Қытай мемлекетініңҚытай тарихын мерзімдеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2014 в 01:57, реферат

Описание работы

Қытайдағы ортағасырлық кезеңнің басы 220 жылы Хань империясының ішкі тұрақсыздықтың, ең алдымен «сары белбеулілердің» көтерілісінің нәтижесінде құлауымен сипатталды. «Күшті үйлер» деп аталған бірнеше ақсүйек тектерінің арасындағы күрес өрши түсті. Бұл күрестің нәтижесінде Цвинь жаңа династиясының (265-420 ж.ж.) негізін қалаған Сыма тегі алға шықты, бұл кезде Қытай қайта бірікті.

Содержание работы

Кіріспе 2
Негізгі бөлім: 3
2.1. Қытай мемлекетініңҚытай тарихын мерзімдеу
2.2. Қытай мемлекетінің құқыгы тарихының кезеңдері:
2.3 Қытай храмдары мен Ұлы Қытай Қорғаны
Мемлекеттік биліктің жоғарғы органы
2.4 Қорытынды 13
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

аймактык.docx

— 20.57 Кб (Скачать файл)

Жоспар

Кіріспе 2

Негізгі бөлім: 3

2.1. Қытай мемлекетініңҚытай  тарихын мерзімдеу

2.2. Қытай мемлекетінің  құқыгы тарихының кезеңдері:

2.3 Қытай храмдары  мен Ұлы Қытай Қорғаны

Мемлекеттік биліктің жоғарғы органы

2.4 Қорытынды 13

Қолданылған әдебиеттер тізімі        

 Кіріспе

Қытайдағы ортағасырлық кезеңнің басы 220 жылы Хань империясының ішкі тұрақсыздықтың, ең алдымен «сары белбеулілердің» көтерілісінің нәтижесінде құлауымен сипатталды. «Күшті үйлер» деп аталған бірнеше ақсүйек тектерінің арасындағы күрес өрши түсті. Бұл күрестің нәтижесінде Цвинь жаңа династиясының (265-420 ж.ж.) негізін қалаған Сыма тегі алға шықты, бұл кезде Қытай қайта бірікті. 280 жылы император Сыма Янь жаңа жарлық қабылдады, оның негізінде әрбір жер иеленуші (16 мен 60 жас аралығындағы) 120 му (6,6 га) жер алатын, оның 215-і мемлекетке кетсе, 35 бөлігі жер иеленушіге қалатын. Салық төлеуші халық жылына 20 күн мемлекет үшін тегін жұмыс істейтін. Азия құрлығының шығысы мен Тынық мұхиттың батыс жағалауына орналасқан тарихы ұзақ, жері кең, халқы көп үлкен ел. Құрлықтағы территориясының көлемі 9 млн 600 мың шаршы шақырым, жер көлемі жағынан Ресей мен Канададан кейінгі үшінші үлкен елге жатады. Теңіздегі аралдарының саны 7600 ден асады, Тайван аралы Қытайдың ең үлкен аралы, оның көлемі 35798 шаршы шақырым. Қытай құрлықта 14 елмен, теңізде 8 елмен көрші. Қытайдың 23 провинциясы, 5 ұлттық автономиялы өңірі, орталыққа тіке қарасты 4 үлкен қаласы және 2 ерекше әкімшілік ауданы бар. Мемлекетінің бүкіл халқы 56 ұлттан құралған, халқының жалпы саны 1 миллиард 300 миллион, оның ішінде этникалық қытайлардың саны бүкіл халық санының 92 пайызын құрайды. Астанасы – Бейжің.Қытай өз өркениетін өте ертеден бастап дамытқан ел. Қытайдың 5 мың жылдан артық тарихы және мәдениеті бар. Сондай-ақ ежелгі төрт өркениетті елдің бірі, ертедегі компас, қара дәрі, қағаз жасау техникасы және баспа техникасы осы елде ойлап табылып, адамзат мәдениетінің ілгерілеуіне өзіндік үлестерін қосты.Бүгінгі ҚХР 1949 жылы 1 қазан күні құрылған. Кейбір құжаттар мен әдебиеттерде жаңа Қытай деп те аталады. Қазіргі Қытай социалистік саяси жүйені ұстанады. Бұл саяси жүйе – бір елдегі екі жүйені негізгі арқау етеді. Осындағы «бір ел – екі жүйе» дегеннің мағынасына тоқталар болсақ: «бір ел» дегеніміз ұлы құрлықтағы территория мен Тайвань,  Гонконг (Шияң гаң), Макао (Аумын) аралдарының бәрі бір ғана Қытай мемлекетінің құрамына кіреді дегенді ұғындырады, «екі жүйе» дегеніміз ұлы құрлықта социалистік жүйе, Тайвань,  Гонконг, Макао аралдарында капиталистік жүйе бойынша мемлекет саясаттары жүзеге асырылады дегенді білдіреді. Қытай көп ұлтты, көп дінді мемлекет, халықтардың діни сенімдеріне еркіндік берілген. Сондай-ақ дін мен саясаттың ара қатынасы               

