Тест по дисциплине "История Казахстана"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2015 в 22:21, тест

Описание работы

Работа содержит тестовые задания по дисциплине "История Казахстана".

Файлы: 1 файл

История Казахстана каз.doc

— 1.31 Мб (Скачать файл)

 

 

6 нұсқа

 

1. Андронов мәдениетінің  кезеңінде пайда болған Қостанай жеріндегі елді мекен:

A) Арқайым.

B) Затобол.

C) Бесбай.

D) Садчиковское.

E) Шағалалы.

2. Қара теңіздің солтүстігі мен Арал маңын мекендеген сақ тайпасы:

A) Тиграхауда.

B) Хаомаварга.

C) Аримаспа.

D) Парадарайя.

E) Массагет.

3. Т.Рысқұлов, С.Сейфуллин, Ә.Майкөтов, С.Меңдешев сияқты халықтың төменгі тобынан шыққан зиялылар 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы қандай көзқараста болды?

A) Көтерілісті толық қолдады.

B) Жартылай әскер беру  мәселесін көтерді.

C) Қарсыласпай патша өкіметімен  ымыраластыққа келу.

D) Көтерілістің нәтижесіз  екенін түсінді.

E) Көтерілісті қолдамады.

4. Соғыс жылдары жазылған  ” Өмір мектебі” повесінің  авторы:

A) М.Әуезов.

B) Ә.Әбішев.

C) Ғ.Мұстафин.

D) Ж.Саин.

E) С.Мұқанов.

5. Ұлттық валюта – теңгеміздің  айналымға енгізілген уақыты:

A) 25 қазан 1985 жыл.

B) 15 қараша 1993 жыл.

C) 16 желтоқсан 1991 жыл.

D) 30 тамыз 1990 жыл.

E) 17 желтоқсан 1992 жыл.

6. Батыс Түрік қағанатының  орталығы қай жерде болды?

A) Монғолияда.

B) Алтайда.

C) Жетісуда.

D) Маңғыстауда.

E) Мәуреннахрда.

7. Алтын Орда мемлекетінің  негізін қалаушы.

A) Төле.

B) Үгедей.

C) Шыңғыс хан.

D) Жошы хан.

E) Батый.

8. 1428-1468 ж.ж. батысында Жайықтан  бастап шығысында Балқашқа дейінгі  аймақта қай хан билік етті?

A) Қасым.

B) Ақназар.

C) Жәнібек.

D) Әбілқайыр.

E) Есенбұға.

9. XVI ғ екінші жартысында  қазақ хандығының батыс және  солтүстігін ұлғайтуға бөгет  болған мемлекет:

A) Жоңғария.

B) Моғолстан.

C) Иран.

D) Ресей.

E) Мәуереннахр.

10. ХIХ ғ. 30ж. А.С. Пушкин Қазақстанда болған жерлер.

A) Орынбор, Оралда.

B) Омбы, Ақмолада.

C) Кіші ордада.

D) Семей, Өскеменде.

E) Жетісуда.

11. Шоқанның досы, көрнекті  орыс жазушысы.

A) М.Лермонтов.

B) Л.Толстой.

C) М.Горький.

D) Ф.Достоевский.

E) Г.Потанин.

12. «Түрік, Қырғыз, Қазақ һәм  хандар шежіресі» атты еңбектің авторы.

A) А. Құнанбаев.

B) Ш.Құдайбердиев.

C) Қ.Салғараұлы.

D) М.Тынышпайұлы.

E) А.Байтұрсынов.

13. 1931 жылы наурызда алғашқы  оқу жылын бастаған оқу орны:

A) Қазақ ауылшаруашылық  институты.

B) Педагогикалық институт.

C) Қазақ мемлекеттік университеті.

D) Алматы дәрігерлік институты.

E) Ветеринарлық-зоотехникалық  институт.

14. 1947 жылы алғашқы өнімін  шығарған қорғасын-мырыш комбинаты  қай жерде? 

A) Жезқазғанда.

B) Өскеменде.

C) Лениногорда.

D) Шымкентте.

E) Қарсақпайда.

15. Жоңғарларға қарсы бірігіп төтеп беру үшін Қарақұмда қазақ жүздерінің белгілі өкілдері бас қосқан жыл:

A) 1720 ж.

B) 1710 ж.

C) 1715 ж.

D) 1718 ж.

E) 1713 ж.

16. Исатай батырдың қайтыс  болған жері:

A) Шымбұлақ.

B) Ақбұлақ.

C) Жапақ.

D) Айнабұлақ.

E) Ақсу.

17. Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аудару себебі.

A) Жетісудың шұрайлы өлкесі  қызықтырды.

B) Атамекеніне оралуы.

C) Цинь өкіметінің қысым  көрсетуі.

D) Қазақ жеріне басып  кіруі.

E) Патшалы Ресей жер  беру үшін көшіріп әкелді.

18. ХІХ ғ. теңізде жүзу  ісін меңгертетін мектеп ашылған қала.

A) Орынбор.

B) Ақмола.

C) Атырау.

D) Ақтау.

E) Омбы.

19. 1905 жылы Успен кенішінде  құрылған алғашқы жұмысшы ұйымы қалай деп аталды?

A) Өнеркәсіп жұмысшыларының  одағы.

B) Социал-демократиялық ұйым.

C) Орыс-қырғыз жұмысшыларының одағы.

D) ’’Бірлік’’ одағы.

