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2015 в 22:40, реферат

Описание работы

50-жылдар мен 60-жылдардың ортасы Қеңес елінің өміріндегі маңызды кезең болды. КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді. Хрущев билікке келісімен ішкі және сыртқы саясатта “жылымық” басталды, партиялық — мемлекеттік жүйені өзгертуге талпыныс жасалды. Осы мақсатта партиялық және мемлекеттік аппараттың айрықша құқықтарына шектеу жасап, біршама ашық қоғам орнады.

Содержание работы

 Н.С.Хрущев КОКП ОК-ның бірінші хатшылығына сайлануы__________2
 Республиканың индустриялық дамуы______________________________5
 Ауыл шаруашылығы____________________________________________9
 Тың игерудің пайдасы мен салдары_______________________________11
 Қорытынды___________________________________________________13
 Қолданылған әдебиеттер________________________________________14

Файлы: 1 файл

Реферат Еламан.doc

— 635.50 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

  • Н.С.Хрущев КОКП ОК-ның бірінші хатшылығына сайлануы__________2
  • Республиканың индустриялық дамуы______________________________5
  • Ауыл шаруашылығы____________________________________________9
  • Тың игерудің пайдасы мен салдары_______________________________11
  • Қорытынды___________________________________________________13
  • Қолданылған әдебиеттер________________________________________14

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Н.Хрущевтың реформасы: 50-жылдардың экономикалық жаңартылуы

 

50-жылдар мен 60-жылдардың ортасы  Қеңес елінің өміріндегі маңызды кезең болды.

 

КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді.  Хрущев билікке келісімен ішкі және сыртқы саясатта “жылымық” басталды, партиялық — мемлекеттік жүйені өзгертуге талпыныс жасалды. Осы мақсатта партиялық және мемлекеттік аппараттың айрықша құқықтарына шектеу жасап, біршама ашық қоғам орнады. Хрущев КОКП-ның 20-съезінде (1956) Сталиннің жеке басына табынудың зардаптары жөнінде баяндама жасады. Осыдан соң іле-шала саяси қуғын-сүргін құрбандары ақтала бастады. 1954 — 64 ж. аралығында КСРО-да Тың игеру жүзеге асырылды. Қудалауға ұшыраған халықтардың саяси және Әлеуметтік құқықтары қалпына келтірілді. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамытуға үлкен көңіл бөлінді. 1954 ж. алғашқы атом электр станциялары салынды, 1957 ж. Жердің жасанды серігі ұшырылды. 1961 ж. тұңғыш кеңестік ғарышкер орбитаға ұшып шықты. Бірақ елде демократияның дамытылуы шектеліп, социализм толық және түпкілікті орнады деген үстірт қорытынды (21-съезд, 1959) шығарылды, ал КОКП-ның 22-съезінде (1961) елде кемелденген социализм орнады деген қорытынды жасалды. Елде тоталитарлық режим сақталды, басқаша ойлаушылық тұншықтырылды, интеллигенцияға қарсы қуғын-сүргін, жұмысшылар демонстрацияларын күшпен басу (Новочеркасск, 1962, т.б.), басқа елдердің ішкі ісіне араласу (1956 ж. Венгрияға әскер кіргізу), т.б. келеңсіздіктерге жол берілді. Батыспен арадағы әскери қақтығыстар (Берлин, 1961, Кариб дағдарысы, 1962, т.б.), “Американы қуып жету және басып озу” сияқты саяси жалаң ұрандар, 1980 жылға дейін коммунизм орнату уәдесі, осылардың барлығы оның саясатының тиянақсыздығын көрсетті. Сонымен қатар шаруашылықты өркендетуде көптеген кемшіліктер жіберілді, партияның облысы ұйымдары салалық партия ұйымдарына ажыратылды. Саяси қайраткерлерге, әскери басшыларға сенімсіздік көрсетілді. 1957 ж. армия мен халықтың алдындағы беделінен қауіптеніп, қорғаныс министрі Г.К. Жуковты орнынан алды. Тың игеру барысында Қазақстан КП ОК-нің 1-хатшысы Ж.Шаяхметов қызметінен негізсіз босатылып, орнына П.К. Пономаренко қойылды. 1956 ж. Оңтүстік Қазақстанның мақта өсіруші аудандары Өзбекстанға берілді. 1958 ж. тамызда кеңестік жүйеге қарсы Теміртау жұмысшыларының көтерілісі болды. Осылардың барлығы халықтың және партия қайраткерлерінің наразылығын туғызды. 1964 ж. өткен қазан пленумында Хрущев орнынан алынып, 1-хатшылыққа Л.И. Брежнев сайланды.