                                   ҚЫТАЙ

III — ғасырдың  соңында Қытайға ғұндар, кейін  юн, цян, жужан, тобог және тибет  тайпалары басып кірді. ІУ-УІ ғасырларда  Солтүстік Қытай нағыз соғыс  алаңы болды. Жаулап алушылардың  арасынан Солтүстік Вэйдің тоби  династиясы бөлініп шықты, олар V ғасырдың соңында өз патшалығын  орнатты. 477-485 .ж.ж. императордың жарлығының  нәтижесінде үлестіру жүйесі  қайтадан енгізілді. Ол ауыл шаруашылығын  көтеруге және Оңтүстік Қытайдағы  халықтың қайтып келуіне біршама  әсер етті. VI ғасырдың екінші жартысында  Солтүстік және Оңтүстік Қытайдың  бірігуіне қажеттік туындады. Себебі, VI ғасырдың ортасында (551 ж.) Қытайдың  солтүстік шекараларына қауіп  төндірген аса күшті көшпенді  мемлекет Түрік қағанаты құрылды.

Б.э.д. III мыңжылдықтағы Қытайдың ежелгі тұрғындары Хуанхэ өзенінің орта және төменгі ағыс тұстарын, Бохай шығанағының жанындағы жазықтықты, және Қытайдың басқа аумақтарының кең жазықтарын мекендеген. Бүл аумақтарда өмір сүрген тайпалар түрліше аталған: солтүстікте — «ли», шығыста — «и», батыста — «цзян» немесе «жун», оңтүстікте — «мань». Ежелгі халықтар тайпаларға біріккен рулық қауымдармен өмір сүрген және ортақ шаруашылықты жүргізген.Б.э.д. III мыңжылдықтың соңында өндірістік күштердің одан эрі дамуы, жеке меншіктің пайда болуы және қоғамның таптарға бөлінуі рулық құрылымның ыдырауына және оның орнына мемлекеттің пайда болуына алып келді. Шамамен б.э.д. 1600 ж. шығыс «и» тайпалары Солтүстік Қытайдың үлкен аумағын жаулап алып, өз қарсыластарын жеңді де, Шан (инь) мемлекетін кұрды. 

 

Ежелгі Қытайдың мемлекеті мен құқыгы тарихының кезеңдері:

1 кезең — Шан  «Инь» кезеңі (б.э.д. ХҮІІІ-ХІ ғ.ғ.) — құлиеленушілік қоғамның қалыптасуы  жүзеге асады. Бұл кезеңде, сонымен  катар, екі кезең көрініс табады: а) ерте Шан (б.э.д. ХҮІІІ — ХҮ  ғ.ғ.) — таптардың пайда болуының  бастапқы кезеңдері ғана тән; э) кейінгі Шан (б.э.д. ХІҮ— XI ғ.ғ.) —  таптық қоғам толығымен қалыптасып  бітеді. Тарихы

Қытай тарихы археологиялық мәліметтермен қатар, ерте заманнан бергі саяси өмір мен әлеуметтік қозғалыстарды зерттеуге мүмкіндік беретін, жазба көздерінің көпшілігі және түрлігімен ерекшеленеді. Діни-философиялық және тарихи мазмұны бар канондалған ежелгі қытай мәтіндері, әсіресе Конфуцийдің оқуы жазылғаны — өз кезегінде, қытай өркениетінің дамуына, қытай халықтарының көзқарасына әсер етті.