E) Тау-кен жұмысшыларының  одағы.

20. ХХ ғ. басында қандай басылым ағарту мен білім идеяларын насихаттады?

A) ²Облыстық Ведомство².

B) ²Русский инвалид².

C) ²Сарыарқа².

D) ²Айқап².

E) ²Ведомости².

21. 1920 жылы сайланған ҚазАКСР Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы:

A) С.Пестковский.

B) С.Меңдешев.

C) Ә.Жангелдин.

D) Б.Қаратаев.

E) В.Радус-Зенькович.

22. Кеңеске қарсы элементтер “әскери коммунизм” саясатына байланысты шаруалардың наразылығын қандай мақсатта пайдаланғысы келді?

A) Монархияны қайтадан құру үшін.

B) Ұлтаралық араздықты өршіту үшін.

C) “Әскери коммунизм” саясатын созу үшін.

D) Азық-түлік салғыртын күшейту үшін.

E) Кеңес өкіметі органдарын құрту үшін.

23. Қиыр Шығыстан көшірілген  корейлер қоныстандырылған облыстар:

A) Қарағанды, Семей.

B) Шымкент, Жамбыл.

C) Қызылорда, Алматы.

D) Қостанай, Ақмола.

E) Орал, Ақтөбе.

24. Жаңа өзен оқиғасы  болған мерзім:

A) 1979 ж. шілде.

B) 1986 ж. желтоқсан.

C) 1989 ж. маусым.

D) 1979 ж. маусым.

E) 1989 ж. шілде.

25. Ежелгі тас дәуіріндегі қарудың кең тараған түрі:

A) Тескіш.

B) Кескіш.

C) Қырғыш.

D) Балта.

E) Қол шапқы.

26. Мезолит дәуірінде домалақ  ұштары бар садақтарды не үшін  пайдаланды?

A) Терісі бағалы аңдарды  аулау үшін.

B) Құстарды аулау үшін.

C) Бұғыларды аулау үшін.

D) Садақтың ұшу қашықтығын  ұлғайту үшін.

E) Соғып алуды күшейту  үшін.

27. Сақтардың тайпа көсемін  сайлаушылар:

A) Тайпа мүшелері.

B) Ақсақалдар кеңесі.

C) Рулық кеңес.

D) Әскери кеңес.

E) Қоғамдық топтар.

28. Қазақ өлкесін басқару  ісін өзгертуде «Дала  комиссиясын» басқару жүктелген Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі:

A) Н.К. Гутковский.

B) А.П. Проценко.

C) А. Безак.

D) А.К. Гейнс.

E) А. Гирс.

29. Адамның ғарышты игеру  жетістігі мемлекет экономикасын  неге бағыттады?

A) Ғылыми индустриялық өндіріске.

B) Жаңа табиғи ресурстарды  игеруге.

C) Шикізатты үнемдеудің  қатал режиміне.

D) Жоспарланған экологиялық  саясатқа.

E) Өнеркәсіп өндірісіне  жаңа жұмысшы күштерін тартуға.

30. Конституция бойынша халық атынан сөйлей алады:

A) Үкімет пен Президент.

B) Президент пен Парламент.

C) Үкімет пен Парламент.

D) Президент пен Жоғарғы Сот.

E) Парламент пен Жоғарғы Сот.

 

 

 

7 нұсқа

 

1. Қола дәуірінде мекендеген тайпалардың қалдырған мәдениеті:

A) Арқайым.

B) Прохоров.

C) Андронов.

D) Антонов.

E) Аршаты.

2. Жетісу жерінде қазір қандай облыс орналасқан?

A) Қарағанды.

B) Қостанай.

C) Алматы.

D) Атырау.

E) Ақмола.

3. Алтын Орданың бірінші астанасы:

A) Сарайшық.

B) Сарай – Бату.

C) Сарайхан.

D) Сарай – Берке.

E) Самарқанд.

4. Торғай облысындағы болған көтерілістің сардарбегі:

A) Амангелді Имашев.

B) Амангелді Иманов.

C) Иман батыр.

D) Тоқаш Бокин.

E) Исатай батыр.

 5. Ұлы отан соғысы кезінде елде өндірілген әрбір 100 тонна молибденнің 60 тоннасын берген кеніш:

A) Балқаш.

B) Шығыс Қоңырат.

C) Найзатас.

D) Қарсақпай.

E) Жезқазған.

6. Алғашқы қауым адамдарының топқа бірігуінің себебі:

A) Бірлесіп қорғану және  аң аулау.

B) Қару жасау.

C) Бірлесіп еңбек құралдарын  жасау.

D) От басын сақтау.

E) Бірлесіп жер жырту.

7. Қазақ хандығының құрылуы қай сұлтандар есімімен байланысты?

A) Абылай мен Уәли.

B) Қасым мен Ақназар.

C) Іренші мен Бұрұндық.

D) Әбілқайыр мен Махмұд.

E) Жәнібек пен Керей.

8. Жоңғар тағы мұрагерлерінің  бірі, Қытайлардан жеңіліс тауып, Орта жүз ханы Абылайдан көмек  сұраған:

A) Әмірсана.

B) Қалдан Серен.

C) Цеван Рабтан.

D) Канси.

E) Даваци.

9. Семей облыстық статистикалық комитетіне мүше болған қазақ ұлы ақыны.

A) Ж.Жабаев.

B) Шәкәрім.