 

1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев  КОКП Орталық комитетінің бірінші  хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бюрократ көсемдер биліктен кеткенімен, олардан мұраға қалған әміршіл-әкімшіл жүйе жойылмады.

 

1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші  хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке адамға  табыну және оның зардаптары  туралы» баяндама жасады. Баяндамада  жеке адамның басына табынудың жай – жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын – сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде «Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды.

 

1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен  ГУЛАГ жойылды. Бүл кенес қоғамын сталинизмнен қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, белгілі партия қайраткерлері Я.Рудзудақты, А.Рыковты, В.Губарьды актағаннан кейін мемлекеттік аппарат реформаны жалғастыруды тағыда аяқсыз қалдырды. Әлі де болса, өз қызметтерінің әділетті бағасын алмады. Кәрістердың, немістердің, қырым татарларының, месхіт түріктерінің қүқықтары қалпына келтірілмеді. Мемлекеттік дәрежедегі көптеген маселелер тек қана бірінші адамның колында болды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған реформа толық жүзеге асырылмады. Республикалардың құзырында ештеңе болмады.

 

 Саяси көзқарасы үшін қудалау  орын алып, халық жауы немесе  үлтшіл айыптарының орнына өзгеше  ойлайтындар айыбы тағылды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бір мектебінің мұғалімі М.Елікбаев Н.С.Хрущевке ашық хат жазады. Хатта Қазақстанның тәуелсіздігі жоқ екенін, қазақ мектептері, қазақ тіліндегі оқу кұралдары мен баспасөздің тым аз екені туралы айтылған. Осыдаң кейін М.Елікбаев МҚК тарапынан құғынға ұшырап, азап тартады. 1957 жылы М.Елікбаев партия қатырынан шығарылып, жындыханаға тығылды. Н.С.Хрущев басқарған кезде де бюрократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы болған КОКП–ның XXI съезінде Н.Хрущев социализмның толық жеңгені, енді коммунизмге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтты. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды, ал 1961 жылы өткен КОКП XXII съезде коммунизм 20 жылдық мерзімде орнайтындығы туралы тұжырым жасалды.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Республиканың индустриялық дамуы

Соғыстан кейін қалпына келтірілген өнеркәсіп 50-жылдардан кейін жаңа өзгерістерді қажет етті.

Көлiк пен байланыс жүйесiн дамыту жөнiнде қыруар жұмыстар жүргiзiлдi. Республика аумағында темір жолдың пайдалану ұзындығы 1631 км-ге, жүк тасымалы 5,7 млн. т-ға жеттi. Уралды көмiрмен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарған Қарталы — Ақмола (Астана) темір жол желiсi қатарға қосылды. Гурьев (Атырау) — Қандағаш,Жамбыл (Тараз) — Шолақтау темір жол желiлерi пайдалануға берiлдi. Күрделi құрылыс көлемi ұлғайды.

2-бесжылдықта барлық салалар  бойынша 721 млн. сом күрделi қаржы игерiлсе, 4 жарым жыл iшiнде (1941 — 1946) 981 млн. сом игерiлдi. Соғыстан кейiнгi бесжылдықтарда (1946 — 1960) Қазақстан экономикасы бейбiт жағдайға көшiрiлiп, қандай да болсын халық шаруашылығы мәселелерiн шеше алатын, одақтың негiзгi ауыл шаруашылығы базаларының бiрiне айналды. Жаудың басып алуынан (оккупациядан) зардап шеккен және өнеркәсiптiң соғысқа дейiнгi дәрежесiне 1949 жылдың аяғында ғана жеткен аудандардан Қазақстан халық шаруашылығының өзгешелiгi сонда, ол қалпына келтiру кезеңiне соқпай, бұрынғысынша ұдайы өндiрiс негiзiнде дамыды. Қазақстан бұл аудандарға металл, отын, шикiзат қорларын, құрылыс материалдарын, жабдық, азық-түлiк, асыл тұқымды мал, т.б. жөнелтiп тұрды.