Қытай өркениетіне Конфуций заманынан бері әрбір адамның жердегі өміріндегі бақыт пен аман-саулығына бағытталған жоғары әлеуметтік-саяси белсенділік тән болды — адамның тағдыры құдайдың салғаны емес, өз еңбегінің арқасы. Қытай тарихындағы үлкен халық қозғалыстары менен Қытайға тән жоғары әлеуметтік көшпенділіктің мәнісі осында жатыр. Қытай өркениеті — әлемдегі ең ежелгілердің бірі. Қытай ғалымдарының айтуы бойынша, оның жасы бес мың жылға жуық, оның үстіне жазба көздері 3500 жылғы мерзімді қамтиды. Династиялар ауысқан сайын түрлі даму кезеңдерінен өткен ежелгі әкімшілік басқарудың баршылығы, өзге өркениеттен кейін қалып қойған көшпенді көршілер мен тау халықтарына қарағанда, жер өңдеу саласы дамыған экономикасының баршылығы анық артықшылық болды. Қытай өркениетін одан әрі конфуцийлік (б.з.д. 1 ғ.) және бірегей жазу жүйесінің енгізілуі күшейтті.Саяси көзқарас бойынша, Қытай бірнеше мыңдаған жылдар бойы, цикликалық түрде қайталанатын саяси бірлік пен шашыраңқылық мерзімдерінен өткен. Қытай аумағы басқыншылардың шабуылына жиі ұшырады, бірақ басқыншылардың көбі ертелі-кешті қытайланып, қытай этносымен араласып кетті. Қазіргі қытай мемлекеті мен қоғамы көптеген ғасыр бойы қоршаған азия халықтарымен мәдени және саяси араласуы менен енгізілуінің нәтижесі. Қытай этносының аса ірі демографиялық потенциалының көрші халықтарға тигізетін әсерін жоққа шығаруға болмайды.

Қытай тарихын мерзімдеу

Қытай тарих ғылымында қабылданған қысқа реттік кесте 

 

Жылдар Мемлекет (әулет) Б.з.д. б.з.д. 2357. — б.з.д. 2255 до н. э. Аты аңызға айналған Яо билеуші

б.з.д. 2255 — б.з.д. 2205 Аты аңызға айналған Шунь билеуші

б.з.д. 2205 —б.з.д. 1766 Аты аңызға айналған Ся әулеті

б.з.д. 1766 —б.з.д. 1122 Аты аңызға айналған Шан-Инь әулеті

б.з.д. 1122 —б.з.д. 247 Чжоу әулетінің дәстүрлі мерзімдері

б.з.д. 246 —б.з.д. 207 Цинь әулетінің дәстүрлі мерзімдері

б.з.д. 206 —б.з.д. 220 Хань әулетінің дәстүрлі мерзімдері (в том числе Западная Хань — с 206 до н. э. по 25 н. э., Восточная Хань — 25 — 220 н. э.)