C) С.Сейфуллин.

D) Абай.

E) Шөже ақын.

10. Атақты халық сазгері, Шорман балаларының жаласымен  Тобылға жер аударылған әнші:

A) Жаяу Мұса.

B) Құрманғазы.

C) Біржан сал.

D) Естай.

E) Ақан сері.

11. «Алжир» деген сталиндік лагерьде қамауда болғандар:

A) «Халық жауларының» балалары.

B) «Халық жаулары».

C) «Халық жауларының» туысқандары.

D) «Әскери тұтқындар».

E) «Халық жауларының» әйелдері.

12. “Қазақ АКСР бірыңғай  еңбек мектептерінің жарғысы”  қашан қабылданды?

A) 1925 ж. мамырда.

B) 1924 ж. мамырда.

C) 1927 ж. мамырда.

D) 1923 ж. мамырда.

E) 1926 ж. мамырда.

13. Соғыстан кейін ақша  реформасы қай жылы жүргізілді?

A) 1949 ж.

B) 1948 ж.

C) 1946 ж.

D) 1947 ж.

E) 1945 ж.

14. 1991 ж. қыркүйекте Қазақстан  компартиясын тарату нәтижесінде құрылған партия:

A) Халықтық-демократиялық.

B) Социалистік.

C) Социал-демократиялық.

D) Либерал-демократиялық.

E) Демократиялық.

15. ХІV ғ. 70-80 ж.ж. Әмір Темір қай мемлекеттің аумағына оншақты рет шабуыл жасады?

A) Ауғанстан

B) Мәуереннахр

C) Ноғай ордасы мен Әбілқайыр  хандығы

D) Ақ орда мен Көк орда

E) Ақ орда мен Моғолстан

16. XIX ғ. I жартысында Қазақстанға  жер аударылған революционерлердің  саяси көзқарасы.

A) Монархистік.

B) Ұлтшылдық.

C) Демократиялық.

D) Социалистік.

E) Анархистік.

17. 1847 жылы Шоқан Уәлиханов 12 жасында қайда оқуға түсті?

A) Челябі кадет корпусына.

B) Қазан университетіне.

C) Орынбор кадет корпусына.

D) Сібір кадет корпусына.

E) Екатеринбург әскери  академиясына.

18. XIX ғ. бірінші ширегінде  Шыңжан мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстарда басты роль атқарған Қазақстан қалалары.

A) Петропавл, Семей қалалары.

B) Шымкент, Түркістан қалалары.

C) Орынбор қаласы.

D) Өскемен, Аягөз қалалары.

E) Орал қаласы.

19. Ш. Уәлихановтың Құлжаға  барған жылы.

A) 1857ж.

B) 1858-59 ж.

C) 1860 ж.

D) 1856 ж.

E) 1865 ж.

20. Ы. Алтынсариннің Ырғыздағы жарқын істерінің бірі.

A) Тілмаштық қызметі.

B) Қазақ қыздарына арналған  мектепті ашуы.

C) Торғай ауылшаруашылық  мектебін жолға қою.

D) Бастауыш училище ұйымдастыру.

E) Инспекторлық қызметі.

21. 1921-22 жылдардағы жер-су  реформасының нәтижесінде шамамен  қанша адам Қытайдан оралды?

A) 300000 адам.

B) 250000 адам.

C) 150000 адам.

D) 200000 адам.

E) 100000 адам.

22. БК(б)П өлкелік комитеті  мен ХКК-нің 1931 ж. 25.XII нұсқауларында Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді аяқтау кезеңі:

A) 1933 жыл.

B) 1934 жыл.

C) 1932 жыл.

D) 1935 жыл.

E) 1931 жыл.

23. Тың және тыңайған  жерлерді игеру кімнің идеясы?

A) Жергілікті жерлердегі  ауылшаруашылық мамандарының.

B) Қазақ КСР-ының Ғылым  Академиясы ғалымдарының.

C) КСРО Ғылым Академиясы ғалымдарының.

D) Өкімет билігінің жоғарғы деңгейіндегілердің.

E) Шетелдік ғалымдардың.

24. Нарықтық экономикаға тән:

A) Мемлекеттік кәсіпорындардың көптігі.

B) Тұрғындардың толық жұмыспен қамтылуы.

C) Басқарудың әміршіл-әкімшіл әдістері.

D) Шаруашылықты жоспарлы жүргізу.

E) Экономиканы жекешелендіру.

25. Ежелгі адамның ойлау  жүйесі мен өндірістік қызметінің  қалыптасқан дәуірі:

A) Палеолит.

B) Қола дәуірі.

C) Неолит.

D) Энеолит.

E) Мезолит.

26. Бұйымдарды әшекейлеу  үшін оқа жүргізу дегеніміз:

A) Түрлі алтын домалақтарын  жапсыру.

B) Ойыстарды арнайы сұйықтармен  толтыру.

C) Алтын жіптермен кестелеу, алтын жалату.

D) Асыл тастарды, моншақты тігу.

E) Түрлі-түсті тастармен безендіру.

27. Қарахан мемлекетіндегі ұлыс билеушілерінің құқығы көп болғаны соншалық ,олар

A) Алым-салық жинай алды

B) Соғыс жариялай алды

C) Өз аттарынан теңге  шығара алды

D) Бейбіт келісім жасай  алды

E) Жер үлестіре алды

28. 1867-1868 жылғы реформа бойынша қазақ далалық әкімшілік басқару жүйесінің басты принципі:

A) Қазақстан әкімшілік  басқаруында өзін-өзі басқаруға  көшуі.