4-бесжылдықта (1946 — 50) өнеркәсiптiң  “А” тобы салаларын және ауыл  шаруашылығын өркендету үшiн республикада  барлық күрделi қаржының тиiсiнше 40,2%-ы және 14,2%-ы пайдаланылды. Одақтық өнеркәсiптiң жалпы өнiмiнiң 1940 — 1950 жылдары өсу қарқыны 17,3% болса, Қазақстан өнеркәсiбiнiң өсу қарқыны 23,2%-ға жеттi. Кәсiпорындардың саны 4 мыңға жеттi. Осы жылдары Қазақ металлургия, Балқаш мыс қорыту, Балқаш кен-металлургия зауыттары, Лениногор (Риддер) қорғасын комбинаты, Шымкент қорғасын, Өскемен қорғасын-мырыш, Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары мен Ақтөбе химия комбинаты, Жамбыл (Тараз) суперфосфат зауыты, мұнай өндiретiн Қаратон және Мұнайлы кәсiпшiлiктерi, т.б. кәсiпорындар салынып, өндiрiстiк қуаттары кеңейтiлдi. Машина жасау және метал өңдеу өнеркәсiбi негiзiнен қайта құрылды. Темір жолдың пайдаланылатын бөлiгiнiң ұзындығы Қазақстан аумағында 1940 жылы 6,6 мың км болса, 1945 жылы 8,2 мың км-ге, 1950 жылы 8,4 мың км-ге, 1960 жылы 11,5 мың км-ге жеттi. Өзен және автомобиль көлiгi жедел дамыды. Жүк тасымалы 1950 жылы 1945 жылмен салыстырғанда 1,9 есе артты. Республиканың 21 қаласында автомобиль қатынасы орнады. 1950 жылы мемлекеттік және кооперативтік бөлшек сауда тауар айналымы 1940 жылы деңгейiнен 48% өстi. Тұрғын үй құрылысының қарқыны жеделдетiлдi. Қала мен жұмысшы қыстақтарының тұрғын үй қоры 5 млн. м2-ден астам өстi, ауылдық жерлерде 100 мың м2 үй салынды. 1946 жылы оқу-ағарту, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыруға бөлiнген қаржы 1013,2 млн. сом болса, 1950 жылы 1734,9 млн. сомға жеттi, яки 70%-дай көбейдi.

Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасы нығайды. Мысалы, кеңшарлар саны 1940 жылғы 194-тiң орнына, 1950 жылы 269-ға жеттi. Ұжымшарлардағы ауыл шаруашылығы жұмыстарын техникалық жағынан жарақтандыру 70%-ға (1940 жылы 57,2%) жеттi. Кеңшарлардағы трактор парктерiнiң қуаты 2 есе, комбайндар — 2,7 есе, негiзгi қорлар 3,9 есе өстi. Осының негiзiнде кеңшарлардың егiс көлемiн ұлғайтуға мүмкiндiк туды (1945 жылы — 630,0 га, 1950 жылы — 1150,6 мың га). 1950 жылы ұжымшарларды iрiлендiру негiзiнде ауыл шаруаларын шоғырландыру басталды. Әр ұжымшарға келетiн егiс көлемі 2 есе ұлғайып, 2000 га-ға жеттi. Орта есеппен бiр ұжымшарға келетiн мал саны 3 есе өстi. 1946 — 1960 жылдары iрi қара саны 26,6%, қой мен ешкi — 75,9% өстi. Дәндi дақылдардың жалпы түсiмi 1950 жылы 4,8 млн. ц, астық шығымдылығы әр га-да 4,3-тен, 7,9 ц-ге артты. Мемлекетке астық сату 2 есе, iрi қара саны 1,3, қой мен ешкi саны 2,2 есе көбейдi. 1954 жылдың көктемiнен бастап тың және тыңайған жерлердi игеру жұмыстары басталды. 1954 — 1955 жылдары 34 астық кеңшары құрылды. Тыңды игеру үшiн (1954 — 1956) республикаға сырттан барлығы 640 мыңнан астам адам келдi. 1954 — 1958 жылдары ауыл шаруашылығын механикаландыруға, өндiрiстiк үйлер мен құрылыстар салуға 9,7 млрд. сом қаржы бөлiндi, бұл өткен бесжылдықтарға қарағанда 2,5 есе артық. 1960 жылдың аяғына қарай Қазақстанда 25 млн. га тың және тыңайған жерлер игерiлдi. Сол жылдың басында Қазақстанда 333 кеңшар болды. Қазақстанда ауыл шаруашылығының жалпы өнiмi 1950 жылғы деңгейден 2,8 есе, оның iшiнде егiншiлiкте 3,3 есе, мал шаруашалығында 1,9 есе артты. Дәндi дақылдардың егiс көлемі 1950 жылы 6,0 млн. га-дан 1960 ж. 21,9 млн. га-ға жеттi. Мемлекетке астық сату 1960 жылы 10,5 млн. т-дан асты (1950 ж. 2,1 млн. т).


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алайда тың игерудiң пайдалы жақтарымен қатар экологиялық, экономикалық және әлеуметтік салдарлары да болды. Тың көтеру әлеуметтік тұрғыдан бiрқатар керi әсерлерге ұшыратты. Тың және тыңайған жерлердi игеру одақтың басқа аймақтарындағы еңбек қорларын тарту арқылы атқарылғандықтан iс жүзiнде бақылаусыз көшi-қон қозғалысы туды. Тың игерген аймақтың жергiлiктi тұрғындарына балалары оқитын мектептердiң, өздерi iстейтiн ұжымшарлардың жабылып қалуына байланысты туған жерлерiн тастап кетуге мәжбүр болды. Соның салдарынан республиканың жергiлiктi тұрғындарының үлес салмағы 30%-ға дейiн азайды. Қазақ тiлiнiң дамуы мен қазақ этносының әлеуметтік-мәдени институттарына қатер туды.

Бесінші бесжылдық (1951-1955 жж.) ішінде 200-ге жуық жаңа кәсіпорын салынды экономиканың даму қарқыны өсіп, 1954-1958 жылдары 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. 1957 жылы тұңғыш тепловоздар Қарағанды темір жолының Ерейментау депосында пайда болды. Осы жылдары салынған өнеркәсіптер: Ақтөбе хром заводы, Шымкент гидролиззаводы, Семей цемент заводы, Жезказған кен байыту фабрикасы, Соколов – Сарыбай комбинатының алғашқы кезектері, Өскемен таукен жабдықтарын шығаратын машина жасау заводының 1-кезегі т.б.

 

1958 жылы жалпы өнім өндіруден  Қазақстан КСРО-да 3-орынға шықты. 1956-1958 жылдар аралығында елімізде көлік және коммуникация жүйелерін дамытуға 146,4 млн. сом жұмсалды. Республикада темір жол құрылысына ерекше көңіл бөлінді.

 

1960 жылы қазақ КСР теміржолынаң  ұзындағы 11,42 км. болды. 1958 жылы Қазақ  КСР-де Қазақ теміржол басқармасы  құрылып, республикадағы барлық  теміржол осы басқармаға бағындырылды. 1951-1955 жылдар аралығында Одақта  салынған теміржолдың 30%-ы Қазақстан  аумағында салынды. 1960 жылға қарай Одақта өндірілген темір кенінің 5,4%-ы Қазақстанға тиесілі болды. Қазақстан «магниткасы» аталған Қарағанды металлургия заводы Қазақстан мен Орта Азияны, Сібір мен Оралды темір өнімдерімен қамтамасыз етті. Республикада электр энергиясы өндірісі де біршама жақсы дамыды. 1960 жылы Қазақстанда 10,5 млн. кВт/сағат энергия өндірілді. Дегенмен индустрияның дамуы болмаса, сапа жағы өзгеріссіз қалды.