Біздің заманымыз 220 — 264 Вэй әулеті

265 — 420 Цзинь әулеті (Батыс Цзинь: 265 — 316, Шығыс Цзинь: 317 — 420)

420 — 479 Сун әулеті

479 — 501 Ци әулеті

502 — 556 Лян әулеті

557 — 588 Чэнь әулеті

589 — 618 Суй әулеті

618 — 907 Тан әулеті

907 — 959 Бес әулеттің  заманы

960 — 1279 Сун әулеті

1280 — 1368 Юань әулеті (моңғол)

1368 — 1644 Мин әулеті

1644 — 1911 Цин әулеті (манчжур)

1912 — 1949 Қытай мемлекеті

1949 ж. 30 қыркүйегі  Қытай Халық Республикасы

ҚХР (тарихы және қазіргі заман)

1949-1956 КСРО көмегімен  өндірістің негізгі салалары  салынды, өндірісті ұлттандыру және  ауыл шаруашылығын коллективизацияландыру  жүргізілді, жаппай социалистік  құрылыс басталды.

1956 жылы ҚКП 8 съезінде  Мао Джетуң идеяларының жеңісімен, «үлкен адым» саясатымен, «коммунизацияландырумен»  аяқталған жаңа бағыт жарияланды. Одан кейін негізгі ұраны болған  социализм құру кезіндегі класстық  күресті күшейту және Қытайдың  мемлекет пен қоғам құрудағы  «ерекше жолы» екі жақтың теке-тіресінен  «мәдени революция» жарияланды (тауарлық-ақшалай  қатынастарды мойындамау, мемлекеттік  емес жекешелендірудің болмауы, сыртқы экономикалық қатынастарды  болдырмау, адалсыз саясаткерлерді  жұрт алдында соттау, хунбэйбиндер  және т.б.)

Бұл саясат кейін «төрт банданы» құлатқаннан соң, кейін билік басына келген Дэн Сяопинмен әшкереленді. Қытай Коммунистік Партиясының Орталық Комитетінің 11 шақырылымымен өткен ІІІ Пленум (1978 жылдың желтоқсаны): жоспарлы-тарату және күллі шетелдік инвестицияны кірістіру, ұйымның кеңірек шаруашылық қарекет етуіне рұқсат беру, ауылдарда жанұялық тәртіпті енгізу, экономикадағы мемлекеттік сектордың пайызын кеміту, ашық экономикалық аумақты ашу, кедейшілікпен күресу, ғылым мен техниканы дамыту сияқты нарықтық болатын екі жүйенің біріктіруі арқылы социалистік нарықтық экономикаға курс жарияланды.

Қытайды хаостан, артқа қалудан және кедейшіліктен алып қалып, қалыпты әлеуметтік-экономикалық даму жолына салға Дэн Сяопин болатын. 1980 жылдың аяғы мен1990 жылдың бастарында Қытай толықтай халықты тамақтандыру мәселесін, ЖІӨ (Жалпы ішкі өнім) және өндірісті жылдам түрде ұлғайтуын дамуын, халықтың өмір деңгейін көтеру мәселесін шешті.

Бұл түбегейлі жаңартулар одан кейінгі келген Цзян Цземинмен және Ху Джинтаомен жалғастырылды.

2002-2005 жылдары Ху  Цзинтао(қыт. 胡锦涛) өзінің қолына жоғары партиялық, мемлекеттік және әскери лауазымдарды алды (ҚКП ОК жоғарғы төрағасы, ҚХР председателі, ҚХБА бас қолбасшысы).

ЖІӨ-нің орташа өсуі 1990-1999 жылдары — 10,3%, 1998-2001 жылдары— 10%, 2002-2005 жылдары— 9% құрады. ЖІӨ көлемі бойынша, Қытай АҚШ-тан кейінгі екінші орынды иеленіп жатыр. Валюталық резервтері жылдам өсті. Сыртқы сауда көлемі 2004 жылға қарай 850 млрд. доллардан асып кетті.Бірақ Қытайдың орасан зор экономикалық өсуі өсіп келе жатқан саяси және әлеуметтік тұрақсыздықпен тіресті. Жасалған реформалар елдің тек жағажайдағы шығыс провинцияларға септігін тигізсе, өзге аймақтағы халық жағдайы өте төмен болып табылады, сонымен қатар әр аймақтың экономикалық жағдайының айырмашылығы ұлғаюда.Қытай басшылығы бұрынғы КСРО аумағында болып өткен «түрлі-түсті революцияларға» күдікпен қарады, әлеуметтік ашынудың Қытайға келуінен сақтау үшін мемлекеттік бақылауды күшейту жолында үлкен жұмыстарға кірісіп, шетелдік Қытай басшылығы бұрынғы КСРО аумағында болып өткен «түрлі-түсті революцияларға» күдікпен қарады , әлеуметтік ашынудың Қытайға келуінен сақтау үшін мемлекеттік бақылауды күшейту жолында үлкен жұмыстарға кірісіп , шетелдік ықпалды шектетті.

