Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2015 в 20:31, доклад
Патша үкіметі 1867-1868 жылдары Қазақстан аумағында әкімшілік реформа жүргізді. Оның негізгі мақсаты сұлтандар тобын өкімет билігінен біржолата ығыстырып, жалпыимпериялық басқару тәртібін енгізу еді. Жаңадан енгізілген шаралар өлкені шаруашылық жағынан отарлауға ықпал етуге және оған Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударатын шаруаларды одан сайын қаптатуды қамтамасыз етуге тиіс болды. Әкімшілік-басқару реформалары жекелеген маңызына қарамастан, қазақ даласында отаршылдык езгіні тереңдетті. Жаңа бекіністер салуға көшпелі шаруалардың жері тартып алынды, салықтар көбейіп, патша шенеуніктері мен отаршылдық басқару қызметіне көшкен феодалдық топтар қысымы бұқараның онсыз да ауыр жағдайын шиеленістірді.