Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 17:37, реферат
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заң қабылдады. Қабылданған тарихи құжаттың 1-ші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет, ол өз өкімет билігін толық иеленеді, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп жүргізеді деп айтылғандай, осы күннен бастап Республика тарихында жаңа кезең басталды. Бірақ біреулер ойлағандай ел тәуелсіздігі құжатқа қол қою рәсімі арқылы қол жеткендей оңай келген жоқ. Сонау «Ақтабан
Қазақстан Компартиясы ОК-нің 1991 жылғы қыркүйек пленумында төтенше съезд өткізу жөнінде ұйымдастыру комитеті құрылды. Осыған байланысты Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қызметін тоқтатқаны жөнінде мәлімдеді.
1991 жылы 7 қыркүйек күні
сағат 10-да Алматыда
Бірнеше айдан соң негізінен егде жастағы адамдардың бір тобы жаңа ұйым – Коммунистік партияны құрды. Қазақстан Компартиясының ізбасары – Социалистік партия қатарында лайықты басшы болмай, ақыры таратылды.
КОКП мүшелерінің бір бөлігі 1991 жылы 5 қазанда құрылған Қазақстанның Халық Конгресі партиясының құрамына кірді. Бұл партияның негізгі міндеті, оның бағдарламалық құжаттарында айтылғандай: парламенттік тәсілді пайдалана отырып, республиканың бұдан былайғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету болды. Партияның тең төрағалары болып көрнекті қоғам қайраткерлері, жазушылар О. Сүлейменов пен М. Шаханов сайланды.
Елде жүріп жатқан
саяси процестер мен түрлі
жағдайлар қалың бұқараның
Комсомол ұзақ жылдар
бойы әміршіл-әкімшіл жүйенің
1991 жылы қазанда Қазақстан
ЛКЖО XVIII кезектен тыс съезінде
Қазақстан Лениншіл
Кәсіподақтар да жекелеген тәуелсіз ұйымдарға ыдырай бастады. Олар партия бұғауынан толық босанған еді, бірақ ұйымның шамадан тыс төрешілденуі оның қалың көпшіліктен қолдау табуына кері әсерін тигізді.
Жоғарыда айтылып кеткендей Қаз
1990 жылғы желтоқсанда Ресей,
Украина, Белоруссия, Қазақстан республикаларының
жетекшілері өзара төрт жақты
шарт жасау жөніндегі
1990 жылы 25 қазанда республика Жоғарғы
Кеңесі Қазақ КСР-нің
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан
тарихында тұңғыш рет
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылдады. Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол өзінің жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар, тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттерімен халықаралық құқықтық принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді.
Республикадағы барлық ұлттардың өкілдері жергілікті қазақтармен тең құқықты азаматы деп саналды. Олар республикадағы мемлекеттік өкіметтің қайнар көзі және егемендікті бірден-бір қорғаушы болып табылады. Республика азаматтарының құқықтарына қол сұғушылар заң бойынша қылмысқа тартылуы тиіс делінген.
Заңда Республика Қарулы Күштерін құру жөніндегі құқы, республика азаматтарының әскери міндетін өтеу, оның тәртіптері мен талаптары жөнінде айтылған. Оған сондай-ақ республика қарауындағы азаматтарды қорғау, қоғамдық тәртіпті және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері кірген. Заңның 16-шы бабында ішкі және шекаралық әскерлердің істері мен қауіпсіздік органдары Президентке бағынады деп жазылған. Республиканың мемлекеттік тілі – қазақ тілі, ал орыс тілі ұлтаралық байланыс тілі болып белгіленді. Сөйтіп, 1991 жылғы 16 желтоқсан республика тәуелсіз күні ретінде бүкіл әлемге танылды.
Осыдан кейін Қазақстанда
Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін, егемен мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. 1992 жылы 3 наурызда Қазақстан біріккен Ұлттар Ұйымына кірді, Халықаралық валюта қорының, Халықаралық реконструкция және даму банкісінің, Дүниежүзілік банктің, Халықаралық даму қауымдастығының, Инвестицияға кепілдік беретін көп жақты агенттіктің, Инвестициялық таластарды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүшесі болды және басқа бірсыпыра ұйымдарға кірді.
Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасын дүниежүзінің ондаған елі таныды. Біздің елді алғашқылардың бірі болып Түркия, сол сияқты АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания және т.б. ірі-ірі мемлекеттер мойындады. Қазақстан шет елдерде дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашуға кірісті. Ал Алматыда шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлттық ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істей бастады. Республиканың егемендікке қол жеткен алғашқы кезінен бастап мемлекет аралық және үкімет аралық келісім-шарттарға қол қою жүзеге асырылды.
Тәуелсіз Қазақстан
Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен 1992 жылы қаңтарда Ішкі істер әскері құрылды. Армия қатарына шақырылған жастар Қазақстан аумағында әскери борышын өтеу мүмкіндігіне ие болды. Бұрын, ұзақ жылдар бойы «эксаумақтық» қағида бойынша әскерге шақырылғандар туған жерінен неғұрлым алыс аумақтарда қызмет етуге тиіс болатын. 1992 жылы тамызда Республика Президенті әскери қызметшілер үшін әскери анттың жаңа мәтінін бекітті.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы кезек күттірмейтін міндет ретінде оның мемлекеттік рәміздерін қабылдауды талап етті.
1992 жылы маусымда Жоғарғы
1936 жылы бекітілген Қазақ КСР-інің мемлекеттік туы мен елтаңбасында Кеңес елінің идеологиялық бағытын (тап күресі, «кеңес» халқының бірлігі, коммунизм идеясын дүние жүзіне тарату) бейнелеген және республиканың этникалық-мәдени ерекшелігін ескермеген рәміздер енгізілген еді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – мемлекеттік негізгі рәміздердің бірі. Тудың ортасында арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген. Тік бұрышты көгілдір матаның ағаш сабына бекітілген тұсында ұлттық оюлармен кестеленгентік жолақ өрнектелген. Тудың ені ұзындығының жартысына тең. Бірыңғай көк-көгілдір төбедегі бұлтсыз ашық аспанның биік күмбезін елестетеді және Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Күн – уақыт, заман бейнесі.Ұлан-байтақ кеңістікте қалықтаған қыран Қазақстан Республикасының еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесінің кеңдігін паш етеді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының негізі –шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ мемлекеттің түп-негізі –отбасының бейнесі. Шаңырақ –күн шеңбері. Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар – дала дүлдүлі, ер-азаматтың сәйгүлігі. Ол жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, қажырдың, тәуелсіздікке ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар уақыт пен кеңістікті біріктіреді. Ол – өлмес өмірдің бейнесі. Бесбұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжі іспетті. Қазақстан Республикасының елтаңбасының авторлары – Ж. Мәлібеков пен Ш. Уалиханов.
Мемлекеттік Ту мен Елтаңба жөніндегі
арнайы заңда Қазақстан
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Әнұраны – Қазақстан
Ел рәміздерін қабылдау – аса маңызды тарихи оқиға болды. Көп жылдар бойы Қазақстан өзінің ішкі және сыртқы саясатын анықтау мүмкіндігінен айырылған еді. Енді жаңа рәміздерді қабылдау тарихи сахнаға жаңа мемлекеттің, жаңа бейбітшілік сүйгіш державаның шығуын білдірді.