2005 жылдың қазан  айында ең ірі ұялы байланыс  операторларының қызметін мемлекеттік  бақылауға алу науқаны басталды. Жаппай сыбайластығы үшін жиі  сыналатын Гуандун провинциясында  партиялық және мемлекеттік басшылығын  соттау басталды.

ҚКП ОК пленумы 2005 жылдың қазанында «Қытайда үйлесімді қоғамды құруды стратегиялық мақсат ететін» 11-інші бесжылдық жоспар қабылдады.

2006 жылдың 5 наурызында  ВСНП кезекті отырысында бағдарламалық  баяндамамен Вэнь Цзябао шығып, елдің экономикалық өсуінің тежеуді, ал босатылған ақшаны шаруалардың  өмір деңгейін көтерумен қатар  әскері шығындарды өсіруді ұсынды.

Үкімет Қытайдың ЖІӨ-ін қазіргі жылына 10%-дан 7,5%-ға тежеуді жоспарлауда. Босатылған қаржы қаланың тұрғындары мен шаруалардың арасындағы өмір деңгейінің айырмасын жабуға жұмсалады (елдегі шаруалар саны шамамен 900 млн., немесе халықтың 75%-ы). ҚХР-да «түрлі-түсті революцияның» алдын алу мақсатында 2006 жылы аграрлық секторға шамамен 340 млрд. юань жұмсау көзделіп отыр (2005 жылғыдан 14 пайызға көп).

Әскери шығындар да көбейеді. Ресми әскери қаражат 2006 жылы 14,7%-ға көбейіп, 284 млрд. юаньды құрайды (35,5 млрд. доллар). Жоспарланып отырған ауыл шаруашылыққа және әскерге жұмсалатын қаржының көбейюі жағажайдағы бай провинцияларды пайдаланады.

Сондықтан, бұл саясаттың өткізілуі бұрынғы басқарушы Цзян Цзэмин шыққан Шанхай тайпасының қарсы әрекетіне кезігуі мүмкін.

Саясат жайғасы

1949 жылдың желтоқсанында  ҚХР құрылғалы елде төрт Конституция  қабылданды(1954, 1975, 1978 и 1982). Қытай Халық  Республикасының Конституциясы  бойынша (1982 жылдың желтоқсаны), ҚХР  — халықтың демократиялық өктемдігі  бар социалистік мемлекет. 

 

Мемлекеттік биліктің жоғарғы органы — жергілікті жиналыста 5 жылға сайланатын халық қалаулыларынан тұратын 2979 депутаттан тұратын бір палаталы Бүкіл Қытай халық қалаулыларының жиналысы (БҚХҚЖ). БҚХҚЖ сессиясы жыл сайынғы тәртіппен шақырылады.

Депутаттарының санының көптігінен БҚХҚЖ функцияларын сессия мерзімдерінің арасында делегаттардан сайланған тұрақты комитет атқарады (шамамен 150 адам).

Сайлауға тек қана Қытай Коммунистік партиясы мен Халықтың саяси кеңес Советіне кіретін сегіз демократиялық партия қатысады.

Шәңғаңда және Макаода өз заң шығару жүйелері бар.

БҚХҚЖ барлық депутаттары коммунистер және демократтар блогінен тұрады.

 


Информация о работе Қытай мемлекетініңҚытай тарихын мерзімдеу