Саңырық Тоқтыбайұлы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2013 в 22:43, реферат

Описание работы

Саңырық Тоқтыбайұлы (1692) -- жоңғар басқыншылығына қарсы күрестегі атақты батырлардың бірі. Шыққан тегі -- Ұлы жүздің Ошақты тайпасының Тасжүрек руынан. Әкесі -- Тоқтыбай да батыр болған. Ол кісі кезінде батырлығымен бірге, таймас турашылдығымен, ауытқымас әділдігімен де елге танылып, аты шыгыпты. Әкенің осы қасиеті балаларына да жүғып, Саңырықтың ағасы Дәнен де, інісі Сарымерген де батыр болған. Атадан балаға берілген әңгімелер арқылы Саңырықтың бүгінгі ұрпақтары аталарын: "Ұзын бойлы, жауырыны сәл еңкіштеу, қолдары әлеуетті, ала көз, түсі суық, сұсты кісі болған" -- деп суреттейді.

Файлы: 1 файл

Саңырық Тоқтыбайұлы.rtf

— 12.21 Кб (Скачать файл)

Саңырықтың ерекше қасиеті -- құралайды көзге атқан мерген болған. Алғашқыда атағы осы мергендігімен шыққан. Ошақтының атақты бір байы той жасап, сонда мергендер жарысын өткізіп, бас бәйгеге қалы кілем жабылған қара нар бастаған тоғыз және сүйектен жасап, алтынмен аптап, күміспен күптеген керемет садақты тігеді. Осы сайыста 16 жасар Саңырық бас жүлдені жеңіп алады. Кейін "Саңырықтың сарнауығы" деп аталып кеткен осы садақ Саңырық батырдың жоңғармен соғыстағы бас қаруының бірі болған.

Саңырықтың батырлық жолы әйгілі "Ақтабан шұбырындыдан" кейін басталады. Атамекені жау қолында қалып, босқан елдің ауыр халын көріп, ет жүрегі езілген қазақтың намысты ұлдары ата жаудан кек алу қамына кірісіп, жер-жерде жауынгер жасақтар құрайды. Олар жаушы жіберіп, өзара хабарласып, бір-бірімен бірігіп, көп ұзамай бүкіл халықтық ұлы күшке айналады. Осындай бірігулер кезінде алғашқылардың бірі болып тізе қосқан Ұлы жүздің Саңырық батыры мен Кіші жүздің Тайлақ батыры болады. Олар осыдан кейін жүп жазбай, ел еңсесін көтерген тұңғыш жеңісті әкелген Бұланты шайқасында, түпкілікті жеңіске бетбұрыс жасатқан Аңырақай шайқасында да бір болады. Тарихшылар Бұланты шайқасында шабуылдаушы әскердің қолбасылары болған Саңырық пен Тайлақ батырларды осы жолғы жеңістің "жолашарлары" болды деп бағалайды.

Саңырық батыр жасағы бұдан кейін де талай шайқасқа катысқан. Оның Талас бойын жаудан тазартудағы, әсіресе, Ақкесене, Көккесене деп аталатын екі мүнара түбіндегі шайқастағы ерлігі ел аузында аңызға, жыр-дастанға айналған. Халық арасындағы сондай жырлардың біріндегі:

" Босқан елді құрап ап, қол бастаған Саңырық. 
Алладан мәдет сұрап ап, жол бастаған Саңырық. 
Қарсы келген жауына, қырғын салған Саңырық. 
Анталаған қалмаққа, сүргін салған Саңырық. 
Тайлақ батыр екеуі серік болған Саңырық, --"

деп, жалғаса беретін әр жолдар ел қорғаған еріне риза болған халқының ерен құрметіндей, есте сақтар мәңгі ескерткішіндей көрініп, тым асқақ естіледі.\l "

Информация о работе Саңырық Тоқтыбайұлы