 

КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1957 жылғы мамыр айындағы сессиясы Н.С.Хрущевтің баяндамасы бойынша «Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру туралы заң қабылдады, осыған орай экономиканы басқаруда реформа жүргізілді. Бұрынғы салалық министрліктер мен ведомстволардың көпшілігі таратылды». Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісінің негізіне территориялық принцип алынды. Экономикалық әкімшілік аудандарда халық шаруашылығы кеңестері (совнархоздар) құрылды, өнеркәсіп пен құрылысқа тікелей осылар (совнархоздар) басшылық етті. Сөйтіп, реформа негізінде 1) экономикалық әкімшілік аудандар ұйымдастырылды, 2) бұрынғы салалық министрліктері мен ведомстволардың орнына халық шаруашылығы кеңестері ұйымдастырылды. Сонымен баскарудың екі түрін көруге болады.  1. Орталықтандырылған басқару Территиориялық басқару 2. Салалық халық шаруашылық министрлік Кеңестері 1957 жылғы реформаның кемшіліктері :  1957 жылдан бастап аумақтық принциптер негізінде экономикаға басшылық ету ісін қайта құру ойдағыдай нәтижелер бермеді. Керісінше, 1) экономиканың жекелеген салаларына тұтастай басшылық жасауға мүмкіндік болмады, 2) жекелеген салаларды техникалық жағынан қайта жабдықтау ісіне нұқсан келтірді, 3) өндіруші мен тұтынушы арасында бұрыннан орын алған қатынастар өзгеріссіз қалды, 4) бұрын кәсіпорындар министрліктер тарарапынан бақылауда болса, енді оларды халық шаруашылық кеңестері жүргізетін болды, 5) экономикалық тетіктер дұрыс жұмыс істемеді. Қазақстан коммунистік партиясының съездері мен пленумдарында кәсіпорын жетекшілері жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалардың тиімсіздігін ашық айтып жүрді. Сәтсіздіктер күйгеліктік туғызды, экономиканы басқаруда ғылымға негізделмеген ойластырмай жасалған субъективтік шешімдерге жол берілді. Мұндай шешімдер көп жағдайда Н.С.Хрущевтің жеке басымен байланысты болды. 1962 жылы Қазақстанда халық шаруашылығын ірілендіру мақсатында реформа жасалды: партия орындары өндірістік белгі бойынша қайта құрылды. Олар өнеркәсіптік және ауылшаруашылық партия үйымдары болып бөлінді.   Сөйтіп, жасалған реформалар басқару аппаратындағы абдыраушылықты, бесжылдық жоспардың орындалуындағы іркілістерді туғызды. 1956-1960 жылдарға арналған (6-шы) бесжылдық жоспар 1959-1965 жылдарға арналған жетіжылдық жоспармен ауыстырылды. Жан басына шаққанда өнім өндіруден дамыған капиталистік елдерді ең қысқа мерзімде қуып жетіп, басып озу міндеті қойылды. 1953 жылғы қыркүйекте болып өткен КОКП-ның ОК Пленумы ауылшаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап, оның даму болашағын анықтады. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылық саласына көп көңіл бөліне бастады. Колхоздарға біраз дербестік берілді, ауыл-село еңбеккерлерінің өнім өндіруге деген материалдық ынталылығы арттырылды, ауыл шаруашылық өнімін дайындау және сатып алу бағасы көтерілді, аграрлық секторды техникамен жабдықтау біршама жақсарды, онда электр қуаты кеңірек қолданатын болды, колхоздар мемлекетке төлеуге тиісті қарыздарынан босатылды. Бірақ елде қалыптасқан басқару жүйесі ауыл шаруашылығының дамуын экстенсивті жолмен жүргізе берді.

Информация о работе Н.Хрущевтың реформасы: 50-жылдардың экономикалық жаңартылуы