B) Әлеуметтік-экономикалық  жаңалықтарды енгізу.

C) Көшпелілердің өмірі  патриархалдық-рулық қауымда.

D) Әскери және азаматтық басқарудың генерал-губернатор қолына шоғырлануы.

E) Қазақтардың материалдық  жағдайларының жақсаруы.

29. Патша үкіметінің сайлау  заңына сәйкес ’’түземдік’’  халық арасында екінші мемлекеттік  Думаға Ақмола облысынан кім сайланды?

A) А.Бірімжанұлы.

B) Нүрекенұлы.

C) М.Тынышпайұлы.

D) М.Шоқай.

E) Ш.Қошығұлұлы.

30. 1979 жылы «Неміс автономиясы»  қандай облыстар аумағынан құралмақ  еді?

A) Орал, Торғай, Ақмола, Көкшетау  облыстары.

B) Жамбыл, Торғай, Кокшетау, Ақмола  облыстары.

C) Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Көкшетау облыстары.

D) Ақмола, Алматы, Қарағанды, Павлодар облыстары.

E) Павлодар, Қарағанды, Солтүстік  Қазақстан, Торғай облыстары.

 

 

 

8 нұсқа

 

1. Түрлі аурулар мен бақытсыздықтан сақтайтын қасиеті бар деп сеніммен тағып жүретін зат:

A) Білезік.

B) Сурет.

C) Таспиық.

D) Алқа.

E) Бойтұмар.

2. Есік қорғанынан табылған «адамды» қазір қалай атаймыз?

A) «Күміс адам».

B) «Қола адам».

C) «Алтын адам».

D) «Ағаш адам».

E) «Темір адам».

3. ХІ ғ. 30-жылдарында Қарахандықтар мемлекеті қандай бөлікке бөлінді?

A) Шығыс және батыс.

B) Үш бөлікке.

C) Жетісудағы және Ортаазиядағы.

D) Төрт бөлікке.

E) Солтүстік және оңтүстік.

4. Қайыр хан  әскерімен Отырар қаласын неше ай қорғаған?

A) 5-6 ай.

B) 4 ай.

C) 12 ай.

D) 8 ай.

E) 10 ай.

5. 1916 ж. көтерісшілер армиясының  қолбасшысы:

A) Сардарбек.

B) Бек.

C) Батыр.

D) Ақын.

E) Сарбаз.

6. Қасымның билік етуінің басталуымен қазақ даласындағы билік кімнің ұрпақтарына өтті?

A) Керей.

B) Өзбек хан.

C) Жәнібек.

D) Орыс хан.

E) Әбілхайыр.

7. 1891ж. «Ережеге» сай құрылған жергілікті мұсылман тұрғындарының ісін қарайтын төменгі сот буыны.

A) Халық соттары.

B) Бітістіруші сот.

C) Облыстық сот.

D) Соттардың төтенше съезі.

E) Уездік сот.

8. Абайдың оқуын аяқтатпай еліне әкесі Құнанбайдың алып кету себебі.

A) Ел билеу ісіне тарту үшін.

B) Шоқынып кетеді деп  қорықты.

C) Үйлендіруге.

D) Анасы Ұлжан ауырып  жатты.

E) Елдегі балаларды оқыту  үшін.

9. Орал-Ембі мұнай ауданын Орталық Ресеймен байланыстыруы тиіс болған теміржол:

A) Жетісу теміржолы.

B) Александров Гай-Ембі.

C) Ембі теміржолы.

D) Ортаазиялық теміржол.

E) Түрксіб.

10. 1934 жылы Қазақ мемлекеттік  музыка театрында үлкен табысқа  жеткен қойылым:

A) «Жалбыр».

B) «Айман-Шолпан».

C) «Қыз Жібек».

D) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу».

E) «Еңлік-Кебек».

11. Сталинград шайқасында  өз ұшағын жау танкілері шоғырына  құлатып өшпес ерлік жасаған  қазақстандық ұшқыш:

A) Н.Әбдіров.

B) Т.Бигелдинов.

C) Л.Беда.

D) И.Павлов.

E) С.Луганский.

12. «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы  Қазақстан» деген монографиялық  еңбектің авторы.

A) Ә.Марғұлан.

B) Б.Греков.

C) К.Нұрпейісов.

D) Е.Бекмаханов.

E) Г.Массон.

13. 1957 жылы салалық басқаруды  жергілікті принцип бойынша қайта  өзгерту барысында не құрылды?

A) Ведомствалар құрылды.

B) Мемлекеттік комитеттер  құрылды.

C) Халық шаруашылық кеңестері  құрылды.

D) Трестер құрылды.

E) Министрліктер құрылды.

14. 1991ж. қыркүйегінен бастап Қазақстан Компартиясы атауы өзгертілді. Ол:

A) Халық партиясы.

B) Социал-демократиялық партия.

C) Демократиялық партия.

D) Жұмысшы партиясы.

E) Социалистік партия.

15. ’’Сойырғал’’ дегеніміз -...

A) Малшылар мен егіншілердің  міндеткерліктері.

B) Салықтың түрі.

C) Егістіктің түрлері.

D) Жер иеленудің түрі.

E) Әскери міндеттеме.

16. Е. Пугачев көтерілісіне  Кіші жүз қазақтарының қатысу себебі:

A) Малын қайтарып алу.

B) Билікті алу.

C) Тәуелсіздігін сақтау.

D) Жерін қайтарып алу.

E) Жоңғарларға қарсы тұру.

17. ХІХ ғ. бірінші жартысында  шекарада тұратын қазақтар Қытайдың заттарын неге айырбастады?

A) Астыққа.

B) Қазақ үйге.

C) Қару-жараққа.

D) Малға.

E) Әр түрлі бұйымдарға.

18. Орынборда қазақтарға  орысша білім беретін мектептер  ашылған мерзім:

A) 1831 ж.

B) 1840 ж.

C) 1836 ж.

D) 1850 ж.

E) 1833 ж.

19. ХIХ ғ. 60ж. И.И. Бутков ұсынған жоба бойынша қазақ өлкесі мынадай облыстарға бөлінуі тиіс болатын.

A) Солтүстік, Оңтүстік.

B) Шығыс, Батыс.

C) Семей, Торғай.

D) Ақмола, Орынбор.

E) Жетісу, Сырдария.

20. 1870ж. Маңғыстау көтерілісінің  ерекшелігі.

A) Антифеодалдық сипатының әлсіз болуы.

B) Қазақ жалдамалы жұмысшыларының  қатысуы.

C) Қайықтардан «флотилия»  құру.

D) Ешқандай ерекшелігі  болған емес.

E) Көтерілісті басуға Кавказдан  Апшерон полкін әкелу.

21. 1905ж. Успен кенішінде  болған ереуілде қазақ-орыс жұмысшыларының негізінен қойған талабы.

A) Билікті өз қолдарына  алу.

B) Мәдени.

C) Әлеуметтік.

D) Діни.

E) Саяси.

22. Столыпиннің аграрлық  саясаты нәтижесінде 1906-07 ж.ж. қазақ  халқы шамамен қанша миллион  десятина жерінен айрылды?

A) 10 млн. десятина.

B) 20 млн. десятина.

C) 14 млн. десятина.

D) 17 млн. десятина.

E) 5 млн. десятина.

23. Орынбор қашан Қазақстанның  құрамына қосылды?

A) 1919 ж. шілдеде.

B) 1919 ж. қаңтарда.

C) 1919 ж. ақпанда.

D) 1919 ж. желтоқсанда.

E) 1919 ж. қыркүйекте.

24. Ауыл шаруашылығы тиімділігінің төмендеуінің басты себебі:

A) Жердің жалға берілуі.

B) Егіс көлемінің күрт  өсуі.

C) Колхоздарды ірілендіру.

D) Колхоздарды жойып, совхоздарды  құру.

E) Шаруалардың өз еңбегінің  жемісін өздері көре алмайтындығында.

25. Тастан, сүйектен, мүйізден жасалған сыналар қай кезден бастап қолданыла бастады?

A) Мезолитте.

B) Ерте палеолитте.

C) Неолитте.

D) Орта палеолитте.

E) Кейінгі палеолитте.

26. Тас ғасырында үңгір  қабырғаларында салынған суреттерде  сүйектен жасалған мүсіндерде  нені бейнелеу кең таралған?

A) Тайпаның пірі әйел  ана бейнесі.

B) Аңшылық өмірді.

C) Жануарларды.

D) Аңшы ер адамдарды.

E) Дәстүрлі билерді.

27. Жазба деректер үйсін  қоғамының қандай деңгейде болғананына куә болады?

A) Рулық қауым деңгейінде  болғанына

B) Мемлекеттік дәрежеге дейін көтерілгеніне

C) Мемлекеттік дәрежеге  дейін көтерілмегендігіне

D) Мемлекетті қалыптастыру  сатысында болғанына

E) Әскери демократия деңгейінде болғанына

28. Қазақстан тарихын зерттеуді  ғылыми жолға қойған орыс географиялық  қоғамының Орынбор, Омбы, Семейдегі бөлімдері ашылған жыл.

A) 1840 ж.

B) 1855 ж.

C) 1845 ж.

D) 1860 ж.

E) 1870 ж.

29. Қазақ КСР-ның Тіл туралы заңы қабылданды:

A) 1991 ж. 16 желтоқсанда.

B) 1986 ж. 22 тамызда.

C) 1990 ж. 28 қаңтарда.

D) 1988 ж. 7 қазанда.

E) 1989 ж. 22 қыркүйекте.

30. 1992 ж. қоғамның бірігуі мен халықтар достығын нығайтуда маңызды орын алған:

A) Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы.

B) Қоғамдық-саяси қозғалыстар.

C) Қазақстан халықтарының форумы.

D) Жергілікті Кеңестер.

E) Халық депутаттарының съезі.

 

 

 

9 нұсқа

 

1. Шығыстанушылар мен қазақстандық археологтардын пікірінше, сақ тайпалары неше топқа бөлінген?

A) 4

B) 3

C) 2

D) 1

E) 5

2. Алтын Ордаға ісләм дінімен бірге келген жазу:

A) Бұлғар жазуы.

B) Қытай жазуы.

C) Араб жазуы.

D) Үнді жазуы.

E) Орыс жазуы.

3. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің оңтүстік-шығыстағы аса ірі орталығы:

A) Арқалық.

B) Жетісу.

C) Орал.

D) Алтай.

E) Сарыарқа.

4. Қазақтын батыр қызы, мерген:

A) Айжан.

B) Әлия.

C) Мәншүк.

D) Шынар.

E) Роза.

5. Қазақстан заводтары Ұлы отан соғысынан кейін қандай өнімдер шығаруға көшті?

A) Бейбіт тұрмыс өнімдері.

B) Импортқа арналған өнімдер.

C) Экспортқа арналған өнімдер.

D) Қорғаныс өнімдері.

E) Әскери өнімдер.

6. Қола дәуірінде бүкіл Қазақстан жеріндегі шаруашылықтың жетекші күшке айналған саласы:

A) Егіншілік.

B) Аң аулау.

C) Қолөнер.

D) Балық аулау.

E) Мал шаруашылығы.

7. ’’Құн’’ деген сөздің мағынасы?

A) Зорлап ауыр жұмыстар  жасату.

B) Бостандыққа тиым салу.

C) Кісі өлтіргені үшін  мал-мүлік төлеу.

D) Дүре соғу.

E) Дүние-мүлкін тәркілеу.

8. Ш.Уәлиханов білім алған  оқу орны.

A) Орынбор әскери училищесі.

B) Сібір кадет корпусы.

C) Азиялық училище.

D) Семей училищесі.

E) Өскемен училищесі.

9. "Балқадиша", "Маңмаңгер", "Құлагер" әндерінің авторы:

A) Естай.

B) Балуан Шолақ.

C) Біржан сал.

D) Ақан сері.

E) Жаяу Мұса.

10. Ырғыз даласында қазақ  қыздарына арналған мектеп-интернат  ұйымдастырған қайраткер:

A) С. Көбеев.

B) Ы. Алтынсарин.

C) А. Құнанбаев.

D) А. Байтұрсынов.

E) С. Торайғыров.

11. Отарлық ұлт аудандарының  «сілкініп оянуына» негіз болған «Қанды жексенбі» болған жыл:

A) 1908 ж.

B) 1917 ж.

C) 1905 ж.

D) 1910 ж.

E) 1914 ж.

12. Партия органдарын өндірістік  принцип бойынша өзгерту қашан  іске қосылды?

A) 1962 ж.

B) 1957 ж.

C) 1965 ж.

D) 1953 ж.

E) 1960 ж.

13. Алғашқы ғарышкер Ю.Гагарин қазақ жерінен ғарышқа қай жылы ұшты?

A) 1963 ж.

B) 1959 ж.

C) 1961 ж.

D) 1962 ж.

E) 1960 ж.

14. 1991 ж. желтоқсанында ҚР  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы  бойынша 17 желтоқсан:

A) Конституция күні деп жарияланды.

B) Тәуелсіздік күні деп жарияланды.

C) Республика күні деп жарияланды.

D) Демократиялық жаңару күні деп жарияланды.

E) Отан қорғаушылар күні  деп жарияланды.

15. Ежелгі адамдардың ұйымы - тобыр қай дәуірде қалыптасты?

A) Қола дәуірінде.

B) Орта палеолитте.

C) Кейінгі палеолитте.

D) Неолитте.

E) Ерте палеолитте.

16. Ерте палеолит дәуірінде  адамдар көбінесе қайда тұрды?

A) Шатқалдарда.

B) Табиғи үңгірлерде.

C) Жертөлелерде.

D) Киіз үйлерде.

E) Қолдан салынған баспаналарда.

17. Нұралыны хандықтан тайдыру жөнінде шешім қабылдаған Кіші жүз старшындарының съезі қашан болды?

A) 1785 ж.

B) 1783 ж.

C) 1786 ж.

D) 1787 ж.

E) 1784 ж.

18. XІX ғ. басында Қазақстан  мен Қытай арасында ірі сауда  орталығы болған қаланың бірі.

A) Верный.

B) Түркістан.

C) Әулие ата.

D) Ақмешіт.

E) Семей.

19. 1855 ж. Шыңжан мен Қазақстанның  сауда байланыстарының уақытша  тоқтатылу себебі.

A) Шәуешек қаласындағы  орыс көпестерінің сауда орталықтарының  өртелуі.

B) Қытайдағы тайпиндер  көтерілісі.

C) Оңтүстік Қазақстандағы  ХІХ ғ. 50 ж. болған шаруалар көтерілісі.

D) Қытайдың оқшаулану саясаты.

E) Ресейдің Қырым соғысындағы  жеңілісі.

20. Қазақстан халқының  ұлттық құрамының өзгеруіне әсер  еткен негізгі жағдай.

A) Столыпиннің аграрлық  реформасы.

B) 1861 ж. Ресейдегі «крепостнойлық  құқықтың жойылуы».

C) 1905-1907 жж. революция.

D) 1867-68 жж. «Ереже».

E) 1913-1917 жж. Еділ бойындағы  ашаршылық.

21. Қазақ АКСР-ның құрылғанын  жариялаған құжат:

A) “Қазақ АКСР-ның құрылуы  жөніндегі” декрет.

B) Қазақ АКСР-ның құрылуы  туралы Заң.

C) КСРО Конституциясы.

D) Құрылтай съезінің резолюциясы.

E) Қазақ АКСР-ның Конституциясы.

22. Қазақстандағы комсомол ұйымдастырушысы, Комсомол ОК қазақ бюросының бірінші төрағасы:

A) Тұрар Рысқұлов.

B) Қайсар Таштитов.

C) Ғани Мұратбаев.

D) Мирасбек Төлепов.

E) Федор Рузаев.

23. 90 жылдардың басында М. Әуезов атындағы театр сахнасында қойылған, осыған дейін тиым салынып келген қойылым:

A) С. Жүнісов «Ақан сері-Ақтоқты».

B) Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпаны».

C) Ә. Нүрпейісовтің «Қан  мен тері».

D) Ж. Аймаутовтың «Ақбілегі».

E) Б. Майлиннің «Шаншар  молдасы».

24. “Қазақстан -2030” бағдарламасындағы бірінші стратегиялық басым бағыт:

A) Денсаулық, білім беру.

B) Экономикалық өсу.

C) Ұлттық қауіпсіздік.

D) Ішкі саяси тұрақтылық.

E) Кәсіби мемлекет.

25. Арал өңіріндегі Шырық-Рабат, Бәбіш молда, Баланды ескерткіштері жайлы мәлімет берген ғалым-географ:

A) Птоломей.

B) Эдинг.

C) Геродот.

D) Страбон.

E) Арриан.

26. Ортағасырлық дәуірдегі Арал теңізінің атауы:

A) Хорезм.

B) Гиркандық.

C) Яксарт.

D) Оксус.

E) Соғды.

27. VІІІ-ІХ ғ.ғ. Қазақстанның  қай бөлігінде күміс заттарды шығару өндірістің негізгі түріне айналды?

A) Арал маңы.

B) Маңғыстау.

C) Шығыс Қазақстан.

D) Балқаш маңы.

E) Жетісу.

28. Моғолстанда ханға мемлекет  басқаруға кім көмектесті?

A) Сұлтан.

B) Ұлыс бегі.

C) Беклербек.

D) Уәзір.

E) Күл-еркін.

29. 1867-68 ж. реформалар бойынша облыс басында кім тұрды?

A) Аға сұлтан.

B) Шекара бастығы.

C) Вице-губернатор.

D) Генерал-губернатор.

E) Әскери губернатор.

30. Меркедегі қазақ жастарының  революциялық одағының жетекшісі:

A) С.Сейфуллин.

B) С.Торайғыров.

C) М.Тынышпаев.

D) Т.Рысқұлов.

E) Х.Ғаббасов.

 

 

 

10 нұсқа

 

1. Ғұн мемлекетінің шексіз дара билеушісінің лауазымы:

A) Шерхан.

B) Шешен.

C) Шаньюй.

D) Шабарман.

E) Шанхай.

2. Алтын Ордада қай хан билік еткен тұста ісләм діні үстемдік алды?

A) Орыс хан.

B) Өзбекелі хан.

C) Отырар хан.

D) Өзбек хан.

E) Өтірік хан.

3. Әбілхайыр хан басқарған Кіші жүз хандығы Ресей патшалығының қол астына қарау жөнінде ант қабылдаған жыл:

A) 1801 ж.

B) 1831 ж.

C) 1731 ж.

D) 1800 ж.

E) 1700 ж.

4. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің оңтүстік-шығыстағы аса ірі орталығы:

A) Орал.

B) Алтай.

C) Сарыарқа.

D) Жетісу.

E) Арқалық.

5. Соғыс жылдары жазылған ” Өмір мектебі” повесінің авторы:

A) С.Мұқанов.

B) Ә.Әбішев.

C) Ж.Саин.

D) М.Әуезов.

E) Ғ.Мұстафин.

6. Қазақстан жеріндегі ежелгі адамның алғашқы іздері қай дәуірге жатады?

A) Кейінгі палеолит.

B) Ерте палеолит.

C) Неолит.

D) Мезолит.

E) Энеолит.

7. Түркеш қағанаты билік басына қай қағанның келуімен нығайды?

A) Күлтегін.

B) Мұқан қаған.

C) Сұлу қаған.

D) Есенбұға.

E) Білге қаған.

8. Моғолстанды билеген  әулет:

A) Темір.

B) Жошы.

C) Орда Ежен ұрпақтары.

D) Шағатай.

E) Шайбани.

9. Кіші жүздің негізгі территориясында хандық билік жойылған жылы:

A) 1819 ж.

B) 1825 ж.

C) 1824 ж.

D) 1822 ж.

E) 1817 ж.

10. Шоқанмен саяхаттардың кейбір маршруттарында бірге болған көрнекті ғалым, географ:

A) Ф. Костылецкий.

B) С.Ф. Дуров.

C) П. Семенов-Тян-Шанский.

D) С. Сотников.

E) Г. Потанин.

11. 1911 жылы Орынборда шыққан ’’Маса’’ атты шығарма жинағының авторы:

A) М.Дулатұлы.

B) С.Дөнентаев.

C) С.Торайғыров.

D) Ш.Құдайбердіұлы.

E) А.Байтұрсынұлы.

12. 1957 жылы салалық басқаруды жергілікті принцип бойынша қайта өзгерту барысында не құрылды?

A) Трестер құрылды.

B) Ведомствалар құрылды.

C) Мемлекеттік комитеттер  құрылды.

D) Халық шаруашылық кеңестері құрылды.

E) Министрліктер құрылды.

13. 1991 ж. қыркүйекте Қазақстан  компартиясын тарату нәтижесінде  құрылған партия:

A) Социалистік.

B) Халықтық-демократиялық.

C) Либерал-демократиялық.

D) Демократиялық.

E) Социал-демократиялық.

14. Қазақстан Республикасы  Елтаңбасының авторларын атаңыз.

A) Ж.Мәлібеков, Ш.Уәлиханов.

B) Қ.Әлімбаев, Ш.Ниязбеков.

C) Қ.Әлімбаев, Ж.Мәлібеков.

D) Ш.Уәлиханов, Ш.Ниязбеков.

E) Ш.Ниязбеков, Х.Наурызбаев.

15. Неолит дәуіріндегі  рулық қауым.

A) Аналық ру.

B) Тобырлық.

C) Көршілік қауым.

D) Тайпалық бірлестік.

E) Аталық ру.

16. Сақтар дәуіріндегі  Іле өзені жағасындағы ең маңызды  ескерткіштерінің бірі:

A) Баланды кесенесі.

B) Бесшатыр кесенесі.

C) Бәбіш молда кесенесі.

D) Беғазы кесенесі.

E) Түгіскен кесенесі.

17. Қазақ ханының өзі  басқарып отырған елінен іріктеп  алған шағын жасағы:

A) Билер.

B) Байлар.

C) Сұлтандар.

D) Жатақтар.

E) Төлеңгіттер.

18. ХIХғ. 60 ж. Қазақ өлкесін  реформалауға байланысты Ш.Уәлиханов  айтқан пікір.

A) Халықтың өзін-өзі басқару негізін қайта құруды талап етті.

B) Қазақ жерін бір генерал-губернаторлыққа  кіргізуді өтінді.

C) Қазақ өлкесінде Республика  құруға үндеді.

D) Қазақ даласын бөлшектемей  тікелей Петербург сарайына бағыну  дұрыс деген пікір айтты.

E) Қазақстанда хандық билікті қалпына келтіруді талап етті

19. 1847-1857 жж. Т.Шевченко Қазақстанда не мақсатпен болды.

A) Қазақ халқының тұрмыс-тынысын зерттеуге келді.

B) Өз шығармаларына материалдар іздеді.

C) Каспий теңізін зерттеген экспедицияны басқарып келді.

D) Қызметтік іс сапармен келді.

E) Айдауда болды.

20. Абайдың философиялық  нақыл сөздері берілген шығармасын  атаңыз.

A) «Айттым сәлем, Қаламқас»  әні.

B) «Пушкин өлеңдерінен»  аудармалар.

C) Трактаттар.

D) Ғақлиялар.

E) «Ғылым таппай мақтанба»  өлеңі.

21. Кеңес Үкіметі «Қырғыз (Қазақ) Автономиясы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декрет қабылдаған жыл:

A) 1919 ж.

B) 1920 ж.

C) 1921 ж.

D) 1923 ж.

E) 1922 ж.

22. 1928 ж. жаңа әкімшілік-территориялық  басқару бойынша Қазақстанда  қандай әкімшілік жүйесі құрылды?

A) Ауыл, село-аудан-губерния-орталық.

B) Ауыл, село-аудан-округ-орталық.

C) Ауыл, село-уезд-округ-орталық.

D) Болыс-уезд-губерния-орталық.

E) Ауыл, село-болыс-уезд-губерния-орталық.

23. 1931 жылы Алматыда ашылған  жоғарғы оқу орны:

A) Педагогика институты

B) Ауылшаруашылық институты.

C) Тау-кен институты.

D) Медицина институты.

E) Зоотехникалық малдәрігерлік институты.

24. Соколов-Сарыбай кен  байыту комбинаты металлургияның  сенімді шикізат көзіне қашан  айналды?

A) ЖЭС жылдары.

B) 1930 жылдары.

C) 1950 жылдары.

D) 1940 жылдары.

E) 1970 жылдары.

25. Андроновтықтардың діни  түсініктерінде ерекше табынған  белгілер.

A) Митра құдайына табыну.

B) Жануарлар әлеміне табыну.

C) Жерге табыну.

D) Қайтыс болған руластарына  табыну.

E) Аспан шырақтарына табыну.

26. Орта ғасырларда халықаралық валютаға айналған Византияның алтын монетасы:

A) Солид.

B) Сестерций.

C) Дирхем.

D) Фельс.

E) Динар.

27. ХІХ ғ. екінші жартысында  әрі сазгер, әрі ақын болған  кім еді?

A) Байсерке.

B) Абыл.

C) Тәттімбет.

D) Сармалай.

E) Жаяу Мұса.

28. Патша үкіметінің сайлау  заңына сәйкес ’’түземдік’’  халық арасында екінші мемлекеттік  Думаға Ақмола облысынан кім сайланды?

A) М.Тынышпайұлы.

B) Нүрекенұлы.

C) А.Бірімжанұлы.

D) М.Шоқай.

E) Ш.Қошығұлұлы.

29. Семейдегі кадеттік газет.

A) “Абай”.

B) “Сары арқа”.

C) “Қазақ”.

D) “Алаш”.

E) «Свободная речь».

30. 1965 жылғы шаруашылық  реформасының нәтижесінде:

A) Орталықтың өктемдігі  күшейді.

B) Жұмыскерлерді экономикалық ынталандыру жойылды.

C) Кәсіпорындардың шаруашылық  дербестігі ұлғайды.

D) Кәсіпорынның материалдық мүдделігіне назар аударылмады.

E) Кәсіпорындардың құқы  шектелді.

 

Информация о работе Тест по дисциплине "История Казахстана"