Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 13:39, реферат
Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.
Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын түсіруге зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ.
Желтоқсан оқиғасы
Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.
Қазақстан
тәуелсіздігін алған соң
Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.
Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын түсіруге зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ.
Көтеріліс хронологиясы
17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.
18 желтоқсан
күні алаңға қайта жиналмақ
болған көтерілісшілерге қарсы
әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің
қалған топтарын ығыстыру үшін
жедел отряд, милиция мен
Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар.
Желтоқсанның 19 — 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты.
Желтоқсан
көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен
“қазақ ұлтшылдығының көрінісі”
деген баға беріліп, көтеріліске
қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге
ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл
саясатына қарсы қазақ
Желтоқсан оқиғаларына арналған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік монументы
Жастардың
Алматы қаласындағы және басқа да
аймақтардағы Желтоқсан шеру-көтерілісіне
қатысушыларға күш қолда¬ныл¬ды, олар
соққыға жығылды, қанды жазаға душар болды.
Қаза тапқандары да кездесті, жүздеген
жас әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Алайда,
оларға дер кезінде әрі сапалы меди¬циналық
жәрдем көр¬се¬тілген жоқ. Көтерілісшілерді
әрбір отбасы өз үйлерінде жасырып ұстады.
Өйткені, бәрімізді топ-тобымызбен, отбасы
мүше¬лерімізбен бірге қуғын-сүргінге
ұшыра¬та¬тын шығар деп қорықты. Респуб¬ликада
жүгенсіз кеткен империялық оспадарсыз
әрекеттердің ауыр ахуалы қалыптасты.
Билік орындарының алдындағы үрей күшейе
түсті.
1986 жылғы желтоқсанның екінші жартысы
мен 1987-1988 жылдары кең көлемді қуғын-сүргін
науқаны жүргізілді. Ол 1986 жылғы Желтоқсан
көтерілісін ұйымдастырушыларды, оны
бастап бе¬ру¬шілерді, көтерілісшілерге
қолдау көрсету¬шілерді және жалпы арандатушыларды
іздестіру мен жазалау ұранымен өткізіліп
жатты. Мекемелерді, ұйымдарды көтері¬ліс¬шілерге
бүйректері бұратындардан, сондай-ақ күдікті
деген сенімсіз адам¬дардан тазарту қатар
қолға алынды. Ресми түрде жарияланған
деректердің өзі бойынша ғана, “шеруге
қатысты” деген күдікпен Алматы қаласындағы
ішкі істер органдарына 2366 адам жеткізілген.
Ал қалалық партия комитетінің 24 желтоқсан
күнгі мәліметі бойынша: “Ұлтшылдық пиғылдағы
арандатушы элементтер ұйымдастырған
тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікпен
2335 адам ұсталды... 30 коммунистің дербес
ісі қаралды, олардың 25-і СОКП қатарынан
аласталды. Сондай-ақ 591 БЛКЖО мүшесінің
дербес ісі қаралып, 245 жас комсомол мүшесі
қатарынан қуылды” деп атап көрсетілді.
Көтеріліске шыққан жастарға қолдау көрсетті,
тіпті көтерілісті ұйымдастыруға өзі
де қатысты деген күдік СОКП Орталық Комитеті
Саяси Бросының бұрынғы мүшесі, Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитетінің бұрынғы
бірінші хатшысы Д.А.Қонаевқа да келтірілді.
Сол бір сұрапыл оқиғалар кезінде “Правда”
газетіне берген бір сұхбатында Г.В.Кол¬бин
Д.А.Қонаевты былай деп айыптауға дейін
барды: “Алматыдағы оқиғалар үшін ол көп
жағдайда ар-намысымен жауапты” (Дәйексөз
Мырза Акуевтің “Біріншімен бірге” деген
кітабынан алынды. Алматы, 2004, 72-бет). Мәскеу
тергеушілерінің белсене қатысуымен Д.А.Қонаевқа
қарсы қолданылып, оның беделін түсіретін
материалдарды іздестіру және жинастыру
барысында оған жақын жүрген бірқатар
адамның үйлеріне тінту жүргізілді, өздері
тергеуге алынды, түрмеге қамалды. Солардың
қатарында Д.А.Қонаевтың көмекшісі Д.Бекежанов
та, Орталық Комитеттің Іс басқарушысы
А.Г.Статенин де, республика Компартиясы
Орталық Комитетінің бірінші хатшысына
ере жүретін арнаулы қорғаушы дивизион
тобының бастығы М.И.Акуев те бар болып
шықты. Бұлардың бәрі де қамауға алынды
және сотталды. Оларға көтеріліс жасау
туралы бастама көтерушілердің қатарында
болыпты-мыс деген жала жабылды. Кейіннен
Д.А.Қонаев өзінің “Өтті дәурен осылай”
деген өмірбаяндық кітабында Республика
Компартиясы Орталық Комитетінің тапсыруы
бойынша әрекет жасаған жазалаушы органдар