Шыңғысхан жайлы деректер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 15:39, реферат

Описание работы

Шыңғыс қағанға дейін де, кейін де тарихта аты қалған ұлы тұлғалар болған. Бірақ олардың бірде-біреуінің дәл қағандыкіндей аса мол құпиясы қалған жоқ. Демек, әлем тарихындағы ең құпияға толы тұлғалардың бірі әрі бірегейі - Шыңғыс хан. Ол туралы шындықтың кейбір беттері әлі ашылмай келеді.

Файлы: 1 файл

Шыңғысхан.docx

— 33.92 Кб (Скачать файл)

Шыңғыс ханның сүйегін  табу үшін моңғолдармен қатар америка, жапон, француз, орыс ғалымдары да біраз  тер төккен. Іздеу-зерттеу жұмыстары әлі жалғасуда. Оның өмірін 20 жылдан бері зерттеп жүрген америкалық ғалым Клавдистің пікірінше, бұл жұмбақ ұзаққа созылмайды.

Ұлы қағанның мүрдесін іздеген  жүздеген экспедициялар мен жеке саяхатшылардың ішінен бір ғана адам, ХХ ғ. басында (1903 ж.) Кентай жотасындағы Бұрқан-Қалдұн тауына барып, тұрғын халықтармен етене араласып, ел аузындағы аңыздарға сүйеніп, Шыңғыс ханның мазары осы таудың үстінде деген тұжырым жасап, болашақта зерттеу үшін жолсапар белгілепті.

XVIII ғасырдың аяғында туып, XIX ғасырдың орта шеніне дейін  өмір сүрген моңғолдың ғұлама  тарихшысы әрі жазушысы Ванчинбал  «Көк судар» (Киелі шежіре - бәріміз  білетін «Моңғолдың құпия шежіресі»  негізінде жазылуы мүмкін) деген  тарихи еңбегінде Шыңғыс ханның  мүрдесін Бұрқан-Қалдұн тауының  басына жерлеп, үстіне тастан  үй салған. Мүрдені шынар ағаштан  әдемілеп жасалған сандыққа (табыт)  салып, оны үш жерінен алтын  белдікпен орап (түріктерде, мұсылмандарда  бар ғұрып), оны айналмалы механизмге  орнатып жерлеген. Ол қандай механизм? Қандай заңдылыққа сүйеніп жасалған, ол 365 күннің бірінде шығысқа қараған  сәтте ашылуы мүмкін дейді.  Оны қалай есептеп шығаруға болады деген сұрақтар ойға келеді. Мүрденің басы күншығысқа қарамаса ашылмайды да, табылмайды, табылған жағдайда ашуға болмайды дейді. Өйткені, ондай жағдайда күтпеген табиғат апаты, соғыс, індет ауруы болуы мүмкін. Табытты ашатын күншығыстан көк бұқа мініп келген, сақалы белуарына дейін түскен қарт адам болатын сияқты. Қандай халық болмасын, мүрденің басын батысқа бағыттап жерлейді. Өлген дененің қозғалмайтыны өзінен-өзі түсінікті. Бұл да сол Қаған мүрдесін іздетпеудің, таптырмаудың аңызға айналған амалы болса керек. Осындай ел аузындағы аңыздар мен дәстүрлерге, басқа да деректерге молынан хабардар болған және ұлы бабасының өсиеті мен тәрбиесін көрген, кішкентайынан бабасының Шіветі-Қайрхан тауының басына ертіп апарып, тастан жасалған алып кешенді көрсеткенін, «бұны сырт адамға айтуға, көрсетуге болмайды, мұнда аса үлкен құпия жатыр. Осы құпияны ашуға атсалыс», - деген тапсырмасын ұмытпай, ер жеткесін оны орындауда моңғол азаматы Нямаагийн Даваа хан мазарын табу үшін үлкен іске кіріседі. Ең әуелі Шіветі-Қайрхан тауындағы кешенді қазу кезінде Білге қағанның мүсінін табады. Одан кейін Моңғол үкіметінің рұқсатын алып, Бұрқан-Қалдұн тауының үстіндегі биіктігі - 12 метр, ұзындығы - 280 метр, көлденеңі - 190 метр кешенмен екі жыл бойы айналысып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Георадиофизик, археолог, радиометр мен радиомагниттік бақылау әдістемелері арқылы жүргізілген сараптамалардың нәтижесінде, таудың үстіндегі кешеннің астында 30 метр тереңдікте бағалы металл және сүйек орналасқан табыттың суретін шығарады. Осы Шыңғыс ханның мүрдесі деген қорытындыға келеді. Бұл жерде мынаны ескерген жөн. Сол маңда Шыңғыс ханға дейін де, кейін де ұлы адамдардың жерленуі мүмкін ғой. Оның мазарын қазып, сүйектің дәл қағандыкі екендігіне көз жеткізбесе, бұл да сол аңыз күйінде қалып қояры хақ. Бұл бір. Екіншіден, ол мазар Шыңғыс хандыкі деп қазуға моңғол халқы рұқсат бермесе, автор айтқандай, әлі де мың жылдар бойы құпиясын сақтап, аңыз болып қала берер дегенімен толықтай келісуге болады.

Зерттеуші ғалымдар қағанның мүрдесін іздегенде Бөртенің қайда  жерленгені туралы мүлдем ескермейтін  сияқты. Бөрте Шыңғыс ханнан кейін  қайтыс болса, оны Қағанның қасына жерлеу ақиқатқа жақындау келмей ме?

Ұлы ханға байланысты көптеген зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтқанбыз. Солардың бірі - Шыңғыс ханның суреті. Бұл туралы И.Қабышұлы «Шыңғыс  хан суреттерінің сырына үңілсек» (Егемен Қазақстан, 2002 ж., 30 қараша) деген мақаласында  оның төрт суреті көрсетілген. Солардың екеуіне зейін салайық. Үшінші суретті  негізінен Еуропа мен орыс тарихшылары  қолданған болса, төртіншісі ислам  дініндегі түркі елдерінің пайдаланып жүрген тұрандықтар салған сурет.

Шыңғыс ханның суреті жайындағы  құпия екі суретіне байланысты. Осы  екеуін мақаламызға енгізіп, басқа  екеуіне қызығушылар И.Қабышұлының  жоғарыда көрсетілген мақаласынан  не осы жолдар авторының «Тұғыры  биік тұлғалар» кітабынан қарауына болады.

Біздің 1990 жылға дейін  Шыңғыс хан суреті деп немересі Құбылай  орнатқан Юан ұлысын құртқан,қытай  әскерінің қолбасшысы Го-цы-синнің суретіне (1-сурет) табынып келіппіз, яғни оның дұшпанын дәріптеппіз.

Қытайда әркез билеуші  хандардың және ханшайымдардың суреттері  сақталатын мұражай болған. Оған кез-келген адам кіруге, көруге тиым салынған. Бірақ, әйгілі француздың миссионері А. Гюбрек амалын тауып кіріп, мұндағы суреттердің дұрыс-бұрыстығына мән бермей, Қытайдың қылқалам шеберлерінің ең озық дүниесі деп 1-суретті асыра мақтаған.

1968 жылы этнограф-зерттеуші  Л.П. Сычев «Шыңғыс хан және  оның мирасқорларының суреттері»  деген мақаласын «Народы Азии  и Африки» журналына жариялайды. Бұл сурет Юан ұлысын талқандаған  Қытайдың Мин патшалығының қолбасшыларыныкі  болып шығады. Кейін бұл суретті  Чин ұлысының суретшісі Шангуан  Жоу салады да, баспаханадан көбейтіп, әлемге таратады. Осылайша, Шыңғыс  хан деп сеніп келген сурет  қытайлық Жу Юан Жан салған  Го-цы-синнің суреті болып шығады.

Ал Юан ұлысының хандары  мен ханшайымдары суреттерінің арасынан табылған суретке (№2) зер салайық. Ғалымдардың пайымдауы бойынша, бұл суретті Шыңғыс ханның немересі Құбылайхан Юан ұлысының дәуірлеп тұрған шағында Жалайыр Қара Қасен дархан (моңғолда ұстаны - «дархан» деп қастерлеп «дархан хун бурхан ухаантай» - ұста ұлықтардан да ұтқыр ойлы деген) салған болуы керек. Ол мәрт, жомарт, абыз, ақылгөй ғұлама, ғажайып суретші адам болған. Оның салған суретінде Шыңғыс хан басына айқара жапқан ақ құндыз тұмақ, үстіне қаусырмалы орама жағалы ақ шапан киген кең маңдайлы, келіскен келбетіне ақ бурыл сақалы жарасқан, оң құлағының артында сырғаға ұқсаған дөңгелене түйілген шашының шеті қылтиған, тұмақ астынан самайына қарай қос кекілін жара тараған, терең ой үстінде отырған адам бейнеленген. Шыңғыс хан замандастары оны көбіне осылай бейнелейтін және «Шыңғыс хан» телехикаясында осындай көріністер жиі көрсетілген.

Шыңғыс ханды көзбен көрген қытайлық Чан-чун әулиенің «ол етжеңді, толық денелі, қой көзді, қоңырқай жүзді, ажарлы адам», «Құпия шежіреде»  Есүкейге қоңыраттың Дей шешені: «Балаңның  көзі отты, жүзі нұрлы екен, құда болсақ қайтеді?» дегенінен басқа оның бет-бейнесі, кескін-келбетін суреттеген бірде-бір дерек жоқ. Сондықтан  да жалайыр Қара Қасен дархан салған суретті қағанның шынайы бейнесі  деп қабылдауға болатын сияқты.

Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды: Шыңғыс ханның өмірі  тарих қойнауына тереңдеген сайын, оның беймәлім беттері де қоюлана  түседі, ал олардың сырларын ашу  алдағы ғасырлар еншісіне тиері сөзсіз. Олай болып жатса, ол сол кезеңнің ұлы кереметтерінің арасынан орын алатынына  күмән жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Шыңғысхан жайлы деректер