Оңтүстік Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 17:14, реферат

Описание работы

Ғалам, дүние жаратылысы туралы мұражайдың полеонтология залына хронологиялық мөлшері 570 млн. жыл бұрынғы кембрий дәуірінен бастау алып, голоцен деп аталатын бүгінгі уақытқа дейінгі кезеңді қамтитын жәдәгерлік бұйымдар қойылған. Олар қазіргі Қазақстан жерінде тіршілік еткен жан-жануарлар, өсімдіктер, тасқа айналған сүйек қалдықтарымен таныстырады. әсіресе, 420 млн. жыл бұрынғы тіршілік еткен трилобит деп аталатын жануарлардың түрі, 300 млн. жыл бұрын пада болған ең алғашқы омыртқалы жануарлардың бірі-стегоцефалдар, сондай-ақ, Қазақстан аумағында тіршілік еті, 10-12 мың жыл бұрын жойылып кеткен мүйізтұмсықтар мен піл-мамонттардың сүйек қалдықтары ерекше құнды.

Файлы: 1 файл

тарих.docx

— 35.56 Кб (Скачать файл)

Оның беті мозайкамен және өсімдік суретімен әшекейленген. Михраб- жебе ұшты арқасы бар ойық. Бұл ойық көгілдір түсті мозайкамен көркемделген, тікбұрышты сәндік белдеумен қоршалған, оған ақ әріптермен құран сөздері жазылған. әр жерден әсемдік үшін жалатылған алтынның сілемі көзге шалынады. Кесененің оңтүстік батыс жағында діншілдердің қырық күндік ораза ұстауына және құдайға құлшылық етуге арналған жерасты мінажатханалары Қожа Ахмет  Яссауидің көзі тірі кезінде жасалып, қайта жаңғыртылған. ХVІ ғасырда мешітке іргелес қосалқы бөлмелер тұрғызылған. Бұлар: батыс беткейдегі дәрет алатын тахаратхана мен Үлкен Ақсарайдың солтүстік шығысындағы “балхи” тәсіліндегі иықпен көмкерілген жер асты зираттары.  ХVІ ғасырдан бастап, кесененің жекелеген бөлмелерінде әйгілі адамдардың сүйектері қойыла бастады. Қожа Ахмет  Яссауи кесенесінде және оның төңірегінде Жолбарыс хан, Есім хан, Абылай хан, Әмір Темірдің шөбересі Бабыр хан, Қаз дауысты Қазыбек би, Жәнібек батыр, т.б. белгілі адамдар жерленген. 1864 жылы Черняев бастаған Ресей әскерлері Түркістан қаласын алған кезде полк. Веревкин қала қорғаушылары бас сауғалаған Қожа Ахмет  Яссауи кесенесін зеңбірекпен атқылады. Оның снарядтары кесенені 11 жерден опырып кетті. 1871-72  жылдары А.Кун 7 дана фотосуретті “Түркістан” альбомын құрастырды. Бұл әлем жұртшылығының Қожа Ахмет  Яссауи кесенесіне бұруға белгілі дәрежеде әсер етті. Соның нәтижесінде Ресей өкімет орындары Қожа Ахмет  Яссауи кесенесіне көңіл бөле бастады.

1884 жылы патша үкіметі кесенені жөндеуге 15 мың сом қаржы бөлді. ХІХ ғасырдың соңына қарай ғалымдар Қожа Ахмет  Яссауи кесенесін – эпиграфикалық зерттеуге ден қоя бастады. 1907 жылы Қожа Ахмет  Яссауи кесенесін жөндеуге мұсылман бұқарасынан ерікті түрде жәрдем жинауға әрекет жасалды.

1910 жылы Түркістанға жергілікті орыс әкімшілігінің бақылауымен кесенені жөндеуге қаражат жинайтын арнайы комитет құрылып, мұсылмандар жинаған 12 мың сомға ғимараттың төбесі мен қабырғаларының бір бөлігіне азды- көпті жөндеу жүргізілді. Қожа Ахмет  Яссауи  кесенесін исламның Қазақстандағы басты орталығы ретіндегі діни қызметіне тосқауыл қоюға ұмтылған кеңестік тоталитаризмнің әрекеттері діттеген жеріне жете алмады.

1978 жылы  қыркүйекте Қожа Ахмет  Яссауи республика мұражайы ашылды. 1989 жылы 28 тамызда Қазақстан Үкіметінің шешімімен “Әзірет Сұлтан қорық мұражайы” ашылды. Қожа Ахмет  Яссауи кесенесі ЮНЕСКО-ның Қызыл кітабына енгізілді. Қазақстан Үкіметі түркиялық фирмалармен бірлесе отырып, Қожа Ахмет  Яссауи кесенесін толық қалпына келтіру жұмысын аяқтады (2000). 

 

 

 


Информация о работе Оңтүстік